KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Тарих

Гүлмира Досекеева

Ноғай ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Оның халқы солтүстік батыста - Қазанға, оңтүстік шығыста – Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, тіпті, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып жүріп мекендеді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Оның орталығы–Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Әмір Едіге 1396-1411 #мың үш жүз тоқсан алты – мың төрт жүз он бірінші# жылдар аралығында Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарып келді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Беклер бегі ұлы әмір атанған Едіге көрші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп отырған.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Ноғай ордасы негізінен маңғыттардан тұрды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Сонымен қатар оның құрамына Қоңырат, Найман, Арғын, Қаңлы, Алшын, Қыпшақ, Кенгерес, Қарлұқ, Алаша, Тама және басқа ру-тайпалары кірді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Олардың басшылары арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар жүріп жатты.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Осы алауыздық оның да түбіне жетті.

Тарих

Гүлмира Досекеева

XV ғ.

Тарих

Гүлмира Досекеева

#он бесінші ғасырдың# бірінші жартысында Ноғай ордасының орнына Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары құрылды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Ноғай ордасы да этникалық емес, көбіне саяси құрылым еді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Оны мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуының күрделі этникалық процесінде де өз әсерін тигізбей қалған жоқ.

Тарих

Гүлмира Досекеева

4.

Тарих

Гүлмира Досекеева

XIV #он төртінші# ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті құрылды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Негізін қалаған - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.

Тарих

Гүлмира Досекеева

#мың үш жүз қырық сегіз – мың үш жүз алпыс екі#).

Тарих

Гүлмира Досекеева

Моғолстан тарихи жағрафиялық термині "монғол" атауынан шыққан.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Монғол есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындылардың бірінде "моғол" деп айтылып жазылатын болған.

Тарих

Гүлмира Досекеева

XIV-ХV #он төрт, он бесінші# ғасырларда Моғолстан құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Моғолстан орта ғасырлық авторлардың деректерінде мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай "Моғол" атты этникалық саяси біртұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктелген моңғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар (дулаттар), қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Сонымен XIV #он төртінші# ғасырдың орта шенінде Жетісу, Қырғыз жерлерін қамтып жатқан Моғолстан мемлекетінің құрылуы, Дешті Қыпшақтарды біріктірген Ақ Орданың пайда болуымен қатар жүзеге асқан Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болғаны даусыз.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Моғолстан ордасының орныққан орталығы - Алмалық қаласы.

Тарих

Гүлмира Досекеева

1362 #мың үш жүз алпыс екінші# жылы Тоғылық-Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Осы тұста қарындасына үйленіп Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Осындай тынымсыз шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, "ленг" парсыша - ақсақ) Ақсақ Темір атанды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Ақсақ Темір әмірші болған 35 #отыз бес# жыл ішінде Моғолстанды, Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ақ Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Әмір Темір түркі тектес халықтардың, оның ішінде қазақтардың тағдырына зор кеселін тигізді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Алтын Орданың құлауына себепші болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

№ 5 дәріс.

Тарих

Гүлмира Досекеева

XV-XVII ғғ.

Тарих

Гүлмира Досекеева

қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени дамуы Дәрістің мазмұны - Қазақ хандығының көшпелі тұрмысы, шаруашылығы және әлеуметтік құрылымы талданады.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Дәрістің мақсаты - Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени дамуының мазмұны ашылады.

Тарих

Гүлмира Досекеева

1.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Мал өнімдері оларды тамақ, киім-кешек, тұрғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Мал және мал өнімдері көрші халықтармен айырбас жасайтын қаражат көзі де болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтардың мал шаруашылығына байланысты Ш.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Уәлиханов былай дейді: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін оз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Жұртқа мәлім, қырғыздар бір-бірімен амандасқанда: «Мал-жаның аман ба?» деген сөздермен бастайды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Отбасының мал жайын алдын ала сұрастыруы көшпенділер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді».

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақ жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Маусымдык жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Жайылымдық қоныстардың арақашықтығы жүздеген шақырымға созылды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қыс қатты болған жылдары жұт болып, малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Дегенмен мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтар жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Соның ішінде жылқыға үлкен мән берді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Жылқының түр-түрі болған: жүк таситын, салт мінетін және жүйрік-арғымақтар.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Көшпелі мал шаруашылығына жылқыны үйірмен бағу тән.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Бір үйір 12-15 #он екі, он бес# биеден тұрды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Бірнеше үйір жылқы табынын құрады.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Салт мінетін жылқы ат деп аталды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтардың шаруашылығында қой жетекші орын алды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қыпшақ даласы көшпенділерінің басты байлығы қой болған.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қыпшақ қойлары төзімділігімен, етті-сүттілігімен ерекшеленген.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қойдың еті мен сүті тағам болды, терісі мен түбітінен киім-кешек, аяқ-киім, ыдыс-аяқ жасалынды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақ шаруашылығында түйенің де алатын орны зор болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтар негізінен қос өркешті, жүнді түйе өсірді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Жылқы, қой, түйемен қатар қазақтар сүті мен түбіті үшін ешкі де өсірген.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Бірақ ешкі мен сиыр қазак шаруашылығында аз болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақ философиясында ешкі белгісіздікті білдірсе, сиыр жұтпен теңеседі.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Сондықтан қазақтар бұл жануарлардың етін тек жұт жылдары ғана жеген.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Мал жеке адамның және отбасының меншігінде болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Ал жайылымды коғам мүшелері қауымдасып пайдаланған.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Әр рудың өзіндік жері болды және бұл жерге меншік ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтар егіншілікпен де айналысты.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақ хандығының түрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Негізінен отырықшы - егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан халықтары айналысты.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтар көбіне тары дақылын екті.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Сыр бойындағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қалалардың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қала маңдарындағы бұндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтар аң аулаумен де айналысқан.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Аң аулау дербес кәсіп болмаған, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алған: тері өңдеген, киіз басқан, құрақ құраған, металдан әр түрлі бұйымдар жасаған.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Көлеміне және иесінің әлеуметтік жағдайына байланысты киіз үйлердің түрлері көп болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Күзеу мен қыстауда ағаштан және кірпіштен салған жылы үйлерде тұрды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

XVI #он алтыншы# ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандандырды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда және көшпенділермен дәстүрлі сауда дамыды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары өтті.

Тарих

Гүлмира Досекеева

ХVІ-ХVІІ #он төрт, он жетінші# ғасырларда бұл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Кешпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық қарым-қатынаста болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Көшпелілердің астыққа -бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне деген және әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша тұрақты болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік аудандары және қала шаруашылығының тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас белгісі болды.

Тарих

Гүлмира Досекеева

2.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйек және қарасүйек.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс ханның ұрпақтары - сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың үрім-бұтақтары - қожалар жатты.

Тарих

Гүлмира Досекеева

Бүл топ үш жүз қазақтарының генеалогиялық құрылымынан бөлек тұрды.
Көрсетілді: 35800 / 47388