KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Психология

Алмажай Егенисова

Гельмгольц зерттеп жалғастырған.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы аталған ғалымдар көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы жарық сәулелерінің әсерін түрліше сезетіндігінде деп жорамал жасады.

Психология

Алмажай Егенисова

Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірінші жұмыр жасушалар қозу күйінде келеді де, осының нәтижесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр жасушалар қозса - онда жасыл түсті түйсіну пайда болады да, үшінші жұмыр жасушалардың қозуы - күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы үш жұмыр жасуша қатар қозатын болса - адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса - аралық түстерді түйсінеді Заттың түстерін дұрыс айыра алмау көздің тор қабығындағы осы аталған үш түрлі жұмыр клеткаларының жұмысына зақым келуден болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Айналадағы заттардың бәрі ол адамға қоңыр болып көрінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Көздің осындай кемістігін - дальтонизм дейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ондай адам, әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Ер адамдардың 4-5 #төрт-бес# пайызы дальтондық болса, әйелдер 0,5 #нөл бүтін оннан бес# пайызы ғана.

Психология

Алмажай Егенисова

Сонымен көру түйсінуі дүниені тану процесінде өте маңызды орын алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, паровоз машинистері, жүргізушілер мен трамвай жүргізушілер түстерді жақсы ажырата білуі қажет. Өйткені светофорда тек қызыл және жасыл түс қана болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы түстерді ажырата алмай қалушылық, транспорттың апатқа ұшырауына себеп болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Сондықтан осындай жұмыстарға адам алғанда олардың түсті айыра білу қабілеттерін дәрігерлік комиссия арқылы анықтап отырады.. Есту түйсіктері.

Психология

Алмажай Егенисова

Дистанттық түйсіктерге есту түйсіктері де жатады.

Психология

Алмажай Егенисова

Есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары.

Психология

Алмажай Егенисова

Дыбыс толқыны деп - ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде селдіреп ыдырауын айтады.

Психология

Алмажай Егенисова

Сол толқындар әр тарапқа тарайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Ауа толқындарының физикалық құрылысы өте күрделі.

Психология

Алмажай Егенисова

Біз сол толқындардың жиілігін, амплитудасын және формасын ажырата аламыз.

Психология

Алмажай Егенисова

Ауаның бір секунда өтетін толқынын герц деп атайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Адамның есту рецепторы 1 сек #бір секунд# ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 #он алты мыңнан жиырма екі# герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады.

Психология

Алмажай Егенисова

16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 #он екі – он алты# герцтен төменгі дыбыстарды - инфрадыбыстар деп атайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Ал толқынның жиілігі 22000-нан #жиырма екі мыңнан# асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Құлақ - есту рецепторы.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол үш бөлімнен тұрады: 1) #бірінші# сыртқы құлақ;

Психология

Алмажай Егенисова

2) #екінші# орта құлақ;

Психология

Алмажай Егенисова

3) #үшінші# ішкі құлақ.

Психология

Алмажай Егенисова

Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны және оның есту жолы жатады.

Психология

Алмажай Егенисова

Құлақ қалқаны - дыбыстың бағытын белгілеп отыратын және оны жинауға себепкер мүше.

Психология

Алмажай Егенисова

Ондай міндетті қалқанның бұлшық еті орындайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл мүшенің физиологиялық күші ерекше болып келеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Сыртқы құлақты орта құлақтан бөліп тұратын мүше - дабыл жарғағы.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол нәзік болғанымен, өте берік.

Психология

Алмажай Егенисова

Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа толқынын бұлжытпай шайқалтады.

Психология

Алмажай Егенисова

Өзінің тербелуін дабыл жарғағы орта құлақтың сүйекшелеріне мүлтіксіз жеткізеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ортаңғы құлақтың элементтері үш сүйекшеден, яғни балғашық, төс және үзеңгіден тұрады.

Психология

Алмажай Егенисова

Балғашық ауаның сарғақта шайқалуын төске жеткізіп, төс дірілдерді үзеңгіге апарады, үзеңгі сырттан келген дірілдерді ілгері жөнелтеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Есту мүшесінің үшінші бөлігі ішкі құлақ.

Психология

Алмажай Егенисова

Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі.

Психология

Алмажай Егенисова

Оның өзі үш бөліктен босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады.

Психология

Алмажай Егенисова

Бүкіл негізгі жарғақты бойлай корти мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) орналасқан.

Психология

Алмажай Егенисова

Оның құрылысы да өте күрделі.

Психология

Алмажай Егенисова

Корти мүшесінің аса маңызды бөлігі - өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрадьі, Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецепторлар деп аталынады Есту түйсіктерінің табиғатын Г.

Психология

Алмажай Егенисова

Гельмгольцтың резонанс теориясының негізінде түсінуге болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Г.

Психология

Алмажай Егенисова

Гельмгольц корти мүшесіндегі ұзын нерв талшықтары музыка аспабының қылы тәрізді төменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал қысқа нерв талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікір айтқан.

Психология

Алмажай Егенисова

И.

Психология

Алмажай Егенисова

П.

