Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бүйтіп тәжікелесіп жататын уақыт емес қазір. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жарлық беріңіз мына адамдарыңызға. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мерке! Тек қана Мерке! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ақкөз Ақжалдың басын тартып, жүрісін саябырлатты да, бешпетінің жанқалтасынан мүйіз шақшаны алып, насыбайды алақанына аямай төгіп, астыңғы ерніне қағып салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сыздықтата бір түкіріп тастап, шашақты қайыс тығынын бекітіп, мүйіз құтыны ердің қасына тықылдатып үндеместен тұрып алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар шыдай алмай Ақкөздің қасындағы Досмайылға айқай салды: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Досеке, мына жігіттерді тез жинап Меркеге бұрыңыз! Болыңыз! Тез! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Досмайыл Ақкөзге қарайлап, қипақтай берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұлар осылайша ары тарт, бері тартпен тұрғанда қарулы отрядтың бір бөлігін көтерілісшілерді жасқай тұру үшін тосқауылға қалдырып, қалған бөлігімен Аркадий Приходько аттарын ақ көбікке малындырып, Меркеге қарай зымырап бара жатты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көтерілісшілер уақытты өткізіп алды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар Кузьминканы сақтап қалды, бірақ оның есесіне уақыттан ұтылды да, Меркеге дер кезінде кіре алмай, тек түбіне барып қоршап тұруға мәжбүр болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жазалаушы отряд бекініс жасап, пулеметтерін қойып үлгіріп еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Поштаны ала алмадық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ағайын, еңді бір ақыл бар: мына қара жолдың бойындағы телеграф бағандарын құлатыңдар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әулие-Ата жағынан да, Пішпек жатынан да. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сым үзілсе, Меркедегі отряд жан-жақпен хабарласа алмай қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кәне, жылдам! – деп Тұрар жігіттерге Ақкөздің ықтиярынсыз-ақ бұйрық беріп жіберді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ә, мұның дұрыс. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мұның ақыл. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы бір ызыңдап тұратын сым темірден жақсылық жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қиратыңдар, жігіттер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әулие-Ата жағына сен бар, Әлтай. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Пішпек жағына, Шәкі, сен бар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сарбаздарыңды қасыңа ал! Қиратып тастаңдар, жын-перінің тілін! Сым темірді сөйлетіп қойған құдай! Ақырзаман осы шығар, сірә! – деп Ақкөз шақшаға тағы да қол салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Ә, Тұрар балам, – деді ол насыбайлы ерінін томпайтып, тілін насыбай атқан адамның әдетінше сәл сақауландыра сөйлеп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– «Көз – қорқақ, қол батыр» деген осы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлгінде ғой, осы соғысты бастамайық, күте тұрайық, әлдеқайдағы Қордаймен, Алматымен, әлдебір Әли батырмен, Бекболат батырмен қол ұштасайық; тіпті айшылық жерде жатқан Аманкелді батырмен жалғасайық деп балалық жасадың. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ойталда үйіріліп жата берсек, мына жеңісті бізге кім беретін еді? Бұл сапар құдай оңдап, әруақ қолдап, жарақты жауды жапыра жеңдік. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осының өзі менің халқымның жүрегіне сенім. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді бұрынғыдай жүрексінгенді қояды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Білдің бе, Тұрар? Сенің оқығаның бар, ал менің көргенім көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тұрар басын шайқап күрсінді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Мына аңқау батырдың қазір шылымын күннің өзінен тұтатқандай масаң қалпын, шадыман көңілін бұзу ыңғайсыз да сияқты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ ащы шындықты айтпай тағы болмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жеңісіңіз құтты болсын, Ақа! Халық қаһарланса, алынбайтын қамал жоқ екені рас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Басынан бақайына дейін қаруланған жауға бесақа, сырық, сойылмен қарсы шығу көзсіз ерлік. