KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйелдер шашын жұлып, дауыс қылып жоқтау айтып зарлағанда төңіректегілердің бәрі солқылдап жылап, азалы дауысты, молдалар құран оқып қана тоқтататын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Алыстан келген ағайындар төбенің астынан «ой бауырымдап» ат қойып ауылды күңірентетін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан кейін айқаймен ышқынған қасірет қайтадан ішке түсіп, шаң-шұң басылып, қаралы үйдің маңында қатты дауыс шығармай, жұрт аяғының ұшынан басып, күбірлеп жабырқау сөйлесетін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ондай кезде маған ауылдың адамдары ғана емес, ауылдың үстінде тұлып тұрған ауаның өзі өлімді аза тұтып тұрған тәрізді сезілетін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл арада өлген адамның барлық парызын өтеп жатуға уақыттың жоқ екені рас, бірақ қаза тапқан адамға деген қайғыны да жұрт бойына көп дарытпайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Өлгендердің ортасында отырып тамақтарын іше береді, тіпті күндізгі қырғын соғыстан кейін кешке қарай бас қосқанда біреудің сондағы сөлекеттігін еске алып, қарқылдасып күліп жатады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жұрт қайғыны жеке түсірмеуге тырысады екен, минут сайын ажал тосқан мына жақта бұ да бір жан сақтаудың жолы шығар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

10

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизан деген халықты соғыстан бетер тамақ жағы қинайтын кезі көбірек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орманның ішінде орып жатқан егінің, жайын жүрген малың жоқ, соншама адамға тамақ тауып беру, қару-жарақ, оқ-дәрі тауып беруде кем қиындыққа түспейді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Онсыз да соғыстан күйзеліп, шаруасы шайқалған деревнялардан қолға түскен азық-түлік аш бөрідей жалақтаған жігіттердің жұмырына жұқ болмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Деревнялар тақырланған соң жігіттер көбіне, бастарын оққа байлап, немістердің обозын тонайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ондайда кейде мәз болып, артынып-тартынып жолы болып келсе, кейде қолдарына еш нәрсе ілікпей, адамдарын босқа шығындап, салдары суға кетіп қайтады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Тіленшінің сүйген асын кім берсін» демекші, партизандар тек қолына тигенін қорек етеді, табанда қолына дәмді дүние іліксе, мәре-сәре болып қаужап қалады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жыл жарымнан артық осы жортуылда жүргенде, менің де тамағымнан өтпеген нәрсе, ой сірә, жоқ шығар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұрын атып естімеген, аузым дәмін білмеген, немістің тағамдарын татып көрдім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тағам талғап, ұнатпағаныңнан жеритін жағдай болған жоқ әйтеуір, тамақтан өткеннің бәрі талғажау

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Немістердің азық-түлігі үзілмей қолына түсіп тұрса да мұртыңды балта кеспес еді-ау, көбіне-ақ қолға түсетін нәрсе аз болады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизан дастарханының және бір тамашасы — бірі болса бірі болмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Аштық қысқанда мініп жүрген, жегіп жүрген жалғыз атты жайратып тастайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оны дұрыстап сойып, мүшелеп бөліп жатуды да білмейді; әркім қолына іліккен жерін кесін жып, котелектеріне қайнатып жатқаны

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оған салатын қамыр да, картоп та жоқ, құрғақ еттің өзін қаузайды; кейде тіпті салатын тұз да табылмай қалады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірнеше күн тамақтан өтер түйір болмай, аштықтан бұралып көзің қарауытып отырғанда жортуылға шыққан жігіттер, қолдарына өзге ештеңе ілікпей, тәтті пряник немесе аз ғана қант, кәмпит әкелетін кездері де болады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кәмпитті аузыңа салып қалжағанда аш өзегіңе барған тәтті сол қырындысы кетіп қурап тұрған ұлтабар шектеріңді жыбырлатып бүріп әкетеді, бірақ әйтеуір әр жақтан нәр барып, аз да болса жүрек жалғайсың

