Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Онда олар мынау Бекалқа деген қыстақты көрмеген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Басқа жолмен жүріпті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржанның бұдан әрі мелшиіп тұра беруге шыдамы жетпеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Күрең қабақпен түнерген тау арасынан қуалап үзіліп-үзіліп соққан суық жел өне бойын қалтыратып жіберіп еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кеше, иен таудың басында қалайша үсіп өліп қалмағандарына қайран қала есікке беттеген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Есіктің тұтқасынан енді ғана ұстай бергенінде өліктей сұлаған қора тұстан созылта шырқаған ән естілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сол тұтқаны шеңгелдеп ұстаған күйі қалт тұрып қалған ол ән әуеніне еріксіз құлақ түріп еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ай астында күміс нұрға шомылған еңселі таудың үрей ұялаған қойнауынан суырыла шыққан қыз даусы нәзік те еркін самғаумен түнгі ауада бозторғайдай шырылдап, іліне, мәңгілікке қатып қалғандай еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үміт пен қауіп кезек жеңіскен әннің қаяулы шырқаушысы кім? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әлде транзистор ма ойнап тұрған, әлде әлгінде ғана әкесі күрсіне еске алған сауыншы қыз алмажан ба? Кім болса да жалғыздықтан, өгей өмірден мұңдықты күй кешкен жанның жалыққанда, тілдесіп сөйлесер, сыбырласып сырласар адам іздеп шарқ ұрған көңілін әнмен әлдилеген, сабыр сақтап, сап-сап жүрегім деген өз-өзін жұбатуы, өз-өзін уатуы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тербетер кісі табылмай, өзін-өзі шайқап, ырғалып, өксіп барып ұйқтап қалар сәбидің әлсіз әрекеті секілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Осына оқыстан туған таңсық күй еліктіріп, солай қарай жетелегендей еді, бірақ табиғатынан салмақты жігіт, алыстан тыңдап, аяғын аттап баса алмады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сәл қимылдаса, жаңа ғана басталған әсем әннен айрылып қалардай, қаздиып көп тұрды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Неге екені белгісіз, оның көз алдына кеше түнде «тұр-тұрлап» оятқан Қар қызы елестеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әлде ән салып, аппақ нұрда жүзіп жүрген сол – Қар қызы шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ән толастап, үйге кіріп, төрге төселген төсекке жатқан соң да, әлдекімді тосқандай елегізіп, көз шырымын ала алмады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі досы мен шал-кемпір мұрындары пысылдап, терең ұйқыға кеткен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Темір пешке жатарда ғана толтырып отын салып қойған секілді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
маздап, шоқатыпжанады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үй ішіалагеуім. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Іргедегікөгершіннен «кілемі» бар ағаш төсек бос тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан дәл сол ағаш төсектің түбінде еденде жатыр еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шалдың осы ертекке бергісіз әңгімесін тыңдағанда, Нұржанның жүрегін «әттең, сол Қар қызын бір көрсем» деген қиял тербеген, әрі өзінің жебеушісі санаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Іштей аңқау көңілмен иланған да. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
«Егер өтірік болса, мені үсікке шалдырмай түнде түртіп оятқан қыз кім?» Қазір, сол Қар қызын сағынғандай арманды ойда жатыр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бәлкім, әлгінде ән салған алмажан емес, ол Қар қызы «шығар... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол да мүмкін,– бұл жалғанда мүмкін емес нәрсе бар ма?.. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бәлкім, шалдың Қар қызы деп сандырақтап жүргені жалғыздыққа шыдай алмай күйіп-жанған соң, жалаң аяқ, жалаң бас, аппақ іш көйлегімен далаға атып шығып, тізеден қар кешіп, алаулаған ыстық жалынын мұздатып, ән салатын өз қызы – Алмажан шығар... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол да мүмкін; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
бұл әлемде мүмкін емес нәрсе бар ма, тәйірі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өң мен түстің, ұйқы мен ояудың арасындағы жұмбақ хал... пештің оты маздап жанады, шал оянып кемпіріне күбірледі: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Алмажан бүгін кешікті ғой, жарығым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алмажан кешікті ғой... Алма-а-жан... Айнала аппақ қар... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тізеден қар кешіп, ән салған Қар қызы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан елегізеді, сағынады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жоқ, сағынбайтын, сағымдай ұстатпайтын әлденені іздейді, үміттенеді; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жүз жыл өтер, мың жыл өтер, Нұржан, әйтеуір, сол Қар қызын іздеп таппай қоймайды... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
әлі де шегіне түс деген белгі жасап үлгерді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал өзі шананың зілдей ауыр темір мұрындығын мықшыңдап көтеріп, ілгешек тесігіне дәл келтірді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қарды тепкілеп тиекті іздеп еді, таппаған соң, дауыстады: – Гусеницаның палцысын әкелмесең, тиек жоғалып қалыпты, – деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан лақтырған саусақ темірді тесікке тығып, балтамен ұрып кіргізді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Одан соң, көз ілеспейтін шапшаңдықпен кабинаға қайта секіріп мініп: – Бісмілла, ал аттандық! – деп көзінен от шаша алға қарады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кешеден бері ит әуреге түсірген кері баққан шананы сүйреген ДТ-54 еңіске қарай құйрығына шелек байлаған атша зымырай жөнелген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тәулік бойы өлім мен өмірдің арасында өткен асқаралы күреске мойымағандар... жеңіске жетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Олардың ендігі мақсаты – Айыртаудың арғы етегіндегі Огневка аулына ілігу. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонда түнеп шығып, жөн сұрап, күзден қалған шөптің негізгі жобасын табу. