Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ендігі сәтте елу жыл тірнектеп жинаған қазынасы тығылған жердің астына түсті де кетті... Өлерін сезсе, осы жеті қат жердің астындағы қоймасына келіп, баяғыда әзірлеп қойған мұз астауға жатпақ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Дұрыстап жатып алған соң, қол жетер жердегі тиекті төмен қарай басып қалады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сол шақта мұның үстіне әдейі үйіп, іліндіріп қойған топырақ құлайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жер ойылып түскен соң, қораны да жауып қалады қымтап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал содан кейін Қоңқай мен байлықты тауып көрсін... Ешбір адам таба алмайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тек мың жылдан соң... Мың жылдан соң... Әзірше өлім тиегін баспайды, сыра ашытылған ағаш күбінің тығынын ғана ашады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әбден ашуы жеткен сырадан сыңғытып ұзақ ішті... Ішкері жаққа Нұржанның осыменен екінші рет келуі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жаздай жаңбыр жаумай, құрғақшылық болып «алтай» совхозының бүкіл шабындығы ақтаңлағы шығып, күйіп кеткен соң сыпыра тау арасы, топырағы құнарлы әрі қыстың күні қар қалың түседі, сөйтіп, ылғалы мол сақталатын Хатынь өзені жағынан шөп шапқан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қазақстанның бір пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері алтай тауларымен жарыса, жағаласа барып, сонау Таулы алтай өлкесінің аймағымен шектелетін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Россия мен Қазақстанды атақты шың мұзтаудан бастау алатын ағыны қатты Хатынь өзені бөліп жатар еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұл жақ басқа ауданның жері, бір түкпірінде, тым шалғайда болғандықтан, «Ішкері жақ» деп атап кеткен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Құрғақшылык не істетпейді адамдарға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айдап осы Хатынь жағалауына алып келген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ауылдан шыққан атты адам екі-үш қонып әрең жетер осыншалық алыста жатқан тегін жердің шабындығына дәніккеніне екінші жыл. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жаз шыға тауды шыр айналып, машина жолымен келетін, ай бойы пішен дайындап, маялап үйетін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонан соң жер қата машинамен тасып жеткізіп алатын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан Хатынь жаққа алғаш рет күздің қара суығында келген... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Машинамен шөп тиеуге келген... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ ала жаздай арпалысып дайындаған шөптің тең жартысын ғана тиеп үлгерді, ізінше жаңбыр жауып кеткен... жаңбыр жауып кеткен соң, шөптің біразы алынбай қысқа қалып қойған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді мінеки, тау асып, трактор шанасымен тасып алуға келе жатқан беттері. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көк түнек Аспанда, сонау қарлы адырларды жиектей батысқа жылыстаған жарықтық күн салқын сәулемен жасқана қарайтын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үш жігіт таңертең шалдың үйінен шыққалы ләм деп тіл қатыспаған еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түнеп шыққандарына рақмет айтып, қара су ұрттамастан ерте тұрып аттанып кеткен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әсіресе іштері қалтырап, жылан жұтқандай тіс-тісіне тимей сақылдап келе жатқандары – ыстықты аңсаған асқазанның көтерілісі еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұрынғыдан әлдеқайда аласарып, қол созымда ғана тегенедей төңкеріліп тұрған Аспан, ол да бір түрлі көңілсіз, өз-өзінен жүдеу, өз-өзінен жабыңқы тартқан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өз-өзінен жүдеу тартқан Аспан ғана емес, таң атқанша бір-бірімен төбелесіп шыққандай тоң теріс томаға-тұйық отырған үш жігіт те. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әрқайсысы өз ойын малта ғып сорып отыр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қазір Нұржанның орнына трактор айдап келе жатқан Аманжанның ашаң тартқан екі жағы жалғыз-ақ күнде суалып, түгі едірейіп, жансыздана бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал оның қасында қысқа мойнын шолақ қара тонының жағасына тығып, ұйқылы-ояу мәңгіріп отырған Бақытжан тіпті баяғыда өліп, қатып қалғандай құр сүлдері, жайнап тұрар дөңгелек беті қан-сөлсіз бозаң, бұрынғыдай емес, сопайып ұзарып кеткен секілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Оларға қарсы қарап, темір жәшіктің үстінде отырған Нұржан достарының тіршілік оты қоламталана, сөнуге айналған дидарына тесіліп ұзақ қарады: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жиырмадан жаңа ғана асқан жас жігіттердің жүзінде уағына жетпей қартаюдың алғашқы белгілері бар еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сырттан гөрі трактордың кабинасы әлдеқайда суық, төрт бұрыштана – камера іспетті қоршаған көк темірге саусағың тисе қарып түседі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мотордан