Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Анау бір күні біздің кемпір айтады, өтірік-шынын қайдам (кемпір далаға шығып кетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
) Қораның сыртына дәрет сындыруға шықсам, аппақ күміс шашы бар... (ойланып) иә, бейне бір қардан жасалғандай, сұп-сұңғақ, қыз тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шошынып шалқамнан құлап қалдым дейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол да мені көріп қолтығымнан көтеріп орнымнан тұрғызып, жанары мөлдіреп қарады да: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
«Елге, адамдарға сәлем айт, апа, енді мен ешқашан да адам болғым келмейді», – деп, зым-зия жоқ болып кетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жүзін анық байқай алмай қалдым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бетінде ақ торғын пердесі бар дейді бәйбішем. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әрине, мен сенбедім. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал, кемпірім: «Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп ант-су ішеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кемпір бір құшақ отыны бар қайта кірді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шалының сөзшең болып кеткенін жақтырмады білем: – Қақсамай, балаларға ұйқы бер, – деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Былтыр қыста елікке қақпан құрдым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Құдайдың құдіреті, қақпанға түскен елікті белгісіз біреу босатып жіберіпті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Адам дейін десем, жаңа жауған қарда ізі жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер түн ортасы ауа далаға шықсаң, біреу ән салып жүргендей сыңсыған дауыс естисің... Қызық, әйтеуір. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өз қызымызды да түн баласында ұзатпай, үйге қамап ұстайтын болдық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Анау... төр алдындағы бейнесі жіппен өрнектелген сол – Қар қызы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алмажанның ойлап тауып жүргені ғой... Нұржан қар қызының төрдегі суретін жаңа байқап, таңырқай қарады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Шынында да, ертек сынды ғажап дүние екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сол жұмбақ қыз менің де түсіме кіріп жүр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Алмажан да «түсімнен шықпайды, тіпті сырлас болып – кеттім», – дейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал менің түсіме бір рет те кірген емес, шырағым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мен бір нәрсеге қайран қаламын,– деді Нұржан майда қоңыр үнмен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шаршаңқы тартқан жүзі ала көлеңкелі үйде анық ажарын болжатпағанмен, осынау жас жігіттің ойшылдығын, әр нәрсенің байыбына бармай тынбайтын мазасыздықтың нышандарын сезуге болушы еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Насыбайын атып, малдас құрып отырған шалдың көкейін тескен Нұржанның жасына сай келмейтін көшелігі, сыпайы ашықтығы, балаша аңқау тазалығы-тын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
«Әттең, осындай ұлым болса», – деп арман қылар азаматың осындай-ақ болар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сиыршы өз-өзінен күрсінді де, жігіттің сөзіне ден қойды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қар басқан қатпарлы жота, қарағайлы ақ таулардың ортасында екі адам мекен етесіздер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айыртаудың күнгей бетінде – Қоңқай, теріскейде – Сіз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі түтін – екі басқа мінез, екі басқа тірлік... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осы бір, үш қайнаса сорпасы қосылмас мүлдем жат бөтендік арасын тау бөліп жатқан алтайды қойып, қаз-қатар автобуста келе жатқан қала халқында қаншалықты мол десеңізші... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мен оған әсте де таң қалмаймын, менің таң-тамаша қалатыным, Сіздің, ата, осынау иен жер ит арқасы қиян айдалада отырғаныңыз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңқайдың жөні бір басқа. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мен, шырағым, Қоңқай үшін отырмын, – деді сиыршы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Түсінбедім ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Түсінбейтін не бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол адастырады, мен тауып аламыи. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Монданақтай жердің бетін, бір жақсы, бір жамандық жайлаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал егер мен осы Айыртаудан көшіп кетсем, Қоңқай зәлімнің жеңгені ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осылайша аңдысып өмір жалғасады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тегінде, сенің де өз Қоңқайың бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Басқалардың да... – Қызық пікірекен, – деді Нұржан ойланып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алабарқын үйде күреңіткен жүзінде тағдырдың көп-көп қойнау, қалтарыстарын түсіне алмай, өз-өзінен көндігу, мезгілсіз жүдеу бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жатып, дем алсаңдаршы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әй, шал, ертегің аяқталса балаға маза бер,– деп кемпірі алая бір қарады да, ыдыс-аяқты жинастыра бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі жігіт кәперсіз ұйқтап жатыр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қазір-қазір, бәйбіше. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Төсегіңді қамдай бер, мен сенен бір нәрсе сұрайын деп едім, ұлым, – деді Нұржанға, |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Анау жігіт неше жаста? – Қайсысы? Анау, ұзын бойлы, сүйегі ірісі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ә-ә, Аманжан ба?.. Менімен жасты, жалпы, осы үшеуміз де даңқұрдаспыз – жиырма үштен астық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қартайып барамыз, ақсақал. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қарттықтың аулы сендерді қойып, мағанда алыс... Шешесі тірі ғой ана жігіттің? – Тірі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ аурушаң. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көп сөйлемейтін тұйық кісі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Құдайдың құдіреті, сол жігітті алғаш көргенде, жасарып кеткен Қоңқай екен деп қалдым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тура аузынан түсе қалғандай... – Сіз де қайдағыны айттыңыз-ау, ата. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кісіге кісі ұқсай бермей ме... Айталық, Бақытжан біздің ауылдың бастығынан айнымаса, бағана мені сізге ұқсайсың дейді жігіттер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Куәға тартар әкеміз жоқ, үндемей көне береміз, – деді күліп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мен сендердің ауылдарыңда екі-ақ рет болғанмын... Иә, адамға адам ұқсай береді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ менің ойыма осыдан жиырма төрт жыл бұрынғы бір оқиға түсіп отырғаны... Иә-иә, ол 1945 жылдың жаз айы болатын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Әй, заржақ шал, түн ортасы болды, жатсаңдаршы енді, деді кемпірі біржола кейіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Арғы бетте қалған ұлыңды енді іздеп отырсың ба?.. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қазір, бәйбіше, қазір... Күбір-күбір сөйлесер кісі таба алмай зерігеміз, ұлым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жылқы екеш-жылқы да күмбір-күмбір кісінесіп, сауырынын қасысар үйірін іздейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Азбан болып кетсек те Үлкен жерге қарап азынайтынымыз қалмаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– О не дегеніңіз, ата, айта беріңіз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мен тіпті тегіннен ұйқыға жоқпын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ол жақсы әдет. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
О дүниеде мәңгі ұйқтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйқтаған лазым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонымен осыдан 24 жыл бұрын кержақ аулы Огневкадан бір қыз жоғалды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бәріміз ат сабылтып іздеп таба алмағанбыз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Онда да дәл осындай қақаған қыс еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бір-екі жыл өткен соң, өліп қалдыға жорып қойдық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ кейін бір сыбыс естілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңқай үйіне қыстатып шығарған екен де, екі қабат болған соң, «Қоңқайлар ұрпағы көкек секілді, өз баласын өзгеге асыратып өсірмесе, жұрт тұқымын құртады» деп, арғы беттегі ауылға апарып тастаған екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тіпті, Қар қызы туралы аңыз сол кезден бері ел аузында... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ұйқыдағы Аманжан тісін шықырлата қайрап ары аунап түсті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қызық екен... – Нұржан Аманжанға үрке қарады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үй іші қоңыр, жаяу шам бірде өртейтіндей екіленіп, енді бірде өшетіндей әлсіреп жанып, шалқып тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бөренелі бөлмеде жібектей іңірлік сәт бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тау қуысындағы қыстақ жалпақ жаһанның ұмыт қалдырған жетім қозысындай бұйығы, ұйқы құшағында еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бәкін-шүкін шаруасын тамамдаған сіріңке қара кемпір жатар орын қамдады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ал, балалар, – деп қолын таянып, орнынан тұрды шал. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Шаршап келдіңдер, жатып демалыңдар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кескен теректей сұлап қалған екі досын түртіп оятып, далаға ертіп шықты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айыртаудың кепештігінен сығалаған ай нұр шаша бастапты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түн суық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үшеуі бірдей «ища-ай» деп тітіренді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Достары сып етіп, ит қабатындай үйге қайта кіріп кеткен соң да Нұржан сыртта көп тұрып қалған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қызық, біртүрлі ұйқысы келер емес, шаршағаны да білінбейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аяңдап қарауыта созылған қора жаққа барғысы келді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ жүрек құрғыр дауаламаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аяз қарыған тракторды бір айналып шығып, тағы да жас бұзаудың мөңіреген үні шыққан қора жаққа қарады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ербең еткен адамсыз жым-жырт дүние... Айнала аппақ қар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Таудың теріскейіндегі барағы – орман қорқынышпен түнереді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ағаш үйдің терезесінен жылтылдаған әлсіз сәуле әне, жалп етіп сөнді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тегі, кемпір керосині таусылып қалар деп сөндіріп тастаған болу керек. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан ертеңгі сапарларын ойлады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шалдың айтуына қарағанда тым алыс емес, осы ашамайлы өзекпен өрлей берсе Айыртаудың арғы тұмсығында ғана екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Күзді күні жер қарада келгенде бәр-бәрі мүлдем басқаша сықылды еді. |