Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ол мүлдем қыли да, қисық та емес, Гуадарраманың мұз бағанындай сымбатты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Енді сіз қазір осынау ойға келмес өрескел мазаққа барғаныңыз үшін сазайыңызды тартасыз, себебі әміршімнің айдай сұлу ажарына кір жақтыңыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осыны айтып найзасын көлденең ұстап әлгіге қарай ызбарлана әрі өшіге ұмтылғаны сонша, егер әдепсіз саудагердің бағына қарай Росинант жолда сүрініп кетіп құлап түспегенде оның саудасы біткен де болар еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөйтіп, Росинант құлап түсті, ал оның қожайыны анандай жерге ұшып кетті; тұрайын деп еді, тұра алмады: найза, қалқан, шпорлар және ауыр салмақты атам заманғы сауыт-сайман қол-аяғын байлап-матап орнынан тұрғызбады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осылайша, тұрмаққа тырысып босқа әлектеніп жатып та ол: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Тоқтаңдар, қуыс кеуде қорқақтар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жексұрын малайлар, тұра тұрыңдар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өз кінәмнан емес, атымның кінәсынан құладым ғой! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп айқайды салумен болды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол арада анау, шамасы қаны бұзықтау неме болса керек, апатқа ұшырап жатқан жанның балағаттаудан тыйылмасын байқап, шыдамын жоғалтып, жауап орнына оның сорын сорпа қылмаққа ниеттенді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихоттың жанына жүгіріп барған ол найзасын қолынан жұлып алып бөлшек-бөлшек қып сындырды да, бір бөлшегін ала сап оны сілейте соққаны сонша, сауытынан еш дәрмен болмаған рыцарымыз бастырылған бидайдың бауындай боп қалды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қожайындары мал айдаушыны сабасына түсуге шақырып, кавальероға тимеуге үгіттеп баққандарымен, қаны қызып алған неме ашу-ызасы әбден сарқылғанша ойынды тоқтатпауға бекінді; найза сабының сынған бөліктерін бірінен соң бірін алып, онысын жерде ұзынынан сұлап жатқан бейшара рыцарьды соққылаумен қайта сындыруға кірісті, — ал рыцарь болса, біреу таяқпен аяусыз төпелеп жатқанына қарамай, аспаннан, жерден және қазір өзі қанішер ретінде қабылдаған саудагерлерден кек алатынын айтып сес көрсетіп, жағы бір тынбай сөйлеумен болды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ақыры мал айдаушы шаршады, сөйткен соң сапарлары барысында барғанша-келгенше әңгіме қылуға азық табылған, — тілге тиек етілер жай, әрине, таяққа жығылған сормаңдай рыцарь болатын, — саудагерлер әрмен жылжыды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал рыцарь жалғыз қалған соң тұрмаққа тағы талпыныс жасады; бірақ әншейінде, дені-қарны сау кездің өзінде де, тұра алмайтын адам енді қазір, сорын қайнатып сілейтіп салғаннан кейін тұра алатын ба еді? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әйтсе де, ол өзін өте бір бақытты жандай көрді — бұл кезбе рыцарьдың басында бола беретін әдеттегі жағдай ғой деп ойлады ол, оның үстіне бұған кінәлі өзі емес, аты болатын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Тек бір өкініштісі, қанша арпалысса да тұра алмайды — бойындағы сүйек біткеннің бәрі сырқырап ауырып тұр. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ү тарау |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мұнда рыцарымыздың басындағы бақытсыздықтар жайындағы әңгіме одан әрі жалғасады |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Шынымен-ақ қозғала алмайтынына көзі анық жеткен рыцарымыз өзінің дағдылы амал-айласына көшуді ұйғарды, дәлірек айтқанда: романдарда суреттелетін оқиғалардың әлденендей біреуін еске алмақ болды; сол арада оның шатысқан түсінік-пайымы Карлотто Балдуинді тауда жарақаттағаннан кейін Балдуин мен маркиз Мантуанский арасында болған жайды ойына оралта қойды — балаларға жақсы мәлім, жас жігіттерге тартымды, қарияларды да қызықтыратын, олар да мұны кәдімгі болған оқиғаға балайтын бұл хикаяның шындығы, ақиқатында, Мұхаммедтің ғажайып істері жайындағы ойдан шығарылған әңгімелерден артық емес-ті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот осы оқиға мен өзінің басынан өткен жайдың арасында әлденендей бір ортақ нәрсе бар деп тапты; сөйтіп, бойын айрықша толқу билеген ол олай да былай аунап жатып, жарақаттанған Орман Рыцары әлдебір кезде айтты делінетін сөздерді естілер-естілмес етіп сыбырлаумен болды: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қайдасың, менің сеньорам? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бөліспейсің неге қайғыммен? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Хабарың әлде жоқ па одан, |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жатпын ба әлде саған мен? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Романсты осылайша жатқа оқи келе ақыры ол: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Беу, мантуандық билеуші, |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әміршім әрі ағайым! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