шыққан болымсыз жылу әлгі дүмбілез темірдің астында тұншығып, алқынғандай еді, деміккендей еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бу болып ұшады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Дүниенің ызғарынан гөрі, жігіттердің өз арасындағы суықтық жаныңды қарығандай еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ұрсып-таласпай осыншалық бітеу мінезбен оңаша отыру жүйкелеп, жалықтырды білем, қос рычакты кезекпе-кезек тартқылап, газды азайтып, көбейтіп, толассыз қимыл үстінде келе жатқан Аманжан жын соққандай айғай салды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал қалған екеуі оқыс үнге селк етіп есі шыға шошынып қалған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аманжан тағы айқай салды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ау-у-у...а... Аюдай ұйқтап жатқан алып дөңдер қыбырлап, ерекше үн қосқандай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Газдыбасып-басыпқалып, жынұрғандайайғайлаған жігітті Нұржан жынданып кетті деп ойласа керек: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Тоқта! Тракторды тоқтат! – Солқ етіп барып тоқтаған ДТ-ның ішіндегі үш жігіт қопақ қаға екпінге еріп, изектесіп қалды да, арқаларын темірге соға солқ етіп қайта отырды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сәл үнсіздік басты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сосын Нұржан Аманжанға аса бір қажыспен қарады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Не болды? Бұл сұрақты естімегендей меңірейіп отыра берді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Суалған, түк-түк ат жағындағы қырау шалған түгі бұрынғыдан ары қалыңдап, қорқынышпен үрпиеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кіреукеленген көзінде сәуле жоқ, жараның орнындай шүңірейеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал қоңқақ мұрны мен өрескел үлкен аузы ол да жансыз, ағаштан ойып жасай салғандай ебедейсіз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түйіліп біраз отырды да: – Не дедің? – деп, Нұржанға қайыра сұрақ қойды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Неге айғай салдың деймін? – Қашан? Нұржан өзін-өзі зорлағандай еріксіз күліп жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң бір-бірінің иығынан май сіңіп, тот басқан зілдей алақандарымен салып-салып қалып, жамырап бәрі күлді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Міне, екінші түн тоң болып қатқан көңіл жіпсіп, трактор ішіне жеңіл нұр тараған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алып-қашпа сезім ол да қаймақшып қата бастағанды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әне, жібігендей болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Себепсіз, айтпай түсіндірген күлкінің маздаған отына жылынған үшеуі алдарында не күтіп тұрғанынан бейхабар, осы сәттің шуағына таласа ұмтылған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң Нұржан неге айқайлағанын айтпады, қалғандары тақаулап сұрамады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жым-жырт, жұмбақты сапарға қайта аттанған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ дүние бірте-бірте тағы да суына бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Суықтың ең қаттысы – үнсіздік екенін енді ғана ұққандай Нұржан ыңылдап әлдебір әннің әуенін айтқан болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Оның мұрнының астынан ғана сыздықтап, бір түрлі түсініксіздеу шыққан үні ана Аманжан мен Бақытжанға естілмеді білем, назар аударып елеңдеместен, не қосылыперместен ой орманына сіңіп, жалғызсырап адаса бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айнала аппақ қар, ұшы-қиыры таусылмайтын ақ шаңқан қар, жансыз Аспан, жанарсыз күн... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Олар сүрлеу, жолсыз бағана, жалғыз үйлі жалғыз шал Қоңқай сілтеп жіберген бағытпен тұспалдап қана келе жатқан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әзірше қар астында жасырынып жатқан ұры тас, жықпыл-ұрасыз еш нәрсеге ұрынбай аман-есен келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонау... оу, айыр өркеш ақ таудың арғы етегінде иен қыстақ, пішен үйілген жер бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Пәле-жаладан сақтап, дәм тартып жете қалса, трактордың шанасына тотияйындай көкпеңбек шөпті тиеп алады да, кері боздақтатады, асығады... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ауылда ай мен күндей жары күтіп, қойғаны суып бара жатқандай асығады... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осындай шаттыққа толы шақта тракторға қос қанат бітсе дейсің, бірақ ол жарықтық өмір бақида ұша ала ма?.. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұ жалғанда ұша алмайтындар қандай көп еді... Нені және неге ыңылдап отырғанын өзі де білмейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мүмкін, жан дүниесін жайлай бастаған жалғыздықтан (үшеуі болса да) азар да безер екі қолын төбесіне қойып қашып, мұңлылау әуенмен маңайына жолатпай, айдап, қуғысы келгені ме; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
