KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мүдірмей таза сөйлейді екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Енді әңгімеге Нұржан араласа бастады:

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қазақ болмасаңыз да, әйтеуір, адамсыз ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шөп әкелуге кетіп бара жатқан біздерде соқыр тиын болушы ма еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қинамаңыз, ақсақал, тұрған бойымыз осы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Елге иек сүйеп үйренгендік ғой, әйтпесе азық-ақшасыз сапарға шығар ма жолаушы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ұққан адамға Нұржанның байыпты сөзі, майда қоңыр үні әдемі-ақ естіліп еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аманжан: – Қуаласаңыз құмалақ түспейді біздерден.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Өйткені біз таң атқалы ашпыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ендеше, аяғыңдағы пимаңды шешіп бер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жаңа екен, – деді шал Нұржанның аяғына қысық көзін сығырайта қадап.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ана екеуі тіпті таң қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бақытжан ағаш бөренеге басын сүйеп, қорылға басып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мәссаған безгелдек, – деп Аманжан тағы да ысқырып қалды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ақсақ иттің көңілі ар жақта.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бұл сөзі артық екеніне артынан өкіңді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Подонок! – деп айғайлады шал.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Көзі шатынап, қолы-басы дірілдеп кетті.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Тілің тым-тымұзын екен, жартысынанайрылып қалып жүрме.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Одан да сол газетіңіздің жазбай-ақ қойғаны жақсы еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Менің фамилиямды жазып, қыздың суретін басып құдай ұрыпты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мен өзіңнің суретің шығар-ау дегенмін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Осы күні қыз бен жігітті айыру қиын болып кетті ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шаштары желкесін жауып, шалбар киген албастылар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Булығып келген жөтелін тамағын кенеп басты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жеңешемнің ерітіп қойған майы суып қалар, тоқ етеріне көшелік, аға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сізге қояр үш шартым бар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Айт, айта ғой, шырақ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қасқалдақтың қаны, адамның жаны емес шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Орнынан тұрып, Нұржанның қасына келді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Біріншіден, көмекшілікке Аманжанды аламын.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ол – өте сенімді де мықты жігіт.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ой, құдай-ай, – Упрай қарқ етіп күліп жіберді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Содан соң Нұржанның арқасынан қақты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Әкет, әкет сол итаяқ ауыз сойқанды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ішкі жаққа ептеп қалдырып кет өзін... соңынан іздеп барар адам да жоқ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жоғалсаң іздер адамға қай қайсымыз да зәруміз-ау, аға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сонымен, екінші көмекшілікке – Бақытжан шыдас берер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Терісі қалың, толық жігіт, арық-тұрақ біздерге жылу беріп жүрер.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Не дер екен деп басқарушының бетіне қарайын деп еді, ол терезеге бұрылып, мықынын таяна ойланып тұр екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Біразға дейін жауап болмады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Кімді дейсің? – деп қайта сұрады сол теріс қараған қалпы.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бақытжанды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қышыған жеріне тигенін Нұржан да білді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Қасақана қаттырақ айтты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ол жігіттің өзі қалай екен, шаруаға қыры жоқ, бос белбеу, орашолақ емес пе...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Мынадай жауапкершілігі үлкен, қиын сапарға жарар ма екен?..

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Айыртаудан шөп әкелу Сандыбадтың жетінші сапары емес шығар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Шырағым, Сандыбадтың сандалбайынан мың есе ауыр сапар бұл.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жігіттің жігіті ғана төтеп бере алар.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оның үстіне биыл қыс қатты, қар қалың.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

«Қар қызы...» деген бәле оянып кетіпті деп жүр ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Не құт, не жұт... – Ол жағын мен білмейді екенмін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Білмегенің жақсы, бәрібір осы күнгі жастар сенбейді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Е-е, есіме жаңа түсті... Қар қызы туралы аңызды айтасыз ғой.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Күзде Айыртауға барғанда естігенмін.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Рас болса ғой, шіркін... – Нұржан бұл сөзді аһ ұрып арманмен толқып айтты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Рас болса, сол қызға үйленейін деп пе едің?

