KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Арада екі күн өткенде Дон Кихот төсектен тұрды, тұрған бойда кітаптарына көз салмаққа бет алды, бірақ кітап сақталатын қуысын таба алмай бөлме-бөлмені аралап, әрлі-берлі сенделіп жүріп алды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Таспен бітеліп тасталған, ал бұрын қойма есігі орналасқан тұсқа ауық-ауық келіп, қабырғаны сипалап, бөлме ішін үн-түнсіз көзбен шолып тұратын болды, сосын, ақыры, күтушіден кітап қоймасы қайда екенін сұрады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Күтушіге нендей жауап қайтару керегі үйретілген-ді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Қайдағы кітап қоймасын айтып тұрсыз, тілеуіңіз болғыр?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп қарсы сұрақ қойды ол.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Енді бізде кітап та, қойма да жоқ, бәрін шайтан алып кетті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Шайтан емес, сиқыршы, — деп түзетті оны жиен қыз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Өзіңіз бізден кетіп қалған соң ертеңіне түнде ол бұлтпен ұшып келді де, өзі атша мініп отырған айдаһардан секіріп түсіп, кітап қоймасына кіріп кетті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Онда не істегенін білмеймін, әйтеуір біраздан соң қарасам, анау шатырды киіп-жарып ұшып барады екен, ал үйдің іші көк-ала түтінге толып кетіпті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Не бүлдірді екен, көрейік деп барсақ, кітаптар да, бөлме де ізім-қайым жоқ.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тек бір ғана нәрсе есімізде жақсы сақталып қалды: ұшып бара жатқан кезінде әлгі залым шал кітаптар мен қойманың қожасына құпия өшпенділігі барын, сол үшін үйге үлкен зиян келтіргенін, ал оның нендей зиян екені кейін ғана белгілі болатынын айқайлап айтып кетті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған қоса өзінің аты данагөй Муньятон екенін де айтты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Муньятон емес, Фрестон, — деп түзетті оны Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Фрестон ба, әлде Фритон ба, білмеймін, — деп күтуші сөзге араласты, — әйтеуір тек есімінің тон деп аяқталатыны есімде.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Әңгіме қайда, — деп Дон Кихот оның сөзін іліп әкетті, — ол өзі бір данагөй сиқыршы, менің нағыз қас дұшпаным: мені сондай жек көреді, себебі өзі қамқорлық жасап жүрген рыцарьмен арада біраз уақыт өткенде жекпе-жекке шығатынымды және өзінің қандай айла-шарғы жасағанына қарамастан әлгі рыцарьды тас-талқан ғып жеңетінімді арбаушылық әдіс-амалдары мен құпия жазулары оған алдын-ала көрсетіп берген, сондықтан маған қолынан келгенінше жамандық жасауға тырысып жүр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сөйтсе де ол біліп қойсын, құдіретті күштің кесіп-пішкен нәрсесін өзгерту де, орағытып өту де қолынан келмейді оның!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұған сірә да шүбә бар ма!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— дауыстап жіберді жиен қарындасы.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Әйтсе-дағы, ағатайым-ау, сізді төбелеске шық деп желкелеп жүрген ешкім жоқ қой.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Жер-дүниені шарлап азаптанып, мүйіз сұрай барған тоқал ешкінің құлағынан айрылып қалғанын естен шығарып, аспандағы айға қол созғанша үйде тып-тыныш отырған тәуір емес пе?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Әй, жиенжан-ай!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деді Дон Кихот шамданып.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Менің кім екенімді әлі білмейді екенсің-ау сен, тегі!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Біреу-міреу басыма қолын апардым дегенше мен оның құлағына қосып мүйізін де жұлып алам ғой!