Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сол түйілген қалпы меңірейіп отырып қалған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бар ескертерім,– деді трактордан омбы қарға қарғып түскен соң Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қанаттарыңмен ұшсаңдар да, құйрықтарыңды ұмытпаңдар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аппақ қардың бетіндегі меңдей болып, көкжиекке сіңіп барады, әне... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әлемнің әйнегін қырау басқан, айнала аппақ қар, сеңдей сірестіріп, қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке, қарасаң көз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алысқа бір-бірін қуалап жарысады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ербең етер тіршілік белгісі жоқ, салқын бедірейген аязды аймақ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұлар Қоңқай асуынын өкпе тұсынан айналып өтіп бара жатыр еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ДТ-54-тің рычагын енді Аманжан ұстап отырған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Табанымен тормозды басты да, тракторды тоқтатты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ал, Бәке, – деді жанында қалғыңқырап отырған Бақытжанды шынтағымен түртіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– мынау қарғыс атқан жерде қалып коюға мен де бел байлап тұрмын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мүмкін, аз жылға, бәлкім, мәңгілікке, әзірше өзім де білмеймін... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тағдырдың жазуы осы шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не соның жолын қуып кетермін, әйтеуір, Үлкен өмірге барғым келмейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үлкен өмірге кішкентай адамдар ғана сыя алады... Хош. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ендігі келгеніңде бұл жер |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Аманжан асуы аталады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Трактордан секіріп түсті де, әлі тышқан ізі түспеген тап-таза тың қарды омбылап, тау басына қарай тырмыса өрлеп бара жатты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алғашында меңірейіп тұрып қалған Бақытжанның көзі ашып, жанарына жас үйірілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жиырма жыл бір-бірінен екі елі ажырамаған достарын, мынау аппақ кеңістіктің әр жеріне бытырата таратып, ауылға соқа басы қалай ғана қайта алады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ өз-өзінен мүжіліп, ақ қар, көк мұзды аязды аймақта тұра беруге әсте де болмайды, тек қана алға жүру керек, толассыз мәңгілік қимыл керек... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қардың астында жұмыртқадай жұмырланып жатқан отау шөптің қарын жартылай ашып, шанаға бірер айыр тастап үлгеріпті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Трактордан қарғып-қарғып түскен соқталдай үш жігіт жарыса: – Ассалаумағалейкум! – деп жамырай Амандасты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алпысты алқымдаған мұртты адам алғашында көктен құлағандай сап ете қалған жолаушылардан сескеніп қалғаны рас еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жау емес, ұрымтал келген ұры емес, уыздай ғана жас қазақ балалары екеніне көзі жеткен соң, қарсы жүріп, қолын беріп есендесті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Иә, жол болсын, шырақтарым, қайдан жүрсіңдер? – Сіздерге көрші Қарағай ауданының жұмысшыларымыз, Фадиханы асып, күзден қалған пішенді алып қайтуға келеміз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жөн, жөн,– деді ол күрегін қайта алып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бірақ қыстыгүні Фадихадан тура тау асып түсер жол жоқ еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қалай ғана қамалып қалмай шықтыңдар? – Ендеше, сол жолды біз салдық, ақсақал, – деді Аманжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Шынында да, бұларың ерлік екен, – деді ол. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алақанына шырт түкіріп, маяның қарын тазалауға кірісті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бұл жолмен қыстыгүні бұрынды-соңды ешкім жүріп көрген жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Түнде қонған үйдің иесі: «Осы Айыртаудан асуға болады; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
жол сайрап жатыр, мен алдыңғы күні ғана-ақ қарап келдім»,– деп жөн сілтеген соң жол қысқартайық деп тәуекелге басып едік, адаса жаздағанымыз рас, ақсақал, – деп, Нұржан шынын айтты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шал мұртын сипап, басын шайқады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жөн сілтеген адамның аты-жөнін білесіңдер ме? – Білмегенде. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол кісі бізді таң атқанша тұтқында ұстады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Есімі – Қоңқай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Әй, атаңа нәлет-ай! – деді шал бір күрек қарды құшырлана лақтырып жіберіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Осыдан үш-төртжылбұрынтағыбірқызды алдап, анау құзардың шатқалында ат-шанасымен қатып қалып еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мысық тілеуінен айнымаған деші. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қонған кісіден ақы алатын ауруы да қалмаған шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол жалмауыздың маңдайына адамды алжастыруды жазған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қоңқай адастырады, мен тауып аламын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзіне өкіметтің де, құдайдың да тісі батпай-ақ қойды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Беріп едік алмады,– деді Бақытжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң, трактордан өз күректерін әкеліп, шалға көмектесе бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді шалдың күрегіне Нұржан жармасты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– «Жақсы» кісі екен... – Рақмет, шырақтарым. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Олшалғақұдайбірдеңеберейіндеген екен... – деп белін жазған ол әлі де Қоңқайдың иттігіне налыған сыңаймен: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Асудың дәл аузында жалғыз үй боп отырып алады да, әрі-бері өткен жүргіншілерді теспей сорады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Маған салса баяғыда атып тастар едім, құтырған иттей қыңсылатып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сендер шөп үйген жерден сәл қиыс, батысқа ойысып кетіпсіңдер,– деді көзін сығырайта тауға қарап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бүгін біздің үйге еру болыңдар, ертең ерте өзім ертіп апарамын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мықынын таянып тұрған Аманжан: – Ей, шал, темекің бар ма?– деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жоқ, шырағым, насыбай атсаң берейін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
