KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Егер жаңсақ куәлік берсеңіз қылмыс кодексінің пәленінші тармағымен жауап бересіз, — деп одан бетер қысып тастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Гражданка Еділбаева, мына алдыңызда тұрған екі айыпкерді; Усачев Лука Саввичті, Гуськов Терентий Петровичті бұрын көрдіңіз бе? Жақсылап қарап алыңыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің атым аталғанда екі полицай елең етіп, маған таңырқай қарап, содан кейін көздерін тез тайдырып әкеткен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Анаусын енді таныдым: «Терентий» дегені жас полицай Тереха

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әлгі деревняны қырғаннан кейін Дуня апайдың үйіне қайтып оралғанда, «Он, не могу» деп шошынып, шашын жұлып жылайтын, содан кейін мені атып тастаймын деп кіжінетін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сол ақсары ұлпа шашты, кішілеу дөңгелек бетті, қайқы тұмсық сары

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бет терісі қалыңдай, өңі есейіңкіреп кеткен бе, қалай, әйтеуір, баяғы мен көрген «ой, мамочка! Что я наделал» деп жер сабайтын, дәрменсіз бала кескіні жоқ, тотыққан жүзі қызара бөртіп, ісіңкілеу қабағының астына жанарын жасырып, төңіректен бөлектеніп түйіліп алған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мыналарды көргенде ойым әр саққа жүгіріп алып қашып, Носовец сұрақтарын ылғи екі рет қайталауға мәжбүр болды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ойым ырық бермей, түгелдей жас полицайға ауып кетті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол мені көрмеген, білмегенсіп, жанарын жасырып аулақтанып алса да, менің екі көзім сонда

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мына тұнжыраңқы тұнық түрінен баяғы іші алау-далау болып аласұрған аянышты сәтін, жапанда жалғыз қалғандай жаудыраған дәрменсіз кескінін іздеймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ол кескіннің ізі жоқ, менің алдымда, шынында да, басқа адам отырған сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жеті-сегіз айдың ішінде ол мүлде өзгеріп, есейіп кетіпті, баяғы сезімтал жалаңаш жүрегі де жарасы жабылып, енді ыстық-суық өтпейтін қалың қабықпен қапталған сияқты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жұмып алған жұдырықтай тас бітеліп қалған мына жігіттің ішінде қазір не хикмет болып жатқанын мен біле алатын емеспін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл Усачев сияқты жан ұшырып жалтармады, мені көргенін де мойындады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Усачев сорлы менен де жан сақтайтын саңлау іздеп, жанталасып бақты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Мен мұның командир әйелі екенін сезгенмін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Содан әдейі қашырып жібердім, — деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Әдейі қашырған жоқсың, — деп Носовец зекіп қалғанда:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Енді әдейі қашырмағанда

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

қашып кеткенін біліп әдейі іздемедім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кете берсін дедім, — деп қипақтай түсті де, кенет құтқаратын ой тапқандай қуанып кетті, — Мен бұл әйелді сақтап қалдым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мына Тереха атпақ болғанда, мен атқызбадым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

А? Солай емес пе? Айтыңызшы, — деп маған жалынды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің бір жаман қасиетім, кім де болса, торға түскен адамды еріксіз аяушы едім, мына сорлының мына мінезінен тіпті жиіркеніп кеттім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ана жігіттен Носовец:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Атпақ болғаның рас па? — деп сұрағанда, ол:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Есімде жоқ, білмеймін, — деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Неге білмейсің? Есіңнен танып қалдың ба? — деп Носовец қысқанда:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Білмеймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мүмкін рас шығар, — дей салды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бұл жігіт әбден қаныпезер болып қатайып, еш нәрседен шімірікпейтін болған ба, немесе ажалдан да жаман нәрсе жанын қинап, сонымен әлек болып отыр ма, әйтеуір осы топтан да, соттан да, қасындағы тағдыры бір Усачевтен де бөлектеніп алған

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Усачевтың қиянаттап жатқанын да елеген жоқ, берілген сауалдарға да, арғы беттен тіл қатқандай жансыз дауыспен жауап береді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Кішкене уақыт өткен соң сот мәжілісінің бастапқы ширығысы босаңсиын деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жұрт қайтадан қисайып, шынтақтап, өзара күңкілдесіп, кейде реті келіп қалғанда соттағы сөзге де араласып кетеді, айыпкерлердің сасқанда берген сөлекет жауабын кекетіп күлісіп алады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Носовец ауық-ауық тәртіпке шақырып қояды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен де, мойнымнан ауыр жүк түскендей жауаптан босап, Абанның қолындағы баламды алып жұрттың шетіне таман отырғанмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір кезде жан-жағына алақтап отырған Усачев, мен отырған жаққа көзі адырайып үрпие қарады да, орнынан ұшып тұрып, даусы қарлыға айқай салып:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Прошка

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Балам менің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Балақаным

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— деп ұмтыла берді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Отыр, опасыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— деп Носовец ақырып жіберді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қасында отырған партизан автоматымен өңменінен нұқып Усачевты шөгертіп тастады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Артыма жалт қарасам қайыңды тасаланып Прошка келіп тұр екен, үстіңгі ерні дүрдиіп, ұртын тістеп алған, өңі шүберектей құп-қу

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Сорлы бала шыдай алмаған екен

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мұның да басына таяқпен салып қалғандай болды-ау деймін, көзі адырайып, аузы бір-екі рет кемсең ете түсті де, жалт бұрылып жүгіре жөнелді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Усачев басын таяна теңселе күңіреніп:

