KZ | RU | EN
Мәтін атауы Мәтін авторы Сөздің аудиожазбасы Сөздің орфографиясы

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдыңғы екі аяғы бүгіліп кетіп, тұмсығымен жер тірей омақаса құлаған аттардың үстінен адамдар алға қарай атыла ұшып түседі де, кейбіреуі лезде орындарынан есі кете атып тұрса, кейбіреуі қайтып көтеріле алмай, жер құшақтап қала береді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бес жүз солдаттың дені атқыштар, олардың оғы көбінесе атқа емес, адамдарға тиеді де, оқ тиген сорлы екі қолы екі жаққа кетіп, шалқалап: «бұл қалай?» – дегендей, әлдекімнен: «бұнысы несі?» – деп сұрағысы келгендей бір сәт аспанға қарайды да, жерге сұлап түседі.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Астындағы ат көздері ақиланып, ойнақтап шыға келеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кейбірі үзеңгіден аяғы шықпай қалып, үрейленген, үріккен аттың сүйреткісінде кете барады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шақшиған күннің көзін топалаң тозаңнан бозала бұлт шалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ындыны кепкен, көктемде қылтиып шыққан раңы мен күреңсесі әлдеқашан күл болып қурап ұшып кеткен қу топыраққа жып-жылы қан лезде сіңіп, қызған табадай жердің ыстығына шыжғырылып, тез кеберсіп қатып қалады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күлтесіз күйрек-жусан шашыраған қаннан қара шұбарланып, қаралы қалпақ кигендей, қасиеті қашып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бір зеңбірек, бес пулемет, бес жүз винтовка бар жерде, қарусыз қара дауыл қаптаса да қақалады екен: көтерілісшілердің әсіресе алдынғы шебі шетінеп-ақ қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөздің бөлектеп ұстаған мылтықты жүз қолы едәуір күш көрсетіп, солдаттар жағы да біраз шығынға ұшырады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көбісі құс мылтық еді, қырғауыл ататын бытыра оқ солдаттардың кейбіріне тұзбен атқандай әсер етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қайткенде де, көптің аты – көп.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жазмыш оқтан қаққан қаһарлы аттылар, солдаттардың шебіне жетіп, найза мен сойылдың кезегі келіп еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шепке «Сыпатайлап» ақыра кіргендердің бірі Шынпатша-тын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оқ бойы жерден оның көзіне кеп солдаттың, ішінен ерекше түскен біреу – Меркенің приставы Сокольский болатын.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Басқалардан гөрі соны ерекше жау санады ма, әлде бұрыннан көзтаныс болған соң ба, әйтеуір, Шынпатша қолындағы найзаны сонадайдан сол приставка тіктеген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оң қолын артына шірей тастап, найзаны енді сілтер кезде, сол қолын қайыс тізгін жұлқып жіберді де, астындағы күрең төбел сүрініп кеп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сокольский өзіне төніп қалған қауіптен жалтарып үлгермей, қолындағы тапаншамен Шынпатшаны көздемей тарс еткізгенде, оқ аттың қақ маңдайына тиіп, бұрқ етіп құлап еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ аттың үстінен алға атыла құлаған Шынпатша найзасы приставтың кеудесіне кірш етіп бойлап кіріп-ақ кеткен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Егер астындағы ат омақаспағанда Шынпатшаның найзасы приставтың кеудесіне мұншама бойламауы да мүмкін еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ат үстінен атыла ұшып, еріксіз екпінмен, зілдей салмақпен қоса кірген найза приставтың кеудесіндегі крест орденін де мыжырайта тесіп өтіп кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приставтың басынан аса ұшып түскен Шынпатша енді есін жиып үлгергенше, салт атты солдат оны жалаңаш қылышпен бастан ала бір шауып өтті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қынында сәуле көрмей тұншығып жатқан қылыш күн көзіне шағылысып жарқ ете қалды да, жарық дүниеге көзі үйренбегендіктен мүлт кеткендей, Шынпатшаның басына тіке тимей, тайғанап барып, мойнының күре тамырын қиып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шынпатшаның мойнынан ышқына шапшыған қан, осының бәрін көріп тұрып қол ұшын бермеген құдайдың көзін тырнап алғысы келгендей, аспанға бір-ақ атылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шынпатша оған: «Қой, қой, құдайда нең бар? Ақпа, атылма!» – дегендей жанталасып, күре тамырын алақанымен қатты қысып қатты да қалды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қылдырықтай тамырдан қыбырлап қана аққан қызыл бояу мұнша күшті болар деп кім ойлаған.