Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жұрттың назары бұған ауғанда, сөзін сабақтады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қуаныш құтты болсын! Бірақ Әулие-Ата Уақытша үкіметі әлі құлаған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қуаныш үстінде осыны естен шығармайық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қазір жұбымызды жазбай Уақытша үкіметтің кеңсесіне барып, мүмкіндігінше қан төгіспей, билікті заңды түрде қолға алайық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Уақытша үкіметті таратып, яки құлатып, Кеңес өкіметі орнағанын халыққа салтанатпен жариялауымыз керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол үшін уақытты өзімізге сенімді серік етпесек болмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Гарнизон солдаттары Уақытша үкімет үйін қоршап алғаны жөн деп білемін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал Совдеп мүшелері кеңсеге еніп, Астаховты және оның орынбасарларын, үкімет мүшелерін шақыртып алуымыз керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйтіп, оларға ерікті түрде биліктен бас тартқызу керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оған көнбеген жағдайда ғана қарулы күш жұмсалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қалай қарайсыздар бұл ұсынысқа, жолдастар? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Дұрыс! Дұрыс! – деген айқаймен әлгі қуанышқа мас қауым Тұрарды жерден көтеріп алып, бірнеше әлуетті қол оны аспанға атқылап, қақпақылдап қайта тосып алып, қайта атқылап, жерге әрең дегенде түсірді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Совдеп мүшелері ойлағандай, Уақытша үкіметтің басшылары үйлерінде жақсы түс көріп ұйықтап жатпаған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Большевиктердің әрекетіне қарсы қимыл ұйымдастыру үстінде екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Уезд комиссары Астаховтың кабинеті толған адам. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үкімет мүшелері тап-тұйнақтай болып, әдеттегі орындарында отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кабинетке кіріп келген бетте Тұрарды таңқалдырған жайт Уақытша үкімет мүшелерінің ұқыптылығы емес, бұлардың арасында имам Ғұмар Халмұрзаев пен шіркеу кеңесінің төрағасы Никодим Калмыковтың отырғанына таң қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Е-е, меньшевик Астахов мырза енді дін қайраткерлерімен ауыз жаласып, мұсылман мен христиан діндерін бауырластырмақ болған екен ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дер кезінде келгеніміз қандай жақсы болған! Әйтпесе, имам мешіттен, поп шіркеуден сарнап берсе, әлі де діншіл халықтың қайсыбір бөлігі бүлік шығарып, әуре көбейер еді...». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мырзалар! – деді Степан Хмелевский есіктен кіріп келген бойда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кейбіреулер орындарынан қопаң-қопаң тұра бастап еді, комиссар Астаховтың қара креслода міз бақпай, былқ етпестен отырғанын көріп, қайтадан орындарына құйрықтарын басты – Мырзалар! – Хмелевскийдің дауысы өзі биік, өзі кең кабинеттің ішінде күмбірлеп шыққанда ол өз дауысын өзі танымай қалғандай жан-жағына, одан соң кабинеттің күмбезді төбесіне қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Дауылды таңның сәулесі әлі кабинет ішіне дари қоймаған, комиссар ордасы сонда да жап-жарық: күмбезді төбеден төмен қарай салбыраған кішігірім шаңырақтай шамдалдың балауыздары самаладай жанып тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Комиссар Астахов отырған креслоның тұсындағы қабырғаның кісі бойындай бөлігі қарауытып, қара дақтанып қалыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол дақтың орнында бұдан сегіз ай бұрын II Николай патшаның портреті болушы еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осыдан сегіз ай бұрын, яғни 1917 жылдың 2-наурызы күні күндізгі сағат 2-де II Николай өз қолымен былай деп жазды: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Мемлекеттік думаның төрағасына Аяулы Ресей-Ананың шын бақыты мен амандығы үшін мен істемеген құрбандық жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сол себепті тақтан бас тартуға дайынмын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Таққа ұлым отырады, ол кәмелетке жеткенше ез қарамағымда болады, тақ иесінің аталығына менің бауырым, ұлы князь Михаил Александровичті белгілеймін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Николай». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тағы бір қолхат: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Аса сүйікті Ресейдің тыныштығы мен амандығы, бақыты үшін мен өз ұлымның пайдасына тақтан бас тартуға дайынмын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Барлығың да оған сайқалданбай адал қызмет етулеріңді өтінемін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Николай». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл жолы «бұйырамын» демейді «өтінемін» дейді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы хатқа қол қойған соң екі сағаттан кейін тақты ол ұлына емес, бауыры Михаилға қалдыруды өтінеді... Сөйтіп, содан бері ұлан-байтақ Ресейдің сан мыңдаған кеңселерінен II Николайдың портреттері алына бастап еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл операциядан Әулие-Ата да қалыспаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жыл сайын кеңсенің ішін әктегенде портреттің асты ақталмай қалушы еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
II Николай патшалық еткен жиырма үш жыл ішінде осы портреттің тұсындағы қара креслода қаншама ояз бастықтары отырды – бірақ портреттің астын ақтату біреуінің ойына келмеген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Меньшевик Астахов ояз бастығы емес, ояз комиссары болып Әулие-Атадағы Уақытша үкіметті басқаруға келгенде, әрине, алдымен патшаның суретін алдырып тастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кеңсе ішін жаңадан әктетуге неге екені белгісіз, әйтеуір тәртіп бермеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Содан ұзын қара дақ патшаның әзірейіл көлеңкесіндей болып әлі тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрардың сонда тағы бір аңғарғаны – арқалығы биік қара кресло еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұтас еменнен шабылған ауыр креслоның арқалығында қос бас самұрық бейнеленген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Комиссар Астахов оны байқамаған болып, жотасын сол самұрыққа сүйеп, қазір де былқ етер емес. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өз дауысын өзі тосырқап, күмілжіңкіреп қалған Хмелевскийге Тұрар жалт қарап, қайрат бергендей болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мырзалар! Уақытша үкімет құлады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ендігі жерде өкімет жұмысшылар, солдаттар және шаруалар депутаттары Кеңесінің қолында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарсылық көрсетпеулеріңізді сұраймын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарсылық көрсету пайдасыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сыртта революцияға берілген қарулы солдаттар тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қан төгісудің керегі жоқ! – деп Хмелевский саңқылдап ала жөнелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Отырғандардың бірсыпырасы орындарынан ұшып-ұшып түрегелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Комиссар Астахов міз баққан жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Уақытша үкіметтің құлағанын немен дәлелдейсіз? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Комиссар Астахов дауысы қырылдаңқырап, осы сөздерді мейлінше сызданып айтты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Біз Ташкентпен байланыстық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ташкент Кеңес қолында, Петербург те Кеңес қолында, мырзалар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жағдай солай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ине қайда болса жіп те сонда болады демекші, енді сіздер де тайып тұрасыздар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әулие-Ата Кеңес өкіметінің қолында. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осымен сөз тәмәм! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Бұған халық қалай қарайды екен, оны ойладыңыз ба? – деді Астахов қимылдамай, тек ерні ғана қыбырлап. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Үкіметтің басқа мүшелерінде үн жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тек тықыршып, орындарынан қозғалақтай береді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Имам жарықтық әсіресе шыдамсыз екен, құрдай жорғалап барып, терезеге қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қаптаған солдаттарды көріп: «Астафыралла!» – деп орнына қайта келіп отырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Бұл араға қандай ібіліс айдап келді мені?» – деп пүшәйман жеп отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Басқалар оның не көріп келгенін үнсіз ұғысты да, бұрынғыдан бетер бұғыңқырап қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Халық дұрыс қарайды, Астахов мырза, – деп қайырды Хмелевский. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Халық сіздерге, Уақытша үкіметке өте ызалы, – деп қостады Тұрар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Халық ғасырлар бойы патша тепкісінен құтылуды армандаған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патшаның қазір өзі жоқ, бірақ көзі отыр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол сізсіз, Астахов! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қалайша? Мен демократпын! Абайлап сөйлеңіз, менің монархиямен үш қайнасам сорпам қосылмайды, большевик Рысқұлов! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Комиссар Астахов Керенскийдің әулие аталық көлемдегі көлеңкесі тәрізді еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сұр френч киіп, оң қолының бас бармағын омырауына сұғып отыратынына дейін, тіпті шашын тікірейтіп қысқа қырықтыратынына дейін Петербургтегі бастығына еліктейтін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мен абайлап сөйлеймін және әр сөзіме жауап бере аламын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сіз патшаның құйыршығысыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ана отырған креслоңыздағы патшаның гербі – сіздің табынатын ағаш құдайыңыз... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әу бастан бері сыр бермей сызданып отырған комиссар орнынан оқ жылан шаққандай атып тұрды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Артына бұрылып креслоға қарады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Самұрық құстың қос басы едірейісіп, оған жансыз көзбен тесіле суық қарап қалыпты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Мұндай ұсақ-түйекке саяси мән беріп, соны сөз етудің өзі ұят, большевик Рысқұлов. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мен мұны бірінші рет байқап тұрмын, – деп Астахов бері бұрылып мырс еткен болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Енді ол креслоға қайтып отыруға батылыңыз бармас деп ойлаймын, бұрынғы комиссар Астахов. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Тұрар кенет имам Ғұмар Халмұрзаев пен поп Никодим Калмыковқа қарап: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Құрметті имам! Құрметті шіркеу басы! Орындарыңыздан тұрып, ана креслоны есіктің алдына алып шығуларыңызды ұсынамын, – деді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойда жоқ бұл ұсынысқа Уақытша үкімет адамдары тұрмақ, Совдеп мүшелерінің өзі түсіне алмай аңтарылып қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Қайталап жатудың қажеті жоқ шығар, мырзалар! Тұрардың бұл сөзі залдың күмбірімен көтеріліп, найзағайдың шарғылындай ес жидырмай сақ-сақ ете қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар ұсынысының мәніне енді түсінген Хмелевский де: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Кәне, қимылдаңдар! – деп гүр ете түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Имам мен поп көтерген қара креслоның соңынан жұрт табыт соңына ілескендей, ілбіп басып, сыртқа беттеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тек Астахов қана тіл-ауыздан айырылып, пері соққандай мелшиіп ұзын үстелдің жанында қаздиды да қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Поп Никодим әдейі істесе де, әлде әдетіне басып істесе де, әйтеуір басынан бас киімін алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Имам Ғұмардың басынан дөңгелек құндыз бөркі қозғалған жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
1867 жылдан бері жарты ғасыр тапжылмай тұрған кресло-тақ тұңғыш рет орнынан жылжытылып залдан шығарылды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Меркенің мектебінде мұсылманша пәннің мұғалімі Әліпбек балаларға құдай жолын үйретіп тұрып, Абайдың: «Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек» деген өлең жолын қайталай беруші еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Балаларға да жаттататын. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаттауын жаттағанмен сәбилер оның мәніне терең бара бермейтін. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Абай философиясы Тұрарға жылдар аралатып енді жеткендей болды. |