Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Онда біз үкіметпіз |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Заңымыз бар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Күшіміз бар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Оның халыққа қалай әсер ететінін білесің бе? А? Солай, жолдас Еділбаев |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әр нәрсенің түп — тамырына көз жүгірту керек |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сондықтан полицайларды ұстап әкелуге арнайы операция ұйымдастыруымыз керек |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Анау, Усачев сволочты қолға түсірсек екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ол бұрынғы белсенді ғой, сондықтан оның қылмысы екі есе ауыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Усачевы құрғырдың атын естігенде мен шіміркеніп қалдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Шынымды айтсам оған жаным ашымақ тұрмақ бүйрегім де бұрмайды, тек оны осы араға әкеліп атпаса екен деп тіледім ішімнен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сенсіз де жетісіп отырғанымыз жоқ! — дедім түтігіп |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қасымбек мені өмірінде тұңғыш көргендей бетіме бақырайып қарап тұрды да, кенет бір нәрсені бүлдіріп алған баладай жуасып, ақырын есіктен шығып кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ерге шыққалы күйеуімнің бетіне келгенім осы болар |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
9 |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ауаны кернеп, ыңырана ырғалып, төңіректі теңселте шайқап тұрған артиллерияның азалы гүрілі іркіліп, іркіліп барып бір-екі лоқсып басылды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Баламды бауырыма тығып алып, окоптың түбіне бұғып жерді денеммен тесіп өтіп, астына кіріп кетердей болып, ондай снарядтың астында да талай жатып көргенмін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Терең қазылған окобың болса, жау оған бұзып-жарып, басып кіре алмаса, артиллерия қанша төмпештесе де, әйтеуір аман қаласың |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ снаряды құрғыр жақын жарылғанда үстіңе аспан опырылып құлап келе жатқандай зәреңді ұшырып, бүкіл тән де тұтас тиетін, осып кетпесе де жерге жаншып тастайтын бір жалпақ басқұрмен ұрғандай ауаның екпінімен соққылап, есеңгіретіп, есіңді тандырып, құм-топырақпен көміп тастайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Зеңбірек гүрсілі қайта басталар ма екен деп елегізи құлақ түріп біраз отырдым; соғыс бітіп, дүниеге тыныштық орнағандай, ешбір дыбыс естілмейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ бұл тыныштық көңіліңді орнықтырудың орнына қобалжытып |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
тұла бойыңды суытып, деміңді ішке тартқызып қатер сағатын күттіреді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Артиллерия дайындығы біткен соң атака басталады; қорғаныста жатқандардың төбесінен төмпештеп снаряд жаудырып езгілеп, жаныштап, бұқтырып алады да әскер шабуылға шығады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ең қауіптісі осы |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жаңағы жер шайқаған зілзала гүрсіл шамырқанған бураның алыстап айбат шеккен зіркілі болса, нағыз тап беретін кезі дәл осы тұс |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Баламды кеудеме қысып алып, аяғым жерге тимей талай зырқырап қашқанмын, шыбын жанға пана таппай шырқыраған кездерім де аз емес |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ жаудың оғы жаңбырдай жауып, ажал қанша жалмаймын дегенмен, жер-ананың панасы мол екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Тіпті қалың орман, сай-саласын былай қойғанда, бұтасы мен шөбі, кішкентай төмпешігі мен шұқанағының өзі жаныңды талай алғандай алып қалады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қара жерден кіндігін үзбеген қазақтың қызымын ғой, бозды бұйратта, өлеңдетіп асыр салып, аунап-қунап, жаз бойы киіз үйде ұйықтағанда да жусан мен топырақ исін қолқама сіңіріп өскенмін, бойжеткен кезімнің өзінде де, кейде тіпті, көк майсаға аунағым келіп, аусарым ауып тұратын, бірақ жер жарықтықтың қадірін осы соғыста ғана білген сияқтымын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Үстімнен оқ борағанда шешесінің етегіне