KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әй, қайдам, шылымыңды езуге қыстыра сала тамақ, қыз іздер ме едің.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бақытжан бұл болымсыздау қалжыңыма ашуланып қалмады ма деп бетіне жалт қараған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ оның тоттанған қара күрең жүзінде майда ғана жымиыс бар екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол да ғажап емес, пенде дегенің мәңгі қанағатсыз ғой, – деді салмақпен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан болса трактор құлағымен алысып отырып, екі досының жалғыз-ақ күнде күрт өзгерген мінезіне қайран қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жігітгер жақындағанда тотияйындай көкпеңбек шөпті күрт-күрт жеп, кәперсіз тұрған ат қос құлағын тіге осқырынып еді, иесі қолындағы күрегін тастай бере ұмтылып, тізгінге жармасты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қардың астында жұмыртқадай жұмырланып жатқан отау шөптің қарын жартылай ашып, шанаға бірер айыр тастап үлгеріпті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Трактордан қарғып-қарғып түскен соқталдай үш жігіт жарыса: – Ассалаумағалейкум! – деп жамырай Амандасты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алпысты алқымдаған мұртты адам алғашында көктен құлағандай сап ете қалған жолаушылардан сескеніп қалғаны рас еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жау емес, ұрымтал келген ұры емес, уыздай ғана жас қазақ балалары екеніне көзі жеткен соң, қарсы жүріп, қолын беріп есендесті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Иә, жол болсын, шырақтарым, қайдан жүрсіңдер? – Сіздерге көрші Қарағай ауданының жұмысшыларымыз, Фадиханы асып, күзден қалған пішенді алып қайтуға келеміз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жөн, жөн,– деді ол күрегін қайта алып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бірақ қыстыгүні Фадихадан тура тау асып түсер жол жоқ еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қалай ғана қамалып қалмай шықтыңдар? – Ендеше, сол жолды біз салдық, ақсақал, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Шынында да, бұларың ерлік екен, – деді ол.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алақанына шырт түкіріп, маяның қарын тазалауға кірісті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бұл жолмен қыстыгүні бұрынды-соңды ешкім жүріп көрген жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Түнде қонған үйдің иесі: «Осы Айыртаудан асуға болады;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

жол сайрап жатыр, мен алдыңғы күні ғана-ақ қарап келдім»,– деп жөн сілтеген соң жол қысқартайық деп тәуекелге басып едік, адаса жаздағанымыз рас, ақсақал, – деп, Нұржан шынын айтты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шал мұртын сипап, басын шайқады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жөн сілтеген адамның аты-жөнін білесіңдер ме? – Білмегенде.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол кісі бізді таң атқанша тұтқында ұстады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Есімі – Қоңқай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әй, атаңа нәлет-ай! – деді шал бір күрек қарды құшырлана лақтырып жіберіп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Осыдан үш-төртжылбұрынтағыбірқызды алдап, анау құзардың шатқалында ат-шанасымен қатып қалып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мысық тілеуінен айнымаған деші.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қонған кісіден ақы алатын ауруы да қалмаған шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол жалмауыздың маңдайына адамды алжастыруды жазған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қоңқай адастырады, мен тауып аламын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өзіне өкіметтің де, құдайдың да тісі батпай-ақ қойды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Беріп едік алмады,– деді Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұдан соң, трактордан өз күректерін әкеліп, шалға көмектесе бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді шалдың күрегіне Нұржан жармасты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– «Жақсы» кісі екен... – Рақмет, шырақтарым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Олшалғақұдайбірдеңеберейіндеген екен... – деп белін жазған ол әлі де Қоңқайдың иттігіне налыған сыңаймен:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Асудың дәл аузында жалғыз үй боп отырып алады да, әрі-бері өткен жүргіншілерді теспей сорады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Маған салса баяғыда атып тастар едім, құтырған иттей қыңсылатып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сендер шөп үйген жерден сәл қиыс, батысқа ойысып кетіпсіңдер,– деді көзін сығырайта тауға қарап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бүгін біздің үйге еру болыңдар, ертең ерте өзім ертіп апарамын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мықынын таянып тұрған Аманжан: – Ей, шал, темекің бар ма?– деді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жоқ, шырағым, насыбай атсаң берейін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Боқ жаман емес, жоқ жаман» депті қарға, – деді де шалдың шақшасына қол созды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әй, шырағым,– деді шал жап-жас жігіттің тік сөйлегенін жақтырмай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қызымды алмасаң, алма, бірақ жамандама деген сөз және бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Оның сондай – әкесіндей адаммен қалжыңдасатын әдеті бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әсіресе шалдарды көрсе, көзі қанталап шыға келеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бақытжан жуып-шайған болды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әзілің жарасса, атаңмен ойна.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Көңіліме дік алып тұрған жоқпын... Е, қалай екен, бәлем.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді ішің өткенше түшкіресің... Мұрнына атқан насыбайды сіңбіріп, түшкіріп-пысқырған Аманжанға бәрі мазақтай зілсіз күлді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Насыбайы құрысын, – деді ол тынышы кетіп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Танауым қаңсып түсіп қалса да, жолайтын дүние емес екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өзіңе де сол керек, әкіри, – деді Бақытжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Кешегі менің есемді ақсақал қайтарды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ақылың енді кірген шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ата, (бұл сөзді Нұржан айтқан) ат-шанасына шоқайтқанша –

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– бір отау пішеніңізді трактор шанасына бір-ақ тиесек, әуре болып қайта-қайта келіп жүресіз бе? – Қайдан білейін, қарағым, өздерің жол сорып, аяз сорып шаршап келесіңдер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Түк етпейді, кімдерге кетпеген есіл еңбек.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бұл сөзді есін әрең жиған Аманжан айтты;

