KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ірі тұлғалы Валяның бүкіл жардай денесі селкілдеп, өксігін баса алмай кеңкілдеп солқ-солқ етеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екі-үш әйел ұрысқақ Мусяның басына үймелеген, біреуі мамалап бақырған Люсяны әзер ұстап отыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Енді өзге әйелдер де есін жиып осылай қарай жапа-тармағай жүгіріп келеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мусяның денесін тығыз қоршап алды да, кейінірек жеткен маған еш нәрсе көрсетпеді, Тек «маму убили, маму убили» деп ышқына жылаған Люсяның даусын естимін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жыламай тұрған жалғыз Алевтина Павловна ғана, бір түрлі өңі түтігіп, қарауытып кеткен бе қалай, бізді көрмей әлдеқайда алысқа қарап, етегіне жабысқан Вовасының басынан ақырын ғана сипалай береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Аз ғана жылап-сықтап мауқын басып алған соң әйелдер қайта дабырласты:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Қыздар-ау, енді не істейміз?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Не істегені несі? Жүрмейміз бе?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Біз жаудың тылында қалып қойыппыз ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Апыр-ау, біздің әскер қай жағымыздан өтіп кеткен?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Біз орман сағалап, бұғып келе жатқанда өтіп кеткен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Қой, біздің әскер келетін шығар әлі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен білсем бұл барлаушылар ғана

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алға жіберген шолғыншы отряды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Енді қайттік, құдай-ау?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйелдер бірін-бірі і тыңдамай, бірін-бірі бастырмалатып жамырай сөйлеп кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Басалқы айтып, билік жүргізетін адам жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Елизавета Сергеевна болса мәңгіріп қалған, көзі жаутаңдап әркімнің аузына бір қарайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ қанша шуылдасқанмен іштерінен пәтуалы сөз айтып тиянаққа тірейтін адам табылмаған соң, бастапқы «енді не істейміз» деген сұраққа қайта оралып, тоқырап қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйелдердің дабырасы басылған соң Алевтина Павловна:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ал енді жүрелік, — деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жүргенде

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мария Mаксимовнаны қайтеміз? Жерлемейміз бе? — деді Елизавета Сергеевна алақтап

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Қабірді қалай қазасың

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күрек жоқ қой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Қалай бетін жасырмай тастап кетеміз?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мария Максимовнаның денесін арбаға салыңдар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жолшыбай күрек табылған жерде жерлерміз, — деді Алевтина Павловна

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өлікті көтеруге жүрексініп, әйелдер қипақтап тұр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір-біріне:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ал, ал, ұстасаңдаршы, дейді де шегіншектей береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ақыры болмаған соң Валя мен күлегеш Мусяны шақырып алып, Алевтина Павловна өлікті арбаға көтерісіп салып, ыңғайлап жатқызып, бетін жапты да, өзі арбаға мініп Вовкасын алдына алып атты делбемен қамшылап жүріп кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қалған әйелдер де еңселерін көтере алмай, үнсіз шұбатылып, арба соңынан ерді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мына жолмен біз қайда барамыз? Артымыздан тағы да немістер келсе қайтеміз? — деді күлегеш Муся

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Иә, басқа бір, оқшау жолға түсейік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алевтина Павловна үндеген жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Атты анда-санда шыбықпен бір ұрып қойып, арбаны айдап келе жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек аздан кейін барып тіл қатты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Сендер өңшең әйелдер топырламай, ана орманның ішімен жүріңдер

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жолдан жүз қадамдай қашық ұстасаңдар болады ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек арбадан көз жазып қалмаңдар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ay сонда

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Егер сендерге бір нәрсе болып қалса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Арттан тағы да жау әскері келіп жүрсе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Одан да арбаны орман ішіне бұрсайшы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Заты әйел болған соң, әйтеуір сөзге араласпай қала ма, әйтпесе шешіп айтып, жөн сілтейтін біреуі жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Орман ішінде жолсызбен арба жүре ала ма? Басқа бір жолдың реті келсе көрерміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал, барыңдар енді топырламай, — деді Алевтина Павловна жеки сөйлеп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біз жолдан шығып орманға кіріп баратқанда:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Арбадан көз жазып қалмаңдар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ Мусяға ұқсап көмекке келем деп ақымақ болмаңдар, — деп дауыстады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

15

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бала кезімнен естіген «уды у қайтарады» деген сөздің мағынасының көп екенін маған соғыс үйретті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы бетіммен аман-есен елге жетсем, бұл жағдай жау солдаттары мен алғаш рет кездескен, зәремді зәр түбіне жіберген ең бір қорқынышты оқиға болып, мүмкін көз алдымнан кетпей қояр ма еді, бірақ тағдырдың маған келешекте тарттырған тауқыметтерінен кейін бұл жәйт өткінші елес, тіпті ойыншық сияқты көріне бастады; кейінірек ойлап қарасам, бізді осыншама есімізден тандырып, зәре-құтымызды қалдырмай қалтыратқан сұмдық оқиға — ана неміс солдаттары үшін ойда жоқта тап болған бір ермек болса керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мотоциклмен ызғытып келе жатқан көңілді солдат тар бір топ жас келіншектердің үстінен шыға келсе, мұндай сәті келген шаруаны қапы жіберсе солдат бола ма; ертең жолдастарына несімен мақтанады? Жол-жөнекей қолға түскен олжаны оңай малданып, апыл-ғұпыл мауықтарын басып, бой суытып болып жолдарынан қалмай тезірек жүріп кеткілері келген шығар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ осы бір оп-оңай олжаның шырқын бұзғаны, құрғырлардың кішкене балалары бар екен, және балаларын бауырына қысып алып айырылмайтындарын қайтерсің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұған біреулері ашуланады, әрі қызық көріп күледі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Төтеннен келген үрейден, қанша зәреңді алғанмен, кісі тез-ақ айығып кетер еді-ау, бірақ мына оқиғаның аяғы тұтасқан қалың жамандыққа, арылмас қорқынышқа ауысып мынау әшейінде ақжарқын, сөзуар әйелдердің тілін байлап, еңсесін басып келе жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біз жаудың қақ ортасында қалдық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол тұрмақ бір рет қолына да түсіп шықтық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ендігі хәліміздің бар сұмдығы бойымызға зіл боп тарап, басқан сайын аяғымызды ауырлатып, еңсемізді төмен тартады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

