Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал киімдерімді қалай шешкенімді өзім де білмедім. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Енді әрқайсымыз бір-бірімізге сақ болайық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Біреуіміз шешіне бастасақ болды, қарға екпетінен салып, құйрығынан шапалақтап, бір қабат терісі сыпырылып қалғанша ысқылаймыз, әкіри, |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– деді Бақытжан секіріп жүріп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сен бәрімізді алдыңа салып барып үсисің, – деді Аманжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Терің киттің терісінен бір кем емес. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түпсіз ал қара көк Аспанда мың-миллион жұлдыз, жамбасқа ауа бастаған ай, батыс көкжиекке сусып түсе бастаған шоқ үркер ай сәулесімен аймаласып жатқан, құмары әлі тарқамаған, мауқы әлі басылмаған тойымсыз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қорқатын сол қардың көйлегінің дал-дұлын шығарып, ырқына көнбей, дегенін істемей, қашып құтылудың амалын іздеп арпалысқан адамдар |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ай сәулесінің астында секіріп ойнап, сеңдей билеп құтырған үш жігіт... өмірдің мәнін түсініп, махаббаттың, шын бақыттың не екенін парықтамаған жас буын – енесін іздеп зарлаған жас бота... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол суық әлемнің бір пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
қолында қаруы, алдында атысар жауы жоқ, өз-өзінен жынданған, өз-өзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
үш қояншық, үш есалаң – үш батыр... Қаңтардың ұза-а-қ түні таусылар емес. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Мәңгі қозғалысқа түсіп, шапшаң қимылмен шаршаса да, шапқылай берген соң жігіттердің тоңдана бастаған денесіне жылу тарап, маңдайлары жіпсиін деген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тоқылдап қатқан пималарын шешіп жіберіп, бір-бірінің аяғын қармен ысқылап еді, енді башпайларына да жан кіріп, қан жүгірген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бойлары жылығанмен, ыстықты аңсаған ішкі сарайы сол – салқын қалпында, темір құбырдың аяз сорып, жел кеулеп уілдегеніндей құлазыңқы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көңілдегі түйткіл мұз ери қоймаған... Ертеңгі суішкіліктеріне аса сенімді емес. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жиырмасыншы ғасырдың аш қасқыры тіпті жақыннан ұлығандай... – Ана қара! – деді Бақытжан ышқына айғайлап. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ананы қараңдар, бес-алты ит тұр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Атаңның басы, – деді ауыр мінезді Аманжан бәрібір сас- – пай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Иен тауда ит жүр деген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол – қасқыр! Біздің жаназамызды шығаруға келген, дәретіңді алып, иманыңды үйіре бер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Расында да, шана ағытылып қалған жоғарыда құлақтарын тіге селтиіп-селтиіп бір үйір қасқыр тұр еді аңдып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан тұңғыш рет зәресі ұша қорықты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ жолдастарына сыр білдірген жоқ: – Сіріңке жақ! – деді Аманжанға. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Содан соң өзі тракторкабинасындағы темір қобдидан май сіңді шоқпыт алып, солярка ағызып еді, түтіктері қатып қалған екен, тамбады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әдемілеп тұрып балағаттады да, әлгі май-май шүберектің өзін тұтатпаққа әрекет жасаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жарты қорап сіріңкені түгесіп барып, әрең бықсып жанған алауды оңды-солды былғап айғайлап-айбар жасағанда, шоқиып-шоқиып отырған қасқырлар жылыстап, шегініп барып, қайта аңдыды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бәрібір тракторға жолай алмайды, – деп жұбатқан Бақытжан өзін-өзі. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Темірден қорқатын шығар, әкіри. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Атаңның басы, – деді Аманжан шырт түкіріп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ашыққан – қасқыр сені түгіл, тракторыңның өзін асап қояр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Баяғыда Қара далада пәсепте жүрген кезімізде бір шелек автолымызды ішіп кеткен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сен де соғасың! – деді Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Адам даусынан үркетін болу керек. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қосылып тұрып, баяғыда, мектептің көркем-өнерпаздар үйірмесіндегі хорда айтқандай шырқайықшы бір. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Келіңдер! Шырқайық... шырқайық (өне бойы дірілдей бастаған еді, әлде қорқыныштан, әлде тоңғАннан). |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қасқырды өлең айтып қуғанды қай атаңнан көріп ең. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бұл сөзді Аманжан ашу шақыра айтып еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сонымен қасекеңдерге концерт қойып беретін болдық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мен барып билет сатып келейін, – деп батырсынды Бақытжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Олар қасқырдан көз алмай іштерінен ептеп ыңылдай бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бір уақытта Бақытжан жан ұшыра бақырып жіберді: – Әне, әне, әкіри. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бізге қарай жақындап келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Зар еңіреп жылап жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ойбай! апа! – Шырқайық! Шырқасақ шырқайық! Ән басталды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Еш адам ұғып болмайтын, қызық ән басталды: бірдің басы, бірдің аяғы түсініксіз, ішіп алған удай мас кісінің сандырағы секілді иір-иір, үзік-үзік қожыраған сұрықсыз әуен, балдыр-батпақ сөз әрі тамаша сөз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан қасындағы сөнуге айналып, түтіндеген шүберекті қасқырларға қарай лақтырып жіберіп, өз омырауын өзі сабалай шертіп, азандап қоя берді: ... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өлсем орным қара жер – сыз болмай ма... ...мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аманжанның әні: Аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу... Аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжанның әні: Апам-ай, апам, апам-ай... Жалғызың қор боп қала ма-ай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Апам-ай, апам, апам-ай... Енді қайттім қорқам-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қорқып-үрку сезімдері өлген, іштеріндегі ең ер жүрек, ең қатал Аманжан қолғабын шешіп стақан жасады да өтірік арақ құйып, тост көтерді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ал енді, жолдастар, қасекеңдердің бізді ұмытпай, еларалап, шаруашылықпен, халықтың тұрмыс-халімен танысқаны үшін, жас өспірім жастарға жасаған әкелік қамқорлықтары үшін; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
осы қасекеңдер болмаса таңымыз атар ма, күніміз шығар ма еді, өзімізді ап деп асап қоярын біле тұра мақтамасқа амалымыз бар ма? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал, ағалар, сіздер үшін алып қоялық! |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шығыстан, Айыртаудың оңтүстігінен таң білінді! Шығыстан, қыземшектенген қарлы төбелердің ар жағынан сызат берген айналайын таң, құланиектене ағараң тартты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ағараң тартып, түн пердесін сыпырғанша, тамағы кеберсіп, дауыстары қарлыққанша ән салған үш жігіт бір үйір аш қасқырды хормен шығарып салған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сонда жігіттер қаз-қатар трактор табанына шығып тұрып айтқан ең соңғы трио ән мынау еді: Болдық қой бар өнерді тауысқандай; |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
мерт болдық айға шауып арыстандай, ат жалын тартып мінген бұла шақта, Шықылықтап көзге түстік сауысқандай, уа, сауысқандай, тра-та-та, ха-лал-ай, сауысқандай немесе арыстандай... – Интересно,– деді Бақытжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бүгінгі қасқырлар жемейді, бірақ масқара қорқытады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ура, таң атты! Бәрі құлақшындарын Аспанға атып, уралайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бәрібір батыр атағын бермейді, – деді Аманжан мұңайып. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Өйткені біздің ерлігімізді көріп тұрған ешкім жоқ, – деді Бақытжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Көріп тұрса да бермейді, – деді Аманжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Өйткені біздің де, трактордың да қанаты жоқ, жоқ... ешқашан да ұша алмаймыз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ұшу үшін туатындар бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Біз – бауырымен жорғалаушылармыз. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Иә, таңның атқаны даусыз еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түні бойы жемтік аңдығандай қыдиып жігіттердің зәре-құтын алған аш бөрілер құйрықтарын бұтына қысып, таудан асып, қаша ұзай кеткен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Дегенмен аш қасқырдың да пайдасы тимей қалған жоқ. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алтайдың қырық градус суығында қасат қар, ақырған аязда үсікке шалдырмай, таң атқанша арпалыстырып, ән салдырған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Пенде дегенің итжанды емес пе, «адам үш күнде көрге де үйренеді» деген осы, таудың қақаған суығы мен тілі жалақтаған бөрісінен кезек қорғанып, тағы бір күнді қарсы алған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ алда әлі де ұшы-қиырсыз күрес күтіп тұрған-ды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түндегі дүрдараздықты қасқыр жеп кетті де, тек сол бір өзара түсінбеушіліктің куәсі іспетті, аппақ қардың бетінде мұрындарынан аққан қып-қызыл қан қатып жатқан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Көзге күйік қылып, көңілге қаяу салдырмайын деді ме, Нұржан аяғымен теуіп-теуіп, қармен көміп тастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әрине, алғашқы сөз: «Енді не істейміз» деген сұрақтан басталды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қырау басып, мұздап тұрған трактордың шынжыр табанын тепкілеп, әр тетігін шұқылап, бас-басына шыр айналып шықты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қарным ашты,– деді Бақытжан әдетінше. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Оның ойланбай айта салар әр сөзі шаншудай тиер Аманжан мырс етіп, мысқылдай күлді де: – Шошқа өлгелі жатса да, қорс еткенін қоймайды, – деп темекісін тұтатты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан сым темірдің басына шүберек байлап, алау жасап әлек. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Тракторды қыздыру үшін екі кубометр отын, сақылдап қайнаған екі-үш шелек ыстық су керек, – деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ауылда, үйдің іргесінде тұрғанда құдайдың зорына от – Алдырушы еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Итаяқ болып қалды деші. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Бақытжан уайым білдірді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Солярканы жылытып алсақ бірдеме болар еді... – Құр сөзбен трактор қыздырылмайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Давайте іске кірісейік. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Аманжан май жүретін жез түтіктерді ұстап, жабысып-жабысып тұрған қарын сыпырып тазалап, алақанымен жылыта бастаған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Дүниедегі жамандық пен жақсылықты жұрттан бұрын көретін көреген Бақытжан тағы да айқайлап жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ананы қараңдар! Тал өсіп тұр!– Ол нұсқаған жаққа жапатармағай жалт қарағанда кеше апақ-сапақта байқамаған екен, бұлар қонып шыққан таудың теріскейінде тарбая өскен талды көреді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұл «Ішкері жаққа» өткелі алғашқы кезіктірген ағаш еді, сүреңсіз өмірдің көз сүріндірер тұңғыш қарайғаны болған соң ба, қысқы жолаушылардың есі шыға қуанғаны рас-ты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тәулік бойы нәр татпай, сілікпесі шыға шаршаған, зықысы кетіп жаураған жігіттер дәл қазіргі сәтте әр ербиген бұта, ербең етер жан-жануар көрсе, мың жасары хақ еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тіпті біле білген адамға түндегі қасқырдың өзі ес болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жарықтық күннің құлағы Айыртаудың иығынан қылтиғанда бұлауға түсіп қалжа жегендей, әлгі қалжыраған жігіттеріміз қағанағы қарқ риза көңілмен алақайлап еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Айналайын, Күн! Жүр, Баке, – деді Аманжан қолына балта алып, – жүр, қасат қардың бетімен еңбектеп барып, анау талды отындыққа қиып әкелейік. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Үйден шыққанда тракторист едік зіңгіттей-зіңгіттей, одан Қоңқай мемлекетінің тұтқыны болдық, одан түні бойы қасқырларға концерт қойып, артист болдық, енді міне альпиниске айналдық... – деді Бақытжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Енді бір күн далада қалсақ, кері маймылға айналып кетеміз, саспа, – деп арқасынан қақты Аманжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тіпті соның өзі жақсы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кейде адам болып жаралғаныма өкінемін де. |