KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл топтағы жетпіс бес тұтқынның бесеуіне баған жетпей қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Не істеу керек? – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Теляшкин! Соны да менен сұрау керек пе? – деп ротмистр Приходько реніш кейіп танытты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не көп – баған көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осыдан Пішпекке дейін, Пішпектен Верныйға дейін тізілген баған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Киргиздарды түгел қырсаң да баған табылады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бесеуі қалса, бесеуін де салбыратып іл де қой! Соны да сөз деп...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әңгіме осымен тәмәм дегендей ротмистр назары басқа жаққа, сонадайдан көрінген күмбез жаққа ауды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Анау не? – деп сұрады ол жанындағылардан.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ол Сыпатай дегеннің мавзолейі, мәртебелі мырза.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мерке, Ботбай киргиздардың сондай көсемі болған екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қалай? Қалай? Спат... Спатаймен... Спартак...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Сыпатай, мәртебелі мырза, – Теляшкин ротмистр мас емес пе деп бұрынғыдан бетер күдіктене түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– А-а, Спатай, Спатай... Оны мен қайдан есіттім? Ах, шайтан алсын! Кеше де, алдыңғы күні де мына жабайы киргиздар бізге ұдайы «Спатай! Спатай!» – деп ұрандап, тиіскен жоқ па? Әне, мәселе қайда жатыр! Киргиздарды қырамыз, ал ұраны қада береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ертең тағы шығады ғой: «Спатай! Спатай!» – деп шиебөріше шуылдап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айда, солдаттар! Ер соңымнан! – деп ротмистр мәстек атты бүйірінен торс-торс тебініп қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ұлы жолдың бойында тұрған күмбез жанына келгенде едәуір биік екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Төрт құлақ күмбез аса сәулетті де емес, бірақ күйген қыштан соққан мазар ашық аспан астында тұрғанына жарты ғасыр өтсе де әлі жап-жаңа сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жан-жағына отырғызылған тырбық қара ағаштардың бұталарында әлеміш: ақ шүберек, көк шүберек, қызыл, жасыл, сары шүберек – жер дүние халықтарының желбіреген туларындай тербеліп тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жол жаққа қараған жалғыз есіктің ар жағы қап-қараңғы.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр Приходько Мысырдағы Сфинкстің алдына келіп тұрған Осман сұлтаны яки Наполеон сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзін солай сезінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Наполеонға еліктеп, соның әрекетін қайталамақ болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Солдаттар! – деді ол мәстек аттың үстінде шірене түсіп, оң қолын көтеріп,– Күмбезге қарай үш дүркін залп беріп атыңдар!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Зеңбірекпен атпаса мылтықпен атқан не болады, мәртебелі мырза? – деп қалды жанындағы біреу.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шайтан алсын! Сонау Меркеден зеңбірек тартып, әуре болар кез емес, үш дүркін залп беріп көріңдер!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отыз мылтық істіктері күнге шағылысып, күмбезге қарай шаншыла-шаншыла қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ат!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отыз өңеш бірдей өкіргенде Аспара тауы теңселгендей, қара жер болар-болмас дір-дір етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күмбез қыштарының жаңқасы жан-жаққа шашырап барып, бармақтай, бармақтай шұбар іздер қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жол жаққа үңірейіп тұрған қараңғы есіктен кенет бір дәу мақұлық қалбаң етіп шыға келгенде, солдаттардың аттары жапырыла, осқырына, пысқырына, шыңғыра жалт беріп талайлары жол үстінде құлап түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тіпті ең жуас деген мәстектің өзі Приходьконы тастап кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр бағана биік ақалтекеден құлағаннан гөрі бұл жолғысы қаттырақ болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есектен құлағаннан гөрі аттан құлаған артық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Есек мініп көрмеген офицер мұны білмесе керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оң жақ шекесін киыршық, тастақ жол оңдырмай осып жіберіпті, бетін қан жауып жүре берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жеңімпаздар енді-енді үсті-басын қағып, бет-ауыздарын сипалап жатқанда, біреуі:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Өзі де жын-перідей екен, – деп күлді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Үрейленген жұрт оның күлгеніне таң қалып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Нені айтасың? – десті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әлгі үкіні айтам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Шыннан үкі ме? Мен аруақ па, албасты ма деп қалып ем.