KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әрі өзінің кеше түнде оңбай таяқ жегеніне тіпті өкінген жоқ, қайта «өзіме де сол керек» деп өз-өзін табалаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ер-азамат не майданда, не жорықта сыналады деген осы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол – Бақытжан осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана емес, өзін де іздеп тауып алғандай еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол ұлы жаңалық ашты – өзін ашты... Қоңқай шалмен арадағы қақтығыстан соң, мінезі күрт өзгерген Аманжан ғана.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Не көрінді? – «Ляуқисың, ұйқышылсың, тамақсаусың», – деп мені келемеждегенде патефондай сайраушы едің, бір бармағымды бүгіп жүрдім деші...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірінің жүнін бірі жұлып жеп қоғам малы тұр маңырап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бақытжанның бұл жалынды сөзі, шынында да, әбес естіліп еді, әсіресе ақ қар, көк мұздың ортасында, тіс-тісіне тимей бүрсеңдеп, екі тәулік нәр татпаған ішектері итше ұлып жатқанда... Аманжан, ішін басып қатты күлгені соншама, трактордың шынжыр табаны солқылдап кетті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Пах-пах, шіркіннің патриотын-ай, ха-ха у-у-ішегім-ай... Павка Корчагин ортамызда жүр екен ғой... – Күлкісін шорт тыйды да, арс етіп жекіді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– ляуқи неме, қоғамға мал керек болғанда, адам керек жоқ па?! а! аштықтан, лажсыздықтан бір-бірімізді тірідей жегелі тұрып, жалынды сөздер айтамыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жалынды сөз жанымызды алып қала алмайды, жарқыным.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Насихатшым мен лекторым жанымнан табылып рақат болды-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Құлағымның етін қоғамтанудан беретін ызылдақ мұғалім жеп еді... енді міне...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дем алған сайын ауыздарынан будақ-будақ бу шыққан үш жігітке сонадайдан қарап тұрып, іштері өртеніп тұр-ау деп ойлауға болушы еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал олардың сырты қалтырағанмен, жан дүниелері лапылдап жанып жатқаны рас-ты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжанның ашуланып айтқан сөзінен соң, не істерін білмей біраз ойланып, үнсіз қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қазіргі жағдайды салмақтап қараса, Аманжанның сөзін де теріс дей алмас еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Не істеу керек мұндайда? Жан бағып ауылға тайып тұрса, неге келдің деп айыпқа тартпас.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қар шағылдардың арасынан, Қар қызының сыңсыта салған мұңлы әні естілгендей... – Ауылға бір айыр болса да пішен апармай, кері оралмаймыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қазір тауды шыр айналып, анау шананың желкесінен түсеміз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы пікірге қосылам дегендерің қол көтеріңдер, – деп кесіп айтты Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ары тарт, бері тартпен ырылдасып тұра берсе, қыстың келте күні қазір-ақ батып кетер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол үшін тағы да екі тәулік керек.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ондай жас жұтар тәуекелге сенің қарның, трактордың майы шыдамас, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Егер сенің барғың келмесе, осы жерде қала бер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Маневрді біз өзіміз-ақ жасап келеміз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан мен Бақытжан қол көтерді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы кезде Аманжан тракторды сөндіріп жіберді де, екі мықынын таяна талтайып, гусеницаны солқылдата ойнап, тісі ақсиып тұра қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бұға берсе – сұға беруге әбден үйренгенсіңдер, – деді қарға шырт түкіріп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ал енді тырп етіп көріңдерші.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ең әуелі екеуіңді, содан соң өзім қан болайын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қалтасынан бәкісін суырып алды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екі жігіт шошына қарап қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Басқа-басқа, дәл осыны күтпеп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бір жасынан бірге өскен дос, зАмандас, ағайындас... тағысын, тағылар – бәр-бәрі быт-шыт, бәр-бәрі бекер, әншейін қайғы-мұңсыз ерігіп жүргенде айтылар шартты ұғым екеніне Нұржанның көзі тұңғыш рет жеткен еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ендеше, анау ауылда іздеп барар кімі қалды? Қай екі туып, бір қалғаны бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шешесі ме, қарындасы ма? Олар өз күнін өзі, Нұржансыз-ақ көре береді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тәңірім-ау, Нұржанның осы екі жігіттен басқа кімі бар еді? «Аманжан, сен... осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі... Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Не болса да осына қар-елінде, адамдары аз кеңістікте өлу лазым екен...» – Надоели вы мне, надоели! – деп кеңірдегін созып бақырған Аманжанның өрескел үні оның ойын бұзды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұлардан сәл биікте, шынжыр табанда тұрған оның көзі от шаша бағжаң еткенде, Нұржанның алдында бірге өсіп, біте қайнасқан жан досы емес, Қоңқай шал тұрғандай жүрегі дір ете қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Вот так надоели мне все люди.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Все человечество! – Мынаның орысшасы ничауа екен, а Нұржан, – деп Бақытжан әзілге шаптырып еді, Аманжан тебініп: – Ыржақтама, – деді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Боқ-жыныңды ақтара салармын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Упрай әкеңе қош деуге шамаң келмей қалар, ойнастан туған шата неме!..

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– А-а! – деп аңырып тұрып қалған Бақытжан денесін тоқ соққандай әсерде басын қос қолдап қысқан қалпы, осыншалық ауыр сөзді көтере алмағандай шөкелеп отыра берді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екі көзіне қан тола бастаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Шата» дейді-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы бір қаңқау сөз үшін өзінен ары намыстанып, талай баланың мұрнын дал қылған Аманжан, енді міне, ес біліп ер жеткенде, беті былш етпей өзі айтып тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нендей бір тылсым күш, орнынан тік көтерді де, арсылдап тұрған алып Аманжанға қарай атып жіберді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әлемде менен мықты ешкім жоқ деп әспенсіп тұрған жігітгің ең әуелі қолындағы пышағы шыр етіп ұшып, қарға сіңіп жоқ болды да, өзі кескен теректей сұлап түсті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Міне керемет! Соққы қай жерінен тиді, оны Аманжан да, тіпті осы әрекетті баққан Нұржан да байқамай қалып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жалғыз-ақ сәтте жеңіске жеткен Бақытжан трактор табанына қарғып шықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қарғып шықты да: – Үндемегенге үрулеріңді қоймадыңдар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сендерден келген кереметті көріп алдым, – деді саспай сөйлеп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қоңқай шалдан қорық, қасқыр мен аяздан, аштықтан қорық, енді АманжАннан шошып сүрген өмірдің ішін ұрайын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ей, Нұржан, тракторға от алдыр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шанаға барамыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ана қабаған ит жатсын солай бұралып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Моншада берген антты бұзған адамның тартар жазасы – осы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Кішкене қайыс жіпті Нұржанға лақтырды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жеңдік деп тұрсыңдар ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мә, мә... – деп саусағын шығарды Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тұрайын деп екі-үш рет талпынып еді, бүйірі удай ашып көтертпейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«атаңа налет қай жерімнен ұрған» деп ыңырси күбірледі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бәрібір ажалдарың менен... бүгін болмаса ертең, ертең болмаса – Арғы күні.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Трактор дырылдап ала жөнелді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қанша төзімді, кең пейіл, жүрегі жұмсақ болғанымен, Нұржан біржола түңілгендей еді,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ДТ-ға қарғып мінді де, моторды жылдамдыққа қосып, рычагты тартып қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Кеттік! – деді жанына жайғасқан Бақытжанға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Кеттік! – деді ол да.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Апай-топайы шыққан жентек-жентек қардың үстінде белі кеткен сиырдай кирелеңдеп Аманжан қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ ол: «Тоқта, мені ала кетіңдер»,– деп жалынбады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Көзі қанталаған қалпы, қақпанға түскен қасқырдай мәңгілік кекпен, арлан ашумен қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Денесінің ауырғанына, суықтың өткеніне қараған жоқ, сол құлап түскен қалпында – мызғымай, өжет бітім, бітіспес өшпенділікпен қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Трактор етекке құлдап, ұзап кеткен соң, қорланажылады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сай-сүйегісырқырап, қолқасы қопарыла еңкілдеді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Көз жасы ақша қардың бетіне мұз-моншаққа айналып түсіп жатыр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Басқа-басқа, дәл БақытжАннан осындай соққы жеймін деп ойлады ма.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мұрны пысылдап, қалғып-шұлғып отыратын боқ қарын емес пе еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жо-о-оқ, бұл ойлағандай емес екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түйе бойына сеніп құр қалыптының кері осы да... Суықтан домбығып, қызарып кеткен саусақтарын жеңімен сүртіп үрледі де, қойнына тықты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сон-ау-оу ойға мойнын созып қарап еді, белуардан қар кешкен трактор түтіні будақтап, саймен ылдилап шырқап барады екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тоқтаусыз зырылдайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мына екпініне қарағанда жалғыз-ақ сағаттың ішінде тауды шыр айналып, қарға қақалып жатқан шананың қыр желкесіне жетіп келер түрі бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан достарына ермей қалып қойғанына, өзінің оңбай қателескеніне өкінді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді онда жалғыз-ақ амал қалып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол – Анау екі жүз метр жоғарыда жатқан шанаға өрлеп барып, екі жігітті тосып отыру.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кешірім өтіну.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оған Аманжанның намысы жібере қойса... Сонда не істеу керек? ызғарлы тыныштық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тырс еткен үн жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Дүниеде өлі тыныштықтан қорқынышты не бар екен? Кеше бұлар топшылағандай сай табаны сор, қойтасты кедір-бұдыр оппа емес екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол да болса алғашқы сәттіліктің басы еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шынжыр табАннан асып, қабыршықтана беріштенген қар сеңін қақ жарып, жүзе жөнелген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кешегі көкіректерін ыңғырудай кеулеген жат сезім, жабайы қылық сейіліп, ұлы бір майданға аттанғандай түстері әрі түйілген, әрі өзі күшіне имандай сенген қайсарлы, әрі қасіретті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шындай өшіккен адамның қасақана жасар ерегеспе долылығы бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түңіліп барып, үмітін үзіп барып, өз тілеуін өзі ғана тілер-жалғыздықтың, жанашырсыз жетімдіктің зарын тартып, запысын шеккен қайран көзсіз ерлік-ай, өлімді тек осылайша, осындай көкпері, асау мінезбен ғана жеңе аласың...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айнала аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Нұржан, – деді Бақытжан томаға-тұйық трактор жүргізіп отырған мұңлылау жүзіне қарап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Үсік шалынған адам ыстықтап, үстіндегі бар киімін шеше бастайтыны рас-ау деймін...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Түнде менің бойым енді ғана жылып, күйіп-жана бастаған шағымда, Қол шатырлы қыз келіп, жетелей жөнелді.
Көрсетілді: 5700 / 47388