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Арнаға толып кетіп әуіт тоғанның топырақ-шымын шып-шып тесіп шығатын тау суындай мына жылы қан Шынпатшаның саусақтарының арасынан шыр-шыр етіп шапшып шығып кете берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Күре тамырды жанталаса басып жатқан алақанның айналасында лезде қан ұйып, жас бауырдай былбырап Шынпатшаның тұла бойынан дүниедегі сирек асыл-лағыл тас шығып жатқандай, қып-қызыл бояу күн сәулесімен ойнап жымың-жымың етеді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шынпатша өз мойнын өзі қылқындырып, жанталасып жатып, көзі приставқа түсіп кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Пристав екі қолы екі жаққа қанатша жайылып, шалқасынан түсіпті де, шүйдесімен жер тіреп тұрмақшы болғандай, басы кегжиіп, жалғыз көзі аспанның алыс түкпіріне қадалыпты да қалыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кеудесін тескен найзаның ақ сабы міз бақпай қақшиып тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шүйдесімен, екі қолымен жер тіреп тұрайын десе, әлгі найза кеудесін тесіп өтіп, қара жерге қарыс бойы кіріп кетіп, босатпай тұрған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Осы найзаны Сәмет ұста шалғы орақты бұзып жасап еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Шынпатша ұстата:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Әттесі-ай, шөп шабатын қаруым еді, бүлдірдің-ау, – деп өкініш білдірген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда Сәмет ұста мырс етіп:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Бұл, Шенеке, таза полат, жауыңды жайратпай қоймайд.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Найзалыққа мына жартысы жетед.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қалғанынан садақтың оғын жасаймын, әсіл полат екен, – деген.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Айтқаны келді Сәмет ұстаның: бейбіт күнде шалғынға түсетін шаруа орақ анау-мынау емес, Меркенің патшасын жайратты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өткірлігі сонша, омырауындағы кресін де тесіп кетіпті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Найзаның сабы осы Ойталдың сәмбісінен еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бұл сәмбіден киіз үйге кереге-уық июші еді бұл ел.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әр істі құдай қылады, талай киіз үйлер енді көпке дейін тігілмес: уықтар қазір сарбаздардың қолында кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Садақтардың адырналығына қайыс жетпей, қайыс орнына уық бау тарқатылып тағылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Содан да көп сарбаздардың қолындағы садақтың адырнасы қызылала – әдейі сәндеп қойған сияқты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қазір приставтың кеудесін тескен найзаның сабына инелік қонып алыпты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Өзінен көзі үлкен жәндік әлдене деп ызыңдайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Приставтың иманын үйіріп отырған мылқау молда тәрізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әдетте құрғақшылықта көбірек сарнайтын тас шегірткелер жан-жақтан шырылдап, инеліктің ызың дұғасын қостап, жағы сембей зарлап тұр.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тірісінде бетіне жан қаратпаған Мерке патшасы еді, енді бет-аузына құмырсқа жорғалай бастапты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Қылдырық бел қызыл құмырсқа приставтың күйектей қалың сақалының арасына бірі кіріп, бірі шығып, сумаңдап мына түкті бастан өздеріне пайдалы не бар екенін біле алмай, сандалып жүрген тәрізді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жүзбасының саусақтарынан әл кете бастады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ол өзі қолының жылы қанды жылбысқы мойнынан қалай жылжып шығып кеткенін сезген жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Көзін бір ашып алғанда, өз көйлегін дар-дар еткізіп айырып жіберіп, мойнын таңып жатқан орысты байқады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Кеше Кузьминкадағы бай орыстың сиырын айдап келген жалшы орыс емес пе?» – деді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны дарға асып тастау керек деп Ақкөзге өзінің талап қойғаны есіне түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Сары орыстың – бәрі орыс», ана қисық бұтаққа өзім асып қоямын деп жұлқынғаны есіне түсті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сонда әлгі көзәйнек киген жігіттің араша түскені ойына оралды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

