KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Психология

Алмажай Егенисова

Бірақ бұған шамасы жете қоймайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан- жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Олар футбол, волейбол, теннис ойындарын ойнай алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірмен жарысу сәттері көп болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойында жарысқа түсу, бірінен- бірі озу жағы да көзделеді, Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ержелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстық аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдықпен онтайлықты жақсы менгереді.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптілік секілді адамгершілік қасиетгерге баулиды.

Психология

Алмажай Егенисова

Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жегекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқу.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру.

Психология

Алмажай Егенисова

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мектепке бару - бала өміріндегі жауапты кезең.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқи бастаған соң оның отбасындағы жағдайы өзгереді.

Психология

Алмажай Егенисова

Онда мектепке уақытында бару, үй тапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңа міндеттер пайда болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Сөйтіп мектепке барған алғашқы күннен бастап баланың айналасымен қарым-қатынасы міндеттілік приципімен реттеледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Міндет шеңбері ұлғая береді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жақсы оқу парызы - тек ата-ана алдындағы парыз ғана емес, сынып, мектеп, бүкіл отан алдындағы, өзінің ар-ожданы алдындағы парыз.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқу мыналардан құралады: қоршаған заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері туралы ақпаратты меңгеру (білім);

Психология

Алмажай Егенисова

іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын амалдар мен операциялар (бейімділік);

Психология

Алмажай Егенисова

іс-әрекет мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен операцияларды дұрыс таңдау үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік).

Психология

Алмажай Егенисова

Сонымен, оқу жайлы адамның әрекеттерін саналы мақсат басқарған кезде ғана айтуга болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Саналы мотивтердің болуы - оқудың маңызды алғы шарты.

Психология

Алмажай Егенисова

Осыдан жануарларда оқудың болуы мүмкін емес екендігін анық көруге болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Адамда да оқу оның мінез-құлқының саналы түрде реттелуі кезеңінде ғана, 6-7 #алты-жеті# жасқа таман болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды.

Психология

Алмажай Егенисова

Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезендерден тұрады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, мұның бірінші кезеңіңде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағлұмат алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді.

Психология

Алмажай Егенисова

Үшінші кезеңде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші кезенде бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап тұрады да, бесінші кезенде, балада зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады, бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың шығармашылық, ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің занды байланысына түсінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, "от жақса түтін шығады" дегенде оттың жануы түтіннің шығуына себеп болып тұрғандығын бала байқайдьі да, шындықтағы нәрселердің бәрі де бір-бірімен осындай байланысатындығын түсінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Нәрседе себеппен қатар нәтиже де болатындығына баланың түсініп, көзінің жетуі ұғыну деп аталынады.

Психология

Алмажай Егенисова

Психолог П.

Психология

Алмажай Егенисова

Я.

Психология

Алмажай Егенисова

Гальперин өзінің "Ақыл-ой әрекетінін сатылап қалыптасу" теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу, т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері (себептері) болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Тәрбиеші, не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да (мотивтері) өзгеріп отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Бала не үшін оқитындығын бар сана сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен (мәнін түсінбей құрғақ жаттап алу, өмірмен байланыстыра алмау т.б құтылу қиын болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мектепте оқу процесінде оқу мотиві қалыптасып, өзгеріп отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол төменгі сынып оқушыларындағы қарапайым мотивтен бастап, жоғарғы сынып оқушыларында парыз сезіміне дейін көтеріледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Алғашқы жылдары балалар үйде ата-аналары ұрыспауы үшін, жақсы баға алу үшін оқиды.

Психология

Алмажай Егенисова

Орта мектепте пәндерге саралай карау дамиды.

Психология

Алмажай Егенисова

Осыған орай ғылым мәселелерін білуге құмарлық, жеткіншектің танымдық қажетін қанағаттандырарлықтай білім алу мотиві пайда болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мінез-құлықтық жоғары сатылы реттеушісі болып табылатын парыз бен арды қалыптастыру, оқу мотивінің сферасына жоғары адамгершіліктік сезімдерді қосады.

Психология

Алмажай Егенисова

Орта мектепте оқу ісін ұйымдастыру оқушыдан үлкен жауапкершілікті және оқуға саналылықпен қарауды талап етеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Сабақтардың пәндер бойынша жүргізілуі мұғалімнің оқушы үлгерімін бақылау мүмкіншілігін азайтады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ой қызметінің сапасына талап арта түседі.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқушыдан мұғалімнің айтқандарын, кітаптан оқығандарын-жай ғана есте сақтаудан гөрі оны ұғу, ой елегінен өткізе білу талап етіледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Математикаға физика, химия және басқа пәндер ұғымдар жүйесін, білімдер жүйесін қалыптастырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Еңбек.

