KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өйткені оның табыт-бесігі жасыл арша.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қара құстан қорғалап, балапандарын қанатынын астына жасырып алып, шар-шар еткен ақ тауықты көрген адам Әулие-Атаның зифа теректерін көз алдына елестете алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жігіттер қараңдаршы, біз тарихтың ұлы сахнасында тұрмыз, – деді Тұрар қасындағыларға жан-жақты орай нұсқап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ана Алатау мен Қаратау, мына Тек-Тұрмас осы сахна төріндегі декорация сияқты емес пе? Қараңдашы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ біз ақтар емеспіз, саяси қайраткерлерміз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Революция таяу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Біздің «Қазақ жастары революциялық одағының» кезекті мәжілісін осы оқшау таудың бауырында өткізуді жөн көрдік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалада өткізу қауіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Санаулы күні сарқылған сайын уақытша үкімет тым қабаған болып барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сақтық үшін әдейі осы Тек-Тұрмасты таңдадық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күмбездің тұғырындай сұп-сұр сандық тастарға жайғасқан жастар одақ басшысының сөзіне құлақ салған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Революциялық жастар одағы өмір сүргелі көп уақыт өтпесе де, едәуір жұмыс жүргізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның бәрін тізіп жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Табысымызды ешкім тартып алмайды, алдағы міндет қымбат.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соны ғана тұжырымдайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан соң тез жер-жерге тарап, іске кірісейік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар өзінің серіктеріне көз тастайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күні кеше көпшілігі әлі оң мен солын танымайтын қызылқанат балапандар сияқты еді, енді мұзбалақ тау қырандарындай ысылған азаматтар отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анау Қабылбек пен Мақсұт, Тұрдалы мен Төребек Меркеден келген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қарымбай мен Сыдық Абыланов осы Әулие-Атадан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Халық алдында әуелі Уақытша үкіметтің зұлымдығын әшкерелеу парыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның іс-әрекеті, саяси патша үкіметінің жалғасы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Керенский қолынан келсе Николай екіншіні әлі де болса құтқарып қалмақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек халық қаһарынан қорыққаннан ғана тұтқында ұстап отыр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазіргі кезеңде түрлі партиялар өзін революционер етіп көрсеткісі келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Халық қамын жеген күрескерлер болып көрінгісі келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меньшевиктер солай, эсерлер мен кадеттер де солай; анархистерге дейін халыққа жанашыр бола қалғысы келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұндай жағдайда біздің «Қазақ жастары революциялық одағы» тек большевиктік коммунистер партиясының бағытын қолдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Табиғат айбыны албырт жастардың кеуделеріне асқақ сезім күшін құйғандай жігіттердің жанары алдаспанның жүзіндей жарқ-жұрқ етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Анау қияқ мұртты Қабылбек, жас та болса байсал тартқан сабырлы Қарынбай, қыз мінезді сыпайы Сыдық, шықшыты бұлтылдап тұратын қызба Мақсұт, ылғи да манасшыдай екі иығын қомданып отыратын Тұрдалы – бәрі де Тұрардың сөзін бөлмей селт етпей қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әулие-Ата большевиктер фракциясының жетекшілері Хмелевский мен Чернышев жолдастар, сендерге сәлем айтты: Уақытша үкіметтің туын құлатып, тұғырын талқандайтын мезгіл жақын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол мезгілді жақындата түсу үшін, «Қазақ жастары революциялық одағы» мүшелерінің белсенділігін, күрескерлігін арттыра түсу керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірі-бірімізден хабар үзбейік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Петербург пен Ташкент Уақытша үкіметті құлатқан замат Әулие-Атада Кеңес өкіметі үшін ашық айқас басталмақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кәзіргі міндет – соның үшін халықты, көпшілікті Кеңестің әділдігіне сендіре беру керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қабылбек, Мақсұт, тез Меркеге аттаныңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жігіттерге сәлем айтыңдар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сендер онда, біз мұнда, жеңіс туының астында кездесетін болайық!