Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жалғыз біз емес, өкпесін қолына алып жүгіріп, өз вагондарын іздеп жүрген адамдар кілең |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бір сәтте манағы бізбен ұрсысатын дәу әйелге көзім түсті, тірі екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Арқасында түйіншегі, қолында тақтай чемоданы, бірін жоғалтпапты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мына бейтаныс қалың нөпірдің ішінен көзіме жылы ұшырап қоя бергені |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Светаны түртіп қалып едім о да мырс етті, бірақ анау әйел бізді таныған жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ол ұрсысқанда біз қаға беріс тұрғанбыз, сол сәтте бізді байқайтындай болған жоқ-ты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Света, Света! — деген айқайға жалт қарасақ, Елизавета Сергеевна жүгіріп келеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Панасыз, дәрменсіз адам иесіз қалған иттей елегізгіш болады-ау деймін, оны көргенде, Светаны білмеймін, өзім қуанып қалдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ түріне қарасам Елизавета Сергеевнаның хәлі бізден де төмен сияқты, бұрынғысынан да кішірейіп, шүңкиіп кеткен, өңі тіпті жүдеу, жаутаңдап бір түрлі жалынышты қарайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Ой, сендерді ұшыратқаным қандай жақсы болды, Біздің әйелдер қайда? |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Біз де таба алмай жүрміз |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— А? |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Олар қайда кетті екен? Жүріңдер, вагонға барайық |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Олар вагонның қасында шығар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біз манадан вагонды іздеп таба алмай жүргенімізді айттық, сөйтсек Елизавета Сергеевнаның өзі де, вагон тұрсын оң мен солын ұмытып қалыпты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ақыры қаңғалақтап жүріп жанып жатқан вагонның қасында үйіріліп тұрған өзіміздің бес-алты әйелдің үстінен шықтық |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Іштерінде Алевтина Павловна, ұрысқақ Муся бар, керілдесіп бір нәрсеге таласып тұр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мусяның бажылдаған даусы анадайдан естіледі |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Бекер болса осы арада арам қатайын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы тура біздің вагон |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Танын тұрмын, өтірік айтсам көзім шықсын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Сен қайдан білесің? Кілең қызыл вагон, бір-бірінен аумайды, — деп шәк келтірді Алевтина Павловна |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әйелдер тұс-тұстан ұрысқақ Мусяға дау айтып жатыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Қой, біздің вагон емес бұл |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Біздің состав басқа жолда болатын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Иә, бұл басқа вагон шығар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Вагон ішінде әйелдердің қолға іліккен азғана дүниесі мен бір киер киім-кешегі бар, ақығына жетпесе де «біздің вагон бұл болмағай» деп тілейді, ішімнен мен де соны тілеп тұрмын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ шабынып алған Муся «көзім шықсын, арам қатайын» деп өзеуреп бой беретін емес |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жаманат деген құрғырдың өтірік болып шығатын кезі сирек қой |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Өрт сөндіріп жүрген әскерлер енді осы тұсқа жетіп, ұзын шлангамен су сеуіп сөндіре бастады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біреулері сом темірмен вагонның жалын жалап жұқартқан қабырғасын ойып түсіріп, біреулері имек көсеу темірмен іштегі жанып жатқан түйіншектер мен чемодандарды іліп алып сыртқа лақтырады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әйелдер лапылдап, бықсып жанып жатқан заттарын танып баж-баж етіп тап береді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бір лейтенант, өрт сөндіріп жүрген солдаттардың командирі болар, от пен екі араға түсіп әйелдерді кейін шегерді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Өртеніп өлесіңдер ме, тоқтаңдар! — деп ақырды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Содан кейін өртеніп жатқан заттардың үстіне су бүркітіп, шала бықсытып сөндіріп берді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Заттарына жапа-тармағай бассалған әйелдер әп-сәттің ішінде үсті-бастары, бет-аузы күлді-күйелеш боп шыға келді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кейбіреулері бықсып жанған дүние-мүліктеріне қолдарын күйдіріп алып шар-шар етіп айқайлап та жібереді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Темір жол аралықтары бұрыннан да шаң-тозаңына қара май төгіліп теңбілденіп тұтасып тұрған лас еді, енді өртенген вагондардың күл-қоқысы түсіп, оның үстіне өрт сөндірген су құйылып нағыз қап-қара, қара шылқымай болған |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сол шылқымайдың үстінде біздің өртенген заттарымыз жатыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әркім өз дүниесін іздеп, аударып-төңкеріп әбден былғап біткен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Заттарымды таба алмай біраз әлек болдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бір кезде жұрттың аяғының астынан бір шеті күйген тақтай чемоданымды тауып алдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Пальтом мен үй-ішінің ол — пұлын салып алған түйіншегім табылмады, вагонның бір түкпірінде өртеніп кеткен болар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жоғалтқан жалғыз мен емес, өрт сөндіріп аласұрып жатқан солдаттарға: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Жолдас жауынгер, вагонның ірге жағын көсеуіңмен тағы бір сүзші |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Менің чемоданым жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Айналып кетейін, вагонды тағы бір тінткілеші, — деп жалынып жатқан әйел дауыстарын естимін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Чемоданымның табылғанына да шүкірлік еттім, ішінде көйлек-көншегім, етігім бар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сонша жерден ауылға жалаңаш, қайтқаным |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
чемоданымның бір бұрышы бықсып жанып жатыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
