KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Метрейден жауап жоқ, – деп өкінді қазір Рысқұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Нендей бір қиындық көрсең хат жаз, көмектесем», – деп еді-ау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басыма бір бақыт құсы ілуде бір оралып келсе, қолыма қондыра алмаған неткен адаммын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі кекілік сияқты бір жақсылық заманда бір жақындаса өзім үркітіп алатын не бәлем бар?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қашқын өзегі талып, өндіршегі үзілген соң, төгіліп жатқан жабайы алманы теріп жеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әріректегі Солдатсайдың қырқасында жиылған маялар жайылып жатқан түйелер сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болыстың қыруар малы қыстай жеп шығатын сол пішенді ала жаздай жалданып, Тау-Шілмембеттің еркек кіндігі жинаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан әлі жетіп, екі қыр асса, өз ауылының үстінен түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Асықпай, әл сақтау керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күн жарықта бәрібір ауылды маңайлай алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әзірше бұта-бұтаны, жыра-жылғаны тасалап жүре береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Биіктен, аулақтан қарағанда ылдидағы дүние сарыала, жасылала жамылып, сәнді көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ешқандай қайғы-уайымы жоқ, кір-қоқысы, жаман-жәутік үйлері жоқ, құдайдың рахымы, шашыраған байы кедейін асыраған, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жерұйық осы екен дерсің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Табанның астынан, анау сайдың, сонау сайдың қабағынан жайылып жатқан отар-отар қой, үйір-үйір жылқы көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тас қалап, қурай жағып, тасқорыққа сүт пісіріп отырған қойшының ошағынан көгілдір шуда түтін көтеріледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қойшының тасқорыққа пісіріп, қойдың қорғасындай сүтін ішерін ойлап, қашқынның аш қарыны уілдеп қоя берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Екі мезгіл дәретханаға алып барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрме мен қораның түкпірінде тұрған дәретхана үйшігіне дейін жүз метр шамалы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соған барар жолдың бойында сыртқы дуалды қуалай қаулап өскен қарасора бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кезінде орып тастауға ешкім құнттамаған қарасора сорлы жоңышқа емес, не отын болып жарытпас, содан шаң қауып, гүлі түсіп қурап, құдай қарғап қауқиып тұрғаны.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл желкесінен мылтық кезеген айдауылмен ары-бері өткенде, неге екенін өзі де түсінбей, сол қауға қарай ықтай береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өмір бойы далада, тау-тастың, табиғаттың жөргегінде өскеннен бе, әйтеуір әлгі солған қарасора, өзгенің назарын аудармаса да, бұған бір түрлі ыстық көрінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мүмкін, қарасора оған өзінің қырық құрақ құрым киіз үйін еске салған шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қашып арасына кіріп кетсе таптырмайтын Ақсу-Жабағылының қара орманын елестете ме екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әттең, Ақсу-Жабағылының тасына табаны бір тисе, мұз жастанып, қар төсенген арқарлармен ауылдас болып, мына қысастығы қыруар, құлық-сұмдығы, кесір-кесапаты күллі әлемнің күлін суырар сұмдық дүниесін талақ етіп тастап кетер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жоқ, одан бұрын ол Саймасай мырзаға барып сәлемдесер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйтпесе, өмір бойы өтелмес, жоқ, екі дүниеде де кешірілмес қарыз мойнын қыл арқандай қылқындырар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өз басының жәбір көргендігі үшін ғана емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бой-бой! Әсте олай емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әділет деген атаңа нәлеттің қасқыр талап кеткен иттей қаңсылап қалғаны үшін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қылмысты Саймасайлар істейді, жазасын Рысқұлдар тартады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сонда бұл қалай, мырзам? – деп бір ғана сауал беру үшін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына түрмеге келіп түскен түннен бері ойынан кетпей қойған сұрақ бұл.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Саймасайға барып бір сәлем беру, бір сауал қою енді бүкіл қалған ғұмырының ең кіндік мақсатына айналған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құрым үйде қалған қатынын сағынып бара жатқан жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Он жасар тірі жетім Тұрарды аяйды, әрине.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған да қарайламас.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көп болса, маңдайынан бір иіскеп, басынан бір сипар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан кейін...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарасораға қарай береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арасынан тас шегіртке шықылдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сорыңды ұрайын, – дейді Рысқұл шегірткеге.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Түрменің ауласына сені біреу әкеп қамаған жоқ қой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Неге кетпейсің құдайдың даласына».