Психология

Алмажай Егенисова

Павлов лабораториясында иттің негізгі мембранасының ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, төменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген.

Психология

Алмажай Егенисова

Ал қысқа талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұндай тәжірибе Г.

Психология

Алмажай Егенисова

Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын дәлелдейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Есту түйсігі де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады.

Психология

Алмажай Егенисова

Есту түйсігі әсіресе тілді меңгеруге аса қажетті түйсік.

Психология

Алмажай Егенисова

Сөздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және біреуге айтып беру, дұрыс естімейінше жүзеге аспайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Дыбыстардың нәзік айырмашылықтарын ажырата алу - есту түйсігі жөнді жетілмеген адамға қиынға түседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл процестің екінші жолы - дыбысты сүйек арқылы есту.

Психология

Алмажай Егенисова

Мысалы, құлаққа мақта тығып қойып, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіне тақасаң, дыбыс айқын естіледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Дыбыстың сүйек арқылы берілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарып тұрған зат пен сүйектің жанасуы нәтижесінде естіледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Есту түйсігін - сөздік, музыкалық және шуылдық деп үш түрге бөледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Түйсінудің бұл түрлерінен есту талдағышы дыбыстың үш сапасын: күшін (қатты жай), жоғарылығын (жоғары - темен), тембрін (дауыстың немесе музыкалық аспаптың өзіндік ерекшелігі), ұзақтығын (дыбыстың созылу мерзімі) және бұған қоса үзіліссіз қабылданатын дыбыстардың екпін ырғақ өрнегін ерекшелейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Сөз дыбыстарын ажырата естушілік фонематикалық есту деп аталынады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол өмір барысында бала тәрбиеленген тілдік ортаға қарай қалыптасады.

Психология

Алмажай Егенисова

Шет тілін игеру фонематикалық естудің жаңа жүйесінің жасалуына әкеледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Шетел тілдерін оқып үйрену қабылеті көбіне дамыған фонематикалық естумен анықталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол сөзді қатесіз жазуға (әсіресе бастауыш мектепте) әсерін тигізеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Музыкалық естігіштіктің әлеуметтік қажеттілігі сөзді естігіштіктен кем емес.

Психология

Алмажай Егенисова

Музыкадан эстетикалық ләззат алу қажеттілігі болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Дыбыстық түйсіктің үшінші түрі - шуылдық (және сыбдырдың) адам үшін әлеуметтік мәні аздау.

Психология

Алмажай Егенисова

Шуыл белгілі бір эмоциялық күйге түсіреді (жаңбыр шуылы, жел ызыңы), кейде қауіптің хабаршысы болады (жыланның ысылы, жақындап келе жатқан жаудың аяқ тықыры).

Психология

Алмажай Егенисова

Мектеп тәжірибесінде шуылдың ұнамсыз әсерімен ұшырасуға тура келеді: ол санадан пайдалы сигналдар - сөздерді бөліп шығаруға бөгет жасайды, нерв жүйесін қалжыратады.

Психология

Алмажай Егенисова

Үлкен қалаларда көше шуылына қарсы ағаштар отырғызылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс түйсіктері.

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың микроскоптық бөлшектерінің әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар.

Психология

Алмажай Егенисова

Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б.).

Психология

Алмажай Егенисова

Бірақ бұлар әлі күнге дейін белгілі классификацияға түспеген.

Психология

Алмажай Егенисова

Өйткені оларды дәм түйсіктерінен ажырату кейде қиынға соғады.

Психология

Алмажай Егенисова

Сондықтан да біз көбінесе белгілі бір иістің атын атаудан гөрі, иіс шығарып тұрған затты атаймыз (темекі исі, газ исі, шөп исі т.б.).

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Адамның иіс түйсіктерінің қоршаған ортаны бағдарлаумен байланысы аз.

Психология

Алмажай Егенисова

Иістің бұл қызметін көру мен есту билеп төстейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс түйсігінің дамымағандығы мен тұрақсыздығына тілімізде оларды атайтын арнайы сөздердің жоқтығы да дәлел, түйсіктер өзін тудыратын заттардың абстрактыланбағандықтан «шөп иісі», «шіріген алма иісі», «гүлдің иісі» деп айтылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс сезгіштігі дәм білумен тығыз байланысты, тағамның сапасын ажыратуға жәрдемдеседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс организм үшін қауіпті ауасы бар ортадан сақтандырады, кейбір жағдайларда заттардың химиялық құрамын анықтауға көмектеседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен «таниды».

Психология

Алмажай Егенисова

үйге кірген адамдарды да, білетін көшесін де, тұрған үйін де олар иісіне қарап оп-оңай айыра алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Иіс түйсіктері адамның көңіл күйіне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен жұпар иісті гүл - адамның көңілін сергітсе, шылымның түтіні - басты ауыртады.

Психология

Алмажай Егенисова

Парфюмериялық заттардың сапасын арттырып отыру - адам психикасына қолайлы әсер етудің бір факторы екендігі даусыз.

Психология

Алмажай Егенисова

Гипократ пен Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) хош иісті заттарды науқастарды емдеуге пайдаланған.
Көрсетілді: 31700 / 47388