От тиген қалың тақтайдың ішіне өте қоймаған екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аузын ашайын деп едім, қапелімде сасқанымнан кілтімді таба алмадым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аузына салған кішкене құлыпты жұлып алайын десем, Сейілхан ағам қаққан шеге болсын ба, әлім жетпеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
От тиген тақтайдың қызыл шоғы үдей ішіне кеулеп барады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Не қыларымды білмей, қатты сасып тұр едім, арт жағымнан бір солдат: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Я патушу |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Держи, вода, вода налью, — деді де, мен қайрылып үлгермей шлангадан суды ытқытып жібереді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Байқаймын, солдаттың орысша сөйлегені өзіме тартқан, содан ба, даусы құлағыма бip түрлі құлағыма жылы тиді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бір полустанокте Света жұрттан бұрын қарғып түсіп, айналдырған екі-үш үйге жүгіріп барып екі тілім нан алып келді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аналар да бермейін демейді-ау, бірақ поезд үлкен, Светамен жарыса жиырма шақты әйел жүгірді, олардың қайсысына жеткізсін; қолда бар екі-үш таба нанын жұқалап пышақ үстінен үлестіріп берген |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света бір тілім нанды екі балаға бөліп берді де, бір тілімін қиқымын түсірмей алақанына салып ұстаған күйі маған қарады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қара нанның қышқылтым исі танауымды жыбырлатып жүрегім сазып қоя берді, тіпті солқылдатып қолқам суырып барады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы кезде «Вовка командирге» еріксіз көзім түсіп кетіп еді, шолжың ерке бала, бір түрлі жуасып бізге телміре қарап тұр екен, Светаға көзіммен соны нұсқадым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Света жұқа өңі қызарып, ыңғайсызданып езу тартты да нанын Вовкаға ұсынды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Вовка нанды қарбытып бір асап алғаннан кейін барып, аузы балпылдап: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Спасибо, тетя Света, — деді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әуелгі кездері поездің жүрісіне, дұрысырақ айтқанда тұрысына, әйелдер қатты ызаланды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Темір жол біткеннің үлкенді-кішілі барша бастықтарын түгел саралап, бәрінің сазайын сөзбен беріп шықты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
«Осындай қым-қуыт кезде, соғыс жағдайында осынша салақтық жасаған |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұл жай тәртіпсіздік емес тура зиянкестік |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
қылмыс |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ендігі Москваға екі баратын уақыт болды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
біз әлі екі жүз километр ұзап шыға алмадық |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Тәртіп |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
тәртіп жоқ» |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы сияқты мірдің оғындай дәл тиетін дәлелді сөздер аямай-ақ айтылды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұған қоса Қасымбекке еріп осы жаққа келгелі менің құлағыма шалынған: «Расхлябанность», «разгильдяйство», «размазня» деген сияқты командирлердің өздерінен төмендерге кейігенде айтатын әдемі сөздері де кетіп жатыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
(Басында «расхлябанность», «разгильдяйство» деген сөздер маған сондай әдемі көрінуші еді, кейін мағынасын сұрастырып білсем онша жақсы сөз болмай шықты) |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ ашу — ыза да саябырсып барып басылды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әйелдер енді «басқа түссе баспақшы» деп бұл жағдайға да мойын сұнған түрлері бар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мойынсұнбағанда қайтеді, біздің көзімізге көрініп, қолымызға түспейтін темір жол бастықтарына қашанғы шабалаңдай береді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біз екінші тәулікке қарағанда не бары төрт-бес үлкен станциядан, екі-үш кішігірім қаладан өттік |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Менің бір байқағаным үлкен станцияларда абыр-сабыр, аласапыран: артынып-тартынып, чемодан, түйіншегін арқаланып жүрген халық |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Арлы-берлі жүгірген темір жол қызметкерлері, көбінің даусы қарлығып біткен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Соңынан жүгіріп, жан алқымға алған жұртқа жауап беруге де мұршалары жоқ, қолдарын бір-ақ сілтейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ашық платформаларға, қызыл вагондарға жүк әкеп тиеп жатқан жүк машиналары гүжілдейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кейде әскери эшелондар да кездесіп қалады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мынау аласапыранда лоблыған көңілді орнықтыратын солардың сабырлы кескіні |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ал, кішкентай разъездер мен полустаноктерге тоқтағанда түсінде азан-қазан, аласұрған тобырдың ішінде жан ұшырып келе жатқанда оянып кеткендей — көңілің орнығып, жаның жай тауып қалады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қыраттың баурайында шыққан көк шалғында қаннен-қаперсіз жайылып жүрген сиыр мен ешкілерді көріп, аузын ағашпен өрген құдықтан аспалы қауғамен су тартып жатқан әйелдерді көріп — кешегі бейбіт өміріне қайтып оралғандай боласың |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Осы дүрлігістің бәрі түсіңде көрген оқиғаға ұқсап кетеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Балалардың бұрын мен аңғармаған мінездері көп-ау деймін, кішкене нан жеп, сусын ішіп алған соң Шурик інісі Боря бұрынғысынан өзгерейін деді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Өңдеріне нұр жүгіріп, көздері жылтырап бір-біріне күлімсірей қарайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Шурик, Шурик, екеуміз жасырынбақ ойнайық, — деп жалынды Боря |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Шурик те жасырынбақ ойнағысы келіп орнынан тұрып, көзі жыпылықтап жан-жағына қарап еді аяқ аттар жер жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Жасырынбақ ойнайтын жер жоқ қой, — деді Шурик күрсініп |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Менің жасырынбақ ойнағым келеді, — деп қыңқылдады Боря |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Көрмейсің бе, айналатын жер жоқ, — деп кейіді Шурик үлкенсіп |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Содан кейін інісінің жыпылықтаған көзін көріп аяп кетті ме, не қыларын білмей, кішкентай қабағын шытып ойланып тұрды да: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Боря, Боря, таптым |