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тас шегірткеге, шекшекке ұрсып қойып Рысқұл ауыздығын сыңар езулеген қарашыл жылқы дайын шаң басқан қурайға қарай қиялап кете береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдауыл сонысынан секем алғандай:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көзіңе қара, тура жүр! – деп арс ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл ілдәбайлап соғыла салған дәретхананың дуал жақ қабырғасын қиратып қашып кетуді де бір ойлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ мылтығын шошайтқан қарауыл қалт қарап, кірпік қақпай тұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонысына ыза болған тұтқын кейде айдауылдың титығына тиіп, «патшалар жаяу баратын» жерден шықпай отырып алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айдауыл аяғы талғанша қаққан қазықтай қозғалмай тұрады, ақыры шыдамы таусылған соң ұятты былай жиып қойып, сықырлауық есіктің саңылауынан сығалап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өліп қалдың ба? Әлде шұқырға құлап кеттің бе? Шық уақыт бітті алдақашан! – деп ақырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, алла, мұндайды көрсеткеніңе де шүкір, – дейді тұтқын айдауылдың жынын қоздыра түсіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мына менен гөрі сен сорлының көрген күнінде, адам басына бермей-ақ қоятын тіршілік-ау, – деп қояды айдауылға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір күні кешкі дәреттен қайтып келе жатып, қарауытқан қаудың қасынан өте бергенде, әдетінше жолдан шығыңқырап, қияс басқанда оң аяғының тұмсығы әлденеге тірелгендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Еңкейіп қарамай, тек көзінің қиығын салып еді, үшкір бірдеңенің ұшы қылтиып жатыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тоқтамай, сыр бермей өтіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Келесі күні таңертеңгі дәретке бара жатып, кешегі қылтиғанды сол аяғының тұмсығымен тағы бір түртіп өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жерге кіріп жатқан темір екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайтар жолда тағы бір түртіп өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Істік темір босаңқырап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәл еңкейсе қолмен суырып-ақ алатын нәрсе.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Амал нешік, еңкеюге жол жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Еңкеймек тұрғай, сәл бұрылсаң айдауыл секем алып қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Еңгезердей шомбал палуан жалт беріп, бір ұрып құлатып, құтылып кете ме деп қорқатын да шығар, әйтеуір Рысқұлдың әрбір адымы аңдулы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Батыр – бір оқтық» деген осы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе мына жапырағы түскен сасыр сояудай немені бір сүйкеуден қалдырмай, қашып кетер еді... Сидиған қурайдай болса да айдауылдың мылтығы бар да, амал жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтеуір әлгі темірді тағы бір түртіп босатып кеткеніне де көңіл тоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіршілік болса ертең тағы күн бар, үміт алда.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұтқынның тұтқасы – үміт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үміт үзілген күні тұтқын – шын тұтқын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал Рысқұлдың бүткіл өмірі жақсылықты алдан күтумен өтулі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түнімен есінен сол бір істік темір кетпей қойған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жер бетіне шығып жатқаны, шамасы, сынық сүйем құралпы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Былқылдап қалғанына қарағанда, жасырынып жатқаны және бір сынық сүйем бар шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді камераға соны қалай алып кіру керек? – деген сұңқыл сұрақ басында шыңылдады да тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйтсе, қарасораның қауында күндізгі шекшектің орнына шілде қоңыз шырылдап отыр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түрменің темір торлы терезесінен анық естіліп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басындағы шыңыл мен қара сорадағы шырылдың бірі мен бірі үндесіп, қосылып айтылған әлдебір мұңлы әндей әсер туғызғаны Рысқұлды аң-таң халде қалдырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шырылдап тұрған шілдеқоңыз емес, сынық сүйем істік темір сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Темір екеш темір де түрме тұтқынының жанын ұғып, оның шарасыз тағдырына жаны ашығандай аян береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шілдеқоңыздың жағы бір сембеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұлға сынық темір туралы ұмытып кетпе деп ұдайы есіне салып тұруды парыз көргендей бір тынбады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Толассыз әнге Рысқұл да байқаусызда қосылып кетіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда да күдер үзбе бір алладан, –

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

деп ыңылдады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таңға таяу көзі ілініп кеткен екен, кенет шошып оянды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызыл Жебе кісінеп келіп, абақтының есігін тепкілеп тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл өң мен түстің арасын ажырата алмай мең-зең күйде сәл аңырып отырып қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Е, жарықтық, жылқы жануардың да әруағы болғаны ма? Қамбар ата ғой әлгі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызыл тұлпардың қаны менің мойнымда емес еді ғой? Heгe мені торып жүр? Ұрлаған мен болғанмен, ұрлатқан, қанын шашып бауыздатқан Саймасай еді ғой? Е, айналып кетейін, Қамбар ата! Менен күнә болса кеше гөр! Бірақ менің жазығым жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Құдай куә.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер көрмесе, құдайдың көзі шықсын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қызыл тұлпарды пышаққа, қиянатқа қимай ара түсем деп нақақтан құрбан болдым, Қамбар ата!»

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рысқұл жылқының аруағына сыйынып отырғанда есіктің алдынан айдауыл өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Етігінің тақасынан таныды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда барып әлгі түстің сырын ұққандай болды.
Көрсетілді: 21800 / 47388