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар майдандас достарымен құшақтасып қоштасып, сандық тастардан секіріп, төменде тұрған жалғыз атты жеңіл трашпецкеге беттеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Таластың суы қызыл жартасқа сарт-сарт соққылап, ақ көбігі аспанға шапшып тулап жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жар басындағы Тек-Тұрмас күмбезі теңселіп тұрғандай көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар сол түні түсінде қилы-қилы, шым-шытырық жайларды көп көріп, ақыры шыдай алмай бастырылып оянды да, әлгі көргендерін есіне түсіріп, қараңғы бөлмеде көзін ашып біраз жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек есінде ап-анық қалғаны полковник Астаховтың креслосы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төрт аяғы жұп-жуан, арқалығы биік, қара былғарымен қапталған шомбал кресло Уақытша үкімет үйінің төбесіне шығып кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әрі десе төрт аяғы аспанға қарап қаңқайып қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл не сонда? – деді Тұрар өзіне өзі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көптен күткен сағат шыннан соқты ма?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тарихи ұлы істер өзі ұйықтап жатқанда болып өтіп кеткендей, ол сол ұлы сәттен құр қалғандай, кенет орнынан атып тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жастығының астында жатқан шынжырлы сағаттың қақпағын сырт еткізіп ашып, үңіліп еді, сағаттың шынысы ғана күнгірт жылтырап, циферблат көрінбеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сипалап жүріп, пиджагінің қалтасынан көзілдірігін алып қарап еді, онда да ештеңе көре алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар қараңғыда киініп болып, дегенмен сағат қанша екенін білейін деп, ауыз үйге шығып, пештің үстінен ши шақпақ іздеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пештің үстін сипалап жүріп, Николайдың суреті салынған сары самаурынның үстіндегі шәйнек қойғыш қондырғыны түсіріп алды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Самаурын үстінен домалаған темір жердегі бос шелекке түсіп, ауыз үйдің іші қаңғыр-құңғыр, азан-қазан болды да кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді ыдыс-аяқ ешкім тимесе де өзінен-өзі сеңдей соғылысып жатқандай көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қоржын тамның қарама-қарсы бөлмесінде Сәбденнің қос бойжеткені Сәлима мен Әлима жатушы еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солар бөтенше ойлап қалар ма екен деп Тұрар қысылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол сыртқы есіктің ілгішін іздеп, далаға шыға бергенде, қыздар бөлмесінің есігі ашылып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл кім? Ағай, сіз бе? – деген Сәлима дауысы сыбырлай да сыңғырлай шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәлима ұзын іш көйлегі ағараңдап, жақындай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, мен, Сәлима, ши шақпақ іздеп едім... Сағат қанша болды екен, білейін деп едім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ағатай-ау, әлі түн ортасы ғой, киініп алғансыз ба? – Сәлима пештің үстінен ши шақпақты оп-оңай тауып, бір шиін жағып кеп жібергенде, кішкентай ауыз үйден түнек түріле қашып, сәл-сәтке жап-жарық болып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ши лезде лып етіп өшіп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әп-әзір қараңғыны жарқ еткізген, шырпы емес, мына бойжеткеннің танадай көздері сияқты еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тәтті ұйқыдан кенет оянған қыздың екі беті албырап, алау леп теуіп тұрғандай, жұп-жұмыр аппақ тамағынан әтірдің әдемі исі шығады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұзын ақ жібек көйлектің кеудесі ойнақшып, асау аттай тулап бара жатқан тәрізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аш белінен төмен төгілген қолаң шашты Тұрар амалсыз ақырын ғана алақанымен сипағысы да келіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол замат шырпы тағы да жарқ етті де, ұрлығы ашылып қалғандай жігіт әлгіде созыла берген қолын жалма-жан кейін тартып ала қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қыздың ғана көздері сиқыр сәуле шашып, қыр мұрынның танаулары делдиіңкіреп, күлімсіреген қызыл еріндердің тасасынан маржан тістер ағараңдап, құлағындағы шеңберлі алтын сырғалар бұлғаңдап тұр екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Жеті түнде қайда барасыз, ағатай, жүріңіз, шырағданыңызды тұтатып берейін, – деп