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жә, былжырақты қоялық, үшінші шартыңды айт, шырақ.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Үшіншіден, ағасы, үстіңіздегі тоныңызды, басыңыздағы – құндыз құлақшынды, аяғыңыздағы ақ пиманы прокатқа бере тұрасыз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Аман-есен қайтып оралсам, өзіңізге қайтарамын...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Упрай кеңк етіп күлді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Күлді де: – мүмкін іштәнім мен іш көйлегімді қоса аларсың... – деп мысқылдаған.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– расында да, Қар қызын айттыруға баратындай-ақ, үлде мен бүлдеге оранбақ-ау.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Үлде мен бүлдеге, ағасы, тек қана бастықтар орансын деген заң құрығалы алпыс жыл болды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Ал іш киімдеріңіз маған кеңдік жасайды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ендеше, барлығы да кеңдеу... Осы кезде есік сыңсып ашылды да, Бақытжан сығалады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Жып етіп қайта жаба беріп еді, ары-бері теңселіп жүрген Упрай: – Бері кел, ей, – дел дауыстап шақырды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Бірін-бірі итере табалдырықтан аттаған Бақытжан мен Аманжан, есік көзінде қалтиып тұрып қалып еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Төрге шығыңдар, ұзынды-қысқалы қоқиқаздар, – деп әзілдеген болды Упрай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Екеуі бірдей адымдап келіп, Нұржанның жанына жайғасты.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Үйіңізге барсақ қой, дәл осылай құрметтемес едіңіз,

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– деді Аманжан әдеттегі шатаққа құмар морт мінезіне басып.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Оның сөзін бөлімше басшысы мүлдем естімеген.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мәселе былай, жігіттер, – деп төтеден бастап еді, Бақытжан да тыныш отырмай, бір қысыр сөзді бықсыта жөнелді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Ағасы, жаңа сіз бізді қоқиқаз деп оскарбит еттіңіз, – ондай құс барын қайдан білесіз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айталық, мектепте биология, зоологиядан менен артық білетін бір оқушы болмаушы еді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Әлі есімде... – Естелігіңді тездетіп айт, күн суық, – деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– ...Әлі есімде, алтыншы класта оқып жүргенімде «көшпелі шегіртке», «көкқасқа шегіртке» деген екі сұрақ келді.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шегіртке, деді Упрайға бажырая қарап, – өте мешкей болады, аға.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сенен де ме? – деді Аманжан тек отырмай.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сөзді бөлме, бұл саған қатысты мәселе емес.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Айталық, бір ұрғашы шегірткенің ұрпағы өздерінің даму мерзімінде 300 килограмнан артық жас өсімдіктерді жейді екен.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Шегіртке, жолдас управляющий, жем талғамайтын зиянкес...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сонда қалай? – Упрай алақанын жая сұрады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

ғажап, не ашуланбады, не ұрыспады, құрдасымен қалжыңдасып отырғандай жайбарақат та мықты жауап қайтарды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сендер қоқиқаз, мен – шегіртке болғаным ба?

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Сол сен айтқан алтыншы класта менің ұлым да оқиды.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Кітапты үнемі дауыстап оқитын, содан естіп едім, қоқиқаздар тамақтанған кезде жиі-жиі қарқылдаған тұрпайы үн шығарады дегенді...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Бір де – ноль, аға, сіздің пайдаңызға,–

Қар қызы

Оралхан Бөкей

деді Аманжан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Жә, жігітгер, ойнасақ та біраз жерге бардық, –

Қар қызы

Оралхан Бөкей

деді Упрай, – мәселе былай...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мықтыларым сөз айтса, бас изеймін шыбындап...

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Қаңтардың қақаған суығында шыбындамай, сөзге қонақ бер, – деп Бақытжанға жекіп тастады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Анау қайтып жағаласпады.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Мәселе былай... – Аға,– деді бағанадан бері ләм демей отырған Нұржан.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сапар мәселесін өзіміз-ақ реттейік.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

Тек, жылы киім жағын қайтеміз.

Қар қызы

Оралхан Бөкей

– Сен де бір қадалған жеріңнен қан алатын бәле екенсің.
Көрсетілді: 7500 / 47388