KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір бала болса, лезде ересек мінез танытады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ерте есейткен күндер еді ол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аз ғана ауыл апақ-сапақта абыр-сабыр, жоқ-жұқана, жұтаң тірліктің қамында: лағы бақырып, бұзауы мөңіреп, қатындары бажылдасып, қарттары: «Әй, қайыр бері!» – деп қақырынып қойып, күңгір-күңгір сөйлескендері кешкі тау ішінде үңгірден шыққан үндей күңіреніп тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шешесінің қолы тимей жүргенде, емшек іздеп жылаған бала, күңгірттеніп, бейтаныстау болып бара жатқан жастарға жатырқай қарап үрген иттер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыңдардан да биікте бірер қанар ақ мақта шашылып қалғандай екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күннің қызылы соны шалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Талғардың басындағы бұлт бір кезде созбалақтап барып, қызыл бояуға малынған бойы, бір сәтке ұшып бара жатқан шыраққа ұқсап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, Қызыл Жебе! – Тұрар ашадан көтеріле беріп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, Қызыл Жебе!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұрт оны жоғалды деп жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жұрт оны сойылды деп жүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе, шыңға шығып кеткен екен ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ енді бір сәтте пырақ бейне түтілген жүндей ыдырап, бояуы қайтып, ылайсаңданып бара жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрардың өрекпіген өкпесі солықсып, дүрс-дүрс соққан жүрегі су сепкендей басылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, Қызыл Жебе! – деп сыбырлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді осы бір елесті ол көп жылдан кейін Меркеде, Аспара тауының басынан көрерін ол сол сәтте сезген де, білген де жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көкірекке нұр тамған, құдіреттей күштің кеудеде шырағданы жанған, лезде жалп етіп сөнген ғажайып сәт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сай табанында сарқырап аққан су, анда-санда пысқырынып қойып, ажырықты бырт-бырт үзіп, қосаяқтап секірген Шолақ Шабдардың кісенінің сылдыры.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарлы шындардан шыққан салқын самал тербеген жапырақтардың сыбдыры.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шың басынан шақшия шыққан жалғыз жұлдыздың үндемес сыры – бәрі-бәрі Тұрардың кішкентай көкірегіне бір-бір тамшы сағыныш мәйегін құйып жатқандай, бала байғұс сол сағыныштың салмағына шыдай алмай, көмейіне келген бір сезімнен үйіріліп ып-ыстық жас балқып қалады да, кішкене жұдырығымен көзін уқалап-уқалап жібереді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзін жыпылықтатып жастан құрғатып алып, сайдың табанындағы Шолақты іздесе, оның алдында қарайған біреуді көріп, жүрегі су ете қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Айрылдым аттан!» – деп айқайлағысы келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алма ағаштың ашасынан шалбарын жырта-мырта секіріп түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл түрмеден қашып шыққан бойда бірден Талғарға тартпай, кәнігі аңшының әдісіне салып, орағытып, түстікке, Медеу сайға қарай жылжыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Медеуге жетпей, түстік-шығысқа қарай бұлым болып бойлап кеткен Шыбынсайға түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыбынсайдың қабағында кілең қоңыр қасқа торпақ-таналар жайылып жатқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұта-бұтаның арасымен бір бұтақты селт еткізбей, бір қурайды сыбдырлатпай, бір түйір тасты тысырлатпай, жұмсақ басқан қашқынды қырда отырған бадашы байқаған жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыбынсай тұйықталып, жан-жағы дөңгелене біткен жартастарға айналған жерден мөлдіреп, бүлк-бүлк етіп қайнар көз шығып жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл жата қалып, сол күмістен көмейіне қырау тұрғанша қылқылдатып жұта берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Суық шекесіне зырқ етіп шыққанда барып, «уһ» деп демін алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн бұл кезде едәуір көтеріліп қалып еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тарғыл тастардың арасынан балапандарын іздеген кекілік қақылықтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда барып қашқынның әбден қарны ашқаны есіне түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайнар көздің бас жағындағы жалбызды аршып-аршып, әрірек өтіп, пісігі етіп кеткен бір шоқ бүлдірген тауып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біртіндеп теріп, уыстап-уыстап асағанмен бүлдірген ауқат болмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тас-тастың қуысында қақылықтап жүгіріп жүрген кекілік көңілін алаңдатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баяғы Ақсу-Жабағылының қына қал басқан тастарынан қыл-тұзақ қойып, кекілікті талай ұстаған тау қыран қазір мына жабайы тауықты қалай қармарын білмей, айла ойлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тастан-тасқа жер бауырлап, өрмелеп шығып, бір қияқтың тасасына тырп етпестен сұлқ түсіп жатып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл түлкінің амалы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кекілікті түлкі сұм көбінесе осылай ұстайтынын аңшы біледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кекілік қияқ тастың ұшына дейін жорғалап келіп, жоғарыдан төмен баспалап қарап, балапандарын іздеген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төменде не тасқа ұқсамас, не адамға, не аңға ұқсамас бірдеңені көріп, кекілік қақылықтағанын қоя қойған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тағы шіркін табиғи сезім күшімен бұл жатқанның қауіпті екенін өзінше шамалаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жуықтап жоламастан бұғып қана көп отырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры құмарлық сияқты