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қарап тұра беруді әбес көрді ме, ол да амалсыз күрек алды қолына.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жақындат тракторды, – деді Бақытжан шіреніп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ұрыста – тұрыс жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сойталдай үш жігіт және шал бір отау шөпті трактордың бөренеден қиып жасаған дәу шанасына әп-сәтте тиеп алды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Алыстан, қар шағылдардан естілетін мұңлы ән, бірте-бірте жақындай түскендей...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айыртауды етектеп қыстаққа келіп жеткенде көз байланған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шанадағы шөпті қораға түсіріп, трактордың суын ағызып, жалғыз бөлмелі сығырайған терезесі бар ағаш үйге кіргенде, қас қарайып, көз байланған, бұл үй үш жігітке кең сарайдай көрінді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ықтасынға салынған қыстақта жұпынылау өмір болғанымен, үлкен жүрек, кең пейіл аңғарылған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұл жердің құлаққа ұрған танадай тыныш тірлігін тек ұзыннан-ұзақ созылған жабық қорадағы мөңіреген сиыр мен бұзаудың азан-қазан үні бұзады екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұл жердің тағы бір ерекшелігі – қыстақ жанынан буы бұрқырап, жылып ағар бұлақ, бойы тал-терекпен көмкерілген және оңтүстіктегі биік таудың теріскейі – Ағашты, тегінде, Алтайдың қалың орманы осы тұстан басталатындай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Егер дәл осы қыстақтан тұп-тура солтүстікке бет түзесеңіз, атақты ХАТЫНЬ өзеніне ат басын тірейсіз, ар жағы россия.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Ішкері жақ» деп аталар бұл өңірдің ала-бөтен ерекшелігі де сол – Алтайдың басқа жерлеріндей емес, әзірше құйқасы бұзылмаған тың: аяз аз тиген, ағашы мен аңы да әзірге Аман.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қысы қатал, жазы жайсаң таудың тағы табиғаты техника ырқына көніп, бағына қойған жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соңғы құрғақшылыққа ұшыраған үш жылда сонау Бұқтырма бойын жайлаған тамам ел қиындығына қарамастан мал азығын дайындап, шамасы жеткенше тасып әкетіп жүр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Келімді-кетімді кісі мен жолаушылардың жаққан отын сөндірмей, осына шалғайдағы Алтайдың сыңсыған жынысы талай рет өртке шалынды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өткен жазда мұқым тегіс жанып, жүздеген солдат келіп әрең өшірген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дегенмен соңғы бес жылда жарықтық ішкі Алатайдан да күй кете бастап еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алқа-қотан қоғамдаса дастарқанға отырғанда үй иесі шал айтты:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үлкен Нарын ауданының ең алыстағы қыстағында біз отырмыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бізден ары ел жоқ – иен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ел жоқ дегенде мүлдем адамсыз емес, таулы алтай өлкесіне дейін ара-тұра аңшылар кездеседі немесе бұл жердің табиғатын қызықтап жүрген туристер жаз айында шұбырып жатады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ағаш үйдің тері қаптаған есігін сықырлатып кіріп-шығып шәй жасап жүрген кемпір аса пысық адам емес секілді-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бәлкім, қарттықтан ба, мүмкін, салақтықтан ба, түтіні басылмаған ескі жез самаурынды әрең дегенде қайнатып әкеліп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ішіп-жемнің берекесі де онша болмады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бір жарым тәулік нәр татпай, үсіп-жығылып келген үш жігіт жылы үй, құрт-ірімшік қосқан ыстық шайдың өзіне масайып, терлеп-тепшіп өлердей сораптаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әрі-беріден соң, манаурап, ұйқылары келе бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әсіресе мұрнының үсті шып-шып терлеген Бақытжан қалғып кетіп, қолындағы кесесін түсіріп ала жаздайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Адам баласы көрге кіргенше не көрмейді, шырақтарым,– деп, шал шалқалап жүкке арқасын тірей отырып насыбайын баппен атады,– бәрі де тіршіліктің қамы, үйреніп кеткендіктен бе, мал бақпасақ отыра алмаймыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қолына қарап, асырап-сақта деп бұлданып жатып алар ұлымыз жоқ, жалғыз қызымыз бар, оған да обал болды, шырғалап бізді тастап ешқайда кете алмайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оған да обал... Иә, өлмейін деп өкпе жеген заман да... Әй, кемпір,– деді сонсоң дауыстап,– Алмажан бүгін кешікті ғой, жас бұзаулармен алысып жүр-ау, жалғызым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тек Нұржан ғана болмаса, ана екеуі шалдың әңгімесін зауықсыздау тыңдады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан бағана жантайып жатып қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан, ол да шұлғып, екі көзі қанталап, үсік денесін ашыта ма қыржиып мазасы болмай отыр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұрыш жақтағы темір пештің оты маздай жанып, екі бүйірі нарттай қызарып кеткен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Болар-болмас сәуле шашқан шаңырақсыз шамның жарығы ала көлеңке үйдің мұңлылау шырақшысы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Іргеде ескі ағаш төсек тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол төсектің басына қыздың киім-кешегі ілінген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал әлгі төсек тірелген қабырғада ақ матаға кестеленіп салынған көк кептердің суреті қағылған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржанның ойын айтпай-ақ оқығандай шал: – Алмажанның көгершіні ғой, – деді қанатқа қағылған суретке қарап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жарығым, өзі де тордағы құс секілді жалығады.
Көрсетілді: 5000 / 47388