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мен Сыпатайдың өзі шығар деп ойладым, құдай ақы...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Осы ойынды қойсақ қайтеді, ротмистр мырза? Қанша дегенмен, өлген адам... Біз өлгендермен соғыспаймыз ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақымақ! Қорқып қалдың ба? – деп ротмистр ақ орамалмен шекесін сүртіп тұрып, жерге бір түкірді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл Спа... Спатай дегенің өліп жатқанның өзінде тірі киргиздардың талайына татиды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл – ұран ғой! Жауды жеңу үшін, оның жалауын жығып, ұранын жою керек! Жә, мен зеңбірекпен қираттырам.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал енді кері қайтайық.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

* * *

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен болыс қолға түскен тұтқындай қылтанақсыз басы кеудесіне салбырап, еңсесі есек таптағандай мүлде түсіп кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кім біледі, Маңырақ опатының о бастағы себепкері өзі болғанын іштей мойындап, обалдан, зауалдан қорқа ма екен...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді жиырма бес жылдан кейін Гитлердің солдаттары Хатынь деген селоның адамдарын түгел отқа жағып, үйлерін өртеп жібереді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Гитлердің өзі де бензин құйған кілемге оралып өртелген соң, көп жылдардан кейін Хатынь селосының жойылып кеткен үйлерінің орнына бас-басына бір-бір мұржа тұрғызылып, оған жез қоңыраулар ілінеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұржалардан бәрібір енді түтін шықпайды, бірақ лүп еткен жел тұрса жез қоңыраулар өлген аруақтардың үніндей сыңсып қоя береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жел де сойқанның бір түрі: оның лебі сезілген сәтте өлі әруақтардың сүйегі сырқырайтын шығар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

1916 жылы да, одан кейін де Маңыраққа ешкім ескерткіш тұрғызған емес.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жез қоңыраулар орнына мұнда шеңгел қоңыраулар ызыңдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір қызығы, бұрын қылтық өспейтін тастақ қырқаға он алтыншы жылғы опаттан кейін адыраспан қаптап, шоңайна қаулап, шеңгел шығатын болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

1916 жылғы 15-тамызда Маңырақ үстіне көтерілген жалқын жамау қара жалау тым алыстан көрініп тұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мұны Ойталға шоғырланған көтерілісшілер де көріп, енді найза, қылыш қайрап жата бермей, жаумен бетпе-бет келу керек екенін ұғынып, аттарына қонған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ойдан-қырдан жиналған сарбаздарды соғыс өнерінің әліппесімен таныстыруға да мұрша келмеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Жалаңаш барып жауға ти, бір Алла өзі біледі ажалымыз қайдан-ды» деген қайран ерлер зеңбірекке қарсы шоқпармен қаруланып, тура ажалдың апанына қарай аттанған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақ сойқанынан кейін жазалаушы отряд көтерілісшілердің ордасы Ойталды ойрандамақ болып, Мықанды бойлап төмен жылжи бастаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам мінезінде айуан тірілген кезде кәдімгідей қанға мас болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақтың қатын-қалаш, кемпір-шал, бала-шағасының қанына шомылған жазалаушылар, құтырған иттің сілекейін ішкендей, мейірім, сезім дегеннен ада болып, тағы да қантөгіс іздеп аласұрды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Солдаттардың көзін қанды шел қаптап, Мықан суы содан оларға қанжылым қызыл болып көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам қатыгез жабайылық дәуірден шығып адам болу үшін миллион жыл керек еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Адам байғұс әбүйірін жауып, жер бетіне ұят қытығы пайда болғаннан бері араға миллион жыл салды ғой.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тас дәуірі, Қола дәуірі, Темір дәуірі қалды артта.