KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жотаң мықты екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– О, Степан Кнутович, менікі тек балуандықтың жұрнағы ғана ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Нағыз балуан менің әкем еді ғой, – деп Тұрар көзілдіріктің аржағынан қара барқын мұнарда жанары жасаурағандай болып көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Да-да, – деп Хмелевский де мұңайғандай кейіп танытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайран әке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің әкем де күшті еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жалғыз атымыз әбден арығанда, кейде соқаны өзі сүйрейтін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жер тістелеп жүріп, жоқшылықпен арпалысып жүріп, о да өтті дүниеден... Жә! Жетер! Өткен-кеткенді кейін еске ала жатармыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеттік станцияға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Грач! Аттарды дайында! – деп гарнизон қарауылына айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арыстан тартылған темір жол мың да тоғыз жүз он жетінші жылдың жазында Шақпақ асуынан өтіп, Жуалының жонарқасы – Боранды деген жерге келіп тоқтап қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелгі ниет бойынша бұл «шойын жол» әлдеқашан Әулие-Атаға жету керек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Болашақ станцияның үйлері салынып, жұмысшылар құралып, Әулие-Ата жарықтық «отарбаны» қарсы алуға қамданғалы қашан?! Бірақ дүниежүзілік соғыстың ботқасына малшынып қалған патшалық Ресейдің қазынасы қағылып, қаржы жетпей темір жол өкпек желдің өтінде, Талас Алатауын бауырлап, қасиетті Қаратауды сауырлап, Жуалы жерінде қақалды да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейіннен сол бекет – Бурное аталып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Әулие-Атаға темір жол жетпегенмен, телеграф бағандары қағылып, сымы тартылып, Ташкентпен байланыс орнап үлгірген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Телеграф әкімшілігі Әулие-Атадағы уақытша үкіметтің қолында болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Станцияға жету ақырет болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дауыл бұрынғыдан да үдей түскендей еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көлденең құлап жатқан теректер мен бағандардан өте алмай, ат айдаушы Грач арбаны келесі көшеге бұруға мәжбүр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арба үстіндегілер бір-бірімен айқайлап сөйлеспесе, бірін бірі естімейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Степан Кнутович, үстімізге ағаш құласа қайтеміз? – деп артына бұрылып айқайлады Грач.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қорықпа, Грач, дауылдан тек қаңқылдақ қаздар, маймақ пингвиндер ғана қорқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сен Грачсың ғой, – деп күлді Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Максим Горький деген жазушыны білесің бе?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білмеймін, жолдас Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Білмесең, Горький деген революция жазушысы бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Дауылпаз» деген жырын тауып оқығын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рас, ондағы герой – Дауылпаз құс, сенің фамилияң сияқты – ұзақ қарға емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ұзақ қарға жақсы құс.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол – көктем құсы ғой, солай емес пе, Степан Кнутович?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Дәл солай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Грач – птица весенняя.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның да Дауылпазға айланып кетуі әбден ықтимал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзін Дауылпазға теңегенге көңілі өсіп қалған Грач аттарды сауырлап, жүрісті өндіре түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры станцияның жел шайқаған фонарының дірілдек сәулесі де көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жатаған үйлері дауылдан жер бауырлай түскен ұзын, бұралаң көше кенет кілт үзіліп, малта тас төсеген жол шорт кесілді де, Грачтың арбасы ойқы-шойқы жолсыз жермен сықырлап барып, оқшау тұрған ақ үйдің алдына тоқтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Телеграфист мұрны қолағаштай, сол мұрын жайғасқан беті асқабақтай ірі кісі екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Совдептің басшыларына қомсына қарап, айылын жияр емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Уақытша үкіметтің бастығы рұқсат етпейінше, телеграф іске қосылмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуре болмаңыздар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті телеграф үйіне енуге қақыларыңыз жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шығып тұруларыңызды сұраймын, мырзалар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Біз «мырзалар» емеспіз, «жолдастар» деп атауыңызды өтінеміз, – деді Хмелевский сабыр сақтап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сіз қай партияның адамысыз?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ешқандай партияны мойындамаймын! – деп гүжілдеді дәу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен үкіметті мойындаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Партия дегеніңіз көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үкімет біреу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кімді мойындау керек? Ойлаңызшы өзіңіз, мырза...а жолдас... ғафу етіңіз...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жолдас Хмелевский.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, жолдас Хмелевский.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сіз солдаттар, жұмысшылар, шаруалар Кеңесі дегенді естіген шығарсыз... кешіріңіз, аты-жөніңіз?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Павло Сахно.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Павло Кондратьевич.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жолдас Сахно, солай деуге рұқсат етіңіз, өйткені сіз, қанша дегенмен жұмысшы таптың өкілісіз...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жоқ, мен қызметшімін, кешіріп қойыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мейлі, қызметші бола қойыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен совдептің председателімін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мына Рысқұлов жолдас менің орынбасарым.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Уақытша үкімет бізбен санасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сондықтан жанжалсыз тез Ташкентті қосыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өйтіп қорқытпаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеңесіңіз өзіңізге.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеңес деген үкіметті мен білмеймін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Менің білетінім – Әулие-Ата уезінің уақытша үкіметі, оның бастығы – Астахов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әне, мен соның бұйрығын мойындаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер қорқытсаңыз, қару жұмсауға мәжбүр боламын, – деп Сахно шоқпардай кольтті үстелдің тартпасынан суырып алып, алдына қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Онда біз де күш жұмсауға мәжбүр боламыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Далада қарулы үш солдат тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қала берсе, бүкіл гарнизон біздің қолда.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не тиімді? Ойланып көріңіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал сіз адал қызмет еткіңіз келетін Уақытша үкімет шынында да уақытша ғана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соның атына мән берген жоқсыз ба, осы кезге дейін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Уақытша ғана, бәлкім, ол уақыты таусылған да болуы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біз тез ғана Ташкенттен соны білуге тиіспіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Түсіндіңіз бе, жолдас Сахно?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сахно бұқа құсап мойнын ішіне алып кольтті тоқпақтай қолымен қыса түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Телеграф аппаратына бір, совдептіктерге бір алара көз тастап қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Грач! – деп Хмелевский артына бұрылмай, қалтасынан қолын шығармай айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сахно түксиген қалың қастың астынан бәрін байқап отыр: Хмелевскийдің қолы қалтасында, Рысқұлов деп таныстырған дембелше жас жігіттің де оң қолы қалтасында.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол қолдар, сөз жоқ, қару ұстап тұрған қолдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есікті серпе ашып, штыкты винтовкасын ұмсына ұстап Грач пен екі солдат енді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұларыңыз зорлық, мырзалар... жолдастар, – деп Сахно дауысы бұрынғыдай барқырамай, күңкілдеп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Революцияға қарсылық болған жерде, амалсыз зорлық та болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зорлық тудырып отырған өзіңіз ғой, – деп тұңғыш рет тіл қатты Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзілдірік киген қараторы қазақтың орысшаны мұншама мүдіріссіз сөйлегеніне Сахно таңданып, таңдайын тақ еткізіп, басын шайқап қойды да:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жарайды, жанжалдаспайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ташкенттен кімді шақыру керек? – деп телеграф аппаратына қарай қол соза берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ташкент совдепі! – деп Хмелевский енді Сахноға төніп келіп, келтектей кольтті Сахнодан алысқа ысырып қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Морзе дыбыстары шиқ-шиқ етіп, аппарат тұмау тигендей біраз қақалып-шашалып барып, кенет сақылдап ала жөнелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аппараттан ақ лента атқылап шыға бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Хмелевский лентаны ұшынан ұстай алып, жазуға үңілді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар да көзілдірігін нықтап қойып, жіп-жіңішке ақ лентаның жазуына телміре қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

...Ахат атасы айтар еді: «адамның пешенесінде жазуы болад.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әркімнің тағдыры анадан туасы, сонда жазылып қойылған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның атын – жазмыш дейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал сондықтан: жазмыштан – озмыш жоқ, – деп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ ол не жазу екенін оқып білген ешкім жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пешенедегі жазуды күні бұрын оқып білу ешкімге де бұйырмаған».
Көрсетілді: 8400 / 47388