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оның ашуға міне бастағанын көрген күтуші мен жиен қарындасы енді оған қарсы келмегенді ақыл санады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қалай болған күнде де, әйтеуір ол тұтас екі апта бойы тып-тыныш үйінде отырды, қаңғыма тіршілікке қайта кірісуге деген құштарлығын ешкімге аңдатқан жоқ және осы екі аптаның ішінде өзінің дос-жар адамдары — священникпен және шаштаразбен талай мәрте айта қаларлықтай қызықты әңгіме-дүкен құрып, қазіргі кезде әлемнің аса мұқтаж боп отырғаны тек қана кезбе рыцарьлар екендігіне және кезбе рыцарьлықты қайта тірілту парызы өз маңдайына жазылғандығына оларды барынша сендіріп бақты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Амал-айла қолданбай оны ақылға келтіру мүмкін емес деп ойлаған священник кей жағдайларда онымен дауласа кетіп, кей жағдайларда келіскен болып жүрді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осымен бір мезгілде Дон Кихот өзінің бір селолас адамымен келіссөз жүргізіп жатты: бұл өзі ақпейіл (егер елеулі мөлшердегі бағалы дүние-мүлкі жоқ жандарға осындай сипаттама беруге болатын болса) адам еді, әйтсе де, ақыл-есі біршама ауытқыңқыраған ахуалы бар-ды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дон Кихоттың оған әр нәрсені айтып, сан түрлі уәдені үйіп-төгіп, керемет сендіріп баққаны сонша, ақыр соңында сормаңдай диқан оған атқосшы болып сапарға бірге шығуға келісімін беріп те салды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Айта кетер нәрсе, Дон Кихот оған онша көп қобалжи бермеуге кеңес берген, өйткені, оның, Дон Кихоттың, қас пен көздің арасында әлденендей бір аралды жаулап алуы, сосын оны сол аралдың губернаторы етіп белгілеуі әбден мүмкін, деген.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы секілді уәделер Санчо Пансаны — диқанымыздың аты-жөні осындай еді — еліктіріп жіберді де, ол қатын-баласын тастап, селоласына атқосшы болуға ырзалық білдірді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сонан соң Дон Кихот ақша іздестіру қамына кірісті: біраз бірдеңелерін сатты, біраз бірдеңелерін өзіне зор шығын келетініне қарамай кепілдікке өткізді, сөйтіп әйтеуір ақыр соңында едәуір мол қаражат жинап алды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұған қоса ол таныстарының бірінен уақытша пайдалана тұруға дөңгелек қалқанын сұрап алды; сосын дал-дұлы шыққан дулығасын ептеп-септеп жөндеп алғаннан кейін атқосшысы Санчо қажетті керек-жарағын қамдап үлгеруі үшін, ең бастысы, қоржын ала шығуды ұмытпауы үшін қай күні және қай сағатта аттанатындарын алдын-ала ескертіп қойды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Санчо ұмытпауға уәде берді, бірақ жаяу жүруге дағдыланбағанын сылтауратып, өзінің аяңшыл есегі барын, өзі соған мініп шығатынын мәлім қылды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл жағдаят Дон Кихотты азды-кем абыржытып тастады: кезбе рыцарьлардың қайсысында бұрын-соңды есекке мінген атқосшы болған-болмағаны жайында ой кешіп кеткен-ді, бірақ ақыры ондай ештеңе есіне түспеді; алайда, алғаш ұшырасқан әдепсіз рыцарьдың астындағы атын тартып алатын, сосын осынау қадірі әлдеқайда артықтау көлікті атқосшысының иелігіне беретін сәт те тым кешіктірте қоймас деген үмітпен Санчо Пансаның есекке мінуіне рұқсат етті.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бекетші берген кеңесті ұмытпай, көйлекті де көп қылып салып, қолынан келгенінше басқа да керекті заттың бәрін қамдап алды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осылайша бәрі дайын етіліп, тәртіпке келтірілгеннен кейін жиен қарындасымен де, күтушісімен де қоштаспаған Дон Кихот Санчо Пансаны ертіп, — айтпақшы, ол да қатын-баласымен қоштаспаған-ды, — бір күні түнде құпия түрде селодан аттанып кетті; түн жамылып тоқтамай жүрген олар әжептәуір жерге жырақтап үлгерді, сондықтан таң ағарып атқан кезде қандай да бір қауіптен алаңсыз болды: соңдарынан қуғыншы шыққан күнде де бәрібір оларды қуып жете алмаған болар еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Санчо Панса қоржын мен месті ұмытпай артып алған-ды, сөйтіп енді уәде етілген аралдың губернаторы болуға деген құштарлық көкейін тескен ол есектің үстінде құдды бір байбатша секілді қоқырайып отырған болатын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, Дон Кихот болса, тап сол ана жолы аттанған бағытымен және тап сол жолмен, яғни Монтьель жазығымен жүріп келе жатқан, тек қазір бойы айрықша сергек-тін, өйткені таңертеңгі мезгіл еді, күннің өткір сәулесі онша мазалай қоймаған.