KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Уһ» – деп демін әрең алып, алақанымен маңдайындағы пыршыған терді сүртті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ даладан соншалықты мұңлы, соншалықты аянышты сыңси салған қыз әні талып естіледі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әлдеқайдан, алыстан қар-қызының боздап салған әні естіледі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

* * * Айнала аппақ қар: ақ түтек боран, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке: қарасаң көз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алысқа бірін-бірі қуа жарысады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген қарлы адырлар ұлы өмір шуылынан бейхабар

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Айқара жамылған ақшағи көрпесін бұйығы бүркенеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

табиғаттың күні кешелер ғана маздаған тіршілігіне мекен-жай болған жазира жоталар өлім тыныштығына бой алдырған да, дүниенің бар қызығынан әбден жалыққан құмарпаз адамның, жалқы сәт талықсып кетерін еске салғандай болады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

күн таласа шыққанда осына қайғы жұтып, қар тұтқында жатқан бейкүнә аязды аймақ мың-миллион күміс ұшқындарын сәулелендіріп, тоғыз қабат торқа астында қалтыраған

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жер-ананың ертең туар базарлы шағының үміт отындай жарқырайтын;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

бүгін Аспанды саңылаусыз тұтастыра жауып тұрған қарлы жота-қыраттардың осы сұлулығын қызғанғандай, тартып алып талақ тастапты;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

көкжиек жоқ: Аспан да, байтақ өңір де ақ сұр;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жер жоқ, бір өңкей бой суытып, жүрек мұздатар сұмпайы қар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

еріксіз жалықтырады, еріксіз жалғызсыратады, жүз жылға бір-ақ қартайтып кеткендей қажытады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

құлазыған осына бір түске, бір мінезге қарап тұрып, көңіліңді аяныштың аязы буып, ботадай боздап жылағың келеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ботадай боздап жылап тұрып, жаратылыстың осыншалық қатыгездігіне налығандай әлемдегі бүкіл жақсылық пен жамандық атаулыдан безінесің, ақша қардың ортасында меңдей қарайып тұрған жалғыз трактор

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Аппақ дастарқанның үстінде жорғалаған қоңыздай-ақ қауқарсыз, бейшара.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ауылдан шыққандарына екі күн, барар жері сонау көрінген ақ таудың ар жақ етегі – онда ауылдың ала жаздай дайындаған пішені бар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

соны тиеп қайтуға барады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

олар үшеу: Нұржан және Аманжан мен Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар мұхитты қақ жара арқырап келе жатқан тракторды Нұржан жүргізіп отыр;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

астынан аязды күнгі көк темірдің ызғары өтеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

шолақ қара тонының жағасына мойнын тыға түсіп, әлгі көріністен көзін алмай телміріп келеді: ол қарайтын басқа еш нәрсе жоқ

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Айнала аппақ;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

тіпті бәрі үнсіз, қасат қарды қақ жарып, бір қарқынмен бір бағытта келеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

достарының не ойлағанын білмейді Нұржан, әйтеуір, бозарған жүздері мұңға лайық, өзгеше көндім, өзгеше жуас, қайтпайтын сапарға аттанғандай аянышты халде;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ал өзі болса мынау ұшы-қиырсыз, еңку-еңку қарлы адырлардың үстіндегі қыбырлап тыныш таппайтын өмір жайлы, суық қысып ыбырсып қор болар жер жайлы, көзден де, көңілден де шеттей бастаған мұңсыз-қамсыз балалығы жайлы ойлайтын шығар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

неге екенін білмейді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

осы қу медиен айдалада жападан-жалғыз қалып қойғысы;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қалып қойып анау аппақ кебін қардың үстіне ақпен табандаған қара пиманың ізін тастап, мәңгі тымық, мәңгі суық шексіздікке, алдыңғы күні белгісіз бозаң жолға шыққысы келеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мейлі жалғызсырасын, мейлі қар басып үсіп өлсін, мейлі азынаған қысқы өңірдің аш қасқыры жеп кетсін – ойына алған дел-сал, ұйқылы-ояу қатал да қайырымсыз сапарға аттансам дейді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

өйткені сол бір белгісіз де шексіз кеңістікке қар қызы шақырған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алпамса тауға өрлеп келеді, ақ шағылдар таусылар емес, күн түнге ойыса бастады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспан сұмпайы бұлттан азаттана бастады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

олар әлі ләм деместен томаға-тұйық бозарып отыр;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

көзі ояу, көңілдері ұйқыда;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

мүмкін, олар аппақ қардың үстіндегі көктемгідей жапырағын жайған әлі жас, әлі арманшыл, әрі күнәсіз көк өрім үш қайың шығар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

қазіргі әрқайсысының жүрегінен сағыныштың, өкініштің белгісіз, бұдан бұрын еш жерде, ешқашан айтылмаған мұңлы да сырлы әнінің қалтырап барып, сыңси айтылуы – сол ақша қардың үстіндегі ақ қайыңның сұп-суық жел тербегенде шыдай алмай жылауы шығар;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

олар бұл ғаламда трактор гүрілінен өзге жан жарылқар үн естіп, көз суырар қардан басқа ештеңе көріп, бой мұздатар суықтан басқа түкті де сезініп келе жатпағаны рас;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ымырт жабылған сайын осының бәрінен

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Аппақ болып көсілген көріністің өзінен айрылды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ендігі мезетте бұлттан тазарған Аспан жұлдыз таналарын тағынып, сылана бастады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

