Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Барлығын айдап салып отырған сен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Неге екенін түсінем: менің ұлым, Атамырзамен ата жау болып алдың да, енді сол жаулығыңды маған да салдың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атамырзаның да түбіне сен жеттің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дүниеден Атамырза жойылып, сен жайбарақат жайраңдап жүре алмассың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ана дудар басыңды қан тартып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді менің соңыма түстің, бәтшағар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осының әділет пе? Қасқыр тартып қан шығарса, жаман иттер жұлмалап жей бастайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сен аузыңды бір салып едің, енді Әулие-Атаның күллі жоқ-жұтаң қарабақырлары сені көріп, туталақай қылмақшы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Уақытша үкімет мені қорғайды, білесің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді болмаса, тура Керенскийдің өзінен бір-ақ шығамын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, оған дейін бәленің бәрін бастаған сенің желкеңді желкектей қиып, ана дудыраған басыңды ағаштағы алмадай жұлып аламын, найсап! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айбар шал шоқпар шүйдесі ісініп, қалшылдай бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қасындағы ерткендері де арс-арс етіп қалып, көздері қанталап, шатақ іздеп шатынап тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ақсақал, ел ішін аштық жайлап тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Былтырғы ылаңда көтеріліске қатысты деген желеумен жұрттың малын сыпырып алғандардың ішінде орыстың ұлықтарымен бірге сіздің ұлыңыз Атамырза да, сіз өзіңіз де болдыңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Атамырза ажалға өзі килікті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оның қанына қолым былғанған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қазақ пен қырғыздың егін салып отырған тоқымдай құнарлы жері болса, переселендерге тартып әперіп, бай-кулактардан пара алғандардың ішінде сіз де барсыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол даусыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал, енді халық ашықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол халықтан алған малдың ең болмаса бір мысқалын қайтарсаңыз, сізге қылаудай да зиян келмейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл жалғыз менің тапқан емес, кеңестің қабылдаған қаулысы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз тек сол совдептің ұйғарымын орындаушы ғана. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біздің есебімізше, Әулие-Атадағы дүкендеріңіздің қамбасында басқа мүлікті былай қойғанда, тек бидайдың өзі үш мың пұт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ұн да сондай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Міне, осы астықтың ең кемі үштен бірі міне, мына қазанға түсуі керек! – Тұрар жиегі арпа аталасынан жағалданып қалған дәу қара қазанды нұқып тұрып көрсетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Солай, Айбар ақсақал! Маған бір уысы да керегі жоқ, міне, мына жатқан аштарға керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өмір бойы осылардың қанын сорып, тойған қандаладай болып тұруыңыз мынау. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді кезекті дүние. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қолынан қайыр бермейтін сіздей қортиғандардан астықты зорлап аламыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әй, әкеңдей кісімен қалай-қалай сөйлесесің, найсап! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айбардың шот желкесі шодырайып, тұла бойы шытыр жеген өгіздей бірте-бірте ісініп бара жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көзінің алды ырбыңдап тартыла берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Түкірігі сақалына шашырап, сөзі баж-бұжға ұласа бастады: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Өспейтін бала, өнбейтін дауды қуады, қайдағы-жайдағыны даулап даурықпа! Атымтай жомарт бола қалғың келеді, ә! Менің жадымнан жұртқа шүлен таратып, жақсы атанбақсың ғой? Осындағы қусирақтар «Тұрар, Тұрар!» дегенге тым далия берме. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен тегін жаратылған жан емеспін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айбар деген атымды арғысы – Қоқан, Самарқан, берісі – күллі Әулие-Ата атырабы біледі, ардақтайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халықтың қадірлісімен ойнамас болар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойнақтаған бота от басар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Астыңа батса алтын ер, атып ұр да – отқа жақ деген сол халық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сіз халықтың арқасына батып тұрсыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қадірлісі, ардақтысы сіздей болған елдің соры қалың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөз бітті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шаруа көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сау тұрыңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айбар тобын енді көзіне де ілмей, Тұрар Мирза-ауфқа бұрылды: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Әзірше барымен амалдай тұрыңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Астық жеткізіледі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Табамыз астықты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен кешікпей ораламын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осыны айтып бері бұрыла бергенде Айбардың қасындағы ұрма топ Тұрарға тап берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ұста бәлемді! – деп қырылдады Айбар іркілдеп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Осыдан-ақ көрдім ғой көресіні. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өлсе – құны менің мойнымда, қорықпаңдар, ұрыңдар бүлдіргіні! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұндай тұтқиыл шабуыл күтпеген Тұрар қалтасына қолын салып үлгірмей, қапы қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алпамсадай түксигендер оның қос қолын арқасына қайырып, басқалары басына қамшы төндіре бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мирза-ауф ара түспек болып: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Оу, оу, мырзалар бұларың жарамас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бейқадір болмаңдар, – деп бір-екеуін жеңдерінен тартып көріп еді, ожар қолдар оның өзін ұшырып түсірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол шақта ойда-жоқта әлгібір кірпігі ғана қимылдап отырған әлсіз бала шырылдап жылап жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ісіп-кеуіп отырған шешесі, мұншама қайрат қайдан пайда болғаны белгісіз, кенет атылып барып, Айбардың алқымынан ала түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзіне адам емес, көрден тұрған әруақ жармасқандай болған Айбар «аллалап» барып көзі аларып шалқалай берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың қолын қайырғандардың бірі Айбарды албасты пішінді әйелден құтқармақ болып ұмтыла бергенде, Тұрар қалтасындағы револьверді алып та үлгірді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аспанға атылған мылтық дауысына жан-жақтан лезде жұрт жиналып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Базардағы жан біткен бірден бірге хабарланып Мирза-ауфтың ауласына қарай ағылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халықтың дүрліккенінен сескеніп, полиция да азандатып, аттарын ойқастатып тез жетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тараңдар! Тараңдар! – деп атты жасақ алдында кім кездессе, соны дойыр қамшымен осып өтіп, жұртты сетінете бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрарды ұстамақшы! – деп шырылдады түтілген топ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ойбай, бермейміз! Қолында өлеміз! – деп өршелене қайта ұмтылды қалың жұрт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылдағы өртті қоздырып алмайық деп шошынған полиция Тұрарға тіктеп тиісе алмады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соны көрген Тұрар дереу сатылы арбаға қарғып шығып, қалыңға қарап, жай отындай жарқылдады: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ей, жарандар! Біреудің үйі өртеніп жатса, біреу барып дереу сол өрттің отына қойдың басын үйітіп жатыр дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Міне, мына Айбар байлар сондай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Халық шілдедегі көлдей кеуіп, аштықтың тырнағына ілінгенде, Айбар байдың қамбалары астықтан шермиіп тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әрбір қадағын әкесінің құнындай әуелете сатып, халықтың қасіретінен пайда тауып, байыған үстіне байып барады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы да әділет пе, ағайын?! Ол сенің табан ақы, маңдай терің. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Большевиктер сол ақынды қайырып, аштарды ажалдан аман алып қалу үшін күреседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл Айбарға ұнамайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Міне, шатақтың басы осы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кешікпей, күнің туады, жұлдызың жанады, халқым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Уақытша үкімет құламай, күнің осы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кешікпей кеңес жеңіп, бағың ашылады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Большевиктерді қолдаңдар, халқым. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жанашырың, басыңа бұлт төнгенде қол ұшын берер қамқорың сол. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына Айбар сияқтылардың мал-мүлкін алып, кембағалдарға бөліп беріп, әділет ісіне көмектесіңдер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Аштықпен күрес үшін жорыққа шығыңдар! Жалғыз Әулие-Ата шаһары емес, бұл әділет майданын Күйікте де, Күркіреуде де, Мақпал мен Сәмбетте де, Талас пен Тастөбеде де, Үш Марал мен Үш Қорғанда да, Аспара мен Асада да – барлық болыстарда жүргізіңдер! Жер-жердегі кеңес ұйымына демеу болыңдар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сонда азаттық таңы тез атпақ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таңыңды тезірек атқыз, халайық! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылдағы сексеуіл шоғындай жалындаған жас адамның мына сөзі өлі өзекке нәр жүгірткендей, жоқ-жұтаң жұрт теңіз толқынындай буырқанып, буыршындай ширыға түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар көзінің қиығымен Айбарды іздеп еді, қырғидан қорыққан бөденедей бүк түсіп, бойындағы ісік жел шығып кетіп, бір уыс, мыржиған жаман шал бола қалыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сәлем берсең, жеңінің ұшын ұстататын, көзін марғау ашып-жұматын паңдықтан тамтық та көрінбейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көл тартылып шөл болғандай бір дәуір екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Баяғыда Меркенің Төрткүл базарында осы Айбарды Ақкөздің ақжал сары атының үстінде тұрып тұңғыш көргені есіне түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бала қиялмен сонда Тұрар өзін Кутузовқа балап, Айбарды Наполеонға теңеп, қиял дариясын кешіп соғысып еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Арада жылдар өтіп барып енді сол бала көңілдің бейкүнә қиялы шындық сияқты болғанын да ойлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онда Айбар айдарынан жел ескен, тырбық тапал төбесімен аспандағы жұлдыздарды тіреп тұрғандай тарпаң еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді қартайған шағында да шаруасы шалқып, Меркенің кемеріне сыймай, Әулие-Атаның оязы емес, ояздан былай да емес, бүкіл қаланың сауда тағдырын өз қолына тұтып, уақытша үкіметтің бастығы Астаховқа айтқанын істетіп, айдыны шалқып тұрған шақ еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді сол айдын шөлеңге айналған сияқты екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұны көріп, Тұрар жақсы нышанға жорыды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Уа, халайық! Жаңа мына Айбар бай: «Жойылсын большевик!» – деп жағын жырта айқайлады. |