KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орнымнан тұруға қанша оқталсам да сескене берем, жау көзіне түсіп қалам ба деп қорқам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал, шынымды айтсам өзім араласып кәнігі болмаған ел-жұрттан да сескенетін түрім бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қайран қалың қазағымның арасы болса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұрын тіпті құлақ естіп, аяқ баспаған жеріңе барсаң да, әйелдерге мұңыңды шағып жағдайыңды айтсаң «беу, алда байғұс-ай», деп еріндерін сылп еткізіп, көңілшектері көзіне жас алып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал, мына халықпен әлі сыр мінез болып көрген емеспін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кеше айға жуық ауыр сапарда полктың әйелдерімен бірге болғанда аз да болса оларды түсініп, кішкене жақындасып қалғандай едім, біразының тіпті кәдімгі қазақ әйелдеріне ұқсас мінездері болатын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ енді олар өзім сияқты командир әйелдері, және «айлас қатын мұңдас» дегендей жолымыз да, азабымыз да ортақ еді, ал, жалпы халықпен менің жөнді араласым болған жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Және сол білдім деген әйелдерімнің өздерінің ар жағында несі барын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

әсіресе іш тартқаным, тіпті жақсы көрген адамым Света емес пе еді?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Олжадан түскен атқа тақымың үйренгенде ойда жоқта оқыс мөңкіп аударып тастайтыны болатын, бұ да аяқ астынан әзірге менің миым жетпеген тосын мінез көрсетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Енді ойланып қарасам Светаның мінезі маған шынында да тосын көріне бастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Қара ешкіге жан қайғы» болып тұрғанда ол сол жан қайғысын ұмытып, аяқ астынан ар қайғысын арқалап, жеке кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір азапты екеу етіп алды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен оны түсінетін де, түсінбейтін де сияқтымын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің түсінетінім жұрттың бәріне түсінікті, ондай халге ұшыраған ұяты бар әйелдің жан азабы оңай болмайды, әрине қиналады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«ораза, намаз тоқтықта» деп қазақ айтушы еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мынадай алапат ішінде, шырқыраған шыбын жаныңды қоярға жер таппай жүргенде

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Білмеймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өз басына түсіп көрмеген соң

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Неге екенін білмеймін, о кісіні өзімше, іштей «кемпір» дей саламын да, ал көзінше инабат қылып Дуня апай деймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жасы алпыстан асқан, менің Қамқа әжемнің өкшесін басып жүрген адам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орыстар үлкендерге өз атына әкесінің атын қосақтап екеу қылып айтатын әдеттері емес пе, бұл кісінің есімі Евдокия Герасимовна екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің жаттықпаған жалпақ тілім сол екі есімнің, тым болмаса, біреуінің нәшін келтіріп айта алмады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір-екі рет шатастырғаннан кейін кемпір «сен менің әкемнің атын қарасин қылып жібереді екенсің, одан да «Дуня апай» деп атай бер» деген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл кісіні алғаш" көргенде «әй сірә, тұзымыз жарасып кете қоймас» деген ойға келгенмін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қаңғып келген түрі бөлек әйелді ұнатпай қалды, жүзі суық, көк көзі шатынаңқырап тұр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ұзынша сопақ беті төрт бұрышты, терең әжім тіліп өткен бет бедерінің де қыры сынбаған, толыспаған тарамыс тұлғасы да қатаң — қысқасы, бір қарағанда түрі кісіге түрпідей тиетін адам екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әсіресе екі езуінен төмен қарай қиғаштай тартылған екі терең сызығының астынан ащы мысқылы мен ашуы тепсініп тұрғандай, соған орай ащы даусы омырылып шығады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алғашқыда қатты тіксініп қалдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұрынырақта болса бұрылып жүре беретін едім, бірақ Светадан ажырасқаннан кейін, екі айға жуық жалғыз тентіреп, мен де оңды-солымды танып біраз нәрсеге ысылып қалғанмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Талай жақсы да, жаман да адамды көріп, бір қабағын қарс жауып алған хозяйкаларға бір түнеп кететін бетсіз болып алғанмын, бұрынғы бұйығылығымнан арылып, осындайда іштей ерегесе кететін мінез тапқанмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сондықтан да үй иесінің қыртысы жазылмаған қатқыл ажарынан қаймыға қойғаным жоқ, алдымен бір түнеп кетуге сұрандым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кемпірдің қабағына қарап «кет» дейді ғой десем, ол салқын даусымен ықылассыз ғана «жарайды» деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күн кешкіріп қалған мезгіл еді, кішкене үйдің бір бұрышында сүмірейіп мен отырмын, құдай оңдап, кемпір сыртта шаруасын істеп жүр, болмаса, келмей жатып ұрысқан адамдай екі әйелдің тыртысып отырғаны қандай жаман

