KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Есімі Дулат болсын, — деді ол

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сосын «Дулат» деген сөздің мағынасын орысшалап түсіндіріп алып: — Бұл өзі дуылдаған майданда туды ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жүрген жерін дуылдатып жүрсін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қазақтың Дулат деген жақсы ақыны да бар еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Және Дулат деген ағам да болған, — деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осыдан кейін жұрт шынында да дуылдап кетіп еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абан флягісінің тығынын ағытып, дабырлап сөйлеп, жағалай кружкаларға құйып жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Осы оқиғаға арнайы сақтап жүрген олжам еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл немістің жаманы емес, орыстың нағыз ақырып тұрған самогоны, — дейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Самогон болғанда да, өздерің білетін первая — нағыз бетінің қаймағы, тура сүзіп алған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ендеше Дулат үшін ішеміз, — деп Носовец кружкасын көтерді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Біз енді оны орысша Димка деп атаймыз, тілге жеңіл болу үшін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әкесі сияқты жауынгер азамат болсын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның сөзін бәрі қостап дуылдап кетті, Абан келіп нәрестенің құлағына: «Дулат! Дулат! Дулат!» деп үш қайтара айқайлады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Қазақтың осындай әдеті бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бала өз есімін жаттап алу керек, — деп өзгелерге түсіндіріп жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қазақ пен орыстың дәстүрін араластырып осылай ат қойылған бала ғой бұл

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір баланы қайда қоярға білмей жүргенде, тағдыр әкеліп тағы бір баланың салмағын мойныма артты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол Светаның қызы-кішкентай Света

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алда қалай боларын бір құдайдың өзі білсін, ал осы күнге дейін бұл екі баланың азабы маған оңай болып тұрған жоқ — аяққа оралғы, мойынға байланған тас сияқты боп та көрінеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір ойлап қарасам осылардың маған демеуі де аз емес тәрізді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қалың орманның ішіндегі қараңғы үңгірде жападан-жалғыз қалсам қайтер едім, көңілім алып-ұшып, алақтап елегізіп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әзірге дыбысы естілмей, айнала тұтасып төнін келе жатқан қалың жауды мына қараңғы жеркепеде жалғыз тосуға, сірә, дәтім шыдар ма еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екеуі, тірі жан иесі болған соң, кісіге кәдімгідей қарап тіпті өздерінің уайым — қайғысымен-ақ алаң қылып, көңілімді қорқынышты ойдан бұрып әкетеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Дулат жылы кеудеме тұмсығын тығып алып, тінтінектеп емшегімді іздейді, екі жасқа таяп қалса да емшектен айырған жоқ едім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әзір емізгім келмей жоғарырақ көтеріп кеудеме қысып, самайынан иіскедім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тоқта

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

құлағыма бір үн келеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қысқа ғана «Гуһ», «гуһ» етіп алыстан талып жеткен жұмсақ дауыс — бір алыптың «уһ» ден күрсінгені тәрізді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Құрғырды танып қалдым, бұл кәдімгі зеңбіректің даусы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Басталған екен ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тұла бойым тітіркеніп, Дулатымды кеудеме қыса түстім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баламды дәл осылай кеудеме қысып алып, қонышымнан қар кешіп қашқаным қайда

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тарсылдан атылған оқтан гөрі жүрегімнің дүрсілі қаттырақ естілген жоқ па еді, сонда

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баланың мысқалдай салмағын сезген жоқ едім, ол кезде өзі де бір жапырақ кішкентай еді ғой, үш жарым айлық қана

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Суылдап ұшып жатқан оқтан қалқалағым келіп кеудеме қыса берем, кеудеме қаттырақ қыссам оған оқ өтпейтін сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол соғыстың қалай басталғанын, мен ғана емес, командирлердің өздері де білмей қалыпты, осы күнге дейін партизандар лагерін немістер мазаламағанға бойлары үйреніп, бейқамдық жасап алса керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Немістердің жазалау отряды жақындап қалғанда бір-ақ білген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бесін болып қалған кез

