KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Психология

Алмажай Егенисова

Салыстыру.

Психология

Алмажай Егенисова

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

Психология

Алмажай Егенисова

Әдетте бір тектес ұқсастықтары бар заттар салыстырылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Салыстыра отырып біз олардың айырмашылықтарын көреміз.

Психология

Алмажай Егенисова

Әйтпесе олар теңбе-тең болып қабылданар еді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, мұғалім балаларды жазуға үйреткенде әр бір әріптерді жеке және ұқсас әріптерді П мен Н, Ш мен Щ-ны салыстырып көрсетеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Топтау салыстырудан барып шығатын күрделірек операция.

Психология

Алмажай Егенисова

Басты және қосалқы ұқсас белгілері негізінде заттар топтастырылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, кілтпен бұрап жүргізетін ұшақты бірде металл бұйымдарға енді бірде ойыншықтарға, енді бірде модельдер тобына жатқызуға бролады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойлау операциясының келесі түрі абстракция.

Психология

Алмажай Егенисова

Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді "төрт бұрыш" деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ касиеті ретінде "ақшыл" деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.

Психология

Алмажай Егенисова

Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.

Психология

Алмажай Егенисова

Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жемістер» деген жалпы ұғымды береді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жүйелеудің жоғары түрі - классификация.

Психология

Алмажай Егенисова

Жүйелеуде заттар мен құбылыстарды топтастырғанда, белгілі бір ұқсастықтарына қарай жүргізілмейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жүйелеу осы топтың ішінен одан да кіші топтар мен бөліктерді саралайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б. бәрі жануарлар болғанымен жылқы, қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр тағы жануарларға жатады.

Психология

Алмажай Егенисова

Сол сияқты жануарлар - типке, типтен - класқа, кластан - отрядқа, отрядтан - отбасыға, отбасыдан - текке, тектен - түрге т. б. жүйеленеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Жүйелеу ой тәсілі қазақтарда ерекше дамыған.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқыға - боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. бөлген.

Психология

Алмажай Егенисова

3.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойлау формалары.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой.

Психология

Алмажай Егенисова

Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді.

Психология

Алмажай Егенисова

(Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар).

Психология

Алмажай Егенисова

Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) өзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, «Ақтау қаласы», «Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, «мәжіліс» (депутаттар мәжілісі ), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады.

Психология

Алмажай Егенисова

Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес.

Психология

Алмажай Егенисова

Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.

Психология

Алмажай Егенисова

Пікір ақиқат және жалған болып бөлінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, «Ақтау - әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал «Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Әрбір пікірде үш бөлім болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Ақтау» - логикалық бастауыш.

Психология

Алмажай Егенисова

«Әдемі, жас қала»- логикалық баяндауыш.

Психология

Алмажай Егенисова

Байланыс сөздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікірде көбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Пікір грамматикада сөйлем делінеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады.

Психология

Алмажай Егенисова

Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты.

Психология

Алмажай Егенисова

Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу.

Психология

Алмажай Егенисова

Пікірлердің әр түрін, оның оның ерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады.

Психология

Алмажай Егенисова

Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы.

Психология

Алмажай Егенисова

Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.

Психология

Алмажай Егенисова

Қорытынды шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Катар тұрган кездейсоқ пікірлерден ой қорытынды шықпайды.

Психология

Алмажай Егенисова

«Жаңбыр жауды», «Қоңырау соқты» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ.

Психология

Алмажай Егенисова

Сондықтан, бұл екі пікірден үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.

Психология

Алмажай Егенисова

Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, «ағаш жанады, көмір жанады, қағаз жанады» деген жеке пікірден «барлық органикалық заттар жанады» жалпы ой қорытындысы жасалады.

Психология

Алмажай Егенисова

Дедукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы мәселен, «Барлық тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды» деген жеке ой қорытындысына келеміз.

Психология

Алмажай Егенисова

Индукция мен дедукция ойымызда қатарласа жүріп отырып, бірінсіз бірі болмайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, И.

