KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бір жарым тәулік нәр татпай, үсіп-жығылып келген үш жігіт жылы үй, құрт-ірімшік қосқан ыстық шайдың өзіне масайып, терлеп-тепшіп өлердей сораптаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әрі-беріден соң, манаурап, ұйқылары келе бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әсіресе мұрнының үсті шып-шып терлеген Бақытжан қалғып кетіп, қолындағы кесесін түсіріп ала жаздайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Адам баласы көрге кіргенше не көрмейді, шырақтарым,– деп, шал шалқалап жүкке арқасын тірей отырып насыбайын баппен атады,– бәрі де тіршіліктің қамы, үйреніп кеткендіктен бе, мал бақпасақ отыра алмаймыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қолына қарап, асырап-сақта деп бұлданып жатып алар ұлымыз жоқ, жалғыз қызымыз бар, оған да обал болды, шырғалап бізді тастап ешқайда кете алмайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оған да обал... Иә, өлмейін деп өкпе жеген заман да... Әй, кемпір,– деді сонсоң дауыстап,– Алмажан бүгін кешікті ғой, жас бұзаулармен алысып жүр-ау, жалғызым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тек Нұржан ғана болмаса, ана екеуі шалдың әңгімесін зауықсыздау тыңдады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан бағана жантайып жатып қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан, ол да шұлғып, екі көзі қанталап, үсік денесін ашыта ма қыржиып мазасы болмай отыр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұрыш жақтағы темір пештің оты маздай жанып, екі бүйірі нарттай қызарып кеткен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Болар-болмас сәуле шашқан шаңырақсыз шамның жарығы ала көлеңке үйдің мұңлылау шырақшысы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Іргеде ескі ағаш төсек тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол төсектің басына қыздың киім-кешегі ілінген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал әлгі төсек тірелген қабырғада ақ матаға кестеленіп салынған көк кептердің суреті қағылған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржанның ойын айтпай-ақ оқығандай шал: – Алмажанның көгершіні ғой, – деді қанатқа қағылған суретке қарап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жарығым, өзі де тордағы құс секілді жалығады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әйтеуір, бар ермегі – кітап, күндіз-түні бас алмай оқи береді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қыста туған он шақты сауын сиыр бар, сүтін сауып, анау ойдағы Огневкаға шанамен апарамыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Соның бәрін алмажанның жалғыз өзі атқарады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Былтыр мектепті бітірген соң, тиын-сиынды жиып берейік, қалаға оқуға бар десек, көнбеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Сендерді кімге тастап кетем», – дейді, жарығым... – Дегенмен, қиындау, ақсақал, қиындау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жас жүрегі екі жастың біріне келмей құсаға толады ғой, – деді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Енді қайтеміз... Үлкен жерден қаға беріс, тау арасында – жатырмыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кейде ақымақ болса да адамдарды, көрсоқыр болса да көрші-қолаңды сағынасың.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осыншама саяқ тартып жүре берсек, Қоңқайға айналып кетерміз деп шошынамын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан айтты: – Үлкен жерді аңсап та керегі жоқ-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өйткені үлкен елдің – үлкен дауы болады... Ал Қоңқайдың тірлігі басқа ақсақал.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол кісі жалғыздығым – еркіндігім деп, алдына келсе тістеп, артына келсе теуіп ешкімді маңайлатпайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сиыршы шал насыбайын құшырлана иіскеп отырып айтты: – Оттапты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Көпшіліктен қорқады ғой, қорқады қорқауың... Ол да бір көзге шыққан сүйел.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Он екіде бір гүлі ашылмаған қыздың обалына қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жігіт елең ете түсті: – Сол оқиғаның анық-қанығын айтып беріңізші? – деп шалға қолқа салды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Біздің жақта әркім әр саққа жүгірткені болмаса, шындығын ешкім білмейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екі жігіт пысылдап ұйқтап жатыр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кемпір кіріп-шығып жүр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үй иесі әңгімесін бастады:– Балам, ол бір қорқынышты оқиға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осыдан екі-үш жыл бұрын, он сегіз жасар жолаушы қыз жөн сұрап Қоңқайға жолығады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қыстақтағы шешесі қатты ауырып, ат-шанасымен Үлкен жердегі ауруханаға апарады да, қайтарында әлгі жалмауыз шалдың жалғыз үйіне тап болады:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шалдан: «ата, асуда жол бар ма, тау айналып жүргенше тіке тартып кетейін деп едім.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Асығыспын, ата, қорада қамаулы қой қалып еді», – деп ақыл күтеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұғының қанын ішіп, көзі қарайып отырған шал әлгі қызды тарпа бас салып, жұлмалай бастайды...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түн ішінде шырылдап әрең дегенде жалаңаш, жалаң аяқ қашып шыққан қыз...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ақ қар, көк мұздың арасында адасып, тіпті ызым-ғайым жоқ болған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Не бөрі жегенін, не үсіп өлгенін күні бүгінге дейін ешкім білмейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кейбіреулер айтады: «Ол қыз қарға айналып кетіпті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қыста осы тауды шарлап ән салып жүреді екен де, жаз шыға жер астына түсіп кетеді екен».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Анау бір күні біздің кемпір айтады, өтірік-шынын қайдам (кемпір далаға шығып кетті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