деген жолдарға жеткен-ді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот осы өлеңді оқып жатқан кезде тап осы жолмен есегін тепеңдетіп өзімен бір селода тұратын шаруа адам диірменге астық апарып қайтып келе жатқан болатын; жерде ұзынынан сұлаған адамды көрген ол жақындап келіп кім екенін, қай жері ауыратынын және неге сонша қинала ыңырситынын сұрады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот, әрине, оны өзінің туыс ағасы маркиз Мантуанскийдің нақ өзі екен деп қалды, сондықтан жауап орнына әлгі романста айтылатын жайды аудыртпай қайталап, тағы да өзінің бақытсыздығы жайында, император ұлының өгей шешесіне деген махаббаты жайында сайрап берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Бұл сандырақтарды диқан таңырқана тыңдады, сосын дулығасының соққы салдарынан сынған бет жабарын былай алып тастап, бетін басқан шаңды сүртіп тазалады; сол бойда-ақ оның кім екенін танып: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сеньор Кихана! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
(Ақыл-есінен адаспай тұрғанда, салиқалы идальгодан кезбе рыцарьға айнала қоймаған кезде Дон Кихотты жұрт осылай атайтын.) Кім сізді бұлай сабап кеткен? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот болса барлық сұраққа жауапты аталмыш романстағы өлең жолдарымен қайтарып жатты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қайырымды диқан мұның жарақат алған-алмағанын білмек үшін асқан сақтықпен сауыт-сайманынан кеуделік пен иық жабарды ағытып алды, алайда денесінің қансыраған не ісінген жерін көре алмады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сосын оны орнынан тұрғызып, есек жуастау жануар ғой деп шешіп, едәуір әуреге түсіп жүріп ақыры оны есегіне отырғызды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Одан соң қару-жарағын жинастырып, тіпті найзаның сынықтарын да қалдырмай жинап, бәрін Росинанттың еріне әкеп байлап тастады, сөйтті де ат пен есекті тізгінінен жетелеп, Дон Кихоттың шатқандарын құлағына да ілмеген күйі, өз ойымен өзі боп селосын бетке алып жүріп кетті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот та ұзамай ойға берілді; сілесі қатқанша таяқ жеген міскін ердің үстінде шақ отыр еді, деміл-деміл аһ ұрып ауыр күрсініп қоятын, соған алаң болған диқан ақыр соңында одан қай жері ауыратынын тағы бір қайталап сұрауға мәжбүр болған, бірақ басынан өтіп жатқан шәлкем-шалыс істерге сәйкесе кететін ертегі-аңыздарды Дон Кихоттың құлағына шайтан сыбырлап тұрғандай еді: себебі Балдуин жайын ұмытып үлгерген ол дәл осы сәтте антекерлік алькайд Родриго де Нарваэстің Абиндарраэс дейтін маврды13 тұтқындап, өз қамал-сарайына қалай алып келгенін еске түсірген болатын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөйтіп, диқан хал-жағдайын, неге мазасызданып келе жатқанын сұраған кезде анау оған бір кезде өзі Хорхе де Монтемайордың осы хикая әңгімеленетін Диана дейтін кітабындағы тұтқын Абинсеррагтың Родриго де Нарваэске айтатындарын сөзбе-сөз қайталап жауап берді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Маврдың басында болған кепті аса бір ептілікпен өз басына әкеп телігені сонша, осы балдыр-батпақты тыңдап тұрған диқан әлденеше мәрте шайтанды еске алып, жерге түкіруге мәжбүр болды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның дәл осы балдыр-батпағы диқанды жерлесінің есі ауысқаны-ау деген ойға жетелеп, мылжыңдарымен әбден мезі ғып біткен Дон Кихоттан тезірек құтылу үшін жүрісін үдетіңкірей түсті. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихот болса, сөзінің қорытындысында мынадай мәлімдеме жасады: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қаперіңізде болғай, мәртебелі мырза сеньор дон Родриго де Нарваэс, жаңа өзім сізге айтып берген Харифа ару дегеніміз айдай сұлу Дульсинея |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Тобосская боп табылады, ал ол үшін мен күллі әлем көрмеген, көрмейтін және ешқашан көре алмайтын ерлік істер жасадым, жасаймын және жасай да берем! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Диқан бұған жауап ретінде былай деді: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сізге не десем болады, мейірімді мырза! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Түсінсеңізші, сеньор, мен ешқандай да дон Родриго де Нарваэс те, маркиз Мантуанский де емеспін, бар болғаны өзіңізбен бір селода тұратын Педро Алонсомын ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сол сияқты сіздің де кім екеніңіз мәлім: сіз ешқандай Балдуин де, Абиндарраэс те емессіз, қадірменді идальго, сеньор Киханасыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Кім екенімді өзім жақсы білем, — деп Дон Кихот оған қарсылық білдірді, — сонымен бірге, әлгінде өзіңізге айтып бергендеріммен қоса, Францияның барлық Он Екі Пэрінің, сондай-ақ барлық Даңқты Тоғыз Азаматтың атымен атануға да қақым бар екенін білем, өйткені бұлардың жекелеп болсын, бәрі бірігіп болсын жасаған ерлік істері өзімдікімен салыстырғанда түкке де татымайды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осындай әңгіме үстінде кешке қарай олар селоларына да жетті; таяққа сылқия тойған идальго ердің үстінен ауып кете жаздап шақ отырғандықтан, оны ешкімнің көрмегенін хош көрген диқан қараңғылық түсуін күтпекке бекінді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сөйтіп, қараңғылық әбден қоюланған шақта ол тура тартып Дон Кихоттың үйіне қарай жүрді, ал онда бұл кезде абыр-сабыр күшейіп, рыцарымыздың ең жақын екі досы — священникпен және шаштаразбен сөйлесіп жатқан күтуші әйелдің шаңқылдаған дауысы әжептәуір жерден естіліп тұр еді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мырзамның басына түскен бақытсыздық жайында сіз не айта аласыз, сеньор лиценциат Перо Перес (священникті осылай атайтын)? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Өзінің де, атының да, қалқанның да, найзаның да, сауыт-сайманның да ұшты-күйлі жоғалғанына, міне үш күн болды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Неғылған басымнан сорым арылмаған жан едім! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Менің білетінім бір-ақ нәрсе, — және бұл әуелі жарық дүние есігін ашып, соңынан онымен қош айтысатынымыз сияқты шындық, — әлгі қарғыс атқыр рыцарьлық кітапшаларды ол күні-түні оқитын, міне, оны ақылынан адастырып жіберген де солар. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Енді-енді есіме түсіп жүр, өзімен өзі сөйлесетін кездерінде кезбе рыцарьға айналғысы келетінін, шытырман оқиғаларға тап болу үшін жер-дүниені шарлауға кіріспек ойы барын әлденеше рет айтқан да болатын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Шайтан мен Варавва алсын бұл кітаптарды, оның ап-айқын ақыл-есі осылардың қырсығынан айныды ғой: ондай жанды бүкіл Ламанчадан іздесең табар ма едің. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жиен қарындасы күтуші әйелді қолдай сөйледі. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Білесіз бе, сеньор маэсе Николас, — деді ол шаштаразға қарап тіл қатып, — бақытсыздық оқиғалары жайында жазатын осынау жексұрын романдарды ағатайымның екі тәулік бойы бас алмай оқитын кездері де болатын. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Одан соң, кей-кейде, кітапты былай лақтырып тастайтын да, семсерді ала сап әбден титықтап біткенше қабырғаға сұққыштайтын келіп. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
“Мен төрт дәуді тырапай асырдым, әрқайсысының бойының биіктігі мұнарадай еді”, дейтін. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Қара суға түсіп терлеп кетеді, ал өзі болса бұны ағып жатқан қанға балайды, өзін айқаста жараланғандай көреді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сосын бір бақыраш мұздай суды ішіп алады да, демалып, өзіне өзі келген соң: бұл қасиетті сусын, оны маған данагөй — қалай еді есімі? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Алкиф пе, Паф-пиф пе біреу, атақты сиқыршы және өзімнің адал досым әкеп берді, дегенді айтады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Жоқ, бәріне мен өзім кінәлімін: ағатайымның ақылы бүтін еместігін ертерек ескерткенімде оның бұлайша шектен шығуына жол бермес едіңіздер, осынау қарғыс арқалаған кітаптардың бәрін отқа жағып жіберер едіңіздер, өйткені дінбұзарлардың шимай-шатпақтары сияқты әлдеқашан отқа лақтыратын дүниелер дегеніңіз ол кісіде шаш етектен ғой. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мен де солай ойлаймын, — деп сөзге священник араласты, — ертеңнен қалдырмай аутодафе14 ұйымдастырып, алдағы уақытта оқырмандарды қазір, шамасы, абзал досым айналысып жүргендей істерге итермелемеуі үшін ол кітаптардың бәрін отқа жағатынымызға уәде берем. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Диқан мен Дон Кихот бұл әңгіменің бәрін естіп тұрған, өзінің серігі қандай сырқатқа шалдыққанына сол арада анық көзі жеткен диқан кенеттен: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Мархабатты мырзалар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Антекерлік алькайд, айбынды Родриго де Нарваэс тұтқынға алып келе жатқан сеньор Балдуинге, ауыр жараланған маркиз Мантуанскийге және сеньор Абиндарраэс маврға есік ашыңыздар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп айқайға басты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Айқайды естіген іштегілер сыртқа жүгіріп шықты, жерге түсуге шамасы болмай әлі күнге есектің үстінде отырған жанды еркектер — өздерінің досы, әйелдер — ағасы мен қожайыны ретінде түстеп таныған бойда оған жармаса кетіп құшақтай бастады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал, анау болса, оларға: |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Жә, қоя тұрыңдар! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Атымның қырсығынан ауыр жараланып қалдым. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Мені төсекке апарып жатқызыңдар, сосын, мүмкін болса, жарақатымды қарап, емдеуі үшін данагөй Урганданы шақырыңдар, — дегенді айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сұмдық-ай, сұмдық-ай! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп зар қақты күтуші әйел. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Қожайынды қандай қырсық айналдырып жүргенін жүрегім сезіп еді-ау менің! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Түссеңізші жайлап, тілеуіңіз болғыр, біз сені әлгі Құрығандасыз-ақ өзіміз емдеп жазып аламыз. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Күл болып күйіп кеткір рыцарлық кітапшалар ғой сізді осындай халге жеткізген! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Олар Дон Кихотты төсекке апарып жатқызып, қарап шықты, бірақ жарақат таба алмады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Ал анау бұларға денесін жай ғана ауыртып алғанын, өйткені бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген өжет те өктем он алыппен айқасқан кезінде өзінің Росинантпен бірге жерге гүрс құлағанын айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Өйдөйт деген-ай! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— деп священник дауыстап жіберді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Әңгіме енді алыптар жайына ауысты ма-ей? |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Егер тап күні ертең, күн ұясына қонғанға шейін, соның бәрі отқа өртенбесе, құдай тас төбемнен ұрсын! |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Дон Кихотқа сұрақ қарша жауды, бірақ ол жауап қайтарудан қашқалақтап, өзім қазір айрықша мұқтаж боп жатқан нәрсем — тамақ ішіп алып, ұйқтауға мүмкіндік берсеңдер деген тілек білдірді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Оның тілегі орындалды, одан соң священник диқаннан Дон Кихотты қалай тауып алғаны жайында егжей-тегжейлі сұрастыра бастады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Диқан оған болған жайдың бәрін, тіпті рыцарымыздың жерде сұлап жатып та, үйге келе жатқан жолда да шатып-бұтқандарына шейін түгел, бүге-шігесін қалдырмай баяндап берген соң лиценциаттың бойында ойға алғанын орындауға деген зор құлшыныс пайда болды, ертеңіне онысын іс жүзінде орындады да, атап айтқанда, дос-жар адамы шаштараз маэсе Николасқа соғып, екеуі Дон Кихоттың үйіне қарай бағыт алды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
ҮІ тарау |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
— Сонымен, сен өзің қош көрген жеріңе жайғасып жата бер, ал енді маған, таңдап алған кәсібімнің ерекшелігін еске алғанда, ұйқтағаннан гөрі сергек болған көбірек жарасатын секілді. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Солай бола тұрғанымен, Санчо, құлағымдағы таңғышты тағы бір жаңартып бергеніңнің саған еш жамандығы болмас еді, себебі ауруы шыдатпай барады. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Санчо таңғышты ауыстыруға ыңғайланған кезде бақташылардың бірі жарақатты қарап шығып, атқосшыға әуреленбей-ақ қойса да болатынын, себебі өзінде оны жедел жазып шығаратын дәрі барын айтты. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Айнала-маңда розмарин қаулап өсіп тұрған-ды, бақташы содан екі-үш жапырақ жұлып ап, шайнап жұмсартты да, тұзға былғап алғаннан соң құлаққа әкеп жапсырды. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Сосын, жараны асқан ептілікпен таңып берген соң, бұған енді басқа ем керек емес деп мәлім етті, айтса айтқанындай, кейін солай болып шықты да. |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
ХІІ тарау |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Әлдебір бақташының Дон Кихоттың жанындағыларға айтып бергендері жайында |
Дон Кихот
|
Мигель де Сервантес Сааведра |
|
Осы арада деревнядан азық-түлік таситындардың бірі қайтып оралып: |