Психология

Алмажай Егенисова

Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді.

Психология

Алмажай Егенисова

Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі роль атқарады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ой қорытындылары адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.

Психология

Алмажай Егенисова

Сондықтан ол практика мен табылған шешімдерді басқа белгілі фактілермен жан-жақты салыстырулар көмегімен үнемі тексеріп отыруды қажет етеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Егер, студент қыз қиын емтиханды сәтті тапсыруға үстіне киген жасыл көйлегі бірден-бір себеп болады деген ойқорытындыға келіп, осы «құтты» көйлегіне сеніп келесі емтиханға да дайындалмай барса, практика оның жасаған ой қорытындысының қате екендігін көрсетеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Өйткені, көйлек пен емтихандағы жетістік бір – бірімен себептік байланысы жоқ, тек қыздың тәжірибесінде кездейсоқ дәл келген екі шарт қана 4.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойлаудың түрлері.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойлаудың үш түрі болады: Практикалық ойлау, нақтылы-бейнелі ойлау, теориялық ойлау.

Психология

Алмажай Егенисова

Практикалық ойлау - нақты заттармаен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, машина моторының неліктен бір қалыпты жұмыс істемей тұрғандығын білу үшін жүргізуші капотты көтереді, мотордың қызуын байқайды, контактілерді тексереді, егер қажет болса сымдардың ұшын тазартады, кей жерлердегі шайбаларды нықтайды, свечаларды алып қарайды, майды үстемелейді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойдың мұндай түрі практикалық деп аталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Оны шешу тәсілі - практикалық әрекет. Нақтылы-бейнелі ойлау - елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрлері.

Психология

Алмажай Егенисова

Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, адам мылтықтың құрылысын қандай, оны қандай бөлшектерге бөлуге болады десе, мұндайда оның ойы көрнекті, бейнелі болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ал мылтықты қолына ұстап, оны түрлі бөлшектерге бөліп әрекет етсе, көрнекті әрекет ойы болады.

Психология

Алмажай Егенисова

Керек жерге қай жолмен тезірек жетуге болатынын ойластырған адам барар жолдың барлығын көрнекі бейнемен елестетіп шығады.

Психология

Алмажай Егенисова

Ол олардын әркайсысының ұзақтығын, жол сипатын, жүріп өтуге кететін уақытын салыстырып талдайды, мәселені ойша шешеді.

Психология

Алмажай Егенисова

Ойлаудың мұндай түрі нақтылы-бейнелік деп аталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Теориялық ойлау - абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.

Психология

Алмажай Егенисова

Егер мәселе теориялық түрде қойылса, оны шешу үшін абстракциялық ұғымдарды, теориялық білімдерді пайдалану талап етіледі.

Психология

Алмажай Егенисова

Мәселен, оқушыға оқыған шығармасының әдеби қаһармандарының қайсысының пікірі дұрыс екенін анықтау тапсырылса, ол кітап қаһармандарының барлық нақтылы қылықтарын талдаудан өткізуі, оларды «борыш», «намыс», «берілгендік», «патриотизм» т. б. сияқты ұғымдармен берілетін қоғамда-қабылданған мораль нормаларымен салыстыруы қажет. Мұндай ой теориялық (сөздік-ұғымдық) деп аталады.

Психология

Алмажай Егенисова

Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау келесі түрлерге бөлінеді: Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау.

Психология

Алмажай Егенисова

Бағыт-бағдарына қарай ойлау бірнеше түрге ажыратылады: Логикалық (қисынды) ойлау - логикалық амалдар( салыстыру, жүйелеу, қорыту т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.

Психология

Алмажай Егенисова

Синкретикалық( біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара байланыстырылады.

Психология

Алмажай Егенисова

Шешілетін мәселе мен орындалатын іс-әрекеттердің стандартты немесе стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыратылады: алгоритмдік, дискурсив, эвристикалық, және шығармашыл ойлау.
Көрсетілді: 34500 / 47388