KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күнде жорықта жер бауырлап еңбектеп, бұқпантайлап жүргенде шөгір мен шөңге, бұтаның тікенегі киімді қоя ма, қазан-ошақты былай қойғанда, осы әркімнің жыртық, тесігін жамаудың өзі бір басымнан асып жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Және партизан өмірінде қат емес нәрсе жоқ, көбіне тігетін машина жіп те болмай қалады, мұндайда да сол қазекемнің мұқтаждық үйреткен жоқты бар қылатын өнерінің пайдасы тиді; бір жапырақ шүберек болса соны суыртпақтап, ширатып жіп жасап алып тіге беремін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әуелгі кезде, командирдің әйелі, оның үстіне жөргекте баласы бар, деп партизандар маған ұсақ-түйек жұмысын айтуға бата алмаушы еді, бірақ бір кемедегі сияқты жорықтағы өмір де үлкен мен кішінің айырмасын азайтып, адамдардың арасын жақындастырып жібереді екен, партизандар маған да тез үйреніп алып, еркектердің ебедейсіз қолынан келмейтін істерін іркілмей әкелетін болған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ондайда, рахмет жауғырлар, «ой, Надя, сен болмасаң біздің күніміз не болмақ», «сен болмасаң қолымыз кесіліп қалғандай» деп қолпаштап, жарым көңілімді марқайтып кетеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әсіресе бір бағамның көтерілген жері болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизандар ашыққан кезде біреу ғайыптан бір қап бидайды қолға түсіріп лагерьге алып келіпті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алғашқыда қуанып қалған партизандар, орман ішінде оны тартатын диірмен жоқ, неғыларын білмей қатты састы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біреулер «қайнатып жесек қайтер екен» деп дағдарып, шыдамағандары шикі бидайды шымшып ауыздарына салып талмап жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Диірменнің де, қайнатудың да керегі жоқ, қазір пісіріп берем» дедім де, таяқтың басына шүберек орап былғауыш жасап алып, бидайды қуырып жібердім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Быртиып, қызара бөрткен ыстық бидайды күрт-күрт шайнап жұрт мәре-сәре болды да қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Ой, мынау не деген тәтті» деп маған алғысты жаудырып жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Как у тебя здорово получается? Бізге де үйретші» деп жалынады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өстіп, баламды көтеріп жүріп-ақ партизандарға кәдімгідей сіңісіп алдым, өзімнің орным, істейтін толып жатқан шаруам бар, қажеті келіп қалғанда «Надя қайда?» деп іздеп жатады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек қоныс ауыстырғанда, немесе лагерьге дұшпан төтеннен шабуыл жасаған кездерде ғана өзгелерге ауыртпалығым түседі, бірақ біздің партизандар оған да үйреніп алған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Талайды көрген солдаттардан естуіме қарағанда — майдандағылардың да бәрі бірдей жаумен бетпе-бет