әйелдер біреу-міреу адасып қалмасын деп жұбымызды жазбай, орман ішіндегі ойлы — шұңқырлы, бұталы-томарлы жолсызбен келеміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кейде бір жалғыз аяқ соқпақ кездесіп жүрісіміз түзеле бастаса-ақ, ол түскір қиғаш алып кетеді де; анда-санда қылаң етіп көрініп келе жатқан арбамыздан көз жазып қалмау үшін, қайтадан төтелейміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір мезгілде үлкен жолдан бұрылып, қиғаштау көрінсе де бір жіңішке жолға түсіп, сағат жарым жүргеннен кейін орманның шетіне таман отырған орманшының ескіріп жапырайып қалған ағаш үйіне жеттік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орманшының өзі дүкеннен керек-жарағын алуға, әрі мынадай неғайбіл кезде хал-жағдайды білуге, осы арадан он шақты шақырым жердегі үлкен селоға кетіпті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Үйінде екі кішкене баласы мен әйелі қалған екен, әйелі отыздың шамасындағы қараторы ажарлы кісі, менің бір байқағаным бұ жақтың жергілікті халқында қара торы адам аса сирек кездеседі, байғұс біздің хал-жайымызды білген соң жаны ашып, асты-үстімізге түсті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның күйеуінің қашан келері белгісіз болған соң, әйелдер өзіміз күрек алып Мусяға қабір қаздық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұрын бір кішкентай істі бастар алдында «өйтсек қайтеді», «жоқ бүйтсек қайтеді» деп әрқайсымыз әр жаққа тартып, талқыға салатын әдетіміз бар еді, бұ жолы Алевтина Павловнаның бір ауыз сөзіне даусыз жығылып, жұмыла кірісін кеттік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орманды жердің топырағының бет жағы дымқыл болғанмен ар жағы қатқылдау екен, кеудеге дейін қазып едік, әйелдер: «тереңірек болсын», «бетін жаба саламыз ба, дұрыс болсын» деп бірін-бірі қамшылап, ақыры кісі бойына жеткіздік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жеті жасар Люся қабір қазғандармен араласып, топырақ лақтырған күрекке жаутаң-жаутаң қарап, алаң болып ана қазасын ұмытып кеткен сияқты еді, бірақ шешесін қабірге түсірер кезде «мамалап» ышқына жылап шешесінің денесіне жармасты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ықылық атып, қылқынып қалған баланы әзер ажыратып, Мусяны қабірге түсірдік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жөн сілтеп, тәртіп берсін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біз үшін жауап бермей ме сол?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Елизавета Сергеевна, — деді ұрысқақ Муся

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Баласы жоқ бедеу келіншектер кердеңдеп бос келе жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ана жас баласы бар әйелдерге жәрдем етсін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бала көтеріссін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соған бұйрық етіңіз, Елизавета Сергеевна

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір мезгіл бала көтеріссе қолы сынып қалмас

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сылаңдап еркек қарататын заман емес

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Тауып айттың, бәрекелде

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Иә, бір-бірімізге қол ұшын бермесек бола ма? — деп Мусяның бұл сөзін балалы әйелдер қостап жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мұндайға бұйрық берудің керегі жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баламды көтер деп кісіні зорлауға болмайды, — деді Алевтина Павловна

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Өздері біліп істеген адамдар болса, мейлі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Неге бұйрық берудің керегі жоқ? — деп шап ете қалды ұрысқақ Муся

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Өзі білсін дейді ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал, өзі білмейтіндерді қайтесің? Бір әйел баласын көтере алмай қан сорпасы шығып келе жатса, бедеу келіншек құйрығы қайқаңдап кердең-кердең басып жүре бермек пе? Жо-жоқ тәртіп керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біз өзіміз әскер болмасақ та әскердің қатынымыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бәрін де тәртіппен істеуіміз керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Солай емес пе, Елизавета Сергеевна?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Менің ойымша Муся

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Э — э

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мария Максимовнаның айтқан ұсынысы өте дұрыс

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйел жолдастар, мынадай жағдай қиындап тұрған кезде шынында да тәртіп керек, — деді Елизавета Сергеевна, — Біз де әскери тәртіпке көнбесек болмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Балалы әйелдерге көптеп көмектесейік дегені де дұрыс сөз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Елизавета Сергеевна кәдімгідей тіріліп келеді, даусы қатайып, өзінің баяғы үйреншікті әскери сөздері тіліне қайтып оралып, кәдімгідей құс түріне келіп қалыпты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шаршап келіп, қалай болса солай құлай кеткен әйелдер етегін жинап, бастарын көтеріп, бастықтың сөзіне құлақ асайын деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ал, әйел жолдастар, — деді Елизавета Сергеевна, даусы шымырланып, үні де өктем шығады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ендігі жocпарымыз не болмақ? Соны ақылдасайық
Көрсетілді: 43500 / 47388