әлде ой деген түпсіз тұңғиық жылымнан құтылып шығудың соңғы амалы осы ма, әйтеуір, көңілінде тобықтай болып, түйнектеле қатқан мұз тоңдырған сайын ызың-ызың әуенге басады-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржанның көңіліндегі тобықтай әлгі мұз дәл бүгін де, кеше де, тіпті былтыр да емес, анау бір жылы – шілденің ми қайнатар ыстығында қатқан еді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Содан бері ызғар шашып, еңсесін басады да жүреді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзі күлгенімен, көзі күлмей, қуанғанымен, уана алмай дүниедегі ең қимасын мәңгілікке жоғалтқандай бұйығы тартып, өз-өзінен қорынатын, өз-өзінен шошынатын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол жоғалтқан заты – өзі екенін сезді ме? Сезбегені ғой, әйтпеген күнде ел көшкендей болған жанын жарылқар алданыш іздемес пе еді, өз-өзін алдамас па еді? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әскерден есен-сау оралып, тракторға мінгеніне екінші жыл толды, бәрібір осынау шалғайдағы Европада, Шығыс Германияда жүргендей өн бойын сағыныш билеп, әлденеге асығады, әлдекімді сарыла күтеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мынау кең-мол пішілген кең-мол дүниеге сыймағандай өзін артық сезінген немесе осына далиып жатқан жап-жалпақ жапАннан құйрық басып демалар, ентігін басар жер т |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
аба алмағандай өгейсіген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі жастың біріне толмай, осыншалық қожырап, ерте... тым ерте түңілуі, ешкімге – өмірге де, өзгеге де салмақ артпайтын, тек бар кінәні өзінің қара басынан іздеп, мінез-құлқының ауырлығынан көретін, басқаны емес тек өзін – Нұржанжанды ғана жазғыратын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Балалық шаққа бәрі-бәрі жарасымды екен: асыр салып ойнады, күлді, жылады, алаңсыз, жоқтан өзгеге қуанды да, алғы күндерінен асығып үлкен жақсылық, оқыс жаңалық күтті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алғашында он жылдықты бітірсе болды, қирататындай деміге, әскерді өтеп келсе болды, тасып-шалқып ғұмыр кешетіндей үміт емшегін және де армансыз еміп еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді міне, анау айыр өркеш ақ тауды асса, арманына жететіндей тұнжырап, тұп-тұнық Аспанның астында қар теңізінің жалғыз жетім қайығындай – ескексіз; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
желкенсіз қайығындай қалықтап жүзіп келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мынау аппақ дүниенің... Мінсіз бетіндегі жалғыз ноқат – меңі іспетті трактор шынында да қар теңізінде малтып келе жатқандай еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шынжыр табаны көрінбей, тек түтіні ғана жіңішкелене будақтап, көгілдір Аспанға сіңіп, лезде жоқ болады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Баяғыда Нұржанның апасы айтып отыратын: бұл дүниеде қуған да алда, қашқан да алда деп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сол бір астарлылау сөздің мәнін енді түсінгендей-ді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қуып жете алмас, қашып құтыла алмас тағдырдың айтағына үріп, айдағанына көнген көнтері тірліктен тізгін үзді құтылып көрші, жоқ болмаса жан ұшыра ұмтылшы – жақындасаң алыстап, алыстасаң жақындайтын сағым бақыттың ұшпағына шықтым деген тірі пенде бар ма тәйірі: өмір бойы бір нәрсе жетпей өте шығар адам баласы – өзінің аз ба, көп пе ғұмырында зар еңіреп іздегені қанағат, тоқтам екенін ылғи да кеш түсініп, көзін жұмады-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан болса өмірдің бірде-бір жұмбағын шеше алған жоқ әлі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тек әрбір ірілі-уақты оқиғаға таңдай қағып, таңданып, «неге олай екенін», яғни ақ деп жүргені – қара, ал қара дегені ақ екенін түсіне алмай басын қатырып ойлай берер еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қар жамылған айнала күн сәулесімен шағылысып жанарды жейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ессіз, иесіз тау-таудың бәрінен өлдім-талдым деп құдайдың зорына ассаң, екіншісі тұрады кел-кел деп шақырып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үш жігіт енді келе жатқан бағыттарының дұрыс-бұрыстығына күмәндана бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жолдың осыншалық ұзақ болуы мүмкін емес... – Тоқтатшы, – деді Аманжанға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Аздап аялдап, оң-солымызды танып алайық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Трактор тоқтады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ моторы толассыз соққан жүрек секілді дамыл таппай жұмыс істеп тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қонақтаған тауықтай бүрісіп отырған Бақытжанға да жан біте бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Талықсып барып ұйқы жеңді ме екен, аздап қалғып алған-ау. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі көзі қанталап, не болды дегендей аналарға жалтақ-жалтақ қарайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алғашқы сөзі: – Жеттік пе? – болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ежелден ұрт мінезді Аманжан шам шақыра жауап берген: – Атаңның басы жеттің! |