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Дуня апайдың Зойкасын сауып жатыр едім; тарсылдаған атыс естілді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кейде орман ішінде партизандардың жаттығу үшін мылтық ататындары бар-ды, алғашқы сәтте сол ма екен деп қалып едім, бірақ, бір қолыммен Дулатты кеудесіне қысып, бір қолымен сиырдың әукесін сипап тұрған Прошка шошып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Надя апай, немістер келіп қалды, — деді даусы қалтырап

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Қой, біздің адамдар шығар жаттығып жүрген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жоқ, біздің адамдар емес, немістермен атысып жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөйткенше лагерь абыр-сабыр болып, қарбалас басталды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Түнгі тапсырмаға дайындалып дем алып жатқан жігіттер жеркепеден жұлқына шығып, бір қолында мылтық, бір қолдарын шинельдің жеңіне сұғып, киіне алмаған күйі бұлар сүріне — қабына жүгіріп барады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Айқайлап команда берген дауыстар да берекесіз айқай-шуға ұласып абыр-сабыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Не қыларымды білмей шелегімді қардың үстіне қоя салып, өзім де түсінбей, бірінші жасаған әрекетім — Прошканың қолындағы балама шап бердім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Прошканың:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мен алып жүрем ғой, Надя апай, — дегеніне қарамастан, баламды бауырыма тас қылып қысып алып, селтиіп тұрып қалыппын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

От алмаған мотордай булығып, қақалып — шашалған берекесіз бытыраңқы атыстар жүйеге түсіп күшейіп, нағыз кескілескен ұрыс басталған кезде барып есімді жидым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орманның елі шығар ашық беті патырлаған атыс

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен басында қалақтап қаша жөнелгім келіп, ұмтыла түсіп, кенет алдыңғы жақта ақтағы азаматтардан хабар тосуым керек екенін ұғып, әзер тоқтағам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Прошканың да маған ақыл берер хал-дәрмені бар ма

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ әуелгі бетте мендей емес, батырсынып: «қап, мылтығым жоқ, маған мылтық берген жоқ» деп өкініп, «бәрі бір алғы шепке барам» деп бұлқынып еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оқ, оған қоса аспаннан неміс миналары жарыла бастаған соң басылып қалды, қорықпай қайтсын, қанша айтқанмен әлі бала емес пе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол түгіл аспаннан жауған бомбаны, жерде жұртты жау жапырақтай түсіріп жатқан оқ боранын бірдей көрген менің өзім жаудың миналары аспанды омырып, төбеңнен қопарыла құлап келе жатқанда тұла бойым қалтырап, қол-аяғымның буыны кетіп қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Дегенмен есімді білем-ау деймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

мина арпылдап төбеден құлап келе жатқанда, Прошкаға «жат» деп айқайлап үлгердім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Зілмәнкелер алыстау, екеуміз Зойканың қорасына тығылдық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Төбесі берік болмағанмен қазылған шұңқыр ғой, қанша айтқанмен жер

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір ғажабы, төбеден ажал төңкеріліп құлап келе жатқанда, қолымда балам барын ұмытып кетсем де кеудеме тастай қысып алып, айырылмаппын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екі гүрсілдің арасында оң жағымда жер иіскеп жатқан Прошкаға көзім түсіп кетті: мойнын тұқырта бұғып ішіне тартып, бетін маған беріп жатыр екен, өң-түс жоқ, боп-боз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қыршын жасқа ажалдың тұңғыш шарпуы тигені осы ғой, дүрдиген үлкен үстіңгі ерінімен астыңғы ернін көміп тістеп алыпты, кемсеңдеген аузын әрең ашып:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— На

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Надя апай

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен тірімін бе? — деп сұрады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығар» деуші еді, ал, егер өзің осал болып, өзіңнен де осал шықса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