соғыспайды екен, біразы штабта, обозда, тылда сол соғысқандардың жабдығымен жүретін көрінеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соған қарап, тікелей соғыспасам да сол соғысқандарға қолғабысым тиетінін көріп масылдық сезімнен айыққанмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жоғалып кетіп Қасымбекпен қайта қосылған өмірім оқып келе жатқан кітаптың жыртылып қалған біраз бетін амалсыз аттап өтіп ар жағынан жалғаған сияқты болды ма қалай, әйтеуір әдепкіде үзіліп қалған, жетпей тұрған бір нәрсесі болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Үш-ақ ай отасқан жас келіншек пен жас күйеу, қызығы басылмай жатып бір-бірінен айрылып қалып, енді келіп, аяқ астынан баласы бар, үйлі-баранды ерлі-зайыптар болып табыстық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы бір хәліміз екеумізге де тосындау көрініп, оның үстіне аздап жатырқасып та қалған екенбіз; соны білдіртпеу үшін, алғашқы күндері бір-бірімізге артығырақ ықылас көрсетіп, орынсыз елпектейтінімізді де байқадым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуіме деген бұрынғы жақындығым, ол жайлы бұрынғы білген-түйгенім өзгеріп кеткен бе, әлде екеуміз де өзгеріп кеткенбіз бе, әйтеуір бір-бірімізді қайтадан танып келе жатқан сияқты болдық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Екеуміз қайтадан ұшырасқаннан кейін ортамызда бала тұрды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сәбидің алғашқы қызыл шақа шарана кезінде, Қасымбек балаға онша ықыласты болмады, менің көңілім үшін баланың бетіне қарап кішт-кішттеп ыржиғанмен, ар жағында осы бір ғайыптан пайда болған қызыл шақаны іштей жатырқап тұрғанын сезетінмін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан кейінірек сәби адам бейнесіне кіріп, бет-бедері айқындалып, бетіңе қарай ыржиятынды шығарғанда Қасымбек тіпті өзгеріп кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баласын қолына алып, сілкілеп күлдіріп, соның езу тартқанына мәз болып, «көрдің бе, көрдің бе?» деп мені жұлқылап, қуанышқа кенеліп қалатын болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әсіресе, алғашқы кезде қолы босап кетсе-ақ баласымен әуре, жас сәби күн өткен сайын тосын бір мінезі мен қылығын танытып отырады ғой, Қасымбек соның әр қылығын өзі ғана көріп, шешесі көрмей қалатындай «мынаң қарашы, қарашы» деп менің мазамды алады, «көргенмін, білемін» деп қайрылмасам кәдімгідей ренжіп қалады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әрине, көбіне екеуміз баланы бірге қызықтап, қосыла мәз боламыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбек мені сүймей, баласын аймалай береді деген қызғаныш жоқ кеудемде, оның баласына деген ықылас-мейірімі менің де ішімді жылытып қоя береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күйеуім қазекеңнің көп еркегі сияқты, кәдімгі балажан болып шықты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абзалы, балажан еркекті әйелі де жек көрмейді ғой

