KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оның не айтқалы отырғанын өзі де іштей сезіп, осына бала жасынан бері итше сүмеңдеп соңынан қалмай еріп келе жатқан қаңқу сөзді тағы да естірін біліп, іштей дайындала бастап еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Онда сен... Упрайға ұқсайсың! Яғни бөлімше басқарушысының аузынан түсе қалғандайсың! – деп тісін егеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжанның көзінен жас ыршып кетіп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы өмірінің жазылмас жарасы секілді індет-сөзді басқа-басқа, дәл Аманжанның аузынан естимін деп ойлады ма.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жоқ, ешқашанда... Үш ұйқтаса түсіне кірмеген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тамам бала... «шата-шата», «бастықтың баласы» – деп тілін шығарып, санын шапалақтап мазақтағанда осы екі досы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Нұржан мен Аманжан ара түспеуші ме еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Иә, сөйтетін... Құдай-ау, тіпті айтқысы келіп, тілі қышығанның өзінде мынау қиын-қыстау сәтте, ұлы сапарда шыдай тұруы, аузын буа тұруы керек еді ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Тапқан екенсің мені таптырған адамды!– деп соншалық бір көз ілеспес шапшаңдықпен Аманжанға тұра ұмтылды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ істің насырға шабарын сезген Нұржан, аяғынан қағып шалып жықты да, жібермей ұстап қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал ашуға булыққан Аманжанның шүріппені басып қалуы әбден мүмкін еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жетет! – деп жекіді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ауылдан аттанарда, моншаның ішінде отырып берген ант қайда.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Өлсек те бір-бірімізді тастамайық», – деп қол алыстық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді міне... балапан қораздай қоқиланып шыға келеміз...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы тым-тым ақ пейілділігі үшін ұлы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Аманжан талай рет ұрысты да, өкпеледі де, бәрібір қол қусырып қарап отыру қайда.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осындай, жападан-жалғыз тоқыма тоқыған оңаша сәтінде, әлдебір әдемі де мұңлы әуенді ыңылдап, ауыр ойға берілер еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қолындағы жіпке көзінің жасы сырт-сырт тамып, қай-қайдағысы есіне түсер еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжанның анасы бұл елдің қызы емес.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айыртау жақтан жер ауып келіпті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сондықтан да ол әйелдің өткені жайлы, бұл ауылда ешкім де ашып айтып бере алмас.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал өзі күні бүгінге дейін өмір-тарихы туралы жұмған аузын ашқан емес.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ұлы Аманжанның кімге тартып туғанын жан адам білмейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ішкері жақтан жалаңаш қойнына, кенгурудің баласындай салып әкелген қызыл шақа ұл

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бүгінде тепсе темір үзетін зіңгіттей азамат болып өсті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ шешесінің кең пейілін бермеген, тым-тым қатал, басбұзар тентек.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Фамилиясы да шешесінің әкесіне жазылған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан ес білгеннен бері анасына жалғыз-ақ сұрақ қойған:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әкем қайда? – Шешесінің жауабы да қысқа болған-ды:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Соғыста өлген...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соғыс деген талай дүниенің астан-кестеңін шығарып қана қоймап еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соғыс – талай қулық пен сұмдықты тас-талқан етті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Елдің тәубасын есіне түсірді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соғыс сандаған күнәны тудырды, сандаған күнәны ақтады да.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әйтпесе 1946 жылы туған Аманжанның әкесі қалай ғана соғыс жылдарында өліп қалады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осындай соғыс тудырған әрі тудырмаған, бірақ соғысқа сілтеген қисынсыздар ел ішінде көп-ақ еді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соның бір құрбаны, осы сырықтай ұзын бойлы, ала көзді Аманжан-тын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Есіктен үсті-басын қағына, жөтеліп кірген жігіттердің есендесуін бір бұрышта, тулақ үстінде жүн түтіп отырған Үндемес шешей (ел солай атап кеткен) ернін жыбырлатып қана алды да, қайтып тіл қатқан жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол кісіге алаңдамаңдар, – деді Аманжан пештің иығындағы ағаш күбіні еппен алып тұрып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол да бір – қара тас та бір.