«Орыстың бәрі жау емес, жауың – пристав, урядник, одан әрі ояз, ірі ұлықтар, болыстар, байлар!» – деп еді сол Тұрар.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақыры оның айтқаны болды: Шынпатша приставты жастық етіп ала жығылды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ал мына орыс жалшы мұның жанын сақтап қалмақ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бірақ Шынпатша ә дегендегідей өлмеуге тырысып жанталасуды қойды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оны өлемін-ау деген ой енді мазаламады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тек ішінен мына мойнын таңып жатқан мұжыққа риза болғанын сезіп қана жатты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Рақмет деп айтуға тілі күрмелді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сөйлей алмады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Енді бір сезгені: мойны қайтадан босап кеткендей көрінді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жанында ішін басып бүк түсіп жатқан жалшы Пахомды көрді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Оның жарасын таңып, жақсылыққа жақсылықпен жауап беруге Шынпатшада дәрмен жоқ еді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Соңғы өкініші сол болды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Жазалаушы отряд шегіншектей соғысып, Меркеге қарай жылыстай берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Отряд бастығы Аркадий Приходько Мерке поштасына жетіп, Ташкенттен Әулие-Ата арқылы келе жатқан отрядтың жедел көмекке жетуін талап етіп, телефон арқылы орталықпен хабарласуға асықты.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Сол ниетті сезген Тұрар Ақкөзге:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақа, жігіттерді дереу Меркеге жеткізіп, поштаны алу керек.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мыналардың алдаусыратып шегінгеніне еліге бермей, тез Меркені алайық, – деді ат үстінен айқайлап.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Ақкөз жауап орнына, оң жақтағы селенді нұсқап:

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Мынау Көзміңке ме? – деп сұрады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Иә, Кузьминка, ар жағында – Мерке.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Көзміңке болса, соны шабамын! Маңырақтың кебінін кисін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тұлдыр қалдырмай өртеп жіберемін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Тарт солай қарай!

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақа, болмайды! – деп Тұрар ақжал аттың шылбырына жармаса берді.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақа, оныңыз жарамайды.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминкада мұжықтар мен қатын, бала-шаға.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Олардың жазығы жоқ.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Меркеге тез жетейік, тілімді алыңыз, Ақа! – Тұрар Ақкөздің алдын кес-кестеп жан дәрменде дауысы өктемірек шығып кетті.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Не деп тұрсың, жарқыным? Көзміңкенің жазығы жоқ та, Маңырақтың жазығы бар ма еді? Онда қатын, бала-шаға жоқ па еді? – Ақкөздің жанары шарасынан шыға қаңғалап кеткен екен.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Алдында кім тұрғанын ол көрмеуі де мүмкін.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Мынандай қан толған көз бірдеңені көруі екі талай.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ақа, мына отрядтың алдын орып, Меркеге жетейік.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе, олар бұрын жетіп бекініс жасап алады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Одан кейін қалаға кіруіміз қиын болады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Бізге қазір ең алдымен поштаны алу қажет.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Әйтпесе қазір мыналар жаңа әскер шақыртады.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Қайдан?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Ташкенттен, Әулие-Атадан...

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Е, ол әскер келіп жеткенше, мен Көзміңкенің көзін жоймаймын ба?

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

– Айтпады демеңіз, ақсақал.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Кузьминкаға тиіссеңіз, бүкіл халықтың түбіне жетесіз.

Қызыл жебе

Шерхан Мұртаза

Обалы мойныңыз көтере алмас зілмауыр жүк болады.
Көрсетілді: 9600 / 47388