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кішкентай Дулатжан ата-анасына ғана емес, белгісіз түзде жортып отбасы ошағының жылуын аңсап жүрген еркектерге де жақсы ермек болып алды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өтіп бара жатқан біреуі қайрылмай, оны еркелетпей кетпейді, кішкене сәбиді көргенде партизандардың түзде тотыққан суық жүздері жылып қоя береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ылғи кісі өлтіріп, өздері де сағат сайын ажал тосып, ыстық пен суыққа, жақсылық пен жамандыққа қатып алған сұсты еркектердің сауыстанып кеткен жүректеріне, кішкентай қорғансыз сәби бір тамшы жылу тамызып еткізеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Байқаймын, сын сағаттарда қанша ауыртпалық — әлегі болса да, мына қарғыс атқыр, мұздай суық, сұрқай өмірдің ортасында жылтыраған кішкентай нәзік шырақ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

бәрінің көзін тартып көкіректерінде мейірім отын тұтататын сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қолы босап кеткендері-ақ Дулатпен әлек болып, оны секіртіп, атқылап қағып алып, баладан бетер өздері мәз болып жатқанын көрем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбек жұрт көзінше, төңіректей беруге ұялғанмен баласын сүюге ұялмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Енді ол маған деген ішкі сезімін тікелей білдіруге қысылып, осы бала арқылы жеткізіп жататын сияқты, не де болса, әйтеуір екеуміздің ықылас-пейіліміз осы кішкентай нәрестенің балғын тәнінің үстінде түйіседі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл бала екеуміздің жақындығымызға бұрынғыдан басқаша, бөлекше бір сипат мағына берді; әлі сыр мінез болып, сырына қанықпаған, жаңа ғана үйренісіп келе жатқанда соғыс ажыратып, жатырқатып тастаған екі жастың арасын бірден жалғастырып, бір ұя қылып, кіндігін біріктіріп жіберіп еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөйтіп, аяқ астынан үй болып кеттік те, бір-біріміздің артық-кемдігімізді, жақсы-жамандығымызды, бір-бірімізге деген ықыласымыздың да көп-аздығын ойлауға пұрсатымыз болмаған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оны және ойлатпайтын да нәрсе бар: ол соғыста жүрген адам өмірінің баянсыздығы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Күдерімді үзген кезде күйеуім ғайыптан кездесіп еді, бір күні ғайыптан жоқ болатын сияқты көрінеді де тұрады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы бір берекемді қашырған жылымшы күдіктің өткір уытын уақыт қайтарған сияқты еді — ол құрғыр үшті-күйлі жоғалып кетпесе де, жанымды онша қинамай жарымайтын да жазылмайтын сыздауық сияқты бір бүйірімде тыныш қана жатып алған-ды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жүрегі түскірдің қатерді күні ілгері сезетін пәлесі бар ма, уақыты жеткенде мүлгіп жатқан күдігім оянып, жарылмаған жарам сыздап қоя берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Биыл жазда партизан өмірінде кездесе бермейтін бір тамаша отырыс болып еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тапсырмаға кеткен бір топ қолдарына біраз тамақ та, арақ та іліктіріп, олжалы қайтқан екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Азықтың тапшы кезінде қытымырлық жасамаса бола ма, Қасымбек азық-түлікті есепке алып, шашау шығармай, тығып тастап, ішімдікті де ешкімге татырмай отырғанда Носовец келе қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әншейінде салмақты, сабасынан шықпайтын мығым кісі осы жылы ішіне сыймай баратқан бір нәрсесі бардай сабырсыздау көрінді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөзі де жылдамырақ, даусы да қаттырақ шығады, «мұның бәрі әншейін, сендер білмейсіңдер, үлкен нәрсе алда» дегендей тапсырманың орындалуын да бұрынғыдай тәптіштеп сұраған жоқ, Абанның қызына баяндап жатқан сөзін сабырсыздау тыңдады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан кейін:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Өте жақсы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ үлкен іс енді келе жатыр, жігіттер

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орел мен Курск түбінде біздің әскер жауды талқандап үлкен шабуылға шықты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл үлкен жеңіс

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал, жолдас Еділбаев, қолға түскен олжаңды ортаға сал