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ, бұл жолы қолыңыздың көптігімен жаудың аптығын бастыңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қарасаңыз, сіз жағынан шығын да көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оларда бар зеңбірек пен пулемет бізде жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оларда бар әскери винтовка бізде жоқ, орынсыз шабуылдап, қыршын жандарды нөсердей оққа қарсы ат ойлатып, баудай түсіріп қыра беруге біз, сірә, көп шыдамаспыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жау осымен тынды екен деп ойламаңыз, Ақа. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұларда күш көп. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол күш кеп кешікпей келіп те жетеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әне сондағы сойқанға дайын болайық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жаңағы шайқаста өлген солдаттардың қаруларын жинатып алыңыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сірә, елу шақты винтовка болып қалар. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз үшін ол да медеу. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Өзімізден шейіт болғандардың сүйегін жинап, жүзін жасыру керек. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Сенікі ақыл, балам. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Талай боздақтан айырылдық, – деп Ақкөз сәл еңсесі түсіп, кең көкірегі қарс айырылып кеткендей «аһ» деп жалын ата күрсініп салды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– А бірақ әділет соғысы құрбансыз болмас. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ол өлгендер – шейіт. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Олар бақытты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
А бірақ Көзміңкені алдырмағаның жанымды әлі қинап тұр. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әлі де болса, аттанып көрсек қайтед? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Жоқ, Ақа! Жоқ! Әділет соғысы ондай болмайды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Онда мәңгі-бақи қарғыс таңбасын анау май маңдайыңызға басып аласыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Болмайды! |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Меркенің шығыс жағынан шыққан қара жол түстікке қарай ойыстап, Пішпекке бұралаңдап жөнелді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Осы ұлы қара жол қалалар мен қалаларды, ел мен елді жалғастырып, адамзат баласын шашыратпай, шашау шығармай, дәнекерлеп тұрған қара белдік сияқты еді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бірақ бұл қара жолдың бойымен кімдер өтпейді, нелер жетпейді? |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қазіргі мына қиқы-жиқы қам қыш үйлерден тұратын шағын ғана селеннің орнында баяғы заманда Мерке деген шаһар болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Төрткүл базарының орны сол бір кездегі іріліктің жұрнағы. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Еуропадан, Кіші Азиядан, Үндістаннан Ресейден Алтайға, Қытайға, Моңғолстанға қарай сапар шеккен жиһанкездер, саудагерлер, қолбасшылар, оқымыстылар, тіпті дуаналар да ертеде осы жолмен өткен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал шығыстан шыққан жолаушылар осы қара сызық арқылы Меркеге бір дамылдап, одан Құлан, Талас, Саудакент, Құмкент, Шымкент, Түркістан асып, алыс елдерге сапар шеккен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Патшаның жазалаушы отрядтары да осы жолмен Меркеге жетіп, зеңбіректерінің аузын үңірейте келді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Соңғы бір он-он бес жылдың көлемінде қара жол бойына қарағай бағандары қадалып, қала мен қаланың арасын сым темір жалғастырып болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Желді күні ботасы өлген інгендей болар-болмас боздап тұратын осы сым темірді жергілікті халық көпке дейін жатырқап жүрген. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Тек өрістен қайтқан сиырлар жатсынбай, қарағай бағанға мойындарын қасып алады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қыркүйек шағында қара қарғалар сол сым темірге тізіле қонып алып боздауық үннен бір сыр тыңдап, ұзақ сонар алдында түпсіз терең ойға кеткендей, қалшиып көп отырды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Күннің батысынан шығысына созылған сол сым темірде бұл жолы балапан ұшырған қарлығаштар отырған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Оңтүстікке, жылы жаққа шығатын қатерлі сапар алдында балапандарына ертек айтып, алдандырып отырған тәрізді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