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қанша бір қиын күндерде де мені тарықтырмаған марқұм Дуня апайдың қызыл қасқа сиыры Зойкасы еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жападан-жалғыз қалған нағыз тар кезеңде паналатқан байғұс кемпірдің өзі өлгеннен кейін де маған медет көмегі тиді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол немістер төтеннен төніп, қараңғы қарлы орманда мен адасып кететін жолы Зойканы Проша қуалап кеткен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қаршадай бала қараңғы орманда қаңғалақтап жүріп, өзіне тапсырылған қызыл қасқа сиырдан айрылмай, о да ақыры, өзіміздің отрядты тауыпты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көрші партизандар мені өзімізге әкеліп салғанда қатты қуанған адамның бірі осы Проша болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көпке дейін айналсоқтап қасымнан кетпей, екі езуі екі ұртына қарай жымқырылып, ыржия күліп:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Надя апай, сіздің табылғаныңыз қандай жақсы болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тіпті жақсы болды, — дей берген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан кейін де Проша негізінен менің қасымда болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қазан-ошаққа, бала бағуға, сиырды күтуге оны маған арнайы көмекші етіп тағайындаса, жігіт болуға асыққан жастың, әрине, намысына тиер еді; бірақ әйтеуір әдейі бұйрық берілмесе де тіршіліктің орайы солай болды да Проша маған қолғабысын тигізіп, жаны ашып жәрдем беpiп жүріп, өз жағдайына байқаусыз үйреніп кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизан болу деген қолына қару алып күндіз-түні жауды жапырып қыра беру ғана емес, оның күнделікті ұсақ-түйек, ит ыржың шаруасы, тірлік қамы болатыны, бірі таусылмайтын мұқтажы болатыны шикі жастың ақылына жетті-ау деймін, кейін «маған қару беріп тапсырмаға жібермеді» деп қыңқылдауды қойып, тапсырған шаруаны ықыласпен тындырымды істеп жүре берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Дуня апайдың Зойкасын екеуміз де жақсы көріп кеттік

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Аяғыңды тәй басқаннан қозы қуалап, мал баласының арасында өскен адамға төңірегіңде тірі тұяқ болмаса, бір жағың ойсырап тұрар еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тостағандай көзі дымқылданып, бір нәрсе дәметкендей мөлие қарайтын қызыл қасқа сиыр сол олқымды толтырып жүретін-ді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйел заты сауын малына, оның ішінде әсіресе сауын сиырға жақынырақ қой, ал Прошканың Зойкаға деген ықыласы тіпті бөлек, байқаймын бұл ықыласы сонау сиыр айдап қашатын қараңғы түні көкірегіне терең ұялаған түрі бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Айнала жау, атылған оқ, тұңғиық түнерген қараңғы орман, сол кезде жападан-жалғыз қалған шикі жастың қасындағы жалғыз қарасы осы қызыл қасқа сиыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көрінген ағаш пен бұта қараңғыда қарауытып тына қалып, тасадан жау шыға келердей үркітіп, үрей қысқанда самарқау салмақты аяңдап келе жатқан мына көпек сарқылмас мол сабырын бала көңіліне де дарытқан болар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жауыға тұтасқан қараңғылықта жалғызсырағанда, аяз қысып қалтырағанда бетін сол сиырдың жылы мойнына басып, әукесін қайыра құшақтап, қолтығына тығылып алып-ұшқан көңілі байыз тапқан шығар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тарыққанда демеу болған мал баласын кейде адамнан бетер жақсы көріп кетесің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Азығымыз таусылып, партизандар Зойканы сойғанда Прошка тіпті қатты қиналды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көзінен жасы мөлтілдеп, жүгіріп келіп:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Тетя Надя, тетя Надя! Аналар Зойканы сояйын деп жатыр! Естисіз бе, сояйын деп жатыр, — деп жеңімнен жұлқылай берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Сіз неғып отырсыз? Неғып тұрсыз?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен неғылайын, күнде мал сойып жататын қазақтың аулында өссем де, осы сиырды сойғаны жаныма батып-ақ тұр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ енді неше күннен бері аш отырған адамдарға суалған қысыр сиырды «соймаңдар» деп айтуға

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

оның үстіне, күйеуім командир болғанмен, партизандардың үлкен шаруасына араласуға хақым жоқ екенін сеземін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Неғып тұрсыз, Надя апа

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Зойканы сояды олар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Зойканы аман алып қалсаңызшы, — деді, бейнебір адамға ара түскендей жалынып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Тіпті Зойкаға жаныңыз ашымай ма?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Зойканы сойған күні Прошканың түнерген қабағы ашылмай томсырайып жүрді, бірақ аштығы құрғыр шыдата ма, ақыры о да қызыл қасқа сиырдың боршасынан дәм татты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қызыл қасқа сиыр кеткен соң біздің де күйіміз тайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тоғайдан әртүрлі жеміс-жидек тереміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тамағың тойғанда ғана ауыздың дәмін алуға жарайтын жидектің қоректігі де шамалы, бірақ көзің қарауытып, өзегің талғанда ар жағыңа аз да болса нәр барады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орман ішінің, далалы жерде өскен мен білмейтін, жемісінің түрі де көп екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Олардың жеуге келетіні қайсы, келмейтіні қайсы, ажырата алмаймын да, аузыма салып талмап көріп, тамақтан өткенін жұта берем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ағашты жердің ашыққан адам үшін ең бір үлкен байлығы саңырауқұлақ жаңбырдан кейін соны тереміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның жеуге жарайтыны, жарамайтыны бар, мен бұ жағынан да сауатсызбын, дала қазақтары саңырауқұлақты жеуге болады деп ойлаған емес