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Үйге бір-екі рет кіріп шықты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тіл қатыспасақ та уақыт өткен сайын бойым үйреніп келе жатқан сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шамасы өмір бойы шаруа қуалап шандыры шыққан байғұс болар, қанша шау тартса да, қимылы пысық, сол сергек қимылымен асын қамдады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Картоп аршығанда жәрдем етейін деп едім:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Өзім-ақ аршимын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бүгін қонақсың ғой, — деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Бүгін қонақсың ғой дегеніне қарағанда, ертең де маған кет дей қоймас» деген бір үміт жылт ете қалып еді, кемпір одан әрі тіл қатқан жоқ, Әйтсе де өңі жұмсағырақ болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның қатқыл өңін керосин шамның жарығы жұмсартты ма, әлде менің титтей де болса жылу іздеген көңілім жұмсартты ма

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен де күдікшілмін, құдайдың берген кескіні мен мінезіне кім кінәлы, үндемей-ақ қойсын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек сүр майға қуырған ыстық картоп алдымызға келген де ғана:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Сен қай қиырдан, қай құдай айдап келіп жүр біздің жаққа? — деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Meн тілім жеткенше жөн-жосығымды айтып түсіндіріп болдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кемпірдің іші — бауыры елжірей қоймаса да, әйтеуір ден қойып, ықыласпен тыңдады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Тіпті алыстан келген екенсің ғой, байғұс», ден аяныш білдіргендей болды, одан ар жағын қазбаламай «шаршаған шығарсың» деп төсек салып берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Таң қараңғысынан ішкен ертеңгі астан кейін, мен қипақтай бастадым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Енді қайда барам?» Майдан шебінен елге жететін дәрменнің менде жоғы былай тұрсын, денем ауырлап күннен-күнге жүруім де қиындап барады, оның үстіне қылышын сүйретіп қыс та таяп келеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ендігі бар мақсатым — қол-аяғым жеңілдегенше ұзағырақ паналайтын жер іздеу

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ондай үйді тауып беретін таныс қайда, сондықтан да «осы паналатпас па екен?» деп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бас сұққан үйімнің иесіне жаутаңдап қарай беретін жарамсақ әдет тауып алдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мына кемпір түріне қарағанда жалғызбасты адам болар, орайы келіп-ақ тұр, бірақ қанша жаутаңдасам да өңі жылымай-ақ қойды тіпті, менің қампиып қалған қарынымды көрмеген де сияқты, әйтпесе бір аяныш білдірер еді ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қайтейін бір бұйырғаны болар да, ертеңгі астан кейін кемпірге рахметімді айтып жүрмек болдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Қайда бармақсың? — деп кемпір зекіп тастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шынымды айтсам анадан туғалы зекіген дауыстың құлағыма майдай жаққаны осы болар, көзім жаутаңдап кемпірге қарай беріппін, сірә жанарым дымқылданып кетсе керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ана қарыныңды сүйретіп қайда бармақсың

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қардың үстінде босанайын деп пе едің? — Кемпірдің зекігені құлағыма жағып барады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мені бір мойнына крес салмаған дінсіз деп пе едің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жарайды, қал осында

