Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет. Творчестволық қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бірақ нағыз ғылыми жұмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы ауыр. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік - нағыз ғалымға тән қасиеттер. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
К. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Маркс айтқандай, ғылымның "сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады". |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Творчестволық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Қоғамға пайдаға келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
А. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
С. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Макаренко айтқандай: "жеке адамның келешегін жобалауда" мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Творчестволық қиял бейнелерінің тағы да бір түрі - фантастикалық бейнелер. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бұларға діни-мистикалық, ертегі-фантастикалық, ғылыми- фантастикалық бейнелер жатады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Фантастикалық бейнелердің бұл түрлері өздерінің мазмұны мен манызы жағынан әр тектес болып келгенімен, бәріне ортақ негізгі белгі - оларда табиғатта жоқ объектілердің болатындығы. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Діни-мистикалық және ертегі-фантастикалық бейнелердің жеке компоненттері ақиқат дүниеден алынғанымен, мазмұны мен түрі жағынан өмірде бола алмайды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Діни-мистикалық фантастика бейнелері өмір шындыгынан аулақ жатады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Оларда табиғат күштері де және адамның өзі де бұрмаланып бейнеленеді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Халықтың батырлар жырлаіры, қисса-дастандарында болатын ертегі- фантастикалық бейнелердің негізінде өмірдің ақиқат көріністері жатады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ұшқыш кілем мен өздігінен жүретін етік бейнелері қанша ғажайып болғанымен, олар біздің кезімізде жүзеге асып отырған қатынас құралдарының халық қиялынан туған бейнелері. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ғылыми-фантастикалық бейнелер ең алдымен, оны жасаушының шындықтан тым шырқап аулақ кетіп, алыс болашаққа немесе өткенге үңілуімен сипатталады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ғылыми-фантастикалық шығармаларға адамзаттың қазіргі кезде бар ұғым мен білімнің шеңберінен шығып кетушілік тән. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау формалары 4. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлаудың түрлері 5. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ақыл-ой сапалары 1. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау туралы жалпы ұғым. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға көшу қажет.Адамның ой- әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адамның ойы ерекше белсенді процесс. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойдың белсенділігі мына төмендегі жағдайлармен байланысты: 1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша өздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу; |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын (гипотезасын) белгілеу; |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап көру. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам ойдың дұрыс немесе бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен шешіп, тәжірибесімен салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Егер адамның ойы айналасындағы дүниемен, адамның тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен үйлеспесе ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам ойлаған уақытта оны жеті рет өлшеп, бір рет кескені абзал. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Егер, адам мәселе шешуде объективтік жағдаймен санаспаса, онысы ақиқатқа қайшы келсе, онда ол алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен қүдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам кез келген мәселелерді шешерде, тәжірибеде ашылған заң, ереже, ұғымдарды пайдаланып отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ғылым, техника, өндіріс, ауыл шаруашылығының орасан зор жетістіктері бір ғана адамның ғана емес, көптеген адамдардың, тұтас ұжымдардың, тіпті бірнеше ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нәтижесі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ол қажеттіліктен немесе бір нәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бұл ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ол адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет: 1) #бірінші# Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу; |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
2) #екінші# Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға ұмтылу. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
П. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ойлау - ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль аткарады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Екінші сигнал жүйесінде нерв жүйесі қызмеіінін өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ғылыми-техникалық прогресс "ойлайтын" машинаналарды дүниеге келтірді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Мәселен, осындай машина дойбы да "ойнайды". |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан аса алмайды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бұл - сөз енжар, әрекетсіз адамның сөзі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған программа беретін - адам. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Осы міндетті қоя білу үшіг адамға мол білім қажет. Машинадан "ақыл" үйренуге болмайды, онда "ақыл" жоқ. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру - адамның алдында тұрған ең басты міндет. 2. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ой операциялары(тәсілдері). |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Анализ деп – бүтінді бөлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бөліп қарау. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам өзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бөлшектеп, талдап отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам нәрсені бөлшектеумен ғана тынбайды, кейін бөлшектеген, ажыраған заттарын қайта қосып, тұтас затқа айналдырып отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Синтез деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Анализ бен синтез қатар жүріп отырады табылады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. |
Психология
|
Алмажай Егенисова |
|
Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді. |