олар бәрібір үнсіз;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ауыздарын ашса болды қырқысып-төбелесе жөнелетіндей қауіпті де қаныпезер отырыс;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспанға қарады: сансыз жұлдыздар жымыңдайды – бірі сөнеді, бірі жанады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

трактордың жарығы түн түндігін тілгілеп, сонау ойда болар-болмас жылтырағандай елес берген жетім сәулені іздеп барады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

соған асығады, жамырап табысқысы келеді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

көкке қарады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жұлдыз ақты, қайда түскені белгісіз, әйтеуір, олардан тым алыс.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қара көк Аспандағы жұлдыздар жауып тұрғандай сезінді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Астындағы темір қобдидан өткен ызғар шекесін солқылдатқандай тісі-тісіне тимей, қалтырай бастаған

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан, сол бір мағынасыз жанармен анау алдында бел-белестеніп мінгесіп ұштаса кете барған аппақ дүниеге жиіркене қарады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жылда, тіпті қыстай көріп, көз қашты болған көрінісі болғанымен, дәл бүгінгідей көңілі суынып, көкірегін ызғар қарыған жоқ еді;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

дүниенің осыншалық иесіздігін тұңғыш сезінгендей зәрезеп күй кешті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алғаш ауылдан шыққанда ептеп желік қысқандай болған, жастық шақтың көп-көп алаңсыздығы тағы да бір ессіздікке, мұңсыз-қамсыз жазира тірліктің жалғыз аяқ соқпағына жетелегендей еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді міне қар жамылған жұп-жұмыр таулардың тұтқынына түскен сайын сол жылымық көңіл, сол жылымық көңілдің шуақтары аязда үсіп өлгендей өгей өмірге тап болды;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

оты жоқ, пеші жоқ жел кеулеп, ызғар буған иесіз үйдің қонағындай шарасыздықтың шырмауында қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қасаттана бастаған аппақ қарды жарып, бағдар-бағытсыз арындап келе жатқан ДТ-54-тің қазіргі мінсіз жүрісі ғана ендіті медет, ендігі қуат, үміт теңізін кешкен үш жігіттің

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Астындағы арғымағы-тын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Елден шыққандарына екінші түн, кеше Фадиха деген ауылға түнеп шықты да, елең-алаңнан сапарға қайта аттанған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алда – Қоңқай асуы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аспан төсі шұрқ-шұрқ тесік.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ай әлі туа қойған жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қараңғылыққа бой бермеген адыр-қыраттар ағараң тартып, қорқыныш ұялаған көңілге ес болғандай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қорқыныш ұялай бастаған көңілге ес болған ол да емес, сонау төбедегі жетім жарық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ДТ-54 сол өлімсірей жанған жарыққа қарай өршелене өрмелеп келеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түн меңдеген сайын дүрілдеген үні де жер-көкті жаңғыртып қатты естілетіндей...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үш жігіттің жанары да сол жалғыз жарыққа қадалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ендігі үміт те, тілек те сол – жұлдыздай жылтыраған сәуледе.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ДТ-54 қайқаң қағып төбеге шыққанда, маңдайындағы қос шамы шатырын қар басып қалған ағаш үйді тінтіп өтті де, солқ етіп барып тұра қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар құсып, сартылдаған жылан бауыр доңғалақтың үні сап тыйылды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан тұтқаны төмен басып, газды азайтты да, енді не істейміз дегендей, екі досына қарады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Олар да ошарылып, ләм деместен шарасыз отырып қалып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар басқан үйден ешкім шықпады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Трактор жайлап қана зіркілдеп тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осытракторүні жағаласып, сөздерін естіртпейтін болған соң, әбден айғайлап үйренгендікі ме,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан қатарда отырған Аманжанның құлағына дыбыстады: – Біреуіміз үйге кіріп, біліп шығайық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қондыра ма екен? Аманжан оның дәл құлағының түбіне айғайлаған аузын қолғабымен баса қойды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Неменеге бақырасың? Құлағымның дабыл жарғағын тесіп – – жібердің ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жатып кеп ашуланды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дәл қарсы алдарында, темір қобдиға құйрығын қойып, мойнын тонының жағасына тығып, пысылдап ұйқтаған

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан әлгі айқайға ояна қоймағандай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үй жақтан тырс еткен дыбыс білінбейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ептеп мал ұстайды білем, қора жақтан қойдың маңырағаны мен жылқының пысқырғаны естіледі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан құлағын әлі шұқылап отыр: – Саңырау болып қалдым-ау деймін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Неғұрлым керең болсаң – соғұрлым жақсы естисің.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Саңырау болсаң ғана сақ жүресің, – деп күлді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұдан соң екеуі де саусақтарын үрлеп, қып-қызыл болып қалқая қатқан құлақтарын уқалады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мына қыстақта тірі жан болса, көп көрген құлағымды саған-ақ кесіп берейін, қарның ашса қақтап жерсің, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сығырайып шам жанып тұр ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол сайтанның оты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сен де қайдағыны айтасың-ау, – деп күлді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Кеше Фадиха тұрғындары айтқан: Айыртаудағы асуда жалғыз үй оңаша тұрады деп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол омарташы шал шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Олай деп бал ашсаң бар, біліп кел өзің.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бәлкім, түсіңе кіре беретін періште қыз осы үйде тұратын болар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан ойланып қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Есіне әлдене түскендей, жүрегі жиірек соғып, елегізи бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы бір оқиғаны ойда жоқта есіне салғаны.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржанның жарқ етіп жоғалған арман-адамын тірілткендей болды.
Көрсетілді: 3600 / 47388