«Боқ жаман емес, жоқ жаман» депті қарға, – деді де шалдың шақшасына қол созды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Әй, шырағым,– деді шал жап-жас жігіттің тік сөйлегенін жақтырмай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қызымды алмасаң, алма, бірақ жамандама деген сөз және бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Оның сондай – әкесіндей адаммен қалжыңдасатын әдеті бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әсіресе шалдарды көрсе, көзі қанталап шыға келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бақытжан жуып-шайған болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Әзілің жарасса, атаңмен ойна. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көңіліме дік алып тұрған жоқпын... Е, қалай екен, бәлем. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Енді ішің өткенше түшкіресің... Мұрнына атқан насыбайды сіңбіріп, түшкіріп-пысқырған Аманжанға бәрі мазақтай зілсіз күлді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Насыбайы құрысын, – деді ол тынышы кетіп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Танауым қаңсып түсіп қалса да, жолайтын дүние емес екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзіңе де сол керек, әкіри, – деді Бақытжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Кешегі менің есемді ақсақал қайтарды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ақылың енді кірген шығар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ата, (бұл сөзді Нұржан айтқан) ат-шанасына шоқайтқанша – |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– бір отау пішеніңізді трактор шанасына бір-ақ тиесек, әуре болып қайта-қайта келіп жүресіз бе? – Қайдан білейін, қарағым, өздерің жол сорып, аяз сорып шаршап келесіңдер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Түк етпейді, кімдерге кетпеген есіл еңбек. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бұл сөзді есін әрең жиған Аманжан айтты; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қарап тұра беруді әбес көрді ме, ол да амалсыз күрек алды қолына. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жақындат тракторды, – деді Бақытжан шіреніп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ұрыста – тұрыс жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сойталдай үш жігіт және шал бір отау шөпті трактордың бөренеден қиып жасаған дәу шанасына әп-сәтте тиеп алды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Алыстан, қар шағылдардан естілетін мұңлы ән, бірте-бірте жақындай түскендей... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айыртауды етектеп қыстаққа келіп жеткенде көз байланған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шанадағы шөпті қораға түсіріп, трактордың суын ағызып, жалғыз бөлмелі сығырайған терезесі бар ағаш үйге кіргенде, қас қарайып, көз байланған, бұл үй үш жігітке кең сарайдай көрінді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ықтасынға салынған қыстақта жұпынылау өмір болғанымен, үлкен жүрек, кең пейіл аңғарылған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұл жердің құлаққа ұрған танадай тыныш тірлігін тек ұзыннан-ұзақ созылған жабық қорадағы мөңіреген сиыр мен бұзаудың азан-қазан үні бұзады екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұл жердің тағы бір ерекшелігі – қыстақ жанынан буы бұрқырап, жылып ағар бұлақ, бойы тал-терекпен көмкерілген және оңтүстіктегі биік таудың теріскейі – Ағашты, тегінде, Алтайдың қалың орманы осы тұстан басталатындай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Егер дәл осы қыстақтан тұп-тура солтүстікке бет түзесеңіз, атақты ХАТЫНЬ өзеніне ат басын тірейсіз, ар жағы россия. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
«Ішкері жақ» деп аталар бұл өңірдің ала-бөтен ерекшелігі де сол – Алтайдың басқа жерлеріндей емес, әзірше құйқасы бұзылмаған тың: аяз аз тиген, ағашы мен аңы да әзірге Аман. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қысы қатал, жазы жайсаң таудың тағы табиғаты техника ырқына көніп, бағына қойған жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Соңғы құрғақшылыққа ұшыраған үш жылда сонау Бұқтырма бойын жайлаған тамам ел қиындығына қарамастан мал азығын дайындап, шамасы жеткенше тасып әкетіп жүр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Келімді-кетімді кісі мен жолаушылардың жаққан отын сөндірмей, осына шалғайдағы Алтайдың сыңсыған жынысы талай рет өртке шалынды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өткен жазда мұқым тегіс жанып, жүздеген солдат келіп әрең өшірген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Дегенмен соңғы бес жылда жарықтық ішкі Алатайдан да күй кете бастап еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алқа-қотан қоғамдаса дастарқанға отырғанда үй иесі шал айтты: |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үлкен Нарын ауданының ең алыстағы қыстағында біз отырмыз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бізден ары ел жоқ – иен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ел жоқ дегенде мүлдем адамсыз емес, таулы алтай өлкесіне дейін ара-тұра аңшылар кездеседі немесе бұл жердің табиғатын қызықтап жүрген туристер жаз айында шұбырып жатады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ағаш үйдің тері қаптаған есігін сықырлатып кіріп-шығып шәй жасап жүрген кемпір аса пысық адам емес секілді-ау. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бәлкім, қарттықтан ба, мүмкін, салақтықтан ба, түтіні басылмаған ескі жез самаурынды әрең дегенде қайнатып әкеліп еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ішіп-жемнің берекесі де онша болмады. |