) Қораның сыртына дәрет сындыруға шықсам, аппақ күміс шашы бар... (ойланып) иә, бейне бір қардан жасалғандай, сұп-сұңғақ, қыз тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шошынып шалқамнан құлап қалдым дейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол да мені көріп қолтығымнан көтеріп орнымнан тұрғызып, жанары мөлдіреп қарады да:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Елге, адамдарға сәлем айт, апа, енді мен ешқашан да адам болғым келмейді», – деп, зым-зия жоқ болып кетті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жүзін анық байқай алмай қалдым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бетінде ақ торғын пердесі бар дейді бәйбішем.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әрине, мен сенбедім.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал, кемпірім: «Пайғамбар жасына келгенде өтірік айтып не көрінді», – деп ант-су ішеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кемпір бір құшақ отыны бар қайта кірді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шалының сөзшең болып кеткенін жақтырмады білем: – Қақсамай, балаларға ұйқы бер, – деді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Былтыр қыста елікке қақпан құрдым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Құдайдың құдіреті, қақпанға түскен елікті белгісіз біреу босатып жіберіпті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Адам дейін десем, жаңа жауған қарда ізі жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Егер түн ортасы ауа далаға шықсаң, біреу ән салып жүргендей сыңсыған дауыс естисің... Қызық, әйтеуір.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өз қызымызды да түн баласында ұзатпай, үйге қамап ұстайтын болдық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Анау... төр алдындағы бейнесі жіппен өрнектелген сол – Қар қызы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Алмажанның ойлап тауып жүргені ғой... Нұржан қар қызының төрдегі суретін жаңа байқап, таңырқай қарады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Шынында да, ертек сынды ғажап дүние екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол жұмбақ қыз менің де түсіме кіріп жүр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Алмажан да «түсімнен шықпайды, тіпті сырлас болып – кеттім», – дейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал менің түсіме бір рет те кірген емес, шырағым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мен бір нәрсеге қайран қаламын,– деді Нұржан майда қоңыр үнмен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шаршаңқы тартқан жүзі ала көлеңкелі үйде анық ажарын болжатпағанмен, осынау жас жігіттің ойшылдығын, әр нәрсенің байыбына бармай тынбайтын мазасыздықтың нышандарын сезуге болушы еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Насыбайын атып, малдас құрып отырған шалдың көкейін тескен Нұржанның жасына сай келмейтін көшелігі, сыпайы ашықтығы, балаша аңқау тазалығы-тын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Әттең, осындай ұлым болса», – деп арман қылар азаматың осындай-ақ болар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сиыршы өз-өзінен күрсінді де, жігіттің сөзіне ден қойды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қар басқан қатпарлы жота, қарағайлы ақ таулардың ортасында екі адам мекен етесіздер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айыртаудың күнгей бетінде – Қоңқай, теріскейде – Сіз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екі түтін – екі басқа мінез, екі басқа тірлік...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы бір, үш қайнаса сорпасы қосылмас мүлдем жат бөтендік арасын тау бөліп жатқан алтайды қойып, қаз-қатар автобуста келе жатқан қала халқында қаншалықты мол десеңізші...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мен оған әсте де таң қалмаймын, менің таң-тамаша қалатыным, Сіздің, ата, осынау иен жер ит арқасы қиян айдалада отырғаныңыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қоңқайдың жөні бір басқа.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мен, шырағым, Қоңқай үшін отырмын, – деді сиыршы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Түсінбедім ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Түсінбейтін не бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол адастырады, мен тауып аламыи.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Монданақтай жердің бетін, бір жақсы, бір жамандық жайлаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал егер мен осы Айыртаудан көшіп кетсем, Қоңқай зәлімнің жеңгені ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осылайша аңдысып өмір жалғасады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тегінде, сенің де өз Қоңқайың бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар қызы: – «Қоңқайлар да адам.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Олар керек.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Олар жастарды адастыру үшін жаратылған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал адамдар ең әуелі адасып алмаса, бірін-бірі әсте де іздеп таба алмас еді...»

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан: – «Рас айтасың, егер сол Қоңқай шал адастырмаса, сені ешқашанда іздеп таба алмас едім».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар қызы: – «Егер сол шал болмаса, мен дәл осылай мәңгі-бақи адасып, зар илеп, зар жұтып өтпес едім.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сен менің тілімді алсаң, қазір орныңнан атып тұр да, анау екі жолдасыңды қуып жетіп, ертіп қайт, кері қайтар».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан: – «Олар қайда кетті?» Қар қызы: «Қол-аяғын үсік ұрған екеуі, жер асты еліне беттеп барады».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан ойланып қалады: «...мен дәл қазір орнымнан тұрып кетсем... Сені қайтып көре алмай қалармын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол жер асты еліне саған еріп менің де барғым келеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шын бақыт, шын махаббат, нағыз бостандық – жер астында ғана...» Қар қызы:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– «Мені сүйетінің рас болса, келе көрме бұл жаққа».

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Екі қолын сермеп зәрезеп болып безектейді.
Көрсетілді: 5300 / 47388