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Міне, дәл осы сәтте Санчо Панса қожайынына қарап:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Байқаңыз, мейірбанды мырза, сеньор кезбе рыцарь, арал жайында берген уәдеңізді ұмытып кетіп жүрмеңіз, ал енді іс маған тіреліп жатса, мен өзім қандай аралды болсын басқарып кетем, — дегенді айтты.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған Дон Кихот былай деп жауап қатты:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сен біліп қойғын, достым Санчо Панса, бағзыда кезбе рыцарьлар жаулап алған аралдары мен корольдіктеріне әкім етіп өздерінің басыбайлы атқосшыларын тағайындайтын болған, ал мен бұған екібастан әзірмін, өйткені, осынау жақсы дәстүрді қалпына келтіргенді жөн деп таптым.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ол аз болса, тіпті одан да асырып түсірмекпін: бұрын рыцарьлар кей-кейде, расын айтқанда, тіпті әрдайым десе де болар, атқосшыларының әбден шау тартқанын күтіп жүретін, сосын арада көп беймаза күндер мен одан да гөрі мазасыздау түндер өткеннен кейін, аналардың қызмет көрсетерлік шама-шарқы шақталған кезде ғана оларға граф атағын немесе тым құрығанда әйтеуір маркиз атын беріп, жерге иелік еткізетін немесе әлденендей бір қоң торғай провинцияны бөліп беретін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Егер басымыз аман, аяқ-қолымыз сау болса, арада аптаға жуық уақыт өтпей жатып-ақ қарамағында бірнеше корольдігі бар бір үлкен корольдікті жаулап алуым онша қиындыққа түсе қоймас, сосын қайсысын қаласаң, соны өзіңе, таққа отыру салтанатын өткізіп, табыс етем ғой.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұған сен таңғалмай-ақ қой: рыцарьлар не түрлі ғаламат жағдайларға тап болып жатады және ойыңа кіріп те шықпайтын оқиғаларға кезігеді, сондықтан саған өткенде уағда еткеніме қосымша тағы да бірдеңелерді сыйға тарту маған түк те емес.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сонда қалай болғаны, — деді дүдәмал ой жетегіндегі Санчо Панса, —егер өзім ғайыптан тайып король болсам, онда Хуана Гутьеррес, біздің үйдегі әйелді айтам, ең аз дегенде королева, ал балаларым — инфанттар17 деп атанатын болғаны ма?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Оған кімнің қандай күмәні бар?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деді Дон Кихот жаратпай.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Соған әуелі өзім сене алмай тұрмын ғой, — деп жауап қатты Санчо Панса, — өйткені, құдайдың құдіретімен король тәждері аспаннан жаңбыр боп жауған күннің өзінде де, солардың бірде бірі менің қатынымның басына қона кетердей шақ бола қоймайды-ау деп қорқам.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Шын сөзім, сеньор, одан ешқандай королева шықпайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Графиня атанса — оны, былай енді, ептеп алқам-шүкір деуге болар, бірақ оның өзін де оңдырар-оңдырмасын итім білсін.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сен, Санчо, қайдағы бір хайуанаттан емес, жаратқаннан сұран, — деді Дон Кихот, — сөйтсең, ол зайыбыңа өзіне не лайықты болса, соны тарту етеді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, өзің тым төменшіктей бермей, генерал-губернатор қызметін атқаруға дайындал, одан төмен мансапқа ешқашан келісуші болма.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Жоға, ешқашан да келіспеймін, мархабатты мырзам, — деді Санчо.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Өзіңіз секілді мәртебелі адамның, тақсыр, өзіме лайықты және заңды қақым бар нәрсені маған қашан да тауып бере алатынын білем.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