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біздің деревнямыз үлкен жолдан аулақта

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әзір неміс келген жоқ, кім біледі, құдай сақтап келмес те

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен кемпірге тағы да алғысымды жаудыра бастап едім, ол тыйып тастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Сенің осында қалғаныңа мені бір қуанып тұр ғой дейсің бе, жарайды, бұйырғанын көрерміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сонымен осы кемпірдің үйінде қалып қойдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өзі бір әйел затында сөзге сараң кісі екен, бұрын сумаңдаған сөзшең әйелдерден басымды ала қашқандай болушы едім, енді мынаның үндемегені қинады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір үйде екеуден-екеу, ұрысқан адамдай

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Құдай оңдап әйтеуір кемпір сиырымен, тауығымен, шошқасымен әлек, олар да бір бабын таптырмайтын жәндіктер екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның үстіне ылғи бір жаққа кетіп қалады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жасы келіп қалған адам неге жалғыз тұрады? Туған-туыс, бала-шағалары қайда? Әлде бәрінен айрылып қу бас болып қалған байғұс па?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өзі айтпаған соң жөн-жосығын сұрауға бата алмаймын, паналатқанына риза болып, тып-тыныш жата бермей нем бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек сырттай топшылағаным кім де болса, жақын біреуі бар сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол — пұл тағамдарын қамдап шүберекке түйіп алып екі-үш күнде бір жаққа кетіп қалатын әдеті бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Неше түрлі тәтті нан, жұмыртқа пісіріп, сары майы мен бар дәмдісін салуына қарағанда базарға сатуға апармайтыны көрініп-ақ тұр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен орыс пешінің үстінде жоғарыдағы қуыста жатам, кешке от жаққанда тіпті ысып кетеді, аунақшып-дөңбекшіп біраз уақытқа дейін ұйықтай алмаймын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ әйтеуір осында келгелі ұйқыға кенде емеспін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Басымды қатырған көп уайымға, алдымдағы белгісіз болашағыма бұрынғыдай қайғырып, күні бұрын бекер күйзелмеуге тырысамын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алдым қараңғы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қайтейін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тағдырдың салғанын кезінде көрерміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен базардан шешесі қайтқан баладай орнымнан тұрып қарсы жүгірдім, сол жүгіріп келген екпініммен құшақтай алдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Апырай, аман-есен келдің бе? Түу, кісіні осыншама қорқыттың ғой, өзің бұ дүниеде бар екенсің, — деп аймалай берем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ Света үндемейді, денесі де бір түрлі бос, менің құшағыма тірілмей, былқ-сылқ етеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сәлден кейін менің құшағымнан сытылып шықты да, шалаштың қасына келді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Света маған көзі кіреукелене қарайды, кішкене қызып қалған сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сыпайы қалпынан аумайтын, ұяң келіншектің мұндай мінезін бұрын көрген жоқ едім, шынымен-ақ қорқайын дедім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жылағым келіп отыр, — деді Света маған көзін қадай шүйіле қарап

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жылағың келсе мауқыңды басып жылап ала ғой, — деп жауырынынан сипадым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жоқ жылай алмаймын, — деді ол

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

(Көріп отырмын, мына көз жылайтын көз емес)

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ал, жылағым келеді, жылағым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ жылай алмаймын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ақтарылып бір жылаған адамда арман бар ма екен?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Осы саған не болған, айтшы, — дедім Светаға бір жағы кейіп, бір жағы жалынып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Маған ба? Болары болды, — деді ол езу тартып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы бір езу тартқаны-ақ жаман — езуінде күлкі, көзінде ызғар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Және әлденеге ашынып, ерегіскендей кісінің көзіне қадала қарайды, бұрын өйтіп бедіреюді білмейтін ұяң-ақ келіншек еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мына деревнясы түскірден оны басқа біреуге айырбастап жіберген сияқты
Көрсетілді: 43000 / 47388