KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ақсақал, дүниенің төрт бұрышында не болып жатқанын біле, сезе отырып, осыншалық саяқ, оңаша тірлік кешуіңізге не жорық?

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Өйткені мен адамдар жиналған тобырды иттің етінен ары жек көрем, – деді Қоңқай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өлдім дегенде бір әуен ұстады-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тағы да алла Пугачеваның әндерінің бірі екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қоңыр мұң, албасты ашу, өкпе-наз, өжеттік – бәрі-бәрі астаса келе, адам бойындағы рухани ауруды айдап шығарар қуатты да нәзік тағы ән, мәдениетті дауысты үй ішіндегі үш жігіт, бір шал ден қоя тыңдап, жалқы сәт тым-тырыс отырып қалып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сонау ат тұяғы әрең жетер ішкері жақтағы адасқан қаздай жападан-жалғыз ұрлық өмір кешкен Қоңқайдың қыстағында алланың әні тіпті құлпырып, сай-сүйегіңді сырқырата шырқалады екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шалдың да сүйсіне тыңдайтын жалғыз әншісі, осы «ән салғыш әйел» секілді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әннің аяғы дарақыланған күлкімен аяқталды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осынысымен құдіретті еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мықты қатын, – деді шал күрсініп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Содан соң өзі-өзінен шаңқ етіп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жоқ! Ұлы Қоңқай жаққан от ешқашанда сөнбек емес! – деді жанары ұшқындап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Пышақпен тіле салғандай жалғыз сызықтанған қысық көздің осыншама аясы кеңіп үлкейгеніне жігіттер аң-таң аңырайып қарап қалған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол – жалқы да болса жақсылар жаққан от.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Егер шын білгілерің келсе айтайын: Қоңқай орталарыңда, Қоңқай жер шарының түкпір-түкпірінде,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қоңқай... әркімнің қарақан басында, лүпілдеп соққан жүрегінде, өз шыққан тауым биік болсын дер тілегінде.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тек қана бір-бірінен жасқана жасырады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қолы қалтылдап орнынан тұрып кетті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы қалпында жындана бастаған деп ойлауға әбден болар еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ ол сап-сау, сырғауылдай ұзын қарулы саусақтарымен үш жігітті кезек нұсқап саңқылдап тұр.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қоңқай дегеніміз сен, – деді Нұржанға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мына сен, – деді Аманжанға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

–мынасен, – деді көзі іліне беріп шалдың айғайынан оянған Бақытжанға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ауыздарыңнан ана сүті кетпей жатып үлкендермен алысасыңдар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Елу жыл бойы осы Айыртауда – Арыстандай айбат шегіп, ошағымның отын сөндірмей отырмын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ешкім де қолымнан қағып, бетімнен алып көрген жоқ... Мені бүкіл аудан, қала берді, облыс басшылары біледі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал сендер білімсіздік таныттыңдар... – Нұржан шалдың сөзін бөлді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ақсақал, кешіріңіз, бірақ сіздің ошақтан жалғыз-ақ түтін ұшпай ма?..

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қоңқай: – Жалғыз түтін де – түтін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мені, әйтеуір, бір күні бір Қоңқай өзі іздеп келіп табады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бірақ ол қандай түтін,– деп күрсінді Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