ҮІІІ тарау

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Айбынды Дон Кихоттың жел диірмендерімен бұрын-соңды болып көрмеген сұрапыл айқастағы айтулы жеңісі және өзіміз сүйсіне мағлұм етпекші басқа да оқиғалар жайында

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сол екі арада олардың көз алдына жазықтың қақ ортасына жайғасқан әлде отыз ба, әлде қырық па жел диірмен шоғыры көлденеңдеп тұра қалды, соны көрген бойда Дон Кихот атқосшысына былай деп тіл қатты:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Тағдыр бізді тура жолмен бастап келе жатыр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Анаң қара, достым Санчо Панса, әне жерде отыз шақты дүлей дәу тұр — мен қазір солармен шайқасқа кіріп, бірін қалдырмай қырып салам, ал қолға түсірген олжамыз әл-ауқатымыздың арқауына айналады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұл әділетті соғыс: қара ниетті сұмдардың тамырын жер бетінен сылып тастау — құдай жолына бар ынты-шынтыңмен адал қызмет ету деген сөз.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ау, қайдағы дәулерді айтып тұрсыз?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп сұрады Санчо Панса.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Әне тұрған жоқ па, қолдарын созып, — деп жауап қатты мырзасы.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Кейбірінің қолының ұзындығы екі-үш шақырым боп қалады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— О не дегеніңіз, сеньор, — деп қарсылық білдірді Санчо, — көріп тұрғаныңыз әсте де дәулер емес, жел диірмендер ғой; ал қол деп тұрғаныңыз — қалбағайлары ғой: олар желдің күшімен шыр айналып диірмен тасын қозғалысқа келтіреді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Тәжірибесі жұтаң шытырман оқиға іздеуші екенің байқалды, — деп тұжырды Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұлар — дәулер.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қорықсаң, былайырақ барып тұр да, дұғаңды оқы, ал мен өзім олармен жалғыздығыма қарамай қанды шайқас бастаймын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Дәулермен емес, ақиқат шындығында жел диірмендермен шайқасқа бара жатқанын ескертіп Санчоның жалынып-жалбарынғанына құлақ аспаған Дон Кихот осы сөздерді айтқан бойда Росинантты шпормен бүйірден бір тебініп шаба жөнелді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұлардың дәулер екеніне оның зәредей күмәні жоқ-ты, сондықтан атқосшысының айқайын құлағына қыстырмаған және жел диірмендердің жанына тым жақын келсе де көзі бұлдырап түк ештеңе көрмеген ол бар дауысымен ақырып:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Қашпаңдар, қоян жүрек, қара ниет хайуандар!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сендерге шабуыл жасап келе жатқан жалғыз-ақ рыцарь ғой, — деді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Осы тұста шамалы жел тұрған болатын, соның салдарынан диірмендердің қолақпандай қалбағайлары ақырын-ақырын қозғала бастағанын көрген Дон Кихот айқайды салып:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бұлғаңдар, бұлғай беріңдер қолдарыңды!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Қолдарың тіпті Бриарей дәудің қолынан көп болса да бәрібір сазайларыңды тартпай қалмас едіңдер!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Соны айтып, тағдырын толайым-тұтас жүрегінің әміршісі Дульсинеяның шарапатына тапсырып, одан осынау ауыр сынақтан аман өтуіне көмектесуін сұрап жалбарынды да, қалқанын кеудесіне тосып, Росинантпен шоқырақтай шауып барып жақындау тұрған диірменнің қалбағайына найзасын салып кеп жіберді; бірақ дәл осы кезде жел қалбағайды құтырта қозғалтып жібергендіктен найзасы пәрше-пәрше боп сынып кетті, ал қалбағай болса атты да, аса бір аянышты ахуалда қалған адамды да ілестіріп әкете жаздап барып, ақыры Дон Кихотты жерге атып ұрды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Есегін бар пәрменімен тапырақтата шауып көмекке жеткен Санчо Панса қожайыны жанына таяп келіп оның қозғалуға халы жоқ сұлық жатқанын көрді — анау Росинанттан оңбай құлап түскен-ді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Әй, жаратқан ием-ай!

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— деп дауыстады Санчо.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сақ болыңыз, бұлардың бәрі әншейін жел диірмендер деген жоқ па едім сізге?