«Сендер осы жерде өстіңдер, шық суларын іштіңдер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді ер жеттіңдер. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Қанаттарың қатайды, енді сол қанат талғанша ұшатын алыс жол бар алдымызда. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Көп кешікпей мұнда суық түседі. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Біз өмірі қар жаумайтын, аяз болмайтын, жылы жаққа кетеміз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ал келер көктемде осы Алатау бауырына қайта ораламыз. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Алатаудың көктемі тамаша. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Саз балшығынан ұя салсаң тастай қатып қалады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Келер жылы сендер де ұя салып, өз алдарыңа үй боласыңдар». |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ересек қарлығаштар өз балапандарына осылайша бейбіт әңгіме айтып отырғанда кенет қиқулаған атты адамдар келіп, бағандарға қыл арқан тастап, топ-тобымен жабылып қу қарағайларды құлата бастады. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұл тосын әрекеттен үріккен қарлығаштар аспанға дүр көтеріліп, әуеде қиқы-жиқы ұшып, адамдардың бұл ісіне биіктен көз салып, таңырқағандай, таңдайларын тақылдата шу-шу етеді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Айқайлап, атойлаған аттылар өлі бағандармен емес, жанды жаумен айқасып жатқандай, осы бір іске құлшына кірісіп кетті де, бір-екі бағанды құлатып, сымды үзсе жеткілікті екені естерінен шығып кеткендей, қарағай біткенді жағалай жыға берді. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Топ-топқа бөлінген сарбаздар үшін мұның өзі бір бәйге тіккен жарыс ойыныңдай бәсекеге айналып, қай топ көп жығар екен деген мақсат болып кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Әсіресе жүзбасы Шәкі қатты елірді, жарықтық. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Ер жетіп, енді «бір шүберек бас, ақ жаулық» алып берейін деп жүрген баласын болыс тізімге іліндірген соң, өзі де, баласы Дүрмен де Ақкөз қолына қосылып, Ақкөздің жарлығымен Шәкі жүзбасы болған. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Бұрын біртоға, тұйықтау жүретін осы шағын шаруа, айқасқа алғаш кіріп, қанның исі мұрнына келгенде, ақ перісі қысқандай, қырғын соғыста дес бермей, есі кете шайқасты. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Енді сол қарқыннан әлі қайтпағандай, шаршау, шалдығу дегенді білмей, ат үстінен әлі бір түскен жоқ. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сөйтіп, айқай-сүреңмен жүргенде, Шәкінің аты шиыршықталып жатқан сымға шырмалып, сүрініп кетті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шәкі әлдекімді әкесінен бір боқтады да, ер үстінен еңкейіп, үзілген сымның ұшын тауып алып, суы қатты темірді білегіне күштеп жатып орап алып, жіңішке сымды көкпар құсатып тақымына басты да: |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
– Осы бізге бәле тілеген байғыз сияқты боздауық сенсің ғой, ә? Әкеңнің... мен саған жазаңды берейін! – деп, атына қамшыны басып кеп қалды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жыланша шиыршықталып жатқан сым, ат ұзаған сайын сусылдап созыла берді де, бір кезде тырсылдап барып, Шәкінің білегінен шығып-ақ кеткені ғой. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шәкі атының тізгінін тартып, шегіншектеп артына қарап бұрыла бергенде, әуеде суылдап жарқ ете қалған сымды көзі шалып еді, лезде әлгі сымның өз мойнына оқ жыланша сарт етіп орала кеткенін сезді... |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сарт еткен дыбыстан шошынған ат оқыс қарғып кеткенде үстіндегі адам жерге ұшып түсті. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Сарбаздар шауып келіп, жүзбасының тамағынан сым темірдің шырмауын босатып алған кезде, |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шәкінің мойны былқ-сылқ етіп қалған екен. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Шәкінің ебедейсіз өлімі шабуылшылардың асқынған масаңдығын лезде пәс қылғандай болды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Жарқырап жанған шырағданның білтесін біреу баса қойғандай, көтеріңкі көңілдер қоңырайып, ажал иісі тағы да бір бұрқ етіп, әркім өз жазмышын оқи алмай, ойға шомды. |
Қызыл жебе
|
Шерхан Мұртаза |
|
Кейбіреулер: |