–Если бы от – горя дым шел, как от огня, мраком был бы мир сплошным – не было бы дня.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Баяғыда, – деді Бақытжан өзінің әлі де тірі екенін дәлелдегісі келгендей есінеп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Біздің ауылда бір шал: «Қазаққа ассалаумағалейкум деп Амандассаң бір самаурын шайым кетеді», – деп ешкімнің сәлемін алып, есендеспейтін...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жарықтық өлгенде үш-ақ адам топырақ салды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шал кебеженің қақпағын аңырайта ашып, ішінен құндыздың, бұлғынның, суырдың, тиінның, қасқыр мен аюдың терісін сілкіп-сілкіп шығара бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осыншалық байлықты бұрынды-соңды көрмеген жігіттер кебеже ақтарып отырған Қоңқайдың қасына қалай барып қалғаңдарын өздері де сезбеп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Елдің алды болып, еңбектеп келген Бақытжан: – міне байлық,– деді басын шайқап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан ысқырып жіберді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Міне осылар барда, – деді шал қолыңдағы бұлғынның түгі жылт-жылт еткен терісін сипап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Көктен Құдай, жерден шұнай алмайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Білгілерің келсе аудан, облыстардағы мұқым қаратаяқтың басындағы бөрік, әйелдерінің жағасы – мен атқан аңның терісі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал тері-терсектің барған сайын алтынға айналып бара жатқаны белгілі.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Түсінік-те-е-ее, – деді Аманжан ысқырып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Пара деші, п-а-а-ра! – Иә, пара, шырағым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Шал терілерді орнына қайта жайғастыра бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бергенді, алғанды кім жек көрсін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Егер осы үшеуіңді өлтіріп тастасам да, осы терілердің күшімен сотталмай құтылып кетеріме кәміл сенемін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан: – Ты – мне, я – тебе дейсіз ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шал: – XIX ғасырдың орта кезінде Көкшетау дуанының аға сұлтаны болған Зілқараның Әлібек есімді баласы қылмысты болып, абақтыға түссе, атасы Тұрлыбек Петерборға барады да, «ақ патшаға» жолығып, сұлулығы сүліктей меңсіз қара қырық сәйгүлікті параға өткізіп, інісін итжеккенге айдатудан Аман алып қалған екен...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржан: – Кісі өлтірген адамды пара алып, айыбын кешірген патшаның өзі соучастник болып қалды ғой қылмыстыға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шал: – Ондай соучастниктерді есептей берсек, есеп-шоттың тасы жетпейді, шырағым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Күйдіре берме.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бақытжан да тайынар емес, шап етіп бетінен ала түсті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екеуінің егесіне Нұржан араласқан жоқ еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бағанағы әсерден әлі де арыла алмай, мең-зең болып отырған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Іс насырға шауып бара жатқан соң, амалсыз басу айтты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бекерден-бекер егесесіңдер, жігіттер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қорықсақ – үшеуміз де барайық.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Суықтан үсіп өліп қалмаса, тірі жан бар шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үшеуі де отырған орындарын қимағандай самарқау қозғала бастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Тракторды өшіреміз бе? – деді Бақытжан қипақтап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ондағы ойы кабинадан ең соңы болып түсу еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әзірше тұра берсін, – деді Нұржан омбы қарға секіріп – түсіп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қондырмай жатса кері қайтуға тура келетін шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Күйбеңдеген Бақытжанды артынан итеріп жіберген Аманжан іле өзі де қарғыды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бұлар топ-топ етіп түскен тұстың қары тізеден асады екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірінің соңынан бірі еріп жүре беріп еді, ең артта тартыншақтап келе жатқан Бақытжан:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әй, осы жұмбақ үйіңнен қорқамын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Терезесі сығырайып, үндемей қабатын ит секілді жымсып жатысы жаман екен...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мен... тракторды күзете тұрсам қайтеді, – деді желкесін қаси қипақтап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Былжырама, – деді Аманжан арс етіп.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Темірді қасқыр жемейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үйдің дәл іргесіне жеткенде үшеуі бірдей қалт тұра қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Трактордыңбаяузіркілінен өзге үн өлген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сонау... оу... оу...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айыртаудың айыр өркеші екі арасынан қылтиып, жарықтық желіндеген ай көтеріліп келеді сыздап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жалғыз үйдің ес болар иті де жоқ екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Итсіз үй көңіліңе одан ары қаяу салатындай, бір түрлі жетім, бір түрлі қоңылтақ та мұңлы екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аяйсың... Айдалада

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Аппақ қардың тұтқыны болып, адасқан балапандай бүрісіп, жер бауырлап жатқан мүсәпір кескінін көріп жаның ашиды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бүгінде, адам айға ұшып жатқан зАманда мәңгі мылқау тақыр таулар бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кісі аяғы жете бермес жерлер бар, елден де, ұлы шулы өмірден де жеріп, саяқ жүрер адам барына илану да қиын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірақ бар екен...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Киіздей тұтасқан цивилизациялы өмірімізде, осындайлық қалтарыста ұрланып қалған тағы табиғат, жұмбақты үйлер қалғанына шүкіршілік жасайсың.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әттең, қазіргі зАманда адасып жүріп, аңшының үйіне тап болғАннан артық бақыт бар ма, тәңірім...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан буын-буыны дірілдеп шегіне берді: – Қорқамын, әкри... – Неден қорқасың, шырағым.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нечего бояться!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жерастынан шыққандай болған осы гүрілдек үннен үшеуі бірдей селк етіп, зәрелері қалмай шошыды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан қатарында тұрған Нұржанды құшақтай алып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жалт қарағандарында, тура қыр желкелерінде төніп тұрған, аппақ, еңгезердей аруақ шалды көрді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді-енді ғана ыңырана көтерілген ай сәулесін емген қар өзгеше жарқырап, дүниенің баршасын ақ сүт нұрға шомылдыра бастап еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол... күні жетіп әбден толған айдың саулаған сәулесі аппақ сақалы желбіреген аруақ-шалды Аспан-әлемінен әкеліп тастағандай әрі жат, әрі қызықты да қорқынышты еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үстінде ақ көйлек, ақ дамбал және аяғында лыпа жоқ, тізеден қар кешіп жалаң аяқ тұр-ау деймін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ай астындағы ақ күміс қария үш жігітті де мықтап тұрып естен тандырып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Нұржанның осы әзірде ғана көз алдынан көлбеңдеп өткен ару қызы қас пен көздің арасында аруақ-шалға айналып-ақ кеткеніне қайран қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сасқалақтаған үш жігіт жарыса сәлем берген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ассалаумағалейкум! ассалаумағалейкум!

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ассалаумағалейкум! ал шал болса, сол жалаң аяқ, жалаң бас қар кешкен қалпы бұларға жақындап келді де, жоқ іздеген адамдай жүздеріне үңіле қарады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Здравствуйте, незванные гости...
Көрсетілді: 7300 / 47388