қыз Тұрардың бөлмесіне қарай беттеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәлима жетілік жез шамның білтесін тұтатты да, шынысының томпақ бүйірін, жұмсақ алақанымен сипалап тұрып, ұясына қондырды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұядай бөлменің ішіне қоңыржай әлжуаз сәуле шашырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейде осылай қараңғы түкпірге жетілік шамның жұп-жуас сәулесі шашырағанда, адам жанының тып-тыныш, уайымсыз, қамсыз жатқан түкпіріне де әлденендей нұр себелегендей болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақ жаймалы темір төсек, оңаша бөлме, қараңғы түн, алдында тұрған сұлу қыз... Мына қысқа ғұмырда жиырма екі жыл жасап, оның бәрін дерлік тіршіліктің арпалысымен өткеріп, неше алуан күрес мұхитын кешіп жүріп, бұл дүниеде бейуайым жайбарақат сәт, ұядай үй, жылы төсек, сұлу қыз боларын ол мүлде ойламаған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рас, ол әйел жанын түсінбейтін, не түсінгісі келмейтін, әйел баласынан безінер тақуалықтан аулақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сұлу қыз, сүйкімді қылық көргенде оның да жүрегін ерекше сыздататын бір-ақ жан бар еді, оның өзі де шындықтан гөрі тек елес, әлдеқашан бір көрген тәтті түс сияқты бір нәрсе еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оған қазір де бір ғана сәтке, мына алагеуім, майда мұнарлы бөлмеде дәл алдында тұрған Сәлима сол Наташа сияқты болып көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алтыншы жылдың аласапыранынан кейін онымен қайтып кездескен емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наташа бұл дүниеде адам бейнесінде қалмай, әдемі музыкаға айналып кеткен тәрізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол Тұрардың кеудесінде ылғи да «Полонез» болып ызыңдап, белгі берер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ағатай, шешінбейсіз бе? – деді Сәлима көнетоз сұр пальтоның түймесін сипалап тұрып, Тұрардың бетіне жәудірей қарап, сыбырлап қана.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол сәт терезе сыртынан гүрс еткен дауыс оқыс естілгені сонша, екеуі де селк ете қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар жүгіріп барып, терезеге үңіліп еді: қап-қара аспаннан тармақ-тармақ тамырымен қопарылған алтын бәйтерек көрінгендей болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алтын ағаш бұтақтары, тамырлары салаңдап, қобырап сәл сәт тұрды да, лезде жанып кеткендей жоқ болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Күзде найзағай жарқылдағаны несі?» – деп Тұрардың көңілі беймаза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір жағынан – қара түнді қақыратқан найзағай, бір жағынан – оңаша үй, сұлу қыз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адамға тағдыр кейде екі алақанын жұмып тұрып, сый ұсынады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайсысын таңдарсың: бос алақанды ма? Олжалысын ба? Зау теректер қинала ыңыранып, діндері сықырлап, ары-бері теңселіп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұрар ескі пальтоның төс қалтасына қол сұғып жіберіп, әлсіз сәулеге шағылысып, жалт еткен сұп-сұр бесатарды сипалап, жеңімен сүртіп, қайтадан төс қалтасына салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бесатарды көріп, Сәлима түсі боп-боз болып кетті де:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ағатай, оны қайтесіз? – деді дауысы дірілдеп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Кешір, Сәлима.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мен кеттім.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Уақыт тығыз, – деп Тұрар табалдырықтан асығыс аттап, тастай қараңғы, көрдей суық далаға шапши шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның жүріс-тұрысында, қимылында мына дауылдай күшті бір құдірет бар шығар, әйтеуір бұған үйрене қоймаған тік құлақ көк төбет те бұл жолы жай ғана «ррр» етті де, Тұрарға тұра атылмастан үйшігінде бүктетіліп жатып қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ иттен де сақ Сәбден дарбаза жақ есіктің ашылғанын естіп қалып, жейде-дамбалшаң далаға жанұшыра далбақтап шығып, іргелес үйдің терезесінен жылтыраған шырағдан жарығын көріп: – «Мына большевик бала түн ішінде неге ояу?» – деп есікті ашып кіре беріп еді, қарсы алдынан Сәлима шықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сәбденнің ойына лезде ібіліс кіріп, қызым Тұрармен шатасқан екен деп ойлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұған ішінен қуанып та қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ қанша айтқанмен әке ғой:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Түн ішінде бөтен бөлмеде неғып жүрсің? – деп дүрсе қоя берді.
Көрсетілді: 8900 / 47388