тығылған жас баладай, сол жер-ананың бауырына тығыла түсем; тіпті жазық жердің өзінде, бір сүйем болса да, әйтеуір саған қалқа боларлық табылады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сыздауыт сазына бар тәніңмен жабысып батып кеткің келеді, қара жердің кеудесін жарыңнан бетер ышқына қысатын кезің болады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жер деген жарықтық тірі екен — оның да тынысы, мейірімі бар, сені қалқалап ажалдан алып қалады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сепсеңіздер, орыстың осы бір ойпаты сазды, қыраты құмдақты, орман тоғайлы, көгінен бұлыңғыр бұлты арылмаған тұнжыраңқы жерін қимас көз көргенімдей, тіпті өз ұям-өскен мекенімдей жақын тартып кеттім |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қазір соғыс менің ғана үстімде емес, дүниені түгел шарпыған, аспан да, жер де соғыс, соғыста жүрген әйел де жалғыз мен ғана емес, бірақ менің соғысым бір түрлі орынсыз, сөлекет сияқты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Шынында да екі қолыңды байлап қойып, ұрысқа кіргізіп жіберсе өзің қайтер едің? Емшектегі балам екі қолымды бірдей байлап қойғаны былай тұрсын, аяғыма да тұсау |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жұрт әйтеуір тисін-тимесін, қолына мылтық алып атысып жатады, ондайда мен қолыма баламды ұстаймын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қару алып оқ шығарған адам ет қызуымен аз да болса ажалды ұмытып кетеді де, ал қолына бала ұстаған адам, қарсыласуға дәрменсіз, бір емес, ажалды екі есе тосады; өзіңді де, өзгені де қарусыз қорғаған жаман екен, тұсыңнан зырқ-зырқ етіп өткен әрбір бұралқы оқты санағанда, ажалға қанша мойынсұнсаң да мазаң кетеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қиямет-қайым, қиындық дегенің алыстан қарағанда ғана қорқынышты екен, егер басыңа түссе бәріне де көндігіп кетесің, мен де өз жағдайыма үйреніп алдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Алас-қанас ұрыс басталып кеткен кезде қолымда балам болмаса, бір нәрсесін жоғалтып алған адамдай, елегізимін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Оны көтеріп жүгіруге, қашын бұғуға да машықтанып алғам, баламды көтеріп жүгіріп келе жатып жата кеткенде бір жерін ауыртпаймын, тіпті сүрініп құлап кеткенде де еш жеріне зақым келтірген емеспін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кеудеме жабысып, өзіммен бірге домалап, өзіммен бірге тұрады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кілең соғысып жүрген адамдардың арасында болсам да өз басым, қолыма мылтық ұстап, ұрысқа тікелей араласқан жоқ едім |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жорықта жүргенде бір баланың ауыртпалығы он балаға татиды, оның үстіне, партизан деген халық өз керегін өздері қамдағанмен, кілең еркек-қостың ішінде әйел қолына қарайтын жұмыс та жетерлік екен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қайта сол жұмыстың көптігі де жақсы болды, әр нәрсені ойлап, сары уайымға салынуға мұрсат бермей, әрі-беріден соң басқаша тіршілік болады дегенді ойлатпай, осы өмірге дағдыланып жіберді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Белім қатайып, аяғыма басып кеткесін: «жаман айтпай жақсы жоқ, соғыста жүргенде қару ұстай білмегенің жарамас, қандай жағдайға душар боларымызды кім білген» деп Қасымбек маған мылтық атуды үйретті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұрын атысып көрмесем де, мылтық ұстауға жасқанатын хәлден әлдеқашан өтіп кеткем, ішінде ажал оғы бар түсі суық темірді жатырқағаным жоқ |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кісі өлтіруге көп білімнің керегі жоқ па, қалай, өзі онша қиын да нәрсе емес екен, винтовканың бөлшектерін де, оны көздеп атуды да тез уақытта үйреніп алдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кішкентайымнан көзім жіті болатын, нысанаға дәл тигізем |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Николай, Абандар жиналып, менің атқанымды көріп, қауқылдасып мақтап, мәз болысты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Мықты мерген мыннан шықты |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мылтық атқанда еркектерді беліне қыстырып кететін болды» |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— «Нағыз снайпер» |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
