KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәбден әлденеден күдіктеніп, қашқақтағандай ыңғай білдіріп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Асығып тұрмын, Тұраржан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жұма намаз...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Асықпаңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мыналарды екеуміз Мырза-ауфтың үйіне жеткіземіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тастап кетуге қалай дәтіміз шыдайды? Көрдіңіз бе, шешесі мүлде жүре алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала да құлағалы тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ойбай, шырағым-ау, сонау Атшабарға бұларды жеткізгенше күн де батады той.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұлардың қайсыбірін жарылқайсың, Тұрар?! Құдай жарылқамаған сорлыға, адамның жаны ашығаннан не пайда? Мені қинама.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сәбден қипақтап, ары бұрыла берген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сәке! – деген сөз сақпандай сарт ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәбден селк етіп тоқтады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Алыңыз қолтығынан анау әйелді! Мен баланы көтеремін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен сізге үйден шыққанда маған ілес деген жоқпын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маған ілескен адамдардың жұмысы осындай болады, біліп қойыңыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал айтқанымды тыңдамасаңыз – мыналарды сіздің үйге алып барамын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бағасыз, бақпасаңыз, зорлап көндіреміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайдам, қарағым, жаманшылығым жоқ еді саған, – деп Сәбден қомыт әйелді әшейін қорыққанынан ғана қолтығынан демеген болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бала шүйке жүндей жеп-жеңіл екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шермиген қарын болмаса, қырым ет жоқ, қу сүйек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таза киінген бейтаныс адам өзін көтеріп келе жатқанына сенерін де, сенбесін де білмей, үңірек көздер Тұрарға кірпік қақпастан тесіле қарайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, қарағым Тұрар-ай, сендей төре адамның жұмысы бұл емес еді-ау, – деп Сәбден әлгіде Тұрармен қатар келе жатқанын дәреже көрсе, енді намыстанып, өткеннен де, кеткеннен де, ұялып қара терге түсіп келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қателесесіз Сәке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мүмкін, бұл бала кейін халыққа сіз бен бізден гөрі қажеттірек азамат болып өсер.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өлтіріп алсақ, обалы екеумізді екі дүниеде де жібермейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арт жақтан ат жеккен арбаның дыбысын есітіп, Тұрар тұра қалды да, қол көтерді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Делбе ұстап отырған қызыл бет, қаба сақал тоқ кісі Тұрардың айтқанына көнбей, аттарға қамшы баса бергенде, Тұрар божыны тартып қалып, жан қалтасынан револьверді суырып алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзі шарасынан шыға, тілі күрмеліп қалған қаба сақал арбадан секіріп түсіп, көлікке әйел мен баланы өзі көтеріп отырғызды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арбаға Тұрар да мініп, қаба сақалға:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Атшабарға тарт! Тез! – деп бұйырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кешіре гөр, сен кімсің? –деді арбакеш әлден уақыттан кейін тілге келіп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әулие-Ата совдепінің мүшесі Тұрар Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үңірек көз бала Тұрардың бетіне тағы да ұзақ қарады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не жылай білмейтін, не күле білмейтін, сіреспе рең – жүз жасаған, дүниеден түңіліп болған қақбастың ірепетіндей мүлде енжар, мүлде самарқау.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ тереңде жатқан көздері ғана шыңырау түбіндегі суға түскен сәуледей жылтырап, Рысқұловтың өңменінен өтіп барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Мен мұның жасында түрмеде едім-ау» деген ой Тұрардың басына сап ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Большевиктер аш-жалаңаштар үшін Атшабарда баспана ашыпты» деген хабар жер-жерге, ел-елге лезде тарап кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы хабарды естіген кембағалдар Әулие-Ата уезінің түкпір-түкпірінен Атшабарға ағыла бастаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Атшабар деген есім нәубет жалмауыздың басын шабатын, ертектегі батырдай естіледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әулие-Атаның қақ ортасында, биік жардың басында тұрған осы ежелгі базар қазір ауқатсыз әлсіздердің киелі Меккесіндей болып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Большевиктер фракциясы бұл пунктті ашуын ашқанмен уақытша үкімет қолдамай, аштарды асырау үшін қор жиналмай, пункт бастығы Мирза-ауфтың шыр-пыры шыққан кез еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мирза-ауф осы Атшабардың қой базарында шағын шайхана ұстайтын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дәу қара қазанда бұрын жұпар исі бас айналдырып, көз тұндырып, базаршыларды еркінен айырып, сиқырымен тартып палау пісіріліп жататын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кішігірім кісі бойлы, жуан сары самаурындар сексеуіл шоғынан ысылдап, иінінен дем алып Тұрар еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді дәу қара қазанда қатықсыз қара суға арпа мен сұлы ұнынан атала қайнайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ертеден кешке дейін үзбей қайнайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әуелі Мирза-ауф аштарға аталаны шөміш толтыра құюшы еді, жеткізе алмайтын болған соң, шөмішті қысып ұстап, жартылай құятын болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда да жеткізе алмайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кенеуі кепкен, араны ашылған адамдар арпаның аталасына тегі тоймайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның үстіне сағат сайын ісіп-кепкен адамдар сүйретіліп келіп жатыр, келіп жатыр...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Міне, қызыл бет, қаба сақал әлдебіреу тағы да екеуін әкеліп, арбадан түсірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мирза-ауф қызыл бет, қаба сақалға дүрсе қоя берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әй, өзің сеп-семіз болып, жақындарыңды ашықтырып, мұнда әкелгенің не? Апырай алмадың ба? Не деген ұяттан безген, құдайдан қорықпаған, адамнан ұялмаған, бетіңнің көні бес елі!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ө-ө-ей! – деп қаба сақалда да жан бар, өкіре ұмтылған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Рысқұловты білмейтін неткен найсапсың?! Соның парманы!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Рысқұлов» дегенде Мирза-ауф райынан лезде қайтып, сабасына түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол арада Тұрар да келіп жеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, ортақ Мирза-ауф, қалай, қиын болып жатыр ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жүдә қиын, ортақ Рысқұлов, жүдә хиямет! Мені бұл тозақтан құтқарыңыз, ортақ Рысқұлов! Азық-түлік басқармасы бес қап арпа ұн, бір түйенің етін берген еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таусылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді мені пісіріп жемесе, тегі түк жоқ...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жұмаққа бару үшін әуелі тозақтан өт, Мирза-ауф.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл рахым ісіне өзіңнен басқа лайық ешкім жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал кәне мына әйелді баласымен қабылдап ал да, өзегін жалға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әсіресе балаға ыхтият бол.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақта баланы! Кім білген, бір заманда осы бала жақсылығыңды еселеп қайтарар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Құдайдан қайтсын де, ортақ Рысқұлов.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамнан жақсылық қайтар деп кеп дәмеленбеймін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл бала өсіп, өрлеп, менің басыма көк тас қояр деймісің... – деп Мирза-ауф баланың сүлдерін арбадан көтеріп алып, дуалдың түбіндегі арпа ұнынан босаған қаптардың үстіне отырғызып қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ішкі үйге өзі кіріп, қол бақырмен атала алып келіп, баланың аузына тосты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда салғырт, самарқау сүйек кенет тіріліп, шидей қолымен көлбақырды қарыса ұстап, тұмсығын сұғып кеп жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мирза-ауф баланың басын бақырдан әрең ажыратты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бірден көп ішуге болмайды, бейшара! Көтере алмай өліп қаласың.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көтере алмайтындай майы кілкіп тұр ма еді? –деп ызалы мысқылмен Тұрар бір түйреп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл кезде Мирза-ауф қолбақырды әйелдің аузына тосқан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйелдің көнектей күлкілдек ерні икемге келмей, аталаның бірер қасығын омырауына төгіп алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анаған, анаған бер деп ишара етті байғұс ана баласын меңзеп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы кезде екпіні үй жыққандай ойқастап бір топ адам cay ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ортасындағы ақ шекпенді, құндыз бөрікті Айбарды Тұрар бірден таныды, басқаларын түстей алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ түрлері өрт сөндіргендей түтікпе екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А-а, Тұраржан, Меркені бүлдіргенің аз еді, енді қасиетті Әулие-Атаға ауыз салдың ба? Бұл киелі шаһар, әулиелер жайлаған мекен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сендей ібіліс арамдамаса керек еді бұл қасиет ордасын! – Айбардың сол көзінің алды ырбаңдап тарта беретін болыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақсақал, Меркені бүлдіріп болып, қасиетті Әулие-Атаға ана алты қарыс азуыңызды салып тұрған өзіңіз емессіз бе? Аузыңызда сәлеміңіз жоқ, бірден қабатын әдетіңіз әлі қалмаған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тұрар айылын жимай, сескенбей сөйледі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сәлем сенің не теңің, бәтшағар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кісімси қалуың әкеңнің соңынан кетейін деп жүрген жүгермексің ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өлетін бала – молаға қарай жүгіреді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маған тиісіп нең бар еді? Енді оңбайтын болдың ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлі де болса, тәубеңе кел де, ана Кәрімбай, Төребек деген төбеттеріңе менің мал-мүлкімді талаттыруыңды тоқтат! Естимісің-ей, мұртың өрге шаншылып тұр ғой өзіңнің!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар тікірейген бармақ мұртын саусағымен сипап қойып, мырс етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақсақал, үп-үлкен кісісіз, әдептен адасасыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мәмілеге келетін келелі адам бұлай сөйлеспейді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал қоқан-лоқыдан қорқатын кісі біз емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ал мәмілеге келгенде былай, көбегім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы Әулие-Атада менің үш жерде маһазинім бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркеде де бар, өзің білесің.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндағы маһазиндеріме әлгі айтқан Кәрімбай Қошмамбетов, Төребек Исабеков дейтін бірі қазақ, бірі қырғыз, Гурбенко дейтін орысы және бар, міне осылар тиісті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркедегі мүлкіме Мақсұт Жылысбаев, Қабылбек Сармолдаев дейтіндер қол салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олар да сенің адамдарың.
Көрсетілді: 8600 / 47388