бірдеңе билеп, жер бауырлап жылжып-жылжып жанына келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жем деп тек алды ма, сұлу мойнын қылқың-қылқың созып қарап қояды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл мұны байқап жатқан, қол созым жерге жақындасын деп жатқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Демі үзілген, сәл тірлік белгісін білдірсең – бәрі бекер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аңқау құс құлдырыңдап, тағы бір жылжыды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жаюлы жатқан құс-құс, тас түстес алақанға кекілік көзі қылиланып, әсем мойнын созып-созып көп қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алақанда екі-үш түйір қатқан шие бар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жабайы шиені кекілік жанындай жақсы көретінін ежелгі аңшы аңдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қу тамақ қиын, отқа да, суға да түсіретін сол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кекілік бұл кезде аш та емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Балық көздің майлы дәні пісіп, жатаған жабайы шие қатып, кекілік балапанын ұшырып, әбден мамырлаған кез.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ құста да әуестік желігі бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алақандағы шиеден қанша сезіктенгенмен, құмарлық жеңіп, дәнді шоқуға мойнын соза бергенде, сұлқ жатқан қолдың аты жоқ саусағы жыбыр ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір қолда бес саусақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бесеуі жеке-дара бөлек-бөлек тұрғанда тым әлсіз, жұдырық жұмылғанда ғана әлуетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бес саусақтың ішінде де бір осалы, опасыздауы бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол – аты жоқ саусақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры сол сатқын шығып, сезік беріп қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, тіпті кіп-кішкентай шынашаққа дейін бүлк етпегенде, аты жоқ саусақтың шыдамы жетпеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ежелден келе жатқан ескі әңгіме.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Баяғыда кемпірі бар үйдің балаларының бәрі естіген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есті кемпір – мұғалім, ал бұл әңгімесі – әліппе тәрізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

...Бір күні бас бармақ:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ұрлық қылайық, – депті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қылсақ – қылайық, – депті сұқ саусақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құдайды қайтесің? – дейді ортан қол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құдай не қылушы еді? – дейді аты жоқ саусақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құдайдың ала тайын сойып жейік! – деп шақ етіпті шынашақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы бес саусақтың бір-бір ауыз сөзінде әрқайсысының мінезі жатыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бәрінің жауабының ішінде аты жоқ саусақтың сөзі жансыз және тайғақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кекіліктен айырылып қалған Рысқұлдың есіне Түлкібастың түкпірінде бала кезде естіген осы әңгіме түсті де, басын шайқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кекілік шошып кетіп, қанаттары пар ете қалып, келте құйрығының астынан бір түйір жылт етіп жерге түсіп, биіктемей жер бауырлап ұшып барып, сонада көрінген тарғыл тастың тасасына сіңіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, ит-ай, тек те кетпей, саңғып кетті-ау, – деді қашқын өлердей өкініп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жолы болмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзек талды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ, кекілік екеш кекілікке дейін оңай жан бермесін көріп, содан қуат алғандай, қайраттанып, орнынан тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шыбынсайдың қырқасына шыққанда шығыстан Талғар шыңдары жарқ ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тапа-тал түс екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көп күн қаталап, құм кешіп жүріп, кенет мөп-мөлдір айдынға тап болғандай, яки баяғы батыр бабасы Әлімбек тіріліп алдынан шыға келгендей таңырқап біраз тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойына былтырғы оқымысты оралып, екеуі жүрген мұзарт жолдарын алыстан-ақ анық көргендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйткені Талғардың шыңдарына тіке бет алдынан көтерілу мүмкін болмай, осынау батыс-түстігінен қиялап, сонау Жаңғырық пен Алпамса шыңдарына көтерілген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонау қара жолақ – Қарақауырсын шыңы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның аржағынан Инетау қылтияды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ине десе ине.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шаншылып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Қара қауырсынның оң жағын ала қалшиып жалғыз тұрған қара тас – Жандарм.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Былтыр мына Жаңғырықты жағалап бара жатқанда Дмитриев Рысқұлдан:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Анау жеке тұрған таудың аты не? – деп сұраған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осында неше шың бар – бәрінің атын айтып берген Рысқұл қапелімде сасып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалшиып тұрған саяқтың атын білмеуші еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кім біледі, жандарм сияқты түсі суық екен, – деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сыпайы оқымысты мына досының тапқырлығына сүйсініп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Молодец, Рысқұл! Таптың, таптың! – деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дереу дәптеріне жазып алған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан әлгі саяқтас «Жандарм» аталып кете барған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әттең.
Көрсетілді: 21700 / 47388