«Партизандарға да снайпер керек |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Надяға снайпер винтовкасын тауып береміз» десіп қошаметтеп, көңілімді көтеріп тастаған |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мақтағанды кім жек көрсін, осыған өзім де кәдімгідей мәз болып, отбасы, ошақ қасы, салпы етек әйел ғана емес, қолыма қару алып көппен бірге соғыса білетін адам болғаныма бойыма жел бітіп, көңілім іріленіп қалған-ды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ана Шура да, жұрттың жарасын таңатын, жаралыларды бағатын медсестра болғанмен, ұрыс кезінде шепке кіріп кетеді, сауырынан тапаншасы түспейді, мен де енді одан онша кем еместігімді сезіндім |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сол бір көңілім марқайған сәтте, қолымды байлайтын нәрестем барын да ұмытып кетіппін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Кейде әлденеге мұңайып, қатты ойланын қалғанда Қамқа әжемнің көкірегін кере «уһ» деп аузын толтырып қатты күрсінетіні бар еді, сол сияқты мына тына қалған тыныштықта бір-екі зеңбірек «уһ! уһ!» деп ауыр күрсініп алды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Содан кейін дүние қайтадан жым-жырт, меңіреу қалпына түсті, екі баланың да даусы шықпайды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жағдай деген де баланы өзінше баулып, өзінше үйретеді екен: қысылтаяң кездерде осы балалар бақырып жылауды, не бала болып қыңқылдап мазаны алуды білмейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Іштері сезе ме, әлде көптің көңіл күйі бұларға да дари ма, әйтеуір жұрт абыр-сабыр боп, асып-сасып жатқанда, немесе қауіп-қатер тосып үнсіз түнергенде бұлар да, өңдеріне үрей жүгіріп, көздері бақырайып, сазарып қалады, көңіл күйіңнің жаман кезін де айнытпай сезеді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қазір де екеуі, меңің оларды әлпештей еркелетуге құлқымның жоғын сезіп, өздерімен өздері болып отыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Енді екеуі басқа ойын тауып алған: Дулат шыбықтың сабымен жер шұқылайды, кішкене Света да одан қалыспай, қолында еш нәрсесі болмаған соң, киттей саусағының ұшымен топырақты шұқиды; үн-түнсіз, үлкен іс бітіріп жатқандай, екеуі де осы ермегіне елігіп кеткен |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Соғыстың міскіндеріне, кәдімгі бала сияқты, ойнайтын ойыншық қайда |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Сырттағы сыбысқа құлақ тігем — зеңбірек гүрсілі тоқтады, басқа дыбыс естілмейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Иә, дүбірі естілмесе де, нағыз қырғын соғыс енді басталды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жау солдаттарының қаптап атакаға шығып келе жатқанын өз көзіммен көргендей болам: ала қардың үстінде ақ халат киген адамдарды ажырату да қиын, жүрегің дауалап жау жаққа көз тоқтатып қарағанда ақ қардың үстінде қыбырлап келе жатқан ақ кебін киген денелерді көресің |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жазды күні де жасыл киім киген неміс солдаттарының денесі көкпеңбек болып тұрған жасыл жердің реңінде анық көрінбейді, оны байқау үшін де кәнігі көз керек |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бірақ оқ боратып қаптап келе жатқан жаумен алғаш рет бетпе-бет келгенде |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Әйтеуір патырлаған атыстың басталып кеткенін білем |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біз таң ата келіп паналаған кішкентай селдір орманның іші әп-сәтте ызы-қиқы ұрыс даласына айналды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жаудың қай жақтан, қалай келіп тиіскенін де білмеймін |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аз ба, көп пе? Жайбарақат дем алып жатқан жұрт жалма-жан қаруларын қарманып, шоқалақ, томарлардың түбіне жата қалып атысып жатыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Атыс басталғанда Шура екеуміз дем алып жатқанбыз, алысырақтан команда берген Қасымбектің даусын естіп қалып, оған қарай тұра жүгіргім келіп көтеріле түсіп, қайта жаттым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жүгіріп барып қолтығына тығылуға қазіргі сәтте ол менің күйеуім емес, командир екенін, менен бөлек те биік екенін соқыр сезіміммен ұғып, іркіліп қалдым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қазір оның аяғына оралуға хақым жоқ, осы көптің бірі болып, тек