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал бірақ қантөгіс тоқтамады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Маңырақты қиратып, жарты дүниені жаулап алғандай, жеңіс буына мас болып келе жатқан жазалаушы отрядқа Ақкөз күтпеген жерден шабуыл жасады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мықанның сол жағындағы елеусіз ғана бүк түсіп, бүкшиіп жатқан белдің тасасынан бес мың қол «Сыпатайлап», «Бахтиярлап» бұрқ ете қалған кезде, Приходьконың бес жүз әскері лезде мастығы тарап, үрей болып, алды тырақайлап қаша бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Аспан мен жердің арасын «Сыпатай», «Бахтияр», «Бәйдібек» деген ұран қара дауылдай кернеп, айбар шаша, оқ орнына атылғанда ротмистр Аркадий Приходько бұл сөзге түсінбей, Бектен болысқа бұрылып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл не айқай! Бұл не – «Сыпатай?» – деп сұрап еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бектен дегбірі кетіп, қашайын десе ротмистр мен приставтан қорқып, қашпайын десе мына қара дауылдан жаны қалтырап, ротмистрге жауап айта алмай, қалш-қалш етіп қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр оған ақырып жіберді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қорықпа, надан! Қазір көресің олардың тым-тырақай қашқанын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айт.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сыпатай» не?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– С-сы-сыпатай батыр болған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның аты – ұран, – деп Бектен әрең тілге келді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ротмистр ойланып қалды: «Бұл түземдердің де ұраны бар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізде не бар? Біздікі қандай ұран? Шайтан алсын бәрін де, біздің ұран – зеңбірек пен пулемет!» – деп нықталды да, зеңбірекшілерге бұрылып:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Зеңбірек! Дайындал! – деп бұйрық берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Дегенмен екі ара едәуір жер еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз тек қоян-қолтық айқасқа ғана мықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал алыстан шалысуға қолы қысқа болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөздің қолы қаптап, тапап өтердей болып жете бергенде, ротмистр бес пулеметті, бір зеңбіректі орнатып та үлгірген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Зеңбіректің алғашқы снаряды Ақкөз қолының алдын орап бұрқ етіп, отау орнындай жерді төңкеріп тастағанда-ақ бес мың қолдың жүрегі зырқ ете қалған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алғашқы снарядтан кісі өлімі болған жоқ, бірақ... Бұл өлкеде баяғы генерал Черняевтің жедел жүріп өткен жорығынан кейін зеңбірек оғы жарылып көрген емес еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алты қанат отау орнындай жерді бұрқ еткізіп аспанға лақтырып жіберген кереметті көргеннен соң найзалы көтерілісшілердің жүрегі шайлығыңқырап қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтсе де әуелгі ет қызумен ат басын тартпай арындап келе жатқан шабуылшылардың қалың ортасына тағы бір доп түсіп, айналасы қой қотанындай аумақтың тас-талқанын шығарды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бес-алты адам күл-пара болып, көзді ашып-жұмғанша қирады да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Снарядтың дүлей толқыны тікесінен ұрған бір жауынгердің денесі бөлшек-бөлшек болып, қолы – қол, саны – сан қалпында әуеде арбаңдап, би билегендей сәл сәт ұшып жүрді де, бір-бірлеп, үзік-үзік жерге құлады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл сұмдықты көрген арттағы сарбаздар аттарынан аунай құлап түсіп, «бауырым-ой, бауырым-ой!»-лап шейіт болғандардың басын құшақтап опыр-топыр теңселіп отырып қалып еді, ағызып бара жатып, артына бұрылып, мына бейшаралықты көзі шалып қалған Тұрар, аттың басын шұғыл бұрып, жан дауысымен айқай салды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Тара! Топтанба! Тоқтама! Тара тез, зеңбірек тағы атады!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соңғы сөз әсер етті ме, сарбаздар ет пен топырақ аралас ажалды алаңнан шығып, аттарына қайта қонып, бытырай алға ұмтылғанда, дәл жаңа ғана жұрт шоғырланған жерге тағы бір снаряд гүрс етті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әлгі «бауырымдағандар» бұл тажалдан аман құтылды да, бұрынғы өліктердің тамтығы тағы да талқандалып, парша-паршасы шығып, ыстық топыраққа иленіп жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл кезде шабуылшы сарбаздардың алдыңғы легі солдаттарға төніп қалған еді де, енді сөзді пулеметтер алып, қақылдай жөнелген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пулеметтің жаңбырдай себелеген оғы әсіресе аттарға қиын екен.
Көрсетілді: 9500 / 47388