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сөйтіп, бір мая шөпті шанаға ыңырандыра тиеп, асу арқылы емес, ауыл-ауылдың арасын қосып жатқан күре жолмен шеңбер жасап айналып, есі барында елін табу. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әрине, ұзақ та болса – қысқа жол тек сол болмақ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шананы Аман-есен тіркеп алып, көңілдері хош қалпымен жоғарыдан төмен құлдилағанда Аманжан бағанағы орнында әлі жатыр еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонадайдан қарағанда, қар үстінде қарайған адамды тірі деп, топшылау мүмкін емес. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алғашында ашумен, қырсығып жатқан шығар деп мән бермеп еді, тіпті тура қасына келгенше қыбыр етпеген соң, шошынысып қалған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мертігіп қалмасын, – деді Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сүйек сындырар соққы менің қолымнан қайдан келсін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Монтансып жатқан шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ДТ-54 – тапалап кетердей болып, тұмсығының алдына келіп тоқтағанда да Аманжан тырп етпеген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сол, алысқа... қар басқан таулардан жоқ іздегендей, қадала қарайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кабинаның есігі ашылып, Нұржанның басы қылтиды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Тұр енді, астыңнан суық өтеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кеттік, – деп дауыстады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аманжан үндеген жоқ, бедірейген қалпы – сұп-сұр болып жата берді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Трактордан қарғып түсіп, қасына келген Нұржанға назар салмады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қолынан тартып: – Жүр деймін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өкпеге қисақ та, өлімге қиямыз ба бір-бірімізді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ағаттық сенен де, бізден де кетті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кінәласар тұс бұл емес. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұл кезде Бақытжан да шыдай алмай жетіп келіп қалып еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Битке өкпелеп тонымды отқа салмаймын, – деп керги тұрды орнынан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ Аманжанның, осыншалық, аяғының басын қайқайтып кімге бұлданатынын екі жолдасы түсіне алмады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сондықтан да әлгі бір ауыр сөзі көңілдеріне келмеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үйден үшеу болып шығып, екеу болып оралу мүмкін емес, ертең Аманжан олай-бұлай болып кетсе, тағы да екеуі жауап беретіні шәксіз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ендеше, Аманжан бұлданбағанда – кім бұлданады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ аққу, шортан, шаяндай әрқайсымыз әр жаққа тартып, шалқасынан түсер шатаққа баруға құқымыз бар ғой. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тым құрығанда осыны түсінбегені ренжітіп еді Нұржанды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзінің жүрегі бос, тым-тым көңілшек, ақша қардай тазалығына тұңғыш рет жыны келді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аманжан тракторға керенау көтеріліп, үйреншікті орнына шалқалай жайғасты да, көпке дейін әңгімеге араласпай томаға-тұйық оңаша отырды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ең алғашқы сұрағы да түйеден түскендей еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ей, ляуқи, – деді Бақытжанға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұрын аяқ алдында, темір жәшіктің үстінде бүрісіп, қалғып отыратын оны аяғымен бүйірінен түртіп қалушы еді, бағанағы соққы есінен әлі кете қоймаған секілді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сен... оқтай атылған шапшаңдықты, кереметтей ауыр соққыны қайдан үйрендің?.. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мойнын ішіне алып, трактор ырғағымен басы изектеп отырған Бақытжан мырс етіп күліп жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қайдағыны сұрайсың-ау. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қалай атылғанымды, қалай, қай жеріңнен ұрғанымды өзім де білмеймін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сенің аузыңнан өмір бақида естімеген сөзің шыққанда, миым ып-ыстық болып кетті де, бір тылсым күш орнымнан жұлып алып, лақтырды да жіберді... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сенбеймін, – деді Аманжан темекі іздеп, қалтасын қарманып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бәрібір сенбеймін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан үйреткен шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екеуің маған жабылу үшін ертеден дайындалып жүргендеріңді сезуші едім. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ондай арам пиғылға барма, – деді Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сенде бес бересі, алты – Аласымыз бар ма. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жоқ болмаса, әкемізді сен өлтіріп пе едің... – Рас-ау,– деп қалды Бақытжан қопаңдап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айнала аппақ қар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қақаған аяз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ДТ-54 – еңіске қарап, табанынан қар боратып зырлап келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алыстан, қар шағылдардың арасынан... сыңсыта салған, мұңлы ән еміс-еміс естілгендей... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айыртаудан батыс жақ сайлауына ілінгенде сонадайдан қараңдай жүрген адамның сүлдесі болжанды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үшеуінің де көздеріне жас ала қуанған сәті осы еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ақ қар, көк мұздың ортасында адасып, сергелдеңге түскен азапқа толы күндер мен түндердің алғашқы адамын аймалап, сүюге бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ура, әкіри! – деді жас балаша мәз болған орнынан қарғып тұрып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Басын кабинаның аласа төбесіне тоқ еткізіп соғып, тілін тістеп алса да ауырсынбады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Құмардан шыға бір рет сорар шайы бар болса, не арман... Өкінішсіз көз жұмар едім. |