Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Есікті тепкілеген Қызыл Жебе емес, әлгіндей айдауыл қара құлып қалпында ма екен деп салдыратып, тексеріп шыққан болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда бір ой басына сап етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атып тұрып есікті тоқпақтай бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Асығыс басқан айдауыл аяғының дыбысы естілді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Не керек? – деп зекіп қалды айдауыл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ішім бұрап әкетіп барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тезірек аш, мырза, – деп жалынды тұтқын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Өлмейсің, шыда! Әлі таң атқан жоқ, қараңғы, – деп қарауыл ары кете беріп еді, Рысқұл есікті тағы тарсылдатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мырза, шыдай алар емеспін! Бұ құрғыр таңның атып, күннің шыққанын күтіп тұратын сыпа емес қой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Іш бұзылса, мен не істейін?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарауыл бұрқылдап, балағаттап жүріп, салдырлатып есікті ашты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ашудан көзі ежірейіп кетіпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жейдешең, жалаңаяқ, жалаң бас Рысқұлды мылтықтың оқтығымен бір нұқып, алдына салып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мені алдағың келсе – аямаймын! – деп ескертті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бозала таң құланиектеніп келеді екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қапастан кейінгі сап-салқын уыз ауа тұтқынның қапырық өкпесін қауып, ағыл-тегіл мол демнен тұншығып қала жаздады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Таң таза атып кетпей, қара күңгірт бола тұрса екен», – деп тіледі Рысқұл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шілдеқоңыз қалжыраса керек, үні семіпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара сораның тұсынан өте бере, жалаң аяғымен жер сыдырып, істік темірді іздеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол аяқтың бас бармағы сояудай қатты затқа тірелгенде, сипалап екі башпайдың арасына тірей қысып алып, жұлқа тартып, жүре берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қап-қатты суық темір табанына батты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұрынғыдай жылдам жүре алмай, бір аяғын сүйретіп, кібіртіктеп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оны өзінше бөтен ойға жорыған қарауыл: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бас аяғыңды! Қыстап бара жатса, асықпайсың ба?! – деп зірк етті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ішім, – деп Рысқұл екі бүктеліп, сүйретіліп бара жатқан. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойында: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Саусағымнан шығып кетпесе екен», – деп башпайларын қарыстырып қыса түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қысқан сайын темірдің істігі етіне кірш етіп кіріп бара жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Қан тамса – біліп қояды-ау» – деп қысылды тұтқын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ілдәбай дәретханаға дейінгі он-он бес адым жер тозақ жолынан жүз есе қиын еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ерте ме, кеш пе, әйтеуір келетін бір өлім бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
О дүниеде Рысқұл тозақ отына түсе қоймас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құдай бар болса, шын дүниенің парызын Рысқұл мына жалған дүниеде-ақ жүз есе артығымен атқарып қойғанын көріп тұрған шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аяғының саусақтарының арасы жіпсігендей, жылбысқы бірдеңе білінеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылы қаннан саусақтар арасы жылпылдақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Темір сырғып түсіп бара жатқандай сезіледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жан дәрменде бас бармағын бүріп, тұтқын ышқына түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
...Су перісінің ай десе аузы, күн десе көзі бар перизат қызы жер бетіндегі патша баласына ғашық екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал су перілерінің адамдардан бір айырмашылығы аяқ орнына балықтың құйрығы болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Адамдардың аяғындай аяғы жоқ перизат патша баласына ғашықтықтың дертінен өлер болған соң перілердің тәуібіне барып жалынады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тәуіп кемпір дауысы барылдап қалған әзірейілдей еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Перизаттың үні күміс қоңыраудай сыңғырлап тұратын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Перизаттың арызын тыңдап болған соң тәуіп кемпір айтады: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, сор айдаған сұлу! Жазылмайтын дертке ұшыраған екенсің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айтқаныңнан қайтпассың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жарайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен саған адамдардың аяғындай аяқ жасап берейін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақысына бірақ күмістей сыңғырлаған дауысыңды аламын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен тілсіз, үнсіз қаласың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл – бір деп қой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен берген дәріні ішкеннен кейін саған балық құйрығының орнына аяқ пайда болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ әрбір адым сайын табанына қанжар қадалғандай шыбын жаныңды шырқыратып қуыртады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өмір бойы табаныңа қанжар қадалып өтесің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осыған көнсең – көндің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көнбесең – өзің біл! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не керек, небір азапқа көніп, перизат адам бейнесіне еніп, патша баласына жолығады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патша баласы да бұған құлай ғашық болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Атың кім? – деп сұрайды патша баласы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Перизат бәрін түсініп тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ айтайын десе тіл жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аяғын әрбір басқан сайын табанына қанжар қадалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Не керек, патша баласына тілсіз сұлуға үйленуге батасын бермей, басқа бір падишахтың қызына құда түседі... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
... Бұл бір мұңды ертекті Рысқұл ертеде, бала күнінде естіген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қазір сол бейшара перизаттың халі өз басына түсіп тұрғанына таң қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол аяғын сүйрете басқан сайын істік темір бармағының қалың етіне қадала түсті... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қайтар жолда айдауыл Рысқұлдың ізінде баттиып-баттиып қара дақ қалып бара жатқанын байқап: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, тоқта! Аяғыңа не болды? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әжетхана тақтайының жаңқасы жырып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түк те етпейді, – деп Рысқұл елемеген болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бойымды тінтіп, ышқырдағы темірді біліп қояр ма екен», – деп іштей қыпылдап та тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ оның жүзінен айдауыл секем алар ештеңе аңғарған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауыл сеніп қалған сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал сенбесе ше? Бассалып тінтсе ғой, ышқырындағы сабы жоқ, тот басқан пышақты тауып алады... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Артындағы ақырған айдауылға бұрылып қарағанда, өзінің қанды ізіне көзі түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дәл осындай, сорғалаған қан ізін ол бұрын қайдан көріп еді? Тау-Шелектен бе еді, Тау-Түргеннен бе еді? Әлде Талғардың арғы беті ме еді? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таңның арайы ажарланып, жаңа күннің шырайы кіре бастаған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұйқысы шала, көзі кіртиген айдауыл мылтықтың ұштығымен екі жауырынның ортасынан нұқып қалып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бас аяғыңды! – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл қысқа да болса қатерлі жолда келе жатып, қайдағы бір сорғалаған қанның ізін бұрын қайдан көргенін есіне түсіре алмай, әлек болып өзінің қазіргі халін ұмытып кеткеніне ренжіді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әрине, жылдам басу керек, бір шиі шығып қалмай тұрғанда тезірек абақтының ішіне кіру керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Рысқұл әйгілі аңшының жылдамдығымен озып кетіп еді, айдауыл: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, жайырақ! – деп қорқып қалды. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Ол екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
О дүниедегі қызыл ошақ жайына келетін болсақ, мен құдайға сенбеймін, сондықтан мені дозақ оты сескендіре алмайды. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
ТӨРТІНШІ. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Ол үшін: |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
б) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
БЕСІНШІ. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Жоғарыда қабылданған міндеметтемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме-өзім есеп беріп, жақсы, жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп жазып отырамын. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Осы айтылғандарды жүзеге асыру мен үшін ұлы сын. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Анам байғұсқа күйігімді тартқыза бермей адам болатын басқа бір жолды іздеп жоғалуым керек». |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Қаулы бір ауыздан қабылданды. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Осы кезде ауыз үйден тысырлаған аяқ сыбысы, біреулердің сөздері естілді. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Есікті тартқылап қаға бастады. |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
– Қожатай, аша ғой, шыбыным... |
Менің атым Қожа
|
Бердібек Соқпақбаев |
|
Түрегеліп барып есікті аштым. |