Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Санчо Дон Кихотқа жүрек жалғап алар уақыт болғанын құлаққағыс етті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот оған әзірше зауқы жоқтығын, ал Санчоның қашан көңілі соқса сонда тамақ іше беруіне болатынын айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Рұқсат тиген бойда Санчо есегіне ыңғайын тауып жайғасып отырып алды да, қоржындағы азықтарын шығарып, асықпай тамақ жеуге кірісті; қожайынының соңынан сылбыр аяңмен ілесіп келе жатқан ол торсықтан деміл-деміл сіміріп отырды және сүйсіне қылқылдататыны соншалық, тіпті оған малагалық трактиршілердің өзі де сұқтанарлықтай-ақ еді, ал оларда шарап дегеніңіз судай ағып жатыр ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осылай жайлап жұтып қойып отырған шақта Дон Кихоттың үйіп-төгіп берген уәдесінің бәрі Санчоның басынан бу боп ұшып кетті, ал шытырман, тіпті қатерлі болуы да ықтимал, оқиғалар іздеу әрекеті ендігі жерде мехнаты мол міндет тәрізді көрінбей, таусылмас-бітпес қуаныш секілді көріне бастады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл түнді олар ағаш саясында өткізді; Дон Кихот бір ағаштан қураған бұтақ сындырып алып, оған темір ұштықты кигізді — сөйтіп, найзаға ұқсас бірдеңе жасап алды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Кітаптардан оқып білген, ормандар мен шөл-шөлейтті далаларда жүрек әміршілері жайындағы армандарын азық қылып, талай түнді ұйқысыз өткізген рыцарьларға барлық істе бірдей ұқсап бағуға тырысқан Дон Кихот та түні бойы кірпік ілмей, аяулы аяшы Дульсинея жайында ойлаумен болды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Санчо Пансаға келсек, ол түнді тіптен басқаша өткізді: қарнын цикор суынан гөрі бөлектеу сусынға мелдектете толтырып алған соң таң атқанша тұяқ серіппеді, әжептәуір биікке көтерілген күннің сәулесі бетінде ойнап, торғай біткен жаңа таңды көңілді шырылмен қуана қарсылап жатса да, Дон Кихот келіп оятпаса, оның әлі де талай уақыт ұйқы соғар түрі бар еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөйтіп ақыры ұйқыдан тұрған, тұрған бойда торсықтан бір жұтып алған Санчо оның кешегіге қарағанда азды-кем жүдеңкіреп қалғанын байқады; бұл көңілін әжептәуір пәсейтіп тастады, өйткені оны таяу арада толықтыруға мүмкіндік туа қоймайтынын білетін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот таңғы астан да бас тартты — бұрын айтып өткеніміздей, ол тек тәтті армандарды ғана азық қылатын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Екеуі жолға барып түскен соң, түс ауа, сағат үштер шамасында алыстан Лаписе шатқалы көлденеңдеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Осы арада, бауырым Санчо, — деді шатқалды көзі шалған Дон Кихот, — не қилы шытырман оқиғаға кеңірдектен келгенше тоятын боламыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ, ескертіп қояйын, маған қандай қатер төнсін мейлі, семсеріңді қынаптан суырушы болма, ал егер құл-құтандар, осынау нәсілсіз найсаптар, шабуыл жасап жатқанын көрсең, онда көмектесуіңе болады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Егер де бұлар рыцарьлар болса, онда, рыцарьлық қағидаларында көрсетілгеніндей, рыцарь қатарына әлі қабылданбағаның себепті маған болысуға да тиіс емессің және оған ешқандай қақың да жоқ. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл жағына қам жемей-ақ қоюыңызға болады, сеньор: айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын, — деді Санчо. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Оның үстіне мінезім жұмсақ адаммын: жағаласа кету, ұрыс-керіске араласу дегендер маған жат нәрсе. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, енді біреу-міреу өзі кеп тиісіп жатса, онда мен, шынымды айтайын, рыцарьлық қағида-ереже дегендеріңе қарамаймын: өйткені, жаратқан иеміздің де, адамзат баласының да заңдары қорғануға ешкімге тиым салмайды ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл айтқаныңмен әбден келісем, — деді Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Маған тек рыцарьлар тап берген жағдайларда ғана өз табиғи тілегіңді тежеуіңе тура келеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Міндетті түрде тежеймін, — деді Санчо, — бұл әміріңізді жексенбі күнгі демалыс секілді айрықша қастерлейтін болам. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Олар осылай әңгіме-дүкен құрып келе жатқанда алдарынан түйеге мінген екі бенедиктілік монах бой көрсетті — қашырларының шамадан тыс ірілігі сонша, бұларды түйеге мініп келе жатты деп айтпасқа әддің жоқ-ты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Монахтар жол көзілдірігін киіп, қол шатыр көтеріп алыпты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жаяулатқан екі малай қашыр айдап келеді; ал артта әлде төрт, әлде бес салт атты нөкері бар күйме келе жатыр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Кейін белгілі болғанындай, күймеде Бискаяда тұратын ханым отырған-ды — ол Севильядағы күйеуіне бара жатқан, күйеуі болса өзіне аса бір құрметті мансап берілгелі тұрған Америкаға аттанбақшы болатын, ал жаңағы монахтар ханымды шығарып салушы емес, кездейсоқ ұшырасқан серіктері еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ, Дон Кихот оларды көрген бойда атқосшысына қолма-қол былай деп мәлім етті: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қателеспесем, бізді үш ұйқтасаң түсіңе кірмейтін бір ғажайып шытырман оқиға күтіп тұр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әне бір алыстан бой көрсеткен қара-құра құбыжықтардың сиқыршылар екенінде күмән жоқ: олар принцессаны алып қашып, күймеге отырғызып әкетіп барады, енді мен қайткен күнде де осынау қара ниеттілердің ойын іске асырмауға тиіспін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Апырай, мұның нәтижесі жел диірмендермен болған жағдайдан да жаман боп шықпаса игі еді, — деп абыржыды Санчо. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Жә, қойсаңызшы, сеньор, бұлар бенедиктілік ағайындар ғой, ал күймеде әлденендей бір саяхатшылардың келе жатқаны кәміл. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Расы сол, мейірбанды мырзам, айтқанымды тыңдап, райдан қайтыңызшы, әйтпесе тағы да шайтан түртіп шатаққа шырмалуыңыз ғажап емес. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Айттым ғой саған, Санчо, шытырман оқиға дегеннен сен әлі мүлдем мақұрым адамсың, — деді наразы Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Айтқаным айдан анық, оған қазір-ақ көзің жететін болады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол арада ол ілгерірек озып кетті де, жолдың қақ ортасына барып тұрды, сосын монахтар өзін еститіндей жерге жақындағанда қатты дауыстап: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Құтырынған құбыжықтар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Күймеге отырғызып күштеп алып бара жатқан асыл текті принцессаларды қолма-қол босатыңдар қане! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Олай болмаған күнде зұлымдықтарыңа лайықты жаза беріледі: табан астында жан тапсыруға дайындалыңдар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Тізгін тартып тұра қалған монахтар Дон Кихоттың сүдіні мен сөзінен үрейлері қалмай, былай деп жауап қатты: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сеньор кавальеро! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Біз құтырынған құбыжық емеспіз, бенедиктілік |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
иноктармыз , өз шаруамызбен кетіп барамыз, ал күймеде қолды болған |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