әмірін орындауға тиісті екенімді сезінем |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жаудың оғы көктемгі жасыл жерге ввик, ввик деп қадалып жатыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жалаңаш қалғандай қорғансыздың сезімі тұла бойымды мұздатып барады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Құндақтағы баламды бауырыма қысып алып, қытығы келген адамдай қымсына жиырылып, денемнің әр бүртігі жаудың оғын тосады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Қолымнан келгені, кеудеме тығып жіберіп жасырып қалғым келгендей бар денеммен баламды қымтай берем, оның есесіне өзім панасыз ашық жерде жатырмын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Шоқалақтың түбін панала! Шоқалақтың |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бетімді бұрып жалт қарасам талдырмаш денелі сары жігіт, тұсыма жүгіріп келіп қалған екен, бір қолымен иығымнан сүйрей жөнелді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бір қолыммен жер тіреп, бауырымды көтеріп, тұмсығыммен шөп сүзіп, әлгі жігіттің жетегінде емпеңдей жүгіріп, бір томардың түбіне жетіп құладым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
О да менімен қатар құлады да, бетіме қарап: |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
— Басыңызды көтермеңіз |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Балаңызға сақ болыңыз, — деп ілгері қарай жүгіріп кетті |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұл жігітті таныдым: анада, қысты күні немістер осындай бір қапылыста тиіскенде мені ат шанамен алып қашатын қайқы тұмсық ақ сары жігіт, кейін талай кездесіп, көріп жүрдім: есімі Саша болатын |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Менің табылғаныма бұ да қуанып, арнайы келіп, кешірім сұраған-ды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Басыммен мүк басқан жұмсақ шоқалақты сүзіп баламды кеудеме қысып, қырын жатырмын, тым болмаса өзгелер сияқты етпеттеп те жата алмаймын, денемді дірілсіз қалтыратқан жаман үрей он бойымды құрыстатып алып жібермейді |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Бұдан бұрын да, ажал деген құрғырмен бір емес бірнеше бетпе-бет кездесіп едім, бірақ ол сұмырайға кісінің бойы үйреніп кете алмайды екен, маңайымнан тарс-тарс атылған мылтық даусына құлақ тосып, үстімнен зуылдап ұшқан оқтан жасқанып жұмсақ жерге жамбасыммен батып кеткім келіп сығыла түсем |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Өз ойымша шым-шымдап жерге батып та бара жатқан сияқтымын, осы алдамшы әсер ажал да құтқаратындай көңіліме жеңілдік әкеледі |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Менен алты-жеті қадамдай жерде атысып жатқан партизан басын көтеріп алды, менің де кішкене есімді жиып, төңірекке көз салатындай халге жеткен кезім еді, танып қалдым — жаңағы Саша екен, мылтығының бір жері тістесіп қалған ба, тізерлей көтеріліп, винтовкасын бір тізесіне қойып затворын сартылдатып, ашын-жауып жатыр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мылтығын оқтап болып енді жатуға оңтайланғанда, ышқынған жаман даусы шығып жер сүзе құлады |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Орнымнан қалай тұрып кеткенімді білмеймін, құндақтаулы баламды да шоқалақтың түбіне жасырып үлгеріп, жер бауырлай жүгіріп қасына жетіп бардым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Аз жүгірсем де алқынып, ентігімді баса алмай, басымды әзер көтеріп оқ тиген партизанға қарадым |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Жирен шашты басымен көк шөпті жапырып, жер иіскеп қимылсыз сұлық жатыр, ақырын аударып бетіне қарап ем, ақсары жүзінің қаны қашпаған, көзі жұмулы, бейне бір ұйықтап кеткен адам сияқты, өңі манаурап тұр |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Гимнастеркасының кеудесінің алақандай жері қою қызыл қан |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Мен шалқасынан аударғанша ақсары жүзінің қаны қашып |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
жоқ, қаны қашқанын байқай алмадым, тек манаурап тұрған жүзі кәдімгідей сөніп, қуарып кеткен бетінде күл түстес, сұп-сұр салқын сәуле ұйып қалды |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Ажал |
Шырағың сөнбесін
|
Тахауи Ахтанов |
|
Біраз қырғынға куә болсам да, ажалды дәл осындай жақын жерден бетпе-бет көргенім, оның түсін көргенім осы еді |