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жеңісті тойлаймыз бүгін, — деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Іштеріндегі ең үлкен және қатал да салмақты кісінің көтеріңкі көңіл күйі өзге жұртты тіпті қыздырып жіберді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизандар бір — бірін жеңіспен құттықтап, дабырлаған қуанышты дауыс орман ішін басына көтеріп, кәдімгі бір дырду басталып кетті, кейбіреулері уралап айқайлап та жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жұрт қызыл әскер тура қасымызға келіп қалғандай қуанды, ешкімнің ертеңгі күнді ойлағысы келетін емес, олжадан келген азғана азық-түлік мен арақ-шарап ортаға түсті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Жеңіс үшін!», «Жауды құрту үшін!» алғашқы стакан, кружкалар құтылып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әншейінде шиыршық атып ширығып, қабағы ашылмай жүретін солайдың да осы жолы тығыны ағытылып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сырлы кружкадағы арақты қылқылдатып көтеріп тастады да, жұдырығының сыртымен аузын сүртіп, жұрттан ұялмай екі саусағының арасында бас бармағын шығарын екі танауын кезек иіскетті де:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Раз пошла такая иьямка, режь последний огурец, — деп қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біреулер қарқылдап күліп, жұрт мәз болып жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің бір байқағаным, соғыстағы адамдар аз нәрсеге қуаныш, жоқ нәрсеге күліп мәз болысып жатады; бұ да бір іш құсаға алдырмаудың, адамның ақылы емес, соқыр сезімі тапқан амалы болу керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаздың жайлы кешінде көк майсаның үстінде жұрт дөңгелене отырғанды, кейбіреулері шынтақтап жатқан-ды, бірақ қыза келе көбі орындарынан тұрып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Света екеуміз кенеп қапшықты сілкіп-сілкіп, дастарқан қылып жайып соның үстіне ас дайындап жүрміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қайнатып, пісіріп жатқан ешнәрсеміз жоқ, бірақ немістерден түскен нан, сүр май, колбасаларды турап, қарық қылып тастадық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизандар ішіп те, жеп те жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Эх, шіркін өзіміздің орыстың арағы болар ма еді! — деп арман қылады біреулері, сіміріп тастап кружканы жерге қойып жатып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Арақты айтасың, самогон болса де, шіркін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Немістің арағы мейіріңді қандырмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мына құрғыр кісіні ала алмай жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шайынды ішкендей әншейін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйтсе де, немістің арағы да осыларды «алды-ау» деймін, гүжілдеген жұрт енді әнге басты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ішу жағына келгенде біздің Абан да орыстардан қалысатын емес, әншейінде дабырлақ жігіт тіпті даңғырлап кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жеңіс үшін! Енді Нәзираны елге қайтаратын кезіміз жақындап қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің жеңгемнің елге аман-сау жетуі үшін! — деп, көптің гүжілін басып, айқайлай тост көтереді, енді бір-екі ұрттағаннан кейін мені ауылға да жеткізіп салатын түрі бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Арақ ішпесем де жұрттың буына кәдімгідей қызып қалған түрім бар, ауылға жетпесем де жарты жолда бара жатқандай, уайым-қайғыны ұмытып, дүниеге нұр жүгіріп арқа басым кеңіп барады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әдетте қатқыл өңі сирек, өзім қаймыға беретін Носовецтің жағасы жайлау дархан болып алған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Құйсаң құйшы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизанға күнде той бола бермес, — деп, кәдімгідей ыржиып кружкасын тоса береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасымбектің алдында отырған Дулаттың қолтығынан түрткілеп, қытығын келтіріп, күлдіреді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан екі саусағын ашалай шошайтып: «мүйізді теке, мүйізін шошайтып, сүзеді сені

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

» деп баланы үркітіп ойнатып өзі де мәз болады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кенет күлкісін тыйып:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Біздің орнымызды басатын осылар, — деп үлкен бір ой айтып тастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Жорықта туып, шынығып өскен нағыз мықты солдат осы болады, — деп мақтап Дулаттың арқасынан қағып қойды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен сол алғаш ұрысқа қатысқан күні, жау солдатын өлтірдім бе, анығын білмеймін, бірақ қолыма қару ұстап, жауынгерлердің шебінде жатып, оқ шығарып қарсыласқанымның өзі көңіліме бір тостаған көженің буынан әлдеқайда артық жел берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жаныңды ылғи қинамаса да, бір нәрсе тиіп кетсе сыздап қоя беретін бітеу жара сияқты масылдық, сезімнен де со жолы арылдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір мезетте: «Оқты өлшеп атыңдар! Жақынырақ жіберіңдер!» деген сырт жағымнан жүгіріп кетіп бара жатқан Қасымбектің дауысын естіп қалдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ғажабы сол, оған қайрылып қарағаным да жоқ, оның орнында Николай ма, тіпті басқа бір командир айқайлап өтсе де маған бәрібір сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шынымды айтсам, ауық-ауық бақырып жылап жатқан балама да іші-бауырым елжірей қойған жоқ, қолым босап кеткенде бір-екі сипап сұлап жатқан Сашаның денесіне қарай итеріп қоям, кейде тіпті қысылтаяң кезде мазамды алғанына ыза болам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек оқтан аман болса

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қалғаны ештеңе емес

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Соғыс адамды қатыгез ете ме? Білмеймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Етсе ететін де шығар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өйткені қазаны ең аз азалайтын жер де осы соғыс

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оқ тиіп жатқан адамның бетін жабуға да мұрсатың келе бермейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әңгіме мұрсатыңның бар-жоғында ғана емес сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бала кезімнен есімде қалған: біздің жақта бір адамның қазасы рулы елді күңірентіп кететін
Көрсетілді: 46600 / 47388