принцессалар бар ма, жоқ па — одан мүлдем бейхабар адамбыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Тәтті сөзбен алдарқата алмайсыңдар мені. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мен сендерді, екі жүзді сұрқияларды, баяғыдан білем, — деді Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сосын жауап күтпестен Росинантын шпормен тебініп жіберіп, найзасын көлденең ұстаған қалпы, ашудан жарыла жаздардай боп әлгі монахтардың біріне қарай өжеттене ұмтылды: егер анау қияметтің алдын алып қашырдан құлай кетпегенінде Дон Кихот оны бұған күшпен мәжбүр етер еді, оған қоса оны ауыр жарақаттап, бәлкім тіпті өлтіріп те жіберген болар еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Серігінің қандай кепке тап болғанын көрген екінші монах ырыққа көнгіш қашырының бүйірін өкшесімен бір теуіп желдей есіп заулай жөнелді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол екі арада есегінен жедел секіріп түскен Санчо Панса жерде құлап жатқан адамға жетіп барып, үстіндегі киім-кешегін шеше бастады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Оныңыз қалай, сеньор, не деп тұрсыз! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп бала дауыстап жіберді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қожайыным — ешқандай рыцарь емес, ол еш те бір рыцарьлық орденге жатпайды — бұл Кинтанар деревнясындағы ауқатты шаруа Хуан Альдудо ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Онда тұрған дәнеңе жоқ, — деп тойтарды оны Дон Кихот, — Альдудо әулеті де рыцарь бола алады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның үстіне қандай адамды да оның ісіне қарап бағалаған жөн. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бұл дұрыс, — деп келісті Андрес, — бірақ олай болса, маңдай теріммен тапқан еңбек ақымды төлеуден бас тартып тұрған мына кісіні қалай бағалауға болады? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Андрес бауырым, мен бас тартып тұрмын ба? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп шаруа тағы сарнап қоя берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Нең кетіп барады, жүрсеңші бірге — жер бетінде қойша өрген қанша рыцарьлық орден болса, соншасының атымен ант етейін, әлгінде айтқанымдай, алашағыңды соқыр тиынына шейін қалдырмай қуана-қуана санап берем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қуанбай-ақ қоюыңызға болады, — деді Дон Кихот, — тек оған берешек ақшаңызды төлесеңіз болды: басқа ештеңе де қажет емес. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бірақ, анттан таюдың арты жақсы болмайтынын біліңіз: ондай жағдайда, сол жаңағы анттың атымен ант етейін, сізді іздеп тауып алам да, сазайыңызды тарттырам: тіпті кесірткеден де асқан ептейлі болсаңыз да, қайда барып жасырынғаныңызбен бәрібір таппай қоймаймын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Егер де бұл бұйрықты кімнен алғаныңызды білгіңіз келсе, оны бар ынты-шынтыңызбен жан сала орындауыңыз үшін айтып қояйын, мен — жәбір көргендер мен қыспаққа түскендердің қорғаны, айбынды Ламанчалық Дон Кихотпын! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ендеше, саушылықта қала беріңіз және уәде етіліп, антпен бекітілгенді ұмытушы болмаңыз, төбеңізге төніп тұрған аса ауыр жазаның қатерін әрқашан қаперде ұстаңыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы сөздерді айтып, ол Росинантты бүйірден шпормен бір тебініп, шоқырақтап ұзай берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Соңынан қарап тұрған село тұрғыны оның тоғайдан шығандап, көз таса болғанына көз жеткізгеннен кейін малайы Андреске еңсе бұрып: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Кел бермен, балам! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әлгі жәбір көрушілердің жоқшысы берген әмірді орындайын, қарызымды өтейін саған, — деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Оған титтей де күмәнім жоқ, тақсыр, — деді Андрес. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мейірбан рыцарьдың, жасаған иеміз оған мың жылдық ғұмыр бергей, әмірін орындау өз мүддеңіз үшін өте тиімді болмақ; ол сондай батыр әрі сондай әділ адам, егер ақымды төлемесеңіз, әулие Роке атымен ант етейін, ол міндетті түрде қайтып оралып, айтқан сөзін айнытпай орындайды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Менің де бұған титтей шүбәм жоқ, — деді шаруа, — бірақ сені сондай жақсы көрем, қарашығым, сондықтан кейін көбірек қып төлеу үшін саған тағы да біраз қарыз бола түскім келеді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол арада ол баланы шап беріп қолынан ұстай алды да, қайтадан еменге әкеп таңып, белбеумен шалажансар халге жеткенше шықпыртты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Ал, енді жәбір көрушілердің жақтасын шақыра беріңіз, сеньор Андрес, оның сізге қалай жақтасқанын көріп алайын, — деді шаруа. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Бірақ, өз ойымша, сізді онша қатты жәбірлемеген де сияқтымын — бағзыда өзіңіз айрықша қауіп білдіргендей, теріңізді тірідей сыпыруға қолым қышып-ақ тұр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дегенмен, ақыр соңында ол шығарған үкімін орындауы үшін аталмыш әділ қазысын іздеп таба қойсын деп баланың байланған жібін босатып, жөнін табуға кеңшілік етті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қабағын қарс жапқан бақташы балақай кетіп бара жатып айбынды Ламанчалық Дон Кихотты қалайда іздеп табатынын, қарызын еселеп қайтаруға қожайынды мәжбүр етуі үшін оған болған жайдың бәрін егжейлі-тегжейлі жеткізетінін айтып ант етті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қалай болған күнде де, Андрес еңірей жылап кетті, ал қожайыны болса мысқылдай күліп қала берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жәбір көргенге осылай жәрдемдескен, бұл оқиғаны рыцарьлық ерлік істерінің керемет те бақытты бастамасы іспетті сезініп, қуанышы асып-тасқан, өзіне-өзі айрықша ырза Дон Кихот бұл кезде туған селосына қарай бағыт ұстап, өзімен өзі күбірлей сөйлесіп келе жатыр еді: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Енді өзіңді қазір жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан барлық әйелдің ішіндегі ең бақыттысымын деп атауыңа заңды қақың бар, беу, сұлулардың сұлуы Дульсинея Тобосская! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Тағдырдың жазуымен осынша жаужүрек, осынша мейірбан және қазір қандай болса, болашақта да әрдайым сондай бола беретін рыцарь Ламанчалық Дон Кихот сенің барлық қылтың-сылтыңың мен көңіліңнің қалауын бір сөз айтпай, бұлжытпай орындайтын адамға айналды; оның рыцарьлық орденге кеше ғана өткені барша жұртқа мәлім, ал бүгін ол жауыздық пен жалғандық бірігіп туындатқан, бұрын болып көрмеген шектен тыс зұлымдық пен шектен тыс заңсыздықтың тамырына балта шапты — сөйтіп, бұл жолы ешқандай айып-кінәсі жоқ жасөспірімді азаптап жатқан қанқұйлының қолындағы қамшыны жұлып алды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы тұста ол төрт жолдың торабына жақындап та қалған, сол-ақ екен оның көз алдына жол айырығына келіп тоқтап, қай жолға түскен жөн дегеннің төңірегінде ой кешіп тұрып қалатын дағдысы бар кезбе рыцарьлар елестеп кетті; соларға еліктеп бұл да осы арада әрі тұрып, бері тұрып, ақыры, ақылға сала келіп, тізгінді босатып Росинанттың қалауына бағынғанды хош көрді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Росинант болса, әу бастағы ой-ниетінен айныған жоқ, яғни ат қорасына тура бастап апаратын жолды таңдады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы жолмен екі мильдей12 жерді артта қалдырған Дон Кихот қараң-құраң көп адамның тобын көзі шалды: кейін анықталғанындай, бұл жібек сатып алмаққа Мурсияға бара жатқан толедолық саудагерлер еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Олар алтау екен, қол шатыр ұстап, атқа салт мініпті, жандарына жеті малай ертіпті, бұлардың төртеуі атқа мінген, үшеуі жаяу-жалпылап қашыр айдап келе жатыр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұларды көрген бойда Дон Кихот тағы бір тосын оқиғаға жолығатын болдым-ау деп қалды; сөйткен соң, романдарда осындай жағдайларда атқарылатын әрекеттерден мүмкін болғанынша алшақ кетпеуге ниеттенді, сондықтан сондай іс-қимылдың бірін тап қазір осы жерде тындырған орынды деп тапты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол мақсатта үзеңгіге шірене бой түзеп, найзасын қолына қыса ұстап, қалқанын алдына тосып, жан баласынан ықпайтын, жан баласын елемейтін кейіппен жолдың қақ ортасына келіп тоқтап, кезбе рыцарьларды, — толедолық саудагерлерді ол осындай жарандар санатына қосып та қойған-ды, — тосып тұрып қалды; аналар өзін көріп, сөзін еститіндей жерге жақындаған кезде Дон Кихот айқаса кетуге әзір кейіпке еніп, дауысын қатайтып: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сіздер, қанша болсаң соншаң, сол тұрған жерлеріңнен тырп етпеңіздер! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Барлығыңыз, қанша болсаң соншаң, жер бетінде нешеме айдай сұлу ару болсын мейлі, бәрінен де ламанчалық патшайым Дульсинея Тобосская артық екенін мойындағанша солай тұрыңыздар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл сөздерді естіген және мұны айтып тұрған адамның ұсқынсыз түр-сықпытын көрген саудагерлер тоқтай қалды; сөзі мен сүдініне қарап бұның есуас екенін сол бойда-ақ сезгендерімен саудагерлер өздерінен талап етілген әлгіндей мойындаушылықтың бұған неге керек бола қалғанын білмекке құмартты, сөйтіп араларындағы сайқымазақтыққа бейім әрі құдай ақылдан кенде қылмаған біреуі: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сеньор кавальеро! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өзіңіз айтып тұрған құрметті ханымның кім екенінен |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
біздің еш хабарымыз жоқ қой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бізге оны көрсетсеңіз етті, егер ол өзіңіз мәлімдеп тұрғандай шын мәнінде де асқан сұлу болса, онда әміріңізді ықыласты да ерікті түрде орындап, осынау ақиқат шындыққа бір кісідей куәлік етер едік, — деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Егер оны сіздерге көрсетер болсам, — деді наразы Дон Кихот, — күмәнсіз шындыққа куәлік етудің сіздерге қандай қиындығы болмақ? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әңгіме де сонда — көрмей-білмей-ақ сенуде, куәлік етуде, мақұлдауда, серт етуде және қорғауда болып тұр ғой, өйтпеген жағдайда, сіздерді, өзімшіл менмен тобыр, айқасқа шақырам. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Рыцарьлық жарғының талабына сай бір-бірлеп шығуыңызға да немесе, азғындық іске әбден үйренген адамсымақтардың әдеттегі мінезіне сай, бәріңіз бірден жабыла кетуіңізге де болады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өз әрекетімнің әділдігіне деген толық сеніммен сіздерді көкірек тосып қарсы алам және лайықты соққы берем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сеньор кавальеро! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп әлгі саудагер қайта үн қатты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Осы арада тұрған ақсүйектердің атынан сізге мынадай бір болмашы өтініш айтқым келеді: өзіміз өмірі ешқашан көрмеген және ол жайында дым ештеңе естімеген ханымның пайдасына куәлік етеміз деп ар-ұятымыздың алдында ауыр азапқа түспесіміз үшін, оған қоса осындай куәлік арқылы алькарриялық және эстремадурлық императрицалар мен королеваларды қорламас үшін, мархабатты мырза, бізге мейлінше мейірімділік жасап айтылмыш ханымның қандай да бір болсын суретін көрсетсеңіз етті, тіпті оның көлемі бидай дәніндей болса да мейлі, — өйткені бір тал қылшығына қарап-ақ шошқаның қандай екенін білуге болады деген ғой, — сонда біз әбден сенімді болар ек, көңіліміз әбден көншір еді және, өз тарапымыздан да, борыштар боп қалмай, лайықты құрметімізді көрсетер ек. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ашығын айтсам, ол ханымға қазірдің өзінде-ақ сырттай сүйсініп қалдық, сондықтан егер суретіне қараған мезгілде аталмыш әйелдің бір көзі қыли, ал екінші көзінен қызыл сынап пен күкірт тамшылап тұрған күннің өзінде де, бәрібір сіздей мархабатты мырзаның көңілі үшін біз оның бойында асыл қасиет атаулының қандайы да болсын бар екенін мойындар ек. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Одан ондай ештеңе тамып тұрған жоқ, арамза хайуан! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп айқайлап жіберді ашу қысқан Дон Кихот. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Одан ондай ештеңе тамып тұрған жоқ, деймін саған, — осынау періштедей пәк жанның бойынан тек амбра мен мускустың хош иісі ғана бұрқырайды. |