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оның бұл қатты сөзі Нұржанды тіксіндіріп тастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Анасы туралы анайы сөз айту, көргенсіздік қана емес, аса тұрпайылық еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ Үндемес шешей ұлына қарады да, ләм деп тіс жарған жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үшеуі дөңгелек жозыны қоғамдай отырып, шырмауық иісі мұрынды жарған сары сыраны біраз еңсере ішіп тастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Рақат екен, – деді аузын жеңімен сүрткен Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сарайым сайрап қоя берді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жолға аздап ала шықса қайтеді өзін... – Қатқаныңның басы, қатып қалмай ма, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Шынын айтқанда, сол бір ит өлген жерге барғым келмейді, – деді Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Он жыл бірге оқып, бірге өскен сендерді қимадым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Менің де зауқым жоқ, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Күзде сен болдың ғой, қандай жер екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Елі сараң дегені рас па? – Рас, – деді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Күзде үсіп-жығылып аулымызды әрең тапқанымыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді шегінетін жер жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Уәдемізді беріп қойдық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мына салқын сыраң басыма шыға бастады, – деді Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ал, рақмет, қайтайық, – деп Нұржан орнынан тұрды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жолға дайындалу керек.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Білгендей-ақ тәтеме монша жағып қой деп едім.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Дайын болғанда хабарларсың, бәріміз де ұлы сапарға тазарып шығалық, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жігіттердің шығып бара жатып «сау болыңыз» деген сөзін жүн түткен әйел естімегендей, жауап бермеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржанның шешесі – жастай жесір қалған адам.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бір ұл, бір қызы бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екеуі бір-біріне мүлдем ұқсамайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан қара торы бұйра шаш та, қарындасы көгілдір көзді шикілі сары.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оның сырын, осы ауылдағы сыпсыңқайлар сан-саққа жүгіртеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бала кезінде Нұржан талай мазаққа ұшырап ашуланды да.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірде «айғай апасынан» (жұрт осылай атайтын): «менің әкем қайда?» – деп сұрады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Соғыста өлген, – деп айғайды сала жауап берді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мың да тоғыз жүз қырық алтыншы жылы дүниеге келген

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан соғыста шейіт» болған қайран «әкесін» содан қайтып «іздегенді қойған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бәріне де соғыста өлгендер емес, соғыстан Аман келгендер «кінәлі» екенін, кейінірек сезді ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал Бақытжанның майдАннан қара қағаз келген әкесі осы ауылда тірі жүр деген лақап сөз бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кім білсін? Бәріне де қу соғыс кінәлі...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Айғай апасы» монша жағып қойған екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қайда жүрсің қаңғырып, – деп дүрсе қоя берді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Түу, естіп тұрмын ғой, осынша неге айғайлайсыз, – деді Нұржан шешесіне кейіп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Өлгенің құрғыр, Аспан қарға айналып кетті ғой деймін;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– бас алдырмады ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әлгі қарындасың сабағына әрең кетті қонышынан қар саулап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Таза киімдеріңді дайындап қойдым... – Аманжан мен Бақытжанды шақыра салсақ...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Немене, шешелерінің аяғына жара шыққан ба екен, жағып берсін моншасын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өй, анау «үндемес шешейдің» бойында жаны бар демесең, таңертеңнен кешке дейін астына жіберіп қойған баладай бажырайып отырғаны.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ұлы жынданып кетпей қалай жүр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Анасының ала құйын мінезіне әбден сыралғы болған ұлы ұлпа қарды омбылап жүгіре жөнелді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар толастар емес.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспан жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қаптаған қар-шыбындар ғана.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осындай қалың қар жауған күні біздің үш жігітіміз ағаштан қиып салған моншада рақаттана жуынып, бірінің арқасын бірі ысып, әңгімелесіп отырды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қолдарында қайыңның бұтағынан жасалған сыпыртқы, күйіп-жанған тасқа бір бақыр суық суды шашып қалады да, лап етіп көтерілген ыстыққа шыдамай ырсылдап, сабана жөнеледі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Іштеріндегі өкпесі өшпей, жүрегі күймей сабана беретін – Аманжан болып шықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ана екеуі «ойбай тұншығып өлдім» – деп есікке қарай тұра безді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал Аманжан болса қара тасқа аяқ-аяқ су шашып өзін-өзі сартылдатып ұрады-ай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Есікті далдалай ашып, бастарын табалдырыққа итше жастап, таза ауа жұтқан Нұржан мен Бақытжан құрлықта қалған балықтай солықтайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әкең... Жанұзақ ағасына тартқан, – деді Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қолына қолғап киіп алып сабанушы еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол моншаға түскен күні ұлы-жіңгір шапқын болатын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бір түскенде – бес сағат түсер еді тас моншаға...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Отыз бес рет сусын алдырып ішетін.
Көрсетілді: 3400 / 47388