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Өз басында диірмен қалбағайлары айналып тұрғандар болмаса, басқа бірдеңемен бұларды кім шатастырар еді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Аузыңды жапшы, достым Санчо, — деді Дон Кихот.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ескертіп қояйын, әскери ахуал қашан да осылай айнымалы боп тұрады.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Оған қоса, менің ойымша, және бұл ойым негізсіз де емес, данагөй Фрестон, әлгі кітаптарымды қоймасымен бірге үптеп кеткен сиқыршыны айтып жатырмын, жеңісті қолымнан жұлып алу үшін дәулерді жел диірменге айналдырып жіберген болса керек — ол мені сондай жек көреді.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бірақ, ерте ме, кеш пе, әйтеуір, оның арбаушылық зұлым айла-амалдарын айбынды семсеріммен харап қыларым анық.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Оны енді бір құдайдың өзі біледі, — дей салды Санчо Панса.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Сосын Дон Кихотқа орнынан тұруға көмектесіп, шығарда жаны шақ қалған Росинантқа әкеп отырғызды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Әлгінде болған оқиға жайындағы әңгімелерін әрмен жалғаған олар Лаписе шатқалына апаратын жолға түсті, өйткені, өзінің айтуынша, осынау адам толассыз ағылып жататын жерде күтіп тұрған алуан түрлі шытырман оқиғадан Дон Кихоттың құралақан қалғысы келмеген; оған тек бір ғана нәрсе — найзасынан айрылып қалғаны уайым боп келе жатыр еді, осы өкінішін атқосшысына айтып берген ол былай деді:

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бір кітаптан оқығаным бар еді, ұрыс кезінде семсерінен айрылған Дьего Перес де Варгас есімді бір испан рыцары еменнің дырау бұтағын сындырып алып, сол күні маврларды оңдырмай жайпап, қан-жоса қып қырғаны сонша, оған кейін Еменағаш дейтін лақап ат беріліпті, содан бері өзі де, ұрпақтары да Варгас-Еменағаш аталып жүр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Бұның бәрін айтып тұрған себебім, мен де жолшыбай өзіме алғаш кездескен бір еменнен, — жай емен бе, тас емен бе, бәрібір, — өз жобамша, тап сол Варгастың қолында болғандай көлемдегі бір үлкен бұтақты сындырып алмақпын, сосын сол бұтақтың көмегімен ес тандырарлық ерліктер жасамақпын, соны көргенде сен де тағдырыңа сан мәрте шүкіршілік етерің хақ, өйткені арада біраз уақыт өткенде адам сенбес ғажайып секілді көрінетін істердің басы-қасында жүру әрі куәгері болу бақытына қол жеткізесің ғой.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Бәрі де құдайдың ықтиярында, — деді Санчо.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Сіз не айтсаңыз да сенем ғой, тақсыр.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Тек кішкене түзеліңкіреп отырыңызшы, әйтпесе бір жағыңызға қарай қисайыңқырап бара жатқандайсыз — шамасы, әлгінде құлаған кезіңізде денеңізді ауыртып алғаныңыздан шығар.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Рас айтасың, — деді Дон Кихот, — ауру жаныма қанша батса да ыңқылдамай келе жатқанымның жалғыз-ақ себебі — әлденендей бір жарақат алған жағдайда, мейлі тіпті ішек-қарыны ақтарылып қалса да, кезбе рыцарьларға ыңқылдауға болмайды.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

— Ондашы, бұған қарсы айтар уәжім жоқ, — деді Санчо, — бірақ, бір құдайдың өзіне ғана аян, тақсыр, бір жеріңіз ауыра қалған жағдайда оны маған хабар еткеніңізді қалар едім.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Ал, өзім ондай күйге тап келсем, — әрине, әлгі ережені кезбе рыцарьдың атқосшылары да орындауға тиіс болмаса, — бір жерім шамалы сыздағанның өзінде ыңқылға баспақпын.

Дон Кихот

Мигель де Сервантес Сааведра

Атқосшысының ақкөңілдігіне Дон Кихот күлмей қала алмады, сосын оның қашан болса да, қанша болса да және қажетті жағдайда да, тіпті ешқандай қажеті жоқ жағдайда да ыңқылдап-ыңырана беруіне болатынын мәлім етті, өйткені рыцарьлық жарғыда бұл турасында ештеңе айтылмаған көрінеді.
Көрсетілді: 600 / 47388