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мұның бір мені қинаған жері, ауызға салып байқай алмайсың, адамды улап тастайтындары көп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Прошка бұ жағынан маған таптырмайтын ақылшы болып алды, мәз болып етегімді толтырып әкелген саңырауқұлағымнан көп болса, қос уысын қалдырады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әсіресе сұрғылт сисаға ақ бұршақ сепкендей, әдемі саңырауқұлақты лақтырып тастап жатқанда ішім удай ашиды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Проша астыңғы ернін жымқыра тістеп алып, баланың білместігіне күлгендей, мырс-мырс етіп мүсіркей күледі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— «Бұл мухомор ғой, тетя Надя» — дейді әдемі саңырауқұлақты лақтырып жатып

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Өзі өте әдемі ғой» деймін ақталғандай

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әдемісі әдемі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ алдайды, улы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ал, мынау погаика, бұ да жеуге жарамайды»

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Оның есесіне Прошаның іріктеп қалдырған саңырауқұлақтары тәтті болады, суға қайнатып, әсіресе кішкене майың болып қуырып жегенде, тура қойдың өкпесінен аумайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Көбіне қолғабысын тигізіп қасымда жүргенге Прошаға әбден үйреніп алыппын, оның үстіне үнемі қолымызға мылтық ұстамаған соң өзгелерден бағамыз көмістеу сияқты, тек екеуара теңелеміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Осы сезімнің өзі арамызды жақындатқан болар, Проша маған әбден сеніп алып, сырын да жасырмайтын болды, әйтпесе, өзім жауынгер партизан санап жүрген намысшыл жас, шешесін сағынғанын тірі жанға айтар ма

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әрине, онысын маған да бірден айта қойған жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің әрбір ісімді көргенде «менің мамам сөйтуші еді», болмаса, «менің мамам олай емес, былай істеуші еді» деп бастап, ақыры мамасы туралы біраз әңгімелерін айтып берген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баланың сөзіне қарап шешесін тану да оңай емес, өйткені бала атаулының сөзін тыңдасаң бәрінің шешесі бірдей ақылды, мейрімді, көрікті болып шығады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ, өзімнің түйгенім, бұл баланың шешесі баяғы өзіміздің полктағы төрт баласы бар Ираида Ивановна тәріздес сабырлы, иман жүзді әйел сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Айтпақшы мұның да шешесінің төрт баласы бар екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Үлкені Проша, бір інісі, екі кішкене қарындасы бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Төрт жасар кенже қарындасы Аленушканы аузына көбірек алады, одан үлкен тоғыз жасар қарындасы Аграфенаны көбіне мінеп отырады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол туралы айтқанда «глупая» деген сөзді көбірек қосады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен алғашқыда әлгі «мухомор» деп аталатын саңырауқұлақты көбірек теріп әкелгенде:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— «Надя апай, сіз біздің Аграфенушка сияқты екенсіз, — деп күлген

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ол да орманға барғанда сіз тәрізді ылғи «мухоморды» теріп әкелетін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Бұл жеуге келмейді, таста» десем болмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Бұл әдемі, жемесең жеме, бәрібір тере берем» ден қасарысады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол әдетін тіпті қойғыза алмадым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол бар ғой, өзі ерегіспе

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Вот глупая»

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сөз аяғында уайымды кескінмен мырс етіп күледі

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Орыстың «глупая» деген сөзін «ақымақ» деген мағынада ұғушы едім, сол сөзді соншалықты еміреніп, сағынышпен айтуға болатынын енді көрдім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Санька дейтін он жасар інісі бар екен, шешесі сегіз құрсақ көтерген, содан қалғаны төртеу екен, соңғы кезде Саньканы да аузына жиі алатын болып жүр, бір жолы қолындағы прянигін тартып жегені үшін оны мықтап сабап тастанын айтты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шамасы осы ісі есіне түскенде өкіне ме, «о кезде ол кішкентай еді, ақылы жоқ еді» деп ақтап қояды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Баланың аузына алмайтыны әкесі ғана

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Тек бір рет байқаусызда, онда да сол саңырауқұлаққа байланысты, аузынан шығып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Папаня любит маринованные грибы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

и соленные огурцы», — деп қалды да, аңдаусызда ұят сөз айтып қалғандай, тілін тістей қойды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Аңғармағансып, бөгде сөзге бұрып кісіні ыңғайсыз жағдайдан шығарып әкетуге мен қандай орашолақпын, ондайда анадан бетер өзім қысылам, сөйтіп жүрген жерден бір масқара жасап алғандай, екеуміз де үнсіз қалдық

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Абзалы, әкесі туралы сөзді екі жағымыз да жылы жауып қойғанбыз
Көрсетілді: 46700 / 47388