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ұлым менің

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ұлым

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— деп, кеңкілдеп жылап жіберді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ол советтің адал ұлы! Сендей сатқынның баласы емес! — деп Носовец тағы бір зекірді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен де отыра алмай, баламды көтеріп шалашқа қайтып келдім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің қазір оған керегім бар ма, жоқ па, әлде оның жалғыз болғаны жақсырақ па, ол арасын анықтап біле алмадым, бірақ әйтеуір Прошканы жалғыз қалдыруға дәтім жетпеді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Проша шалаштың іргесіне етпетінен түсіп, бетін қос алақанымен көміп алып, солқылдап жылап жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің ішке кірген тықырымды естіп, өксігін ішіне тартып, аз булықты да, шыдай алмай қайтадан жылап жіберді, енді тіпті көз жасына қақалып булығып қалды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің де қолымнан келер қайран жоқ, тек шашынан, маңдайынан сипай берем

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Ол ақымақ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Онда ақыл жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Ақыл жоқ болған соң

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мамам да айтқан

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— дейді Проша әр сөзін көз жасымен қоса жұтып, ықылық атып, қылғына сөйлеп

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мен ие деймін? Не деп жұбатам? Осындайда сөз таба алмай тығылып қалам

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Менің құтыла алмай қойған және бір жаман әдетім бар: біреу қиналғанда оған демеу болар сөз айтудың орнына соның кебін өз басыма киіп қайғысын да өзімдікі етіп аламын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мына баланың жанының жарасы менің ішіме түсіп, жегідей жеп барады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әкесі қанша жау болса да әлі аузынан ана сүті кеппеген бала оны салқын оймен түйіп, өзінен бөліп тастай алмайды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Жүрегі қарс айрылды» деген сөзді естуші едім, соның мағынасы миыма жаңа жетті, мына баланың жүрегі қақ ортасынан айрылып жатыр

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Проша сотқа бастап-аяқ қатысқан жоқ, сол келген беті болар, сондықтан әкесінің сорлы мінезін көрген жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Егер көрсе қорқақ әкесінің жиренішті мүсәпір мінезі оның опасыздығына қоса намыскер жастың жүрегіне өмір бойы тырналаса кетпейтін бір жеркенішті әсер қалдырар еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Жұбатуға шамам келмесе де қасында болғаным Прошаға аз да болса жеңілдік әкелді ғой деймін

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әйел деген жарықтықтың қанша айтқанмен аналық жылуы бар, кімге болса да жұмсақтау ғой, егер қасында еркек отырғанда қасіретін намысы тұншықтырып, жарылып кетер ме еді қайтер еді, менің алақаныма жұмсарып жібиін деді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бетін бүйіріме басып, көйлегімді ыстық демі мен көз жасы қатар сулап, іштегі отын шығарып біраз солқылдап жылап алды

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біз отырғалы біраз уақыт өтті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Прошаның да іші сезетін шығар, ендігі сот бітіп полицайларды ататын жеріне алып бара жатқан болар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Носовецтен естігенмін, партизандарды сапқа тұрғызып қойып, оларды көп алдында атады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әдетте атар алдында өздеріне көрлерін қаздырып алады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бір ғажабы, қай жағы атса да, атылатын адам қарсыласпай, үн-түнсіз өз көрін қазып шығады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Құлағымды тосып тың тыңдаймын, әзір мылтық даусы естілген жоқ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біраз уақыт өтті

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Усачев пен полицай Тереха көрлерін қазып болып, самсаған мылтықтың қарсы алдында, өздерінің өлімнен де ұяты күшті, масқара ажалын тосып тұр ма екен?

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Қаншама қақ ортасында жүрсең де, қашан көзің жұмылып кеткенше ажал деген сұмырайға бойың үйреніп кетпейді, құрғыр қорқынышты ғой, бірақ мынадай өлімнің қасында бетпе-бет келген жаумен айқасып өлген ақ өлім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

ғой, өз адамдарың өңменіңе оқ таяп, кешірімсіз сазарып, саусақтарын мылтық шүріппелеріне басып тұрғанда, ондай ақ өлім тіпті қол жетпес бақыт болып та көрінетін шығар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Шынымды айтсам бұл оқиғаның боларына күні бұрын хабардар едім

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Носовец кейбір істерін менің көзімше Қасымбекпен ақылдаса беретін, бір кеште осы жайлы әңгіме болған, оның сондағы асықпай отырып шегелеп айтқан сөздері айнымай есімде қалыпты

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Біз жаумен жаман соғысып жүрген жоқпыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Әрине бұдан да мықтырақ соғысуға болар еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Партизандар қатары да молырақ болуы мүмкін еді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біздің бір ескермей жүрген үлкен олқымыз бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Біз әлі жауға қызмет істеп жүрген опасыздарды дұрыстап жазалаған жоқпыз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Есіңізде болсын, Еділбаев, бұл біздің үлкен кемшілігіміз

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Мұның астында қандай мағына жатқанын байқайсыз ба? Жаудың тылындағы халық немістің емес, біздің Совет үкіметінің күшін сезетін болу керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Маған бір жақсы ой келді

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірнеше полицайларды ұстап әкеліп, осында сот құруымыз керек

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Түсінесің бе? — деп ол Қасымбекке тесіле қараған әрбір айтқан ойын саған бұлтартпай қабылдатқысы келіп бетіңе тесіле қарайтын әдеті бар

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

«Білемін, сен қу жалтармақсың ғой» деп тұрғандай оның өңменіңнен өтетін көк көзінен мен айыпты адамдай қысылып қипақтап қалатынмын

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

— Полицайларды, әрине, қапысын бағып жолын тосып атып тастауға да болады

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Бірақ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

арнайы сот құрып, үкім шығарып, заң жолымен атсақ

Шырағың сөнбесін

Тахауи Ахтанов

Байқайсың ба? — Носовец өзінің сәтті табылған ойына сүйініп, өңіне күлкі жүгірді
Көрсетілді: 46900 / 47388