Психология

Алмажай Егенисова

Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол өзінің негізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдық ғылымдардың пәні.

Психология

Алмажай Егенисова

Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады.

Психология

Алмажай Егенисова

Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады.

Психология

Алмажай Егенисова

Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады.

Психология

Алмажай Егенисова

Өндіріс еңбеккер алдына іске тек творчестволықпен қарағанда ғана шешуге болатын көптеген проблемалық ситуациялар мен міндеттер қояды.

Психология

Алмажай Егенисова

Еңбек өнімділігіне әсер ететін жайларды зерттеу - өндіріс процесінде адамға әсер етпейтін факторлардың жоқ екенін көрсетті.

Психология

Алмажай Егенисова

Бөлме қабырғаларының түсі, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыстағы еңбек ету және үзіліс режимі, еңбектес жолдастармен қарым-қатынас т.б. осы сияқты факторлардың бәрі еңбек өңімділігіне тікелей әсер етеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Осының бәрі жиналып адамнын жұмыстағы көңіл күйін құрайды, оның еңбекте күш жұмсауын жеңілдетеді немесе керісінше қиындатады.

Психология

Алмажай Егенисова

Біздің елімізде қол жеткен техникадық процеске орай мұғалім еңбегінің ерекшеліктері және оның біліміне, икемділігіне, дағдыларына деген талаптар едәуір өзгерді.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұқаралық коммуникация құралдарының (интеренет, баспасөз, радио, кино, теледидар) кең тарауы оқушылардың мектептен тыс жерде білімнің барлық саласынан мол хабардар болуына жағдай жасады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұғалім қазіргі күні кешеге дейін болғанындай, оқушыға бірден-бір хабар таратушы.

Психология

Алмажай Егенисова

Мұғалім еңбегіне қоятын талап бұрынғыдан гөрі жоғарьлай түсті.

Психология

Алмажай Егенисова

Ғылымның барлық саласы нақтылы материалдармен шапшаң толығып жатқан шақта мұғалім өз білімін үнемі көтеріп отыруға мәжбүр болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Оқу және тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарау жас ұрпақты табысты оқытудың қажетті шартына айналды.

Психология

Алмажай Егенисова

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 1.

Психология

Алмажай Егенисова

Іс-әрекет туралы қандай психологтардың еңбектерін білесіз? 2.

Психология

Алмажай Егенисова

Заттың іс-әрекет пен ақыл-ой әрекетінің арақатынасы қандай? 3.

Психология

Алмажай Егенисова

Іс-әрекет қалыптасуында дағдының қандай маңызы бар? 4.

Психология

Алмажай Егенисова

Әдеттің қалыптасу негізі неде? 5.

Психология

Алмажай Егенисова

Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай? 8 дәріс: Зейін Жоспар: 1.

Психология

Алмажай Егенисова

Зейін туралы ұғым 2.

Психология

Алмажай Егенисова

Зейіннің түрлері 3.

Психология

Алмажай Егенисова

Зейіннің қасиеттері 1.

Психология

Алмажай Егенисова

Зейін туралы ұғым.

Психология

Алмажай Егенисова

Психикалық құбылыстардың ішінде зейіннің алатын орны ерекше.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол дербес психикалық процесс болып табылмайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Сөйтсе де ол әрқашан адамның іс-әрекетіне, таным процесіне қатысады.

Психология

Алмажай Егенисова

Зейін – психологиялық феномен, ол туралы пікірталастар, ғасырлар бойы жалғасып келеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ғалымдардың бірқатары «зейін тәуелсіз процес ретінде өмір сүре алмайды, ол тек қана кез келген психикалық процестің немесе адам іс- әрекетінің бір жағы ретінде көріну» деп тұжырымдайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Басқалары зейінді тәуелсіз процес, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физиологиялық өзін басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным процестерінің міндетін атқаруын, динамикасын және психикалық ахуалдың ерекшеліктерін қарастырғанда маңызы бар екенін айтады.

Психология

Алмажай Егенисова

Зейін – сезім мүшелері арқылы бір ақпаратты іріктейтін, басқаларды елемейтін (саналы немесе санасыз) процес.

Психология

Алмажай Егенисова

Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.

Психология

Алмажай Егенисова

Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Психология

Алмажай Егенисова

Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады.

Психология

Алмажай Егенисова

Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады.

Психология

Алмажай Егенисова

Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Көрсетілді: 33000 / 47388