онда зор болмасаң да, кәдімгідей естияр болып қалады екенсің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қыршын жастың қиналғанын көргенде, үлкендігімді сезіп есімді жиып алдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұрқ ете қалса тау қопарып тастайтын алапат дәріні кішкене қапшықтарына сықап арқаларына таңып алған, сәті түсіп көпірді бұзып, эшолонды қиратып қайта ма, әлде арқалаған дәрілерін бір жерде жарып алып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол түні мен ұйықтай алмадым; қанша ұйықтайын деп көзімді жұмып, қыбыр етпей жатсам да ұйқым келмеді, әлденеге көңілім құлази береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көзімді тарс жұмып алсам да, жарылғыш дәрі арқалап, қараңғыда кетіп баратқан адамдардың қарауытқан көлеңкелерін көрем де еріксіз аунап түсем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тақа болмаған соң, ұйықтап жатқан Дулатымды бауырыма қысып, мойнынан, тамағынан құшырлана иіскеймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жас сәбидің тәтті исі тұла бойымды түшіркендіріп, көңіл алаңымды басса да, ұйқым келетін емес

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір бүгін емес, бұрын да Қасымбек түнделетіп талай тапсырмаға барып жүретін, онда да елегізіп, қобалжушы едім, бірақ бүгінгі мазасыздығым бөлек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Адамның бойына сіңіп қалған жаман иістей кешегі жаман сезім көңілімді жайлап алған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол бір бет-бедері ісініп, ескіріп кеткен өліктің елесі Қасымбекке ұқсап та, ұқсамай да, кейде тіпті тура өзі болып, көз алдыма келе береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы елестен арылу үшін Дулатымды бауырыма қысып көзімді тарс жұмып алам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөйтіп, өрелі таңды көзіммен атқыздым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Түндегі ыстық-суығымен бірдей қарып қалтыратқан үрейім күндіз үлкен уайымға айналды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбектер оралған жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің хал-жағдайымды сезеді ғой, Абан байғұс та бір-екі рет келіп, әңгімеге айналдырып алаң қылып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөз арасында «Қасекеңдер түнге қарай оралар, тапсырманы таң алдында орындаса, күндіз бір жерде тасаланып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

бас бағып жатады ғой» деп менің көңілімді жұбатып қояды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өзім де білем, көбіне түнгі тапсырмаға барған партизандар, күндіз дұшпан көзіне түсіп қалмау үшін бұғып жатып, келесі күні кешке, не түнге қарай қайтып оралатын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өне бойы сарқыла бермей, күдігімді көңіл түкпіріне тереңірек жасырып тығындап, аз ғана қобалжып күтуге үйреніп алған сияқты едім, бүгін сол тығынның кенеуі кетіп қалған, қанша бұралап тықсам да тұрмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Апыр-ай, мұндайым жоқ еді, осы бір шошынғаным, жамандыққа көрінбесе игі еді» деген ой келеді де, үрейімді одан бетер үрлей түседі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осындайда кісіні алаң қылатын қасындағы серігі ғой, қас қылғандай Светаны да Носовецке шақырып кеткен, ол әлі оралған жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Проша бала бір жылдың ішінде сүйегі қатайып, соқтауылдай жігіт болған, бүгінде менің қасымнан кетіп, жауынгер партизандар қатарына қосылып, тапсырмаға шыға бастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің маңымдағы ақшұнақ шал Кузьмич қана

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұ да бір сөзге жоқ, үндемейтін адам, күйбеңдеп шаруасын істейді де жүреді, жаңа жұмыс табылмаса о жер, бұ жерін жөндеп арбасын әурелеп жатқаны

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өйтсе де, осы шалдың жылуы сөнбейтін жұқа өңіндегі мейірімі мен сабасынан шықпайтын сабыр-шыдамы адамның көңілін орнықтырады екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбек аман-есен оралды деген хабар күн батқанда барып құлағыма тиді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол алдымен мұнда соқпай Носовецке кетіпті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Отряд үлкейген соң Носовец те үлкейген, қазір оның штабы бізден бөлек жерде

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жақсылық хабарды естігенде қуанып, жүрегім алып-ұшып, жоқ шаруаны қамдаймын деп әбігерге түстім де қалдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шай қайнатып, ас даярлап мәре-сәре болатын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Котелекке сақылдатып су қайнатам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

қалтамның түбіне тығып сақтап жүрген жалғыз сәбізім бар, соның жартысын турап шай шығаруым керек
Көрсетілді: 46300 / 47388