Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Адам болып жетістіріп жүргенің шамалы еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Айда, кеттік. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжан барғысы келмей қипақтап аз-кем тұрды да, досының алая қараған көзіне көзі түсіп, әлгі ойынан лезде айныды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Боран соғып, әбден беріштеп, шегеленіп қалған қар бетімен тау басына қарай жорғалай жөнелген екеуінің соңынан үнсіз қарап ұзатқан Нұржан: – Жақсы, жігіттер! – деді күбірлеп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзі трактор кабинасын ақтарып, асай-мұсайын әзірлей бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қар бетінде қарайған екеудің жылжығанынан тайғанақтап төмен сусығаны көп. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жел үріп, жылтырата қатырған тайғақ тым қатыгез, тым қазымыр еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Алда келе жатқан Аманжан бейне бір альпинистер секілді балтамен ойып шұңқырлап, басқыш жасайды да, табанын тіреп, ізін басқан Бақытжанға белбеуін лақтырады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол қатарласқан соң, тағы да алға, құзар тауға шабуылдайды да итпектеп өрмелейді... Екеуі де алты айрығынан тер сорғалап ыстықтады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өне бойынан бұрқырап бу шығады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ойдан қараған кісіге өртеніп тұрғандай-тын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Картерді шұқылап, екі досының қимылынан көз жазып қалып еді, бір нәрсе дәл жанынан төмен қарай сонау шатқалға зу етіп ағып өтті. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол не болды екен деп ойлап үлгергенше, жоғарыдан дауыс естілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қолаба, лаухи, ынжық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жат солай сай табанында! Аманжанның лақтырған белбеуін қақши берем деп оқыстан айрылып қалған Бақытжан айнадай жарқыраған қар бетіне жұп-жұмсақ құйрығы тиген соң, қол шана тепкендей сырғанап кеткен екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Анау оған қарап алаңдамады, дұрыстап тұрып балағаттады да, өзі өрмелей берді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң өр жақтан тағы да дауыстады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Нұржан, ау, Нұржан, сен оған назар аударма, өзі келеді ит болып, бойында шыбын жаны болса. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Балтаның даусы естілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол талға есен жетіп, қия бастаған екен. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бұдан соң буда-будабұтақтықұшақтағанолоқтайзымырап кеше трактор шиырлап қазып тастаған қазан шұңқырға гүрс ете қалды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан серігінің ептілігі мен қапшағай шапшаңдығына таң қалды әрі шын көңілінен риза болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
«Есірік болмай, ер болмайды» деген сөздің жаны бар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Тоңазыған жас тал бықсып тұтана қоймады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Үстіне ептеп еріп, мөлт-мөлт тамып тұрған солярка тиген соң ғана жылбысқылана жанғансымақ болған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әлгі отты трактордың құйрық жақ астындағы бакқа қойып, мыжырайған май-май шелекке толтыра қар нығады да, әлгі болар-болмас түтінденген оттың жанына тақады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мұнымыздан түк те шықпайды, – деді Аманжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Солярка жібіген соң үстіне құйып, менің пиджагымды жағайық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Сендердікінен гөрі ескілеу ғой, – деді Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Анау ляухидің тонының ішіне киген желеткесі бар, – соны қоса өртеу керек, әйтпесе бір шелек қарды қайнатып, салқындатқышқа құю мүмкін емес. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ең әуелі оның өзін шақырып әкелу керек. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Келеді өзі! – Зілдене айтты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжанды не себептен суқаны сүймейтінін Нұржан білмейді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Түнде ретін тауып, сабап та алды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Дегенмен сен барып шығарып әкел, – деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Тосып отырамыз ба осылай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Орнынан керенау көтеріліп бара жатып: – Барсам да тек желеткесі үшін барамын,– деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Содан соң қолына сүймен алып, секіріп барып қатқан қарға жалп етіп отыра кетіп еді, етекке қарай сырғанай жөнелді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
От жаға алмай күйбеңдеген Нұржанның құлағына сай жақтан баж-бұж еткен дауыс тағы естілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжан алда, Аманжан соңында, сүйменді таяныш қыла өрмелеп келеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжанның не себептен жан даусы шыққанын түсіне алмады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Трактор жанына келіп жеткенде желкелей нұқып, ұшырып түсірді де: – ляухи, неғыпбүгежектеп жатып алды десем, бізден жасырып құрт жеп отыр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан рас па дегендей оған қарап еді, ұрты томпайып, сілекейі шұбыра жалмаң-жалмаң еткенін көріп шындап түңілді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ұят екен, – деді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Соғыс болса немесе ашаршылық болса қайтер едің. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына деген қайда? апаң қалтаңа салып берген бір уыс малта қыстан шығарады дедің бе? |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Қызғанғандарың осы болса мә, алыңдар, талап жеңдер, тіпті қарындарың ашып бара жатса мені сойып, қақтаңдар, – деп қалтасынан алған малтаны шашып жіберді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ Нұржан да, Аманжан да міз бақпады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Аппақ қардың бетінде бір уыс малта бытырай шашылып жатты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ешқайсысы еңкейіп алмады да. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Шеш желеткеңді, – деп әмір берді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бақытжан үнсіз шешіне бастады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жанармай жіпсіген соң пиджак пен желеткенің үстіне малшыта құйып, лап еткізіп тұтатты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өмір оты лаулады! Тіршілік басталды! От тиген жігіттердің бетінен қан, от тиген жез түтіктерден май жүгірді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірер шелек қар қайнатып, салқындатқыштың мұз қабыршықтанған өңешіне құйды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Картердің майы жібіді! Жанармай тиген соң бағанағы шылқыған жас тал да сытырлай жанды! |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Күн жарықтық арқан бойы көтеріліп, жанарыңды жалайтын сәулемен мұқым маңай, айнала – Аппақ қар әйнектей жарқырады-ай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Шыңылтыр аяздың астында шыны уатып тастағандай шағылыса ойнайды... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Өзінің қыңыр қылығына өкініп, сең боп қатқан ұяты ол да жібіді білем, Бақытжан мұрны қанағанша дедектеп жұмыс істеді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Қайыс белдікті дөңгелек от алдырғышқа орап әкеп, түйіншегін ілгішіне іліп, кезек-кезек тарта берген соң ең алдымен пускаш тырылдап іске қосылды да, ақыреттей жайылып, суық жүзбен сыздана сазарған ақшағыл тауларды жаңғырықтырып, трактор от алды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Біразға дейін көксау тигендей қақалып-шашалып бабы болмады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Нұржан барып газдың тұтқасын басып қалып еді, өкіріп-өкіріп түні бойғы өксігін құсып тастап, баяғы әуеніне басып, әлеулей әнін шырқады-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жасасын, өмір! Жасасын, жастар! Жасасын, жасасын, жасасын!.. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жігіттер оны-мұны, керек-жарағын темір қобдиына бақшалап тұрып салды, отырғыш пен арқалықты қар үйшіктің астынан аршып алып, орнына қойды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Кабинаға қарғып мініп, «жолымызды оңғара көр» деп күбірлеп сапарға, тіршілік жорығына аттанды әне! |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Не болса да тәуекел жасап, мынау таудың балағындағы өзекшені құлдап, мынау мекен болған ақ тауды шыр айнала орап, келген іздерімен жоғарыда қалған шананың қыр желкесінен түспекке ниет білдірді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бірақ Нұржаннын бұл ұсынысына Аманжан үзілді-кесілді қарсы болды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Есіміз барда – елімізді табайық,– деді ол. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сен қалай ойлайсың? – деді Аманжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Сен қалай ойласаң – солай ойлаймын, – деді Бақытжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Түу... ит арқасы қияннан күн демей, түн демей бар ауыртпалықты арқалап шыққанда, жол ортадан қайтып кетуге дәтім шыдамайды. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ел-жұрттан ұят. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Аға трактористің бұл сөзіне Аманжанның күлкісі келді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Пах..., хи-хи... шіркіннің елден ұяла қалғаны-ай... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ұлыған қасқыр, ұйтқыған боранға бесіктен белі жаңа шыққан біздерді алдап-арбап айдап салғанда, сол елің... |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
ұялмайды, біз ұялуымыз керек! айда, былжырақты қойып тракторға мініңдер. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Күн барда етекке түсіп алайық. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Өзі қарғып трактордың табанына шықты. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Асықпа, жігітім, дауысқа саламыз, – деді Нұржан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Одыраңдама соқырым, баланы басып кетесің деген екен баяғыда біреу. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Пах! Бейне бір кинодағыдай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Комсомол жиналысын ашамыз деші. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Ар-ұят жиналысы. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Хватит! – деп айғай салды Аманжан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Шалтай-балтайды қойыңдар. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі тәулік алысқанда ар-ұятымнан айрылып қалғанмын. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал қарыз алуға әркімнің өз қара басына жетпей жүр. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
– Мойнының тамырлары білеудей болып ісініп шыға келді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Адамдардың мінез-құлқы қызық қой: қазір былай, қазір олай. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ал Аманжан өз айтқанына көнбесең, басын кесіп алсаң да ұстанғанынан таймайтындардың бірі-тін. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Суық қатты қысқанда торс-торс айрылатын қара жердің өзі іспетті, жан дүниесіне, психологиясына сай келмейтін нәрсе болмаса ешкімнің айтқанына көніп, айдағанына жүрмейтін ол, қазіргі дау-дамайда сөзсіз жеңем деп ойлады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Екі күн бойы өлім мен өмірдің қақпақылы болып, қар-қатынның тұтқынынан енді босандым ба дегенде, жалғыз шана шөп үшін ажалға бастарын тігу – барып тұрған ақымақтық деп ойлады. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Жо-жоқ, патриоттық рух, жауапкершілік сезімі Аманжанда да сөнген жоқ, бірақ көзсіз ерліктің зАманы емес қой бұл. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Не істесең де ақыл, айла керек. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Ол әсіресе кешеден, шалмен арбасудан кейін қатты өзгеріп кетіп еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Неге екенін кім білсін, Бақытжан бағанағы бір құрт мәселесінен кейін, өз-өзінен ол да өзгеріп сала берген. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Әсіресе Нұржанның кеудесіне тонның ішінен киген пиджагын шешіп отқа тастап, дірдектеп тұрған кейпін көрген сәттен бастап, жан дүниесіне тамаша сәуле тарап еді. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Күпірлікке толы күндерімен мүлдем қоштасқандай, адамгершілік, достық, қимастық деген түсініктердің мәнін шындап парықтағандай болған. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Бір бағытқа – бір мақсатпен аттанған адамдар арасында қара суды бөліп ұрттар қоян-қолтық ынтымақ болмайынша, ілгерілеу мүмкін еместігінұққан. |
Қар қызы
|
Оралхан Бөкей |
|
Анау үзеңгілес келе жатқан достарының тотыққан мыс түсті шаршаңқы дидарына ұзақ үңіліп, оларды енді ғана танығандай, олармен енді ғана шындап достасқандай балаша қуанған. |