Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Неге ол большевикті ата жауынан да жек көреді? Неге большевик жойылсын! – дейді? Большевик деген кім өзі? Айбар айтқандай, шыннан қарақшы ма? Шыннан қаныпезер ме? Жоқ, бауырлар! Большевик сенің қорғаушың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Большевик сенің қамқоршың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айбар жек көрсе, мал ашуы – жан ашуы деп жек көреді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айбардың қамбаларында алты мың пұт бидай мен ұн жатыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, осының бәрі сол Айбардың маңдай терімен табылған астық па? Айбардың соқа соңында жүргенін көргендерің бар ма? Орақ орып, белі талып жүргенін көргендерің бар ма? Қырман бастырып, топан жұтып, қаталап жүргенін көргендерің бар ма? Айтыңдаршы, мен сұрап тұрмын ғой, көргендерің бар ма?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ! – деген жойқын дауыстан Атшабар алаңы солқ-солқ ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шіркеудің пиязбас күмбездеріне, алтын кемерлеріне қонақтап отырған кептерлер зеңбірек үнінен үріккендей дүр- р-р көтеріліп, аспанда апыр-топыр ұшып жүрді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ал ендеше сол Айбардың арам астығы – кедейлердің адал еңбегі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Большевиктер сол астықты шын иелеріне, мына аштан ісіп-кеуіп жатқандарға қайтарып береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылан жылының қаһарына ұшырап, қос қолдарын төбесіне қойып, қоңыз теріп, алғы мен кеурек теріп жеп ашыққандарға бөліп береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар өз дауысының жаңғырығына өзі құлақ салғандай сәл ғана тыныстады да, халық сілтідей тынып қалғанын көріп, сол тыныштықты әлдекім бұзып жібермесін деп, лезде сөзін сабақтап алып кетті: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Айбардың астығы қамбада шіріп жатқанда, сонау Мерке даласында малы мыңғырып жатқанын біреу біліп, біреу білмейтін шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мәлімет берейін: Айбардың бір басында бес мың қой, мың жылқы бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ірі қараны ол кісі көп ұстамайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Және қойды бес мыңнан асырмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өсімін үстінен кертіп-кертіп, Ташкенттің, Наманғанның, Қоқанның базарларына айдаттырып, алтынға айналдырып отырады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жылқы да солай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, халайық, сонда Айбардың ерні кезеріп, жалаң болып, табанын тас тіліп, төбесінен күн өтіп, қой соңында жүргенін көргендерің бар ма? А? Көргендерің бар ма?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шіркеу үстінде қалықтап жүрген топ кептер жалт бұрылып, енді Атшабар алаңында тыныштық болмас дегендей, бір бүйірлеп, Қарахан әулие күмбезіне қарай ойыстады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қызыл шоқты дауыл үрлеп, алаулатып әкеткендей, енді оны өшіріп, баса алатын дәрмен Астахов үкіметінің, Айбар пәрменінің қолынан келе қоймас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Қайран Ақкөз, – деді Тұрар есіл сардарды еске алып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Осы күнді көре алмай, арманда кеттің-ау!» |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ Ақкөздің ісі ада кеткен жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халық қайта көтерілді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құрғақ күзде аштық пен сасық көбелек жайлап кеткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әулие-Ата атырабына солтүстіктен соққан дауылдың лебі келіп жеткендей екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді кешікпей сол дауылдың өзі де тұратын шығар... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйел бір кезде көзін ашып еді, бағанағы у-шудан белгі жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар да жоқ, Айбар да жоқ, төбелес тілеп түксиген төбеттер де жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ат ойқастатқан полиция да көрінбейді, дауылдай дүркіреген қалың халық та сап болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгіде бұл Айбардың алқымынан алып, Тұрарға ара түскенде, кенет мылтық атылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан арғысын білмейді, есі ауып құлап қалған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлдекімдер ауланың ішіне кіргізіп, дуалға сүйеп кетіпті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көзін ашып, алдымен іздегені – баласы еді, ол жанында отыр екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шешесінің көзі ашылғанын көріп, ақырын ыржиып езу тартты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Құдайға құлдық, енді өлмейді», – деді әйел баласының күлгенін көріп, іші жылып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрар көкеңді таныдың ба, құлыным? – деп сыбырлады әйел. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала шешесінің сөзін емеуріннен түсініп: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бізді алып келген көзілдірікті кісі ме, апа? – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Иә, құлыным. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол сенің Тұрар көкең той. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арыстаннан туған асыл ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әйелдің көзінен жып-жылы жас жылжып, боржыған көгіс бетін жылғалай ағып жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мені танымады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Танымағаны жақсы болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Менің мұндай халге түскенімді білмей-ақ қойғаны дұрыс. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Құлыным, – деді баласының басынан сипамақ болып, қол созып. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құлыным, есіңде болсын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол сенің Тұрар көкең. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол да сендей жоқ-жетім болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бауырыма салып, емшегімді ембесе де, ана орнына біраз жыл анасы болып едім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлім жеткенше, жаным ашып еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осымен екі қатер шағында ара түстім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен бейбақтың күнәм көп шығар, бірақ сол екі рет төнген тажалдың бетін тырнап ара түскенім, менің күнәмді жеңілдетер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айдауға кеткен әкесін күтпей, әзәзілдің тіліне еріп, қайныма қосылдым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Одан сен тудың, құлыным. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ересектердің жолы бұралаң болғанмен, сенің не жазығың бар, құлыным? Сен періштесің ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біліп ал, Тұрар көкең ол сенің! Мен тұра алмай қалсам, білдің бе, құлыным, мен өліп қалсам, кісілерден: «Тұрар көкем қайда?» – деп сұра. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол сені өлтірмеуге тиіс. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Апамның аты Ізбайша де, білдің бе? Өзімнің атым Арман де, білдің бе?! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Білдім, апа... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Не білесің, байғұс балам. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Кімнің баласысың, әкең кім?» – деп сұраса: – Рысқұл атамның баласымын де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Молдабектің баласымын деме білдің бе? Молдабекті айтпа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қай Рысқұл десе, айт: Жылқайдардың Рысқұлы де. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шымыр-Шілмембеттің Рысқұлы де, білдің бе? Ұмытпайсың ба? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Иә, жаңа көп адамдар айтты той: «Рысқұлов, Рысқұлов» деп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұмытпаймын мен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бізге ауқат берген кісі де: ортақ Рысқұлов, ортақ Рысқұлов дей береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның аты Тұрар болса, неге «ортақ» дейді, апа? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ортақ дегені сыйлағаны той, жақсы көріп, айтқаны. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әйтпесе, көкеңнің аты Тұрар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұмытпа, ұлым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ұмытпаймын, апа – деп бала анасының бауырына тығылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Биылғы аспаннан тамбай қойған жаңбырдың тығыны мына ісіп-кепкен әйелдің көзінен ашылғандай жылғалап жылы жас аға берді, аға берді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
* * * |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тек-Тұрмастың етегінде, Таластың жағасында әлі нілі таймаған жасыл алаңқайда бір үйір жылқы ықтап қалған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жалын жел желбіреткен торы айғыр үйірдің бас-аяғын жинап, құлын-тайына дейін шашау шығармай, аумақты айнала шауып, кісінеп-кісінеп жібергенде Қамбар атаның өзі жер тарпып жүргендей болады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қамбар атаның тұяғынан қалған ошақтай ойықтың дерменесі тапталып, киелі шөптің исі әлемді алып кетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қара сұр бұлт жыртылып, жыртығынан жарқ етіп күн көрінгендей сонау батыста Асаудың арты бетінен Айша-Бибінің күмбезі жарқырайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұлттың жыртығы қайта жамалып, күн көрінбей қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күннің өзі әлгі жыртықтан құлап түсіп, Айшабибі күмбезіне айнала салған сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұлы Таластың інісі Асау өзені ғашықтардың киесі Айша-Бибі Асаудың арғы бетінде, Айша-Бибінің сүйген жігіті Таластың бергі бетінде: екеуін айырып тұрған – екі өзен, екеуі бір-біріне жете алмастан, ынтызар көңілдер көнши алмастан бір-біріне күмбез болып қол бұлғасқан дауылды дүние. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзендер толқыны солардың арманындай, ешбір өксігі басылмай, таусылып болмай, жүз-жүз жылдар жылап жатқаны таңқаларлық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әулие-Ата келбетін тұтас көргің келсе, Тек-Тұрмасқа шық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Генерал Черняев Әулие-Атаны араларда, шаһарды шолу үшін Тек-Тұрмасқа бекер шықпаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жергілікті халық оны Шырнай-паша деп кетіп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шырнай-паша дарынсыз генерал емес екен, қақпаның аузын қан қылмай-ақ, шаһардың үстін шаң қылмай-ақ, Әулие-Атаны оп-оңай алған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қаланы қанға бөктіру керек пе, керек емес пе? – деп осы Тек-Тұрмаста тұрып бір мезгіл ойға қалған да шығар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Егер сол жылы Шырнай-паша Таластың жағасынан тек итмұрын мен шоңайна тікенді, тау шеңгел мен шырғанақты ғана көрсе мүмкін, зеңбірекке көбірек қол салуы да... Ал бірақ бүкіл Әулие-Ата зифа теректен желек жамылып тұрады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тіпті Қарахан күмбезінің езі сол зау теректерден көрінбей қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарахан күмбезінің айналасы толған мүрде, ұлы зират. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
А бірақ оларда күмбез жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оларды арша бұтағына орап көмген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күмбез астында жатса да Қарахан патша сүйегі қурап күл болып кетуі мүмкін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал соның жанында